Философия, саясаттану


Түркі даналығындағы бақыт метафизикасы



Pdf көрінісі
бет17/20
Дата15.03.2017
өлшемі1,14 Mb.
#9856
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20

Түркі даналығындағы бақыт метафизикасы
Рухани  жүйенің  негізгі  буыны  білімдердің,  идеялардың, 
көзқарастардың,  пікірлердің,  дүниетанымдық  қондырғылар-
дың,  құндылықтық  бағдарлардың  және  т.  б.  алуан  түрінен 
көрініс  табатын  қоғамның  санасы  болып  табылады.  Қоғам-
ның  санасының  маңызды  элементтерін  индивидуалдық 
және  қоғамдық  сана  құрайды.  Индивидуалдық  сана  жеке-
леген  адамның  өмірінің  жағдайлары  мен  психикалық  өзге-
шеліктерінің  әсерінен  қалыптасатын  әлемнің  бейнесі.  Ол 
сананың  ешкімге  белгісіз  ағымымен  сипатталатын  тұлғаның 
ішкі  болмысы.  Қоғамдық  сана  болса,  ол  тұлғадан  тыс  фак-
торлардың  –  қоғам  өмірінің  материалдық  жағдайлары  мен 
оның  рухани  мәдениетінің  ықпалымен  әлеуметтік  қауымдар 
мен топтарда қалыптасатын дүниенің идеалды бейнесі. 
Дараланған  және  қоғамдық  саналардың  айырмашылығы, 
тек  соңғысының  ғана  әлеуметтік  сипатта  болуымен  есеп-
телмейді. Дараланған сана да қоғамның санасының ажырамас 
бөлігі.  Қоғамның  тарихи  қалыптастырған  мәдениеті  даралан-
ған  сананың  органикалық  бөлігіне  айнала  отырып,  тұлғаны 
рухани түрде нәрлендіріп тұрады. Әрбір индивид – өз халқы-
ның, этносының өкілі және оның санасы қоғаммен ажырамас 
байланыста.  Сонымен  қатар  қоғамдық  сана  да  дараланған 
санамен  тығыз  жанаса  отырып  дамиды.  Қоғамдық  сананың 
ұйымдасуы  да  күрделі  –  ол  қарапайым  және  теориялық, 
әлеуметтік  психология  және  әлеуметтік  идеология  деңгей-
лерінен  тұрады,  сондай-ақ  мазмұны  жағынан  қоғамдық  сана 
ғылыми,  діни,  адамгершілік,  эстетикалық,  саяси,  құқықтық, 
философиялық  деп  жіктеледі.  Олар  материалдану  формасы 
жағынан,  әлеуметтік  функциялары  жағынан  бейнеленетін 
құбылыстардың мазмұнына қарай ажыратылады.
Бақыттың  материалдық  игілік  ретіндегі  түсінігі  қоғамның 
әлеуметтік  жайжүйесін  қарастырғанда  да  аңғарылады.  Қоғам-
дық  өндірістегі  мамандану  мен  еңбек  бөлінісі  қажетті  түрде 
әлеуметтік  дифференциацияны  тудырады,  соның  нәтижесінде 
қоғамды  өздеріне  лайықты  орынды  иеденіп,  өз  мүдделерімен 
ерекшеленіп,  өздеріне  ғана  тән  қоғамдық  қызметтерді  атқара-
тын  салыстырмалы  түрде  оқшау  әлеуметтік  қауымдастықтар 
мен топтар пайда болады. Адамдардың теңсіздігі мен әлеумет-
тік  жіктелісі  қоғамның  табиғи  жағдайы  екендігін  айта  кету 

 
 
 
                      
                                                  163
Ортағасырлық түркі философиясында 
бақыт метафизикасы
керек. Адамдарды қолмен, жасанды түрде бірегейлендірудің кез 
келген ұмтылыстарының ұзаққа бармағанын тарихи тәжірибе-
ден, алысқа бармай-ақ өткен ғасырда ғана халқымыздың бастан 
өткізген социалистік экспериментінен байқауға болады. 
Десек те, өткеннен де, келешектен де бақытты әлеуметтік 
қоғаммен түсіндірілетін «алтын ғасырды» іздеудің мысалдарын 
көптеген  халықтардың  тарихи  өзіндік  санасынан  кездестіруге 
болады.  Қазақ  тарихы  мен  мәдениетінің  философиясымен 
айналысушы Б. Сатершиновтің пікірінше, «тарихи сананың бұл 
формасының  ерекшелігі  бір  жағынан,  болашақтың  мұратын 
құра  отырып,  өткенмен  қоштасатындай  көрінгенімен,  екінші 
жағынан, өткенмен ажырамас байланыста, өйткені оны сынға 
алып  отыр.  Ол  бір  жағынан  прогресс  теориясына  да  қайшы 
келеді:  адамның  жетілуінің  шегі  жоқтай  көрінсе  де,  утопия-
лық  шығармаларда  тарихтың  түпкі  мақсаты  идеалды  қоғам 
құру  болып  табылады.  Тарихи  сананың  бір  формасы  ретін-
дегі утопияда тарихи таным мен тарихи білім ғылыми негізге 
сүйенбесе  де,  оның  әлеуметтік  субъекттің  тарихи  санасына, 
тұтастай қоғамдық санаға ықпалы өте зор» [137, 74 б.]. 
Одан  ары  бұл  автор  бақытты  қоғам  үлгісін  қазақ  мәде-
ниетінің тарихындағы мысалдармен келтіреді. «Қазақ халқын-
дағы  мұндай  көңіл-күй  «қой  үстінде  бозторғай  жұмыртқала-
ған»  мамыражай  заманмен  түсіндіріледі.  Сондай-ақ,  «қазақ 
пен ноғайдың айырылысынан» кейін жеке ел болу үшін қоныс 
аудару алдында «көшпенділіктің идеологы» (Шоқан Уәлиханов 
осылай  сипаттайды)  Асан  қайғы  өзінің  Желмаясына  мініп, 
халқына  лайықты  «Жерұйықты»  іздеуі  де  осындай  арман-
аңсардан  туындайды.  Халықтың  экзистенциялық,  адами-
әлеуметтік  сұраныстарына  толық  жауап  беретін  мұндай 
«мекендер» түркі және қазақ халықтарында туған жерге деген 
сағынышты сарынмен астасып жатады және олардың бірнеше 
үлгілерін атап өтуге болады. Мысалы, «Ергенеқон», «Өтікен», 
«Жиделі-Байсын», «Еділ мен Жайық» және т. б.». 
Ал  біздің  зерттеуіміздің  өзегінде  жатқан  әл-Фарабидің 
«Қайырымды қаласы» Томаззо Кампанелланың «Күн қаласы» 
мен  Томас  Мордың  «Утопиясы»  сынды  болашаққа  бағдар-
ланған.  Дегенмен  «Қайырымды  қала  тұрғындарының  көзқа-
расынан» тек ислами құндылықтарды ғана емес, түркі халқына 

164 
        
Түркі даналығындағы бақыт метафизикасы
тән жоғарыда айтылған көңіл-күйді де аңғаруға болады. Түркі 
мәдениетімен сабақтастықты сақтаған қазақ халқының «заман 
философиясындағы»  кезеңдерді  Бақытжан  Сатершинов  бы-
лайша  тарқатады:  «Әдетте,  батырлар  эпосында  жырланатын 
кезең «алтын заман» деп сипатталса, ал бастан кешіріп отырған 
осы  шақ  «қилы  заманмен»,  «зар-заманмен»  түсіндіріледі,  ал 
бұлыңғыр болашақ «қара қытайдың қаптауымен келетін «ақыр 
заманды» немесе бейбіт «қой үстіне бозторғай жұмыртқалай-
тын заманды» елестетеді» [137, 75 б.]. 
Қоғамның  әлеуметтік  жайжүйесі  мәселесіне  қайта 
оралар болсақ, тарихи даму ағымындағы кез келген қоғамның 
құрылымы  нақты-тарихи  қауымдастықтар  мен  топтардың, 
олардың  арасындағы  қатынастар  мен  осы  қатынастарды  рет-
тейтін  арнайы  институттардың  жиынтығымен  сипатталады. 
Әлеуметтік  құрылымның  маңызды  элементі  әлеуметтік 
қауымдар  мен  топтар  дейтін  болсақ,  бұлар  қоғамдық  еңбек 
бөлінісіндегі  орны  мен  сонымен  байланыстағы  әлеуметтік 
рөлі,  өмір  тәртібі  мен  нормалары,  ділі  мен  құндылықтары, 
қажеттіліктері  мен  мүдделері  сияқты  жалпы  әлеуметтік 
белгілерімен  ерекшеленетін  адамдардың  тұтас  бірліктерін 
білдіреді.  Әлеуметтік  топ  мен  қауымның  арасында  елеулі 
айырмашылық  бар,  алдыңғысы  қоғамдағы  нақты  қажеттілігі 
мен  мүддесіне  сай  нақты  жағдайын  білдіретін  таптарды 
байқатса,  соңғысы  тарихи  қалыптасқан  адамдардың  діни 
немесе халықтық және ұлттық қауымдастығын аңғартады. 
Халықтың  немесе  ұлттың  ерекшелік  белгілері  мына-
лар:  халықтардың  немесе  тайпалардың  бір  әлеуметтік  тұтас 
түзілімге  сіңірілген  және  біріккен  экономикалық  байланыс-
тарының  негізінде  қалыптасқан  материалдық  және  рухани 
мәдениеттің  өзіндік  ерекшелігі,  тілдің,  психикалық  мента-
литеттің, салт-дәстүрлері мен өмір сүру тәртібінің, тарихи тағ-
дырлары  мен  этностық  өзіндік  санасының  ортақтығы.  Біздің 
зерттеудің  хронологиялық  ауқымындағы  мұндай  әлеуметтік 
қауымдастыққа ортағасырлық түркі халықтары жатады. 
Әлеуметтік жүйесі дамыған қоғамда міндетті түрде әлеу-
меттік,  этностық  және  діни  дифференцация  күшейе  түседі. 
Нақты  жағдайларының  түбірлі  айырмашылықтарынан  туын-
дайтын  әртүрлі  мүдделер  мен  көзқарастардағы  әлеуметтік 

 
 
 
                      
                                                  165
Ортағасырлық түркі философиясында 
бақыт метафизикасы
қауымдардың  болуы  олардың  арасындағы  саяси  қатынастар-
дың бекітілуіне түрткі болады. Ал оларды келісімге келтірудің 
қажеттілігі қоғамның саяси кеңістік жүйесінің құрылысы мен 
қызметтерін айқындайды. Саяси жүйе дегенде қоғамдағы саяси 
қатынастарды реттейтін мемлекеттік және саяси ұйымдардың, 
институттар мен мекемелердің жиынтығы ұғынылады. Саяси 
жүйе  де  күрделі  құрылым,  оның  негізгі  элементі  мемлекет 
азаматтарға  қатысты  заңдастырылған  мәжбүрлеуді  қолдана 
алатын  саяси  қатынастарды  реттеу  қызметтерін  атқарады. 
Мемлекет  адамдардың,  олардың  топтары  мен  бірлестіктерін, 
олардың іс-әрекеттерін басқару үшін белгілі бір территорияда 
жоғары билік өкілеттігі бар қоғамның аса маңызды әлеуметтік-
саяси  институты.  Ортағасырлық  Шығыста  мемлекеттің  әр 
алуан  формалары  мен  құрылымдары  –  діни  және  зайырлы, 
республикалық және монархиялық, унитарлы, федерациялық 
және конфедерациялық формалары болды. Орталық Азияда-
ғы  ортағасырлық  түркілік  мемлекеттер  (Батыс  және  Шығыс 
түркі қағанаттары, оғыз, қыпшақ, қарлұқ, түргеш хандықтары 
мен  қарахан  мемлекеті)  көбіне  монархиялық  формадағы 
және  конфедерациялық  құрылымдағы  этностық  және  саяси 
бірлестіктер болды.
Қоғамды басқаруды жүзеге асыратын мемлекеттің қызметі 
мен  қазіргі  тілмен  айтқанда,  өздерінің  қоғамдық  маңызды 
мүдделерін  іске  асыру  үшін  көпшілік  билік  институттарын 
пайдаланатын  қоғамдық-саяси  ұйымдар  мен  мекемелердің 
іс-әрекеттері саясат саласын құрайды. Мемлекеттік саясаттың 
негізгі мақсаты – әрқилы мүдделері бар әлеуметтік қауымдар 
мен  топтардан  тұратын  қоғамның  тұтастығын  сақтау, 
оның  қалыпты  қызметі  мен  дамуын  қамтамасыз  ету  үшін 
шаруашылық,  экономикалық,  әлеуметтік  және  рухани 
қатынастарды реттеу. 
Саясат  –  саналы  және  стихиялық  іс-әрекеттердің  саласы. 
Ол  әлеуметтік  топтардың  өз  мүдделерін  сезінуін  білдірсе, 
екінші жағынан биліктің өз саяси мақсатын сезінуін білдіреді. 
Азаматтардың  саяси  менталитетіне  қарай  саяси  үдерістің 
мазмұны  мен  бағыты  анықталады.  Сондықтан  саяси  жүйенің 
маңызды  элементтерінің  бірі  саяси  сана  болып  табылады. 
Ол  қоғам  мен  мемлекетті  басқаруға  қатысу  жөніндегі  билік 

166 
        
Түркі даналығындағы бақыт метафизикасы
институттары мен өздерінің арасындағы байланыстар туралы 
азаматтардың  сезімдік  және  рационалдық,  құндылықтық 
және нормативтік, рационалды және интуитивтік түсініктерін 
қамтиды.  Ол  сондай-ақ  азаматтың  өзінің  топтық  тиесілігін 
және содан туындайтын мүдделерін сезінуін, билікке қатысты 
саяси  ұстанымын  анықтауды,  өзінің  азаматтық  мәртебесін, 
құқықтарын, еркіндіктері мен міндеттерін де өз бойына енгізеді. 
Сондай-ақ саяси идеология мен саяси психология да осы саяси 
сананың  маңызды  элементтері  болып  табылады.  Ортағасыр-
лық түркілерде бақытты қоғам құру ұмтылыстарындағы саяси 
сананың  көріністерін  Орхон-Енисей  жазбаларынан  және  әл-
Фарабидің  саяси  философиясынан  байқауға  болады.  Бұл 
туралы төменде кеңінен сөз болады. 
Ерте  түркі  мемлекетінде  VI–VIII  ғасырларда  тасқа  қа-
шалып  жазылған  Орхон-Енисей  жазба  ескерткіштерінің 
дүниежүзілік өркениет тарихында алатын орны ерекше. Бұл 
құлпытастар рухани мәдениеттің жоғары деңгейін аңғартатын 
жазба  дәстүрдің  ғана  емес,  сол  кездегі  әлеуметтік-саяси 
ойдың  да  асыл  мұрасы  болып  табылады.  Бұл  ескерткіштер 
ерте  ортағасырларда  әлемдік  тарихтың  саяси  сахнасын  түре 
шыққан  түркі  халықтарының  бақытты  қоғам  мен  әділ  мем-
лекет  құрумен  байланыстырылатын  олардың  әлеуметтік-
этикалық  ойынан  да  хабар  береді.  «Күлтегін»,  «Білге  қаған» 
және «Тоныкөк» шығармаларында кейінгі ұрпаққа рух беріп, 
тарихтың тағылымын үйрететін сол бір тарихи кезеңнің сая-
си тынысы, түркі халықтары өміріндегі аласапыран оқиғалар, 
ел  билеушілерінің  отаншылдық  пен  патриотизм,  бірлік  пен 
ынтымақ,  ар  мен  намы  туралы  түсініктері,  діні  мен  наным-
сенімдері,  ұлысаралық  және  адамаралық  қарым-қатынастар, 
жеңістер мен жеңілістер баяндалады. 
«Күлтегін» балбалтасындағы жырдың авторы Йоллық тегін 
өз  дәуірінің  көрнекті  саяси  қайраткері,  қағанның  кеңесшісі, 
тарихшысы  болған.  Ол  тасқа  қашалған  бұл  еңбегінде  Түркі 
қағанатының қашан және қалай құрылғанын, қағанатты құрған 
және нығайтқан ұлы қағандар мен олардың қолбасшыларының 
өмірбаянын,  қағандықты  ұстап  тұру  үшін  жүргізген  ерлік 
күрестерін  баяндайды.  Бір  орталыққа  бағынған  қағандық 
билікті  қостап  жақтаған  Йоллық  тегін  түркі  елінің  бүтіндігі 

 
 
 
                      
                                                  167
Ортағасырлық түркі философиясында 
бақыт метафизикасы
мен тәуелсіздігі үшін әкімдер мен бектерді өз уысында ұстап 
тұруды, бүлікшілердің қарсылығын күшпен басуды дұрыс деп 
есептейді. 
«Жоғарыда  Көк  тәңірі  төменде  Қара  жер  жаралғанда 
екеуінің  арасында  адам  баласы  жаралған.  Адам  баласына 
менің  ата-бабаларым  Бумын  қаған,  Істемін  қаған  үстемдік 
құрған. Таққа отырып түркі халқының мемлекетін басқарған, 
үкім-билігін  жүргізген.  Дүниенің  төрт  бұрышы  түгел  оларға 
дұшпан болған. Әскер құрып, жорыққа аттанып, олар дүние-
нің төрт бұрышының халқын түгел бағындырған» [139, 179 б.], 
деп басталатын «Күлтегін» жазуының кіріспесінде түркі мем-
лекетінің қалай құрылғандығы туралы әрі асқақ, әрі мазмұнды 
мифологиялық баян айтылады.
Мифті «қасиетті тарих» деп анықтауға болады және онда 
өткен шақ «бақытты кезең» ретінде сипатталады. Мифте әуел 
бастапқы  уақытта  орын  алған  оқиғалар  сөз  болады  және  ол 
тұтастай  немесе  жекелей  алғандағы  дүниенің  жаратылуымен 
байланысты  болып  келеді.  Жарату  актіне  міндетті  түрде 
табиғаттан тыс тылсым күштер қатысады, соның нәтижесінде 
алғашқы  қауымдық  адам  үшін  миф  –  жалғыз  шынайы 
нақтылық.  Оның  үстіне  миф  адами  әрекеттің  маңызды 
түрлері  мен  ғұрыптарының  үлгісі  мен  прототипі  болып, 
адамзаттың  бүкіл  тарихы  бойында  әлеуметтік  функцияны 
атқарып келді. Мифологиялық ойлау көне заманның (әсіресе 
антикалық дәуірдің, сондай-ақ сақ, ғұн, түркі халықтарының) 
философиялық  тұжырымдамаларында,  ортағасырлардың  ді-
ни  дүниетанымында,  кез  келген  милленаристік  қозғалыстар-
да  басым  болды  және  бұл  қазіргі  заманның  өнері  мен 
философиясында қайта жаңғырып отыр. 
«Күлтегінде»  осындай  мифологиямен  бірге,  мемлекеттік 
басқарудағы  қаған  билігі  мен  ол  құрған  тәртіптер  жайы  да 
айтылады.  Жырдың  авторы  Йоллық  тегін  түркі  мемлекетінің 
құрылуын  және  оны  қағандардың  басқаруын  тәңірінің 
бұйрығы  бойынша  жасалған  әрекет  деп  түсіндіреді.  «Олар 
оған дейін әміршісі болмаған көк түркілердің арасында тәртіп 
орнатып,  елді  басқарған».  Автордың  айтуынша,  оған  дейін 
мемлекет  те,  ел  басқару  әдісі  де,  адамдар  арасында  тәртіп 
те  болмаған.  Тәңірінің  ризалығымен  «бастыны  жүгіндірген, 

168 
        
Түркі даналығындағы бақыт метафизикасы
тізеліні  шөгерген»  қағандарды  осы  Көктің,  Тәңірінің  еркімен 
билік  құрып  отыр  деп  есептеген  түркілер  оларды  «Көк 
тектестер» және «Көкте туғандар» деп атады. Түркі қағандары 
да  өздерінің  жазбаларында  Көкті  өздерін  әрқашан  желеп-
жебеуге шақырады. 
«Күлтегін» жазба ескерткіштерінде түркі мемлекетін құр-
ған  алғашқы  қағандар  әрі  дана  әрі  батыр,  ақылды  да,  күшті 
болып  сипатталады.  «Бұл  екі  қаған  дана  қаған  екен,  алып 
қаған  екен.  Бұйрықшылары  да  дана  екен,  алып  екен.  Бектері 
де,  сондайлық  халқы  да  азбаған  екен,  түзу  жолда  екен»  [138, 
175 б.]. Ақылды қаған басқарған елдің шенеуніктері де, халқы 
да ақылды болып келеді, халықтық әдет-ғұрыптар мен заңдар 
мүлтіксіз  орындалады,  бұзық  ниеттегі  адамдар  болмайды. 
Билеуші  нашар  болса,  бұрынғы  әдет-ғұрыптық  жоралғылар 
сақталмаса,  ауыз-бірлік  болмаса,  мемлекеттің  шаңырағы 
шайқалады, қолдан билік кетеді, халқы құл болады. 
Осындай  себептермен  Түркі  қағанатының  ыдырауы  мен 
басқа мемлекетке тәуелді болуы туралы аталмыш шығармада 
былай жырланады. «Одан кейін інісі қаған болған екен, баласы 
да  қаған  болған  екен.  Інісі  ағасындай  іс  қылмағанға  ұқсайды, 
ұлы  әкесіндей  іс  қалдырмағанға  ұқсайды.  Зердесіз  қаған 
ел  билегенге  ұқсайды.  Бұйрықшылары  да  біліксіз  қағанға 
ұқсайды,  жәутік  қағанға  ұқсайды.  Бектері  мен  халқы  түзу 
жолдан  шыққаны  себепті,  табғаш  халқының  арбаушылығы 
себепті,  аға-інілердің  қателескені  себепті,  әкімі  бар  халықты 
шағыстырғаны себепті түркі халқы ел етіп құрған мемлекетін 
қолдан  берген  екен,  ел  билеген  қағанынан  қолдан  айрылған 
екен. Табғаш жұртына текті ұлың құл болды, сұлу қызың күң 
болды»  [139,  178  б.].  Мемлекеттің  қуаттылығы  мен  күштілігі, 
қоғамның бақыттылығы мен құты ел бірлігінде екенін жақсы 
түсінген жыр авторы бұл мәселені айрықша атап өтеді. 
Сатқындық пен опасыздықты, өзара қырқысты Көк Тәңірі 
де  қолдамайды.  Табғашқа  бағынғаны  үшін  тәңірінің  қаhары-
мен  «түркі  жұрты  өлді,  алқынды,  жоқ  болды».  «Мемлекетті 
халық едім, мемлекетім енді қані, қағанды халық едім, қағаным 
қані? Қай қағанға ісімді-күшімді беремін», деп күңіренген бү-
кіл түркі халқының өкініші мен зарын естіген Көк тәңірісі «Түр-
кі  халқы  жоқ  болмасын,  жұрт  болсын»,  деп  Елтеріс  қағанды 

 
 
 
                      
                                                  169
Ортағасырлық түркі философиясында 
бақыт метафизикасы
жоғары  көтереді.  «Түркі  халқының  аты,  айбар-даңқы  құрып 
кетпесін деп қаған етіп отырғызды». Жырда қаған қарапайым 
халықтың жоқтаушысы ретінде баяндалады. Оған «мал-мүлікті 
халықты»  жетілдіру  мақсат  емес,  «іші  ассыз,  сырты  тонсыз 
азып-тозған халықты тойындыру» басты мақсат. 
Ерте түркі өркениетінің саяси-әлеуметтік саладағы жеткен 
жетістіктеріне  олардың  құрған  қоғамының  жаңа  әлеуметтік-
саяси  құрылымын  жатқызуға  болады.  Олардың  түркілер 
қоғамында  шешуші  рөл  атқаратын  қаған  бастаған  империя-
лық  ақсүйектер  билігін  қалыптастыруы  –  орасан  зор  Түркі 
империясының  өмір  сүруімен  тығыз  байланысты.  Жоғары 
биліктегі қағанның ең басты міндеті де «ел жұртының қамын 
ойлау,  халқын  асырау,  елді  қорғау,  күші  мен  ісін  мемлекет 
мүддесіне  жұмсау»,  басқаша  айтқанда  халқын  бақытқа  жет-
кізу  болған.  Қаған  басына  қойылған  мәңгілік  тасқа  ойылып 
жазылған мақтау сөзде «ол өзінің халқын армансыз асырады» 
деп айтылады. Бұл баға ел билеушінің басына орнатылған кез 
келген пирамидадан артық болса керек. Жоғары биліктің қаған 
мен бектердің қолына шоғырлануы да оларға ел тағдыры мен 
қауіпсіздігі, халықтың тыныш та бейбіт тұрмысы үшін саяси-
құқықтық  тұрғыда  да,  әлеуметтік-этикалық  тұрғыда  да  зор 
жауапкершіліктер мен міндеттер жүктеген еді. 
Елтеріс  қаған  мен  Тоныкөктің  басты  мақсаты  –  түркі 
халқының  басын  қайта  біріктіріп,  тәуелсіздігін  алып  беріп, 
оны  күшті  де  қуатты  елге  айналдыру.  Басқаның  (мысалы 
табғаштардың)  тәтті  сөзі  мен  асыл  бұйымдарына  алданбау. 
Тәуелсіздік  пен  еркіндік  бәрінен  де  қымбат.  Бақыт  та,  құт  та 
онсыз  болмайды.  Халықтың  ынтымағы  мен  елдің  бүтіндігін 
ойлаған  олар  «бір  рет  қана  тойынуды»  мақсат  еткендермен 
немесе «асын ішіп, аяғын жуып жүргендермен» аяусыз күрес 
жүргізеді.  «Аш-тоғыңды  білмейсің,  бір  тойсаң  аштықты  ой-
ламайсың.  Сондайлығың  үшін  өзіңді  тойдырған  қағаныңның 
сөзін алмастан жер-жерге бардың, соның бәрінде азып-тоздың» 
деп  өкініші  мен  қынжылысын  білдіреді.  Түркі  мемлекетінің 
тәуелсіздігі мен ар-абыройы үшін халықты бірігуге, басқыншы 
жаумен  жан  аямай  шайқасуға,  өзін  қолдауға  шақырады. 
«Табғаш, Оғыз, Құтан – бұл үшеуі біріксе, біз екі ортада қала-
мыз,  қорғана  алмаймыз.  Тозған  әлсізді  таптау  оңай,  тоған 

170 
        
Түркі даналығындағы бақыт метафизикасы
жіңішкені үзу оңай, жұқа қалың болса, оны алып қана бұзады, 
жіңішке жуан болса, оны алып қана үзеді» [139, 187 б.].
Мемлекет  билеушісі  елдің  даңқы  мен  атағы  үшін,  халқы 
мұңсыз, бейбіт өмір сүруі үшін қызмет етуі тиіс. «Әкеміз, аға-
мыз құрған мемлекеттің аты, күші, даңқы жоқ болмасын деп, 
түркі  халқы  үшін  түнде  ұйықтамадым,  күндіз  отырмадым. 
Осылай  елді  құрап,  халықты  отқа  күйдірмедім,  суға  батыр-
мадым. Тәңірі жарылқап, құтым бар себепті, өлімші халыққа 
жан  кіргізіп,  асырадым,  жалаңаш  халықты  тонды,  кедей 
халықты  бай  қылдым,  аз  халықты  көп  қылдым.  Айбарлы 
жұрттыққа, қуатты қағандыққа жеткіздім» деп мақтанышпен 
айтылған  бұл  сөздерде  билеушінің  ақылды  саясаты  мен 
билігі,  көрегендік  қасиеті,  қолбасшылық  дарындылығы  атап 
көрсетіледі,  бұл  сөздердің  астарынан  оңайлықпен  келмеген 
тәуелсіздік түріндегі ұлттық идеяны, халықтық арман-аңсарды 
аңғаруға болады. 
Қағандық  өкімет  пен  билікті  нығайту,  халықтың  қағанға 
мойынсұнып, қалтқысыз бағынуы – олардың тәуелсіздігі мен 
бейбіт тұрмысының, берекелі тіршілігі мен игілікті істерінің 
шарты  екендігін  ұмытпауы  үшін  қағанның  өсиеттері  кейінгі 
ұрпаққа  қалдырылды.  Түркі  халқы  Білге  қағанның  «кедей 
халықты қалай байытқанын, аз халықты қалай көбейткенін» 
ұмытпауы  үшін,  «түркі  халқы  неден  қауіптеніп,  нені  білуі 
үшін»  оның  сөзі  «мәңгілік  тасқа»  жазылған.  «Уа,  түркі 
бектері  мен  халқы,  мынаған  құлақ  салыңдар!  Сендер  өз 
мемлекеттеріңді  қалай  құрғандарыңды,  сендер  қаншама 
күнәға  батып  бөлінгендеріңді  мен  осы  жерге,  мәңгілік  тасқа 
ойып жаздым. Осыған қарап біліңдер!» Тәуелсіздік оңай кел-
меген, бұл мақсатта ел билеушілердің ерлігі мен көрегендігі 
қажет болған. «Қызыл қанын ағызып, қара терін ағызып, түркі 
еліне  жау  келтірмеген,  құлаған  мемлекетті  қайта  мемлекет 
еткен,  жоқ  болған  халықты  қайта  халық  еткен»  түркі  қаған 
билеушілерінің  ұстанған  саяси  идеалдары  мен  мұраттары, 
мақсат-мүдделері,  ел  билеу  ұстындары  мен  адамгершілік 
қасиеттерінің  қандай  болғандығы  ерте  түрік  жазбаларында 
айқын байқалады. 
Ел билеудегі жетістіктер мен кемшіліктер қатар айтылған, 
одан мәңгілік сабақ алуды өсиеттеген «Білге қаған», «Күлтегін» 

 
 
 
                      
                                                  171
Ортағасырлық түркі философиясында 
бақыт метафизикасы
және «Тоныкөк» жырларында халықты өз билігіне бағындыру 
мен  көндіруге,  өз  соңынан  ерте  білуге  жұмылдыру  үшін 
билеушіге деген сенім мен үлкен бедел керек екендігіне ерекше 
назар  аударылады.  Орхон-Енисей  жазба  ескерткіштеріндегі 
идеяның  негізгі  арқауы  да  қаған  билігін  орнатып  отырған  
Көк  Тәңірісінің  еркі,  бектер  мен  халықтың  қағанға  адалдығы, 
халықтың қаған мен бектерге бағынуы. 
Құлпытастарда  билеушінің  мемлекетті  құруы  мен  оны 
сақтаудағы  және  нығайтудағы  рөлі  мен  сіңірген  еңбегі  мақ-
танышпен айтылады. «Елтеріс қаған қам жеп, иелік қылмаса, ол 
жоқ болған болса, мен өзім Тоныкөк қам жеп, иелік қылмасам 
және жоқ болсам, онда түркісір халқының жерінде мемлекет 
те, жұрт та, иесі де жоқ болар еді». Бірақ бұл жағдай халық пен 
қоғам арасындағы, бектер мен жұртшылықтың өзара қарым-
қатынасынсыз  шешіле  қоймайды.  Билеушілер  мен  халық 
арасындағы қайырымды қатынастың тиімділігі туралы жырда 
«Егер, сен, түркі халқы өз қағандығыңнан, өзіңнің бектеріңнен, 
өз Отаныңнан бөлініп кетпесең, онда өзің бақытты өмір сүріп, 
өз  үйлеріңде  боласың,  қайғы-қасіретсіз  өмір  сүресің»  деп 
тұжырымдалады. 
«Ежелгі  түркілердің  өмірлік  принциптері,  дүниетаным-
дық  басымдылықтары  «Өлімнен  ұят  күшті»  деген  этикалық 
ұстанымға  сүйенетіндігі  Орхон  жазбаларынан  оқимыз»,  – 
дейді  профессор  С.  Е.  Нұрмұратов.  –  Шын  мәнінде  көптеген 
өмірдегі  пенделік  рухани  адасушылықтың  бастауы  адамның 
ұятсыздығынан,  яғни  екіжүзділігінен  басталатынын  Күлтегін, 
Тоныкөктер заманында бабаларымыз айқын білген» [140, 5 б.].
Әлемдік  мәдениеттегі  ұлы  ескерткіштердің  қатарынан 
саналатын ерте түркі жазбаларында көне түркі тайпаларының 
идеологиясы,  саясаты,  ел  бірлігі  мен  ынтымағы  көркем 
баяндалады,  билеуші-қағандардың  ел  билеу  тәсілдері  мен 
мақсат-мүдделері  айқын  көрінеді.  Балбалтастардағы  аты 
аталған қағандардың өмірі мен өнегесінің, түркі еліне сіңірген 
еңбектерінің тарихи-рухани маңызы ерекше. 
Демек,  көне  түркі  жазбаларындағы  бақыт  құбылысының 
қоғамдық  әлемді  құру  жағдайларының  –  ұлттық  рух  пен 
асқақтыққа, ерлік пен елдікке, бірлік пен татулыққа, намыс пен 
жігерге бағдарланған саяси-әлеуметтік негіздерін тани аламыз 

172 
        

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет