Философия, саясаттану


Ортағасырлық түркі философиясында



Pdf көрінісі
бет13/20
Дата15.03.2017
өлшемі1,14 Mb.
#9856
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   20

Ортағасырлық түркі философиясында 
бақыт метафизикасы
физикалық  ізденістеріне  иек  арта  отырып,  ғылыми  білімді 
негіздеу  мен  ислам  дінінің  ұстындарын  біріктіру  мәселесінде 
анағұрлым  салмақты  және  шынайы  ұстанымды  ұстануында 
болды.  Онда  трансцендентті  болмыс  пен  имманентті  нақты-
лықтың синтезі жүзеге асырылды, бүкіл жаратылған эмпири-
калық әлемді зерделі Әуелгі Себептің көрінісі, бейнесі ретінде 
қарастыратындай олардың арасындағы байланыс пайымдалды. 
Дүниеге  деген  діни  және  рухани  қатынастың  тұжырымы 
ретіндегі  бақыт  түсінігі  Қожа  Ахмет  Иасауидің  ілімінде 
барынша  ашылады.  Ортағасырлық  түркі  философиясының 
белді өкіліне жататын оның ілімінде дәстүрлі түркілік дүние-
таным  мен  исламдық  философия  қабысып  жатты.  Ислам-
мен  астасып  кеткен  дәстүрлі  түркілік  дүниетанымның  өмір-
шеңдігін  төл  мәдениетіміздің  бастан  өткізген  тарихынан  да, 
бүгінгі  қоғамымыздың  тіршілік  арналарынан  да  аңғаруға 
болады.  Сондай-ақ,  дәстүрлі  түркілік  дүниетаным  –  қазақ 
мұсылмандығының  қалыптасуындағы  негізгі  құндылықтық 
әрі  құбылыстық  бастаулардың  тұғыры  мен  ұстындық 
негізі.  Бұлай  деуіміздің  негізгі  себебін  қазақ  мұсылмандық 
түсінігінің  қалыптасуындағы  Иасауидің  әдістемесінен  көруге 
болады.  Иасауитанушы-ғалым  Досай  Кенжетай  былай  дейді: 
«Иасауи  ілімінің  ислам  өркениеті  мен  дәстүрлі  түркілік 
дүниетаным  арасындағы  еркін  сұхбат  (аксиологиялық-социо-
феноменологиялық  диалог)  негізінде  қалыптасқаны  белгілі. 
Иасауи  дәстүрлі  түркілік  дүниетанымдық  ұстындарды 
исламдық  ұстындармен  үйлестіре  отырып  дәстүрлі  түркілік 
дүниетаным  мен  ислам  мәдениеті  арасында  «еркін  сұхбат» 
құра білді. Иасауидің еркін сұхбат ұстанымы – кешегі маркстық 
диалектика  сүйенген  «дамудың  қажеттілігі»  ұстанымынан 
мүлде  басқаша.  Мысалы,  оның  әдістемесінде  және  ислам 
философиясында  ойлау  процестері  жалпы  адамзаттық 
даму  сатылары  ретінде  аңыз,  дін,  философия,  ғылым  деп 
қарастырылмайды.  Бұлар  –  бірін-бірі  толықтырып  тұратын, 
белгілі  қызметтік  (функциялық)  кеңістіктері  бар,  өзара 
тең  дәрежедегі  ақиқатты  түсіндіру  формалары.  Бұлардың 
арасында  тепе-теңдік  пен  үйлесімділік  болғанда  ғана  адам 
еркін  ойлай  алады.  Иасауи  ілімі  өзіндік  әдістемелер  жүйесі 
арқылы осы тарихи, табиғи сұхбаттың жүзеге асырылуындағы 

124 
        
Түркі даналығындағы бақыт метафизикасы
басты  себеп,  әрі  бүгінгі  қазақ  философиясының  ислам  және 
түрік өркениеттерінің біртұтас болмыстық ерекшеліктерге ие 
болуына ықпал еткен арналы өзек» [122, 259 б.].
Мұсылман философиясының аясында дамыған бұл ерекше 
рухани  ой  бағыты  –  түркі  фәлсафасы  өз  бойына  исламды, 
антикалық  философияны,  түрік  руханилығын  жинақтады. 
«Түркі  руханилығы»  –  бұл  түркі  рухани  тәжірибесінің  фило-
софиялық  рефлексиясының  тәсілі  және  бірегейленуі  мен 
өзін-өзі  сақтауының  модусы.  Түркілік  рухани  қайнардан 
нәр  алатын  түркілердің  фәлсафасы  бойында  түркілердің 
мыңжылдық  рухани-материалдық  практикасын  жинақтаған 
түркілік бірегейлік код, ол философиялық діни антропология, 
мистикалық философия (түркілік суфизм), өмір философиясы 
(түркілік  экзистенциализм).  Феномен  ретіндегі  түркі  фәл-
сафасы  туралы  қазақстандық  зерттеулерде  тұңғыш  рет  осы 
философияның  өзгешелігін  жақтаған  Ә.Н.  Нысанбаевтың 
шығармашылық белсенділігінің нәтижесінде айтыла бастады.
Түркі ойшылдарының философиялық ілімдерінде мұсыл-
мандық антропология мен этикалық мәселеге деген бетбұрыс 
жүзеге  асты.  Түркі  фәлсафасы  басты  екі  міндетті  орындады: 
адамгершілік  метафизикасын  реконструкциялау  және  діни 
антропологияны реконструкциялау.
Ж.  Баласағұнның,  Қ.А.  Иасауидің,  М.  Қашқаридің, 
А. Иүгінекидің және басқаларының ілімдерінде адам өмірі мен 
шығармашылығының  шарты  ретіндегі  этикалық  императив 
мәселесі басты нысана болды. Түркі философтарының көтерген 
және шешкен негізгі түйткілдері мыналар:
-  адамгершілік жетілудің мәселелері;
-  әділеттілік мәселесі;
-  ағартушылық мәселесі;
-  бақыт пен игілік мәселесі.
Ж. Баласағұнның ілімінде бақыт моральдың, зерденің, білім-
нің және әділеттіліктің мәйегі ретінде көрінеді. М. Қашқарида 
адамгершілік  түркілік  және  ислами  рухани  құндылықтарды 
біріктіруші  бастау  ретінде  көзге  түседі.  Ол  сондай-ақ  тілдің 
философиясы мәселелерін көтереді. Сопылықтың түркілік бағ-
дарын  білдіретін  Иасауи  ілімінде  адамгершілік  жетілу  бақыт 
ретінде  ақиқатты  ұғынуға  әкеледі.  Иасауидегі  адамгершілік 

 
 
 
                      
                                                  125
Ортағасырлық түркі философиясында 
бақыт метафизикасы
жетілудің  басты  феномендері:  қайырымдылық,  аскетизм, 
сүйіспеншілік,  шыдамдылық,  бұлар  әлемді  өзгертетін  әсерлі 
күштер  болып  табылады.  Түркілік  фәлсафа  –  сұхбатшыл  әрі 
әрекетшіл философия, ол теориялық та, практикалық та білімді 
жасақтауға  бағытталған,  ал  олардың  синтезі  әлемді  тану  мен 
дүниеде адамгершілік заңдарды жүзеге асыруға бағдарланған. 
Фәлсафа, түркілік фәлсафа, исламның сопылық-мистикалық 
философиясы  –  қазіргі  мұсылмандық  философия-ның  дамып 
отырған  іргелі  негізі.  Қазіргі  мұсылман  философия-сының 
негізгі  бағыттары:  мұсылмандық  модернизм;  мұсылмандық 
экзистенциализм;  мұсылмандық  персонализм;  сұхбаттық 
мұсылмандық философия. Бұл бағыттар қазіргі заманғы Шығыс 
және Батыс философиялық дискурстарында айқындалып отыр. 
Мұсылмандық  философияның  батыс-еуропалық  философия-
мен  үндес  бағыттары  әлемді  танудың  дәстүрлі  міндеттерін  – 
онто-логиялық,  гносеологиялық,  этикалық,  антропологиялық, 
діни-феноменологиялық және т. б. міндеттерін шешеді. Өзінің 
исламдық рухани бастаулары мен ерекшелігін сақтаған мұсыл-
мандық  философия  Батыс  пен  Шығыстың  философиялық 
рефлексиясына сай дамуын жалғастыруда. 
Ортағасырлық түркілердегі әлемге деген діни қатынастың 
басты  қыры  тәңіршілдіктің  метафизикасынан  көрінеді. 
Исламды  қабылдаудағы  жеңілдік  осы  тәңірішілдіктің  де 
монотеистік  бағдарда  болуымен  түсіндіріледі.  Ортағасырлық 
түркілік  діни  философиядағы  бақыт  ұғымы  ырыс,  береке, 
түсініктерімен  қатар,  «құт»  сөзі  арқылы  білдіріледі.  «Құр 
жатқан Тәңірінің құтынан қағылады», «Қонақ келсе құт келеді», 
«Ерте  тұрған  еркектің  ырысы  артық»,  ерте  тұрған  әйелдің 
бір  ісі  артық»  деген  қазақ  халқының  мақалдары  өзінің  түп-
төркінін көне түркілік дүниетанымнан алады. «Құт» сөзі мен 
ұғымының  орталық  азиялық  мәдениеттегі  ең  көне  әрі  негізгі 
екендігін ескеру керек, сол себепті де Махмұд Қашқари өзінің 
«Сөздігінде» оны ешқандай тәржімәсіз береді: «Құт – құт, бақ-
дәулет» [104, 458 б.]. М. Қашқариде «құт» – бақыт сөзінің тек бір 
қырын ғана ашып отырғандығы, бірақ оны тек Тәңірі беретіндігі 
айтылады.  Ол  сондай-ақ  тілдің  философиясы  мәселелерін 
көтереді.  Сопылықтың  түркілік  бағдарын  білдіретін  Иасауи 
ілімінде адамгершілік жетілу бақыт ретінде ақиқатты ұғынуға 

126 
        
Түркі даналығындағы бақыт метафизикасы
әкеледі.  Иасауидегі  адамгершілік  жетілудің  басты  феномен-
дері: қайырымдылық, аскетизм, сүйіспеншілік, шыдамдылық, 
бұлар  әлемді  өзгертетін  әсерлі  күштер  болып  табылады. 
Түркілік  фәлсафа  –  сұхбатшыл  әрі  әрекетшіл  философия, ол 
теориялық та, практикалық та білімді жасақтауға бағытталған, 
ал  олардың  синтезі  әлемді  тану  мен  дүниеде  адамгершілік 
заңдарды жүзеге асыруға бағдарланған. 
Түркілік  дүниетанымдағы  бұл  тұғырнамалық  түсініктің 
тағы  бір  қыры  Жүсіп  Баласағұнның  атақты  «Құтты  білікке» 
жазылған  алғысөзінде  ашылады:  Бұл  кітап  қандай  билеушіге 
бармасын, қай жерге жетпесін, оны шексіз сұлулығы мен ұлы 
кемелдігі  үшін  сол  елдердің  данышпан  ғалымдары  қолдап, 
әртүрлі атаулар беріп отырды. Шың елінің ғұламалары оны «Ізгі 
істер жинағы» деп атады, Машың билеушілерінің кеңесшілері 
«Патшалықтың  шаттығы»,  Шығыс  елдерінің  патшалары 
«Билеушілердің  әшекейі»,  ирандықтар  түркілердің  «Шахтар 
кітабы»,  ал  кейбіреулері  «Патшаларға  өсиет  кітабы»,  ал 
тұрандықтар болса, оны «Құтты білік» деп атады» [7, 9 б.].
  Бұл  анықтамадан  «құт»  ұғымының  тағы  бір  маңызды 
мағынасы шығады – «билік-басқару». Бұл тек мемлекетті жай 
басқару ғана емес, ізгілікті әрі әділ басқаруға әкелетін білімді 
білдіреді.  Ғұндардың  билеушілерін  «Тәңірқұт»  деп  аталуын, 
кейінгі  түркі  және  шыңғыс  билеушілерінің  есімдерінде  көп 
кездесетін  «Құтлығ»  атауын  осы  дүниетанымдық  доминанта-
мен түсіндіруге болатын тәрізді. Яғни билеушілер білімді әрі 
әділ болуы керектігі түркілердің дүниеге деген тәңірішілдіктен 
қатынасынан туындайды
Түркілерде  билік  басында  қаған  (хан)  болады.  «Қаған» 
немесе «хан» сөзі сақа тілінде «хахха-аан» – «қорған» мағына-
сынан  шығады.  Бұл  сөз,  сондай-ақ  «халық  пен  Тәңір  арасын 
байланыстырушы  көпір,  өткел»  мағынасын  беретін  көне 
түрік  сөзі.  Қаған  Тәңірдің  құты  арқылы  ұлысты,  яғни 
Тәңірдің аманатымен басқару құқына лайық бола алады. Бұл 
түсінікті кейіннен әл-Фараби исламдық дүниетаным негізінде 
жаңғыртып,  өзінің  «философ–қаған»  тұжырымдамасының 
іргетасын  қалайды.  Бұл  концепцияға  сәйкес  данышпан-қаған 
болу  Тәңірдің  нұры  –  «белсенді  санамен»  (ал-фа‘ал  ал-‘ақл) 
құттанғанда ғана мүмкін болады. Отырарлық ойшылдың бұл 

 
 
 
                      
                                                  127
Ортағасырлық түркі философиясында 
бақыт метафизикасы
тұжырымдамасы кейіннен Жүсіп Баласағұнның «Құтты Білік» 
атты атақты шығармасында еңбегінде жаңғыртылды. 
«Күлтегін» және «Білге Қаған» жазуларында Тәңір тарапы-
нан  тағайындалған  қаған  –  бүкіл  адамзаттың  (кісі  ұлының) 
билеушісі.  Түркі  мемлекеттілік  иерархиясы  бойынша  қаған  – 
ең жоғары атақ. Бұл тақ пен атаққа лайық болу оңай болмаған. 
Сонымен қатар сайланған қаған Тәңірі тарапынан құт, жарлық, 
үлүг  сияқты  берілген  қасиеттерді  сақтауға  міндетті.  Жақсы 
қаған  елін  қорғап,  елінің  төресін,  яғни  жарғы-заңдарын 
(конституциясын) реттеп, оны халыққа, келешек ұрпаққа наси-
хаттауы тиіс. Қағанның міндеті – халықтың қарнын тоқ, киімін 
көк,  бай  қылу.  Сондықтан  Білге  қаған  «Шығандаған  халықты 
бай қылдым, Жалаңаш халықты тонды қылдым» – дейді. Түрік 
қағандары  жасаған  істерін  келешек  ұрпаққа  білдіруді  мақсат 
еткен.  Сондықтан  да  түрік  қағандары  кейінгі  ұрпаққа  деген 
өсиеттерін тасқа ойып аманат етіп қалдырған [122, 259 б.]. 
Жалпы  құт  ұғымының  мәні  мен  мазмұны  көпжақты:  ол 
рухты  немесе  жанды,  мүмкіндік  пен  өмірлік  күшті,  байлық 
пен игілікті де білдіреді. «Құтты» күрделі идеялық-мағыналық 
кешен ретінде зерттеушілер оны дәстүрлі мәдениет рәміздерін 
(киіз  үй,  киім,  тағам)  түсіндірудің  кілті  ретінде  қарастыруға 
бейім. Герменевтика тәсілі ретінде қолданылатын бұл қадамда 
дәстүрлі  мәдениеттің  өзі  түсіндіруді  талап  ететін  тұтас  мәтін 
деп қабылданады, бақыттың да ауқымды «құт» ұғымы мәдениет 
рәміздері мен жасырын белгілерін (кодтарын) оқуға мүмкіндік 
береді [123, 9–19 бб.]. 
Түркілік  фәлсафа  өзінің  философиялық  идеяларын  осы 
түркі  халықтарының  әмбебап  әрі  ашық  дүниетанымы,  түркі 
мәдениетінің  феномені  болып  табылатын  тәңірішілдіктен 
алады.  Түркілік  фәлсафаның  өзегі  ретіндегі  тәңірішілдікті 
танымның  онтологиялық  формасы  деп  анықтауға  болады, 
бірақ онда онтологиялық танымның алдын Тәңірінің болмыс-
тығын  пайымдайтын  интуитивтік  сезімталдық  орайды.  Өмір 
мен  өлімге,  мәңгілік  пен  бірмезеттікке  қатысты  болмысты 
танудың мұндай формасын даналық деуге келеді. Дәл осындай 
трансценденттік  қиял  Тәңіріні  ақылмен  танылмастай  етеді 
әрі  шығармашылықтың  соған  сәйкес  мәдени  формаларын 
түзеді.  Сондықтан  адам  өзінің  әрекеті  барысында  өз  өмірінің 

128 
        
Түркі даналығындағы бақыт метафизикасы
эмприкасынан көтеріле алады. Егер құстар физикалық тұрғы-
да ұша алатын болса, ал адамдар өзінің шығармашылық қия-
лында рухтың трансценденциясына қабілетті. 
Тәңіршілдіктің метафизикасындағы негізгі идея – Біртұтас 
Мән ретіндегі Тәңірі. Тәңірі – бұл трансценденция, барлығын, 
Көкті де, Ғарышты да, Табиғатты да, Өмірді де, Адамшылықты 
да,  барлық  болмысты  қамтитын  бастау.  Тәңірі  сөзінің  өзін 
кейбір  зерттеушілер  кейінірек  ғұн  тіліне  көшкен  прототүрік 
сөзі деп есептейді. Оған сәйкес ол «таң» және «рі», «ер» деген екі 
түбірден  тұрады.  Яғни  барлығын  нұрландыратын,  барлығын 
оятатын, барлығына өмір беретін бастау, Тұлға-Бастау, Аспан-
Бастау.  Осы  түсінігіне  сай  оның  «Көк  Тәңірі»  деп  те  тіркесіп 
аталуы еске түседі. М. Қашқаридің «Сөздігінде» бұл сөздің эти-
мологиясы былайша тарқатылады: 
«Көк: көк аспан. Мақалда былай деп келеді: «Көкке түкірсе, 
жүзге  түсер».  Бұл:  мақал  «басқаға  жамандық  істесең,  өзіңе 
қайтады».
«Көк:  рең,  түс.  Көк  түс.  Көк  тон.  Сондықтан  аспан  түсті 
нәрсенің бәріне осы сөз қолданылады».
«Көк: көк. Кент көгі; Қаланың көк баулары, көк ағаштары». 
«Көкиүк:  қыстақтарда,  түркімендердің  үлкен  дәрежелі 
адамдарына берілетін ат» [104, 591 б.]. 
Иә,  қазіргі  қазақ  тілінде  де,  «көк»  сөзі  аспанды,  түсті, 
шөпті білдіреді. «Көктің» тағы бір мағынасы – бұл да Бастауды 
білдіреді,  мысалы,  «көк  шықты»,  «көктем  келді».  Сондай-ақ 
қазақтар өз әкелерін және қадірлейтін үлкен кісілерді «көке» 
дейді.  Бұлардың  да  шығу  тегі  «көк»  сөзі  болуы  мүмкін  деп 
пайымдай аламыз.
Әлемге  деген  діни  қатынастағы  тәңірішілдікті  біртіндеп 
ислам дінінің түркі даласы мен қаласына енуі барысында Жара-
тушы Аллаға деген сенім алмастырды. Және бақытқа жету мен 
өмірдің  мәні  де  ислам  дінінің  негізгі  қағидаларымен  байла-
ныстырылды.  Адамға  ұлы  шындықты  жеткізген  Мұхаммед 
пайғамбар әрбір адам сезіне алатындай етіп, олардың көкірек 
көзін  ашуға  ұмтылды.  Адам  үшін  түсірілген  Құран  адамның 
өзінің  мәнін  ашты.  Құранда  адам  болмыстық  қырынан  да, 
тектік қырынан да, танымдық қырынан да көрінеді. Құран адам 
мен оның жер бетінде өмір сүруінің мақсаты мен парыздарын 

 
 
 
                      
                                                  129
Ортағасырлық түркі философиясында 
бақыт метафизикасы
анықтап  береді.  Құранда  адамның  танымдық  қабілеттері, 
оның рухани қажеттіліктері де сөз болады. Әуелде балшықтан 
жасалып, рухтың демі үрленген адам кемелдене түсуі тиіс. 
Бақытты  болуға  ұмтылу  адамға  жаратылысынан  сіңген 
табиғи құбылыс, дін әрқашан бұл мәселені адамгершілік заңды 
аттамай, ешкімге зиянын тигізбей шешуге тырысады.
Ислам – тек дүниетаным емес, адамгершілік жайлы ғылым, 
ол  Қазақстан,  Орта  Азия,  Шығыстағы  көптеген  елдердің 
адамгершілікте  дамуына  әсер  етуде.  Исламдық  этикалық  ой 
исламдық өмір бейнесін анықтайтын, ислам дін ретінде пайда 
болғалы бері өмір сүріп келеді. Бірақ бұл ойдың теологиялық-
этикалық  жүйеде  қалыптасуына  көп  уақыт  керек  болды, 
алдымен  мұсылмандардың  қайнаркөздерінің  негізі  болып 
табылатын Құран мен Суннада бейнеленген мұсылмандардың 
моральдық нормалары қарастырылды.
Құрандағы  моральдық  жазбалар  қарапайым  өмірдегі 
барлық жағдайды: отбасы қатынастарын, туыстар арасындағы 
қатынастарды, басқада діндегі адамдар мен қарым-қатынасты, 
сауда-саттық  пен  тоқумен  айналысуды  қамтыған.  Ислам 
жазбалары бойынша бақытты тек құдайға сиыну арқылы, тек 
соны тыңдау арқылы табуға болады. Сондықтан осы жазбаларға 
сүйеніп, мұсылмандар өз жолдарын таңдайды. Бұл мұсылман 
ойының нақ ортасы және ислам жолын қуушылардың рухани 
өмірінде маңызды рөл атқарады. Мұсылман нағыз адам болу 
үшін таза, өз ісіне адал, сөйлеген сөзіне мұхият болуы керек. 
Сонда  ғана  ол  Алла  алдында,  адамдардың  алдында  сыйлы 
болады.  Діни  сезімін  кеңейтеді,  оған  күш  береді.  Адамды 
бақытты  қылатын  басты  нәрсе  –  өзінің  менмендігімен  туған 
махаббат,  себібі  нағыз  махаббатқа  өз  құмарлығын  жеңу 
арқылы  жетеді,  құмарлықтан  құтылған  адам  руханилыққа 
жақындайды.  Сондықтан  адам  өмірінің  мәні  Аллаға  ұқсас 
рухани адам болу болып табылады.
Адамды  құдай  өзінің  жер  бетіндегі  халифы  етіп  жаратты, 
жан-жануарлармен  салыстырғанда  оған  рухани  әлеует  беріп, 
артық  қылып  жаратты.  Және  бұл  жерде  осы  рухани  әлеуетті 
жүзеге  асыру  адамның  өзінің  еркіның  қатысы  арқылы  жүзеге 
асатынын айта кету керек. Адам жаратушысының дидарын көру 
мәртебесіне ие болу үшін Жер бетіндегі сынақтан өтуі керек. 

130 
        
Түркі даналығындағы бақыт метафизикасы
Демек, Құрандағы негізгі мәселе адам, оның өмірі, өмірінің 
мәні мен мақсаты, оның бақыты мен тағдыры болыпа табылады. 
Құран  мәтінінің  өн  бойында  адамзат  өмірінің  трагедиясы, 
оның Құдай алдындағы құлшылықтары мен адасушылықтары 
көз  алдымыздан  өтеді.  Көз  алдымыздан  тура  жолды  іздеген 
адамдардың,  одан  тайқыған  адамдардың  бейнелері  көрінеді. 
Пайғамбарлар мен әулие-әнбиелер адамдарды ескертеді, бірақ 
адамдар  қыңырлықпен  алған  беттерінен  қайтпайды.  Әрине, 
бұл  Жаратушының  мейірімінен  хабар  береді,  өйткені  Ол 
адамдардың  дұрыс  жолмен  жүруін  пайғамбарлары  арқылы 
хабарлап отырады. 
Мұсылман  философиясы  қалыптасқан  уақытта  пайғам-
бардың  көзқарасы  онтологиялық  ілім  сипатына  ие  болып, 
қисынды  негізделді,  пұтқа  табынушы  араб  санасына  қарсы 
бағытталған  Мұхаммед  пайғамбардың  уағыздарымен  салыс-
тырғанда  жан-жақты  негізделген  түрге  айналды.  Сенімдік 
ұстанымдардың  қалыптасуында  кадариттік-жабариттік  пікір-
таластар,  мутазилиттердің  Құран  мен  оның  қағидаларына 
күмән келтіруі, негізінен, әл-Ашари ізбасарлары болып табыл-
ған  мутакаллимдер  әрекеті  маңызды  рөл  атқарды.  Олардың 
барлығы Құранның ақиқатқа ұмтылысын логикалық дәлелдеп, 
негіздеуге, оның қағидаларына жүйелі форма мен нанымдық 
беруге көп күш-жігерлерін жұмсады.
Егер  онтологиялық  мәселеге  қатысты  Құран  идеяларын 
жаңғыртуға талпынсақ, олар үш негізгі идеяға келіп тіреледі: 
1) Алла – жалғыз жаратушы және болмыстың себебі; 2) дүние 
– Құдай жаратуының нәтижесі; 3) адамды да Құдай жаратқан, 
бірақ  Құдайдың  басқа  туындыларымен  салыстырғанда, 
оның  өмірінің  ерекше  мақсаты  бар.  Бұл  идеялар  Құранның 
барлық  мазмұнын  қамтып  жатыр,  олар  Мединалық  кезеңге 
де, Меккелік кезеңге де тән және Құран мәтінінің барлық жер-
лерінде  кездеседі.  «Ол  –  Алла  –  бір,  Алла,  мәңгі;  тумады  да 
туылмады, Оған ешкім тең келмейді» (112:1; 112:2; 112:3; 112:4). 
«Ол Алла Жаратушы, Жасаушы, Қалыптастырушы. Оның атау-
лары да ең әсем…» (59:22; 59:24) және т. б.
Мұхаммедтің  Суннасынан  Құранды  кейінірек  зерттегенде 
және оның астарлы мағыналарын айқындағанда көп назар ауда-
рылған  мәселелер  бөліп  алына  бастады.  Алайда,  аянға  кәміл 

 
 
 
                      
                                                  131
Ортағасырлық түркі философиясында 
бақыт метафизикасы
сенгендер бұл мағыналарды қайткен күнде де түсінуі тиіс бол-
ды,  өйткені  бұл  әрбір  мұсылман  жүріп  өтуге  тиіс  құдайылық 
жол  еді.  Бұл  мәселелер  қатарына,  ең  алдымен  бір  құдайлық, 
Құдайдың есімдері мен сипаттары, Жаратушының өзі жаратқан 
нәрселерге қатынасы; «адамның әрекетке қатынасы», яғни адам 
бостандығы мен бақыты мәселелері және т. б. талқыланды.
Адам  бақытқа  тек  таным  барысында  және  соның  нәти-
жесінде  ғана  жетеді  десек,  ислам  дінінде  шынайы  бақытқа 
жетудің жолдары адамзат баласына арнайы түсірілген Құран 
Кәрімде  баян  етілген.  Ол  –  құт-берекенің  нағыз  қайнар 
бұлағы. Егер адамдар оның әмірлеріне мойын-сұнатын болса, 
өмірлері  нұрланып,  тіршіліктерінің  берекесі  артып,  жұрт 
алдында  мерейлері  үстем  болады.  Сөйтіп,  өресі  жазылып, 
көңілдері  жайланып,  пәнилік  ғұмырын  жұмақтық  өмірге 
айналдырар еді. 
Құран – соңғы пайғамбармен кемеліне жеткен ең ұлы дін 
– Исламның кітабы, сондықтан бүкіл ғаламды, бүкіл дәуірлер 
мен  мекендерді  қамтыған.  Ол  күллі  адамзатқа:  тәпсірші, 
фықыhшы, социолог, психолог, тасауыфшы, философ, физик, 
химик  –  бәріне  бүкіл  ғасырда  әрі  барлық  ғылыми  деңгейде 
тәлім  үйретеді.  Құранда  нәпсі  тәрбиесі,  ар-ождан  тазалығы, 
өз-өзіне есеп беру, отбасын басқару, бала тәрбиесі, әлеуметтік 
қатынастар,  әдептілік  қағидалары,  адамгершілік  нормалар, 
құқық,  экономика,  жаратылыс  заңдылықтары,  ғылым  мен 
мәдениет негіздері және т. б. көптеген жайттар қамтылған.
Тәухид,  пайғамбарлық,  өлгеннен  соң  қайта  тірілу, 
ғибадат,  азаптан  сақтану  мен  мәңгілік  бақыт  –  міне  осының 
бәрі  мәселелердің  мәні  мен  маңызына  қарай,  кейде  анық  та 
қанық,  кейде  ишарат  түрінде  астарлы  мағынада  орын  алған. 
Алғаш түскен күннен бастап бүгінгі күнге дейін он төрт ғасыр 
өткеніне қарамастан, Құранда тың әрі аса өткір мәселелер бар. 
Олардың  барлық  ақиқатын  ғылым  әзірге  аша  алмай  отыр. 
Жаратылыстану  ғылымының  Құран  көрсеткен  көкжиектерге 
жеткенше, қанша мәрте өзгеріп толығатыны белгісіз. Адамзат 
тарихында  мінсіз  көрінген  қаншама  теория  дүниеге  келді, 
дегенмен,  уақыт  өте  келе,  олар  көнеріп,  орнын  жаңалары 
басты.  Сондықтан  да  адамзатқа  екі  кітапты  да  –  Құранды  да, 
Жаратылысты да қатар оқу керек болады. 

132 
        
Түркі даналығындағы бақыт метафизикасы
Құран, Жаратылыс және Адам – үшеуін бір-бірінен ажыра-
ту адамзаттың басына әлемдік деңгейде үлкен кесір-кесапаттар 
әкелді,  ал  осы  үшеуін  біртұтас  қарастырған  жағдайда,  біздің 
пікірімізше,  адамзат  шексіз  бақытқа  кенеледі.  Ақиқат  пен 
бақыттың  қайда  болатынын  ішкі  ар-ожданмен  сезіну  керек 
болар.  Бұл  –  біз  қарастырып  отырған  негізгі  мәселе  түркілік 
ортағасыр  дәуіріндегі  бақыт  мәселесінің  діни  мазмұнының, 
оның  мұсылмандық  шарттары  мен  іргелі  тарихи  негіздерін 
белгілейтін метафизикалық ұстынды қуаттайды. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет