2. Діннің алғашқы формалары. Алғашқы діни формалардың мәселелері: эволюционизм (У.Тейлор), структурализм (Леви-Брюль, Леви-Строс), марксизм (С.Токарев). буддизм және оның негізгі бағыттары..
3. Христиан дінінің пайда болу тарихы және негізгі формалары. Ислам. Исламның қалыптасуы, догматикасы және тарихи формалары.
Дін – дүниеге көзқарас және дүние түйсінімі, сондай-ақ осыларға сәйкес мінез-құлық пен ерекеше іс-әрекеттер (табыну). Ол Құдайдың немесе құдайлардың өмір сүруіне, оның табиғаттан тыс екендігіне сенуге негізделеген. Философиядағы сияқты дінді де әңгіме адамдар өз өмірінде негізге алуы тиіс дүние туралы ең жалпы түсінімдер туралы болады. Өйткені дін адамның дүниені түсіндіру мен өзін-өзі түсіну әркеті мен қажеттігі ретінде пайда болған.
1. Дін және философиялық білім
Әдетте, діни түсінімдер құдай туралы, дүниені құдайдың жаратқаны, жанның өлмейтіндігі, адамның орындауы тиіс құдай өсиеттері және т.б. туралы ілімде білдіріледі. Бұл іргетастық діни идеялар өз сипаты бойынша философиялық идеяларға ұқсас. Алайда олар дін шеңберінде негізделмейді, сенім негізінде қабылданады және ешқандай сынға ұшырауға жатпайды. Философия болса, өз тұжырымдарын дәлелдеуге ұмтылады. Ол логикалық пайымдаулардың көмегімен идеялардың теориялық жүйелерін дамытады және бұл ретте өз қорытындыларын үнемі сынға ұшыратады. Философиялық ой қасаң қағидалардан азат болуы тиіс, ал кез келген дінде оларға қандай да бір күмән келтіру күнә ретінде айыпталатын қағидалар бар.