Эллинистік философия (жалпы сипаттамасы, негізгі мектептері және көтерген мәселелері).
Эллиникалық кезең Ұлы Александрдың жорықтары басталғаннан бастап римдіктерді Египетке игеруге дейін созылды. Б. з. д. IV және III ғғ. сынуы грек еркін полистерінің дағдарысының шарықтау шегіне жеткен кезең болып табылады. Хэйронейдегі жеңіліс (б. з. д. 338) және жоғалған Ламиялық соғыс құрлықтық Грециядағы еркін саяси өмірдің аяқталуын білдіреді. Грек қалалары алдымен Македония билігіне, кейін бірте-бірте римдік ықпалға түседі. Бұл процесс б. д. 146-да Ахей Рим провинциясының құрылуымен аяқталады. Грецияның экономикалық және саяси құлдырауы, полистің рөлінің батуы грек философиясында көрініс табады. Аристотель философиясы) объективті әлемді тануға бағытталған күш-жігер (Аристотель философиясы), грек философтарында пайда болған саяси өмірге белсенді қатысу біртіндеп индивидуализммен, этизациямен және моральмен не скептицизммен және агностицизммен алмастырылады. Уақыт өте келе философиялық ойлауға деген қызығушылық күрт төмендейді. Мистика, діни-философиялық синкретизм, христиан философиясы кезеңі келеді.
Бір жағынан грек ойшылдарының философиясы жан-жақты таралып, қанат жая өркендеп өсуі- сол замандағы адамдардың өз өмірдерін жақсартуға деген құлшыныстарына да байланысты болды, өйткені, олар «қалай өмір сүру керектігін» білу үшін, «данагөй» болуға тырысты. Соған орай философия жүйеленіп, догматикалық сипатқа ие бола бастады. Қалаған мектебінен, ұстазынан білім алатын жағдайға жетті, себебі әртүрлі философиялық мектептер қалыптаса бастады. Ерекше сипатқа ие болған философиялық мектептер қатарына стоиктер, эпикуршылар және скептиктерді жатқызкға болады. Мүмкін, Сіз, философияның барлық бағыттарын меңгеріп, олар туралы білетін шығарсыз, бірақ қайсысын таңдар едіңіз, әрине, күнделікті өміріңізде қолданатын болғандықтан. Адам өмірінің жандануы мен құлдырауы жөніндегі мәселе сол кездегі негізгі философиялық сұраққа айналды. Бұл сұрақ ақиқатқа жетудің жолын емес, бәрінен бұрын қалай жақсы өмір сүруге болады деген мәселенің шешімін іздеді. Міне, осы сұрақ төңірегінде өрбіген стоик, эпикуршыл және скептиктер секілді ағымдар өздігінше жауап беруге тырысты.
Сіздің басыңыздан мынадай жағдай өтті ме: жақсы не жаман сәттер, оқиғалар болуы мүмкін, бірақ сіз осы жағдайларға салқынқандылықпен қарап, тіпті назарға аудармайсыз. егер солай болса, онда сіз Стоиксіз. Сіз стоик ретінде болып жатқан барлық құбылыстармен оқиғаларға билік етіп, оларды қалағаныңызша өзгерте алмайтындығыңызды түсінесіз. Ал, қаншалықты билігіңіз жүрмегендіктенде, болған істі өзгертуге тырысудың қажеті жоқ.
Стоиктер («стоя») мектебі. Аталған мектептің негізін салған Китиондық Зенон. Өкілдері Сенека, Эпиктет, Марк Аврелий. Стоиктердің басты идеясы – сыртқы дүниенің түрлі әсерлерінен құтылу болды. Бұл мақсатқа қол жеткізу үшін философтар табиғатпен бірлікте болуға шақырып, байлықты, әсемдікті жақтады. Жағымсыз әлде қуанышты сәттер болсын, салқын қандылық таныту керек, жағымсыз, жан дүние - өтпелі, сондықтанда одан құтылуға асығудың қажеті жоқ.
1 кезең – Сократқа дейінгі кезең.
2 кезең – классикалық кезең.
3 кезең – эллинистік кезең.
4 кезең – антикалық философияның дамуының соңы.
1 кезең – Сократқа дейінгі кезең. Бұл кезеңнің орталық мәселесі космос, табиғат мәселесі болды.
Бұл кезеңде натурфилософиялық көзқарас басым болды. Милет, Элей, Пифагоршылдар, Софистер мектебінің қалыптасуымен қатар атомдық көзқарастың негізі қаланады.
Гераклит – оның ілімі бойынша барлығының түп негізі от; барлығы оттан пайда болады және оған қайта оралады. Оның шығармасы «Табиғат туралы», бірақ бұл еңбектің кейбір бөліктері ғана жеткен. Гераклитті «Қараңғы» деп атаған, бұлай деп аталуы оның идеяларының күрделілігінен болса керек.
Гераклит атымен диалектикалық көзқарастардың дамуын байланыстырады. Оның ілімінің орталық принципі панта рей («барлығы ағады»). Тіршілік ететінің бәрі бір күйден екінші күйге ауысады, бұл қарама-қайшылықтардың сәйкес келуінен болады. гераклит қарама-қайшылықтардың күресінің жалпылығы туралы айтты. «Соғыс – барлығының әкесі, патшасы: ол біреулерді құдай, біреулерді адам, біреулерді құл, ал кейбіреулерді ерікті етті». Соғыс, күрес арқасында қарама-қайшылықтар бірігеді, олардың арасында гармония орнығады. Осылайша, пайда болу мен жойылу, өмір мен өлім, болмыс пен бейболмыс - өзара байланыста болып, шартты түрде бір-біріне өтеді.
Гераклит адам жаны туралы былай тұжырымдады: ылғал мен от сияқты қайшылықтардың бірлігінен тұрады. Жанның көп мөлшерін от алып жатса, ондай жан ғажап және ақылды. Ал жанды су баса, онда жанның өлетіндігінің белгісі. «Құрғақ жан парасатты». «Жанның өлуі – ылғалға айналу».
Атомистік мектеп – Эмпедокл, Анаксагор, Демокрит, Левкипп, Анаксагор «әмбебап қоспалар» принципі – қандай болмасын заттың «үкен» немесе «кіші» қасиеті салыстырмалы. әлемнің бөлшектері мен біртұтастығы, олардың арасындағы байланыс ғарыштағы қозғалысты анықтайды. Оларды қозғалысқа келтіретін күш – ақыл (грек нус) бұл күш мақсаттан келіп шықпайды, механикалық себеп-салдар. Ақыл – қозғалыстың қайнар көзі, екіншіден – ғарышты ұйымдастырады.
Демокрит (б.зб. 460-370 жж.) заттар атомдардан тұрады, олар формасы, жағдайы, тәртібі арқылы ерекшеленеді, өзгермейтін сапалық жағынан біртекті. Қажеттілікті аса жоғары бағалап, кездейсоқтықты жоққа шығарды. Әлемде жаратылғанның бәрінің өз себебі бар, сондықтан ке-келген құбылыс қажетіліктен туындайды. Кездейсоқ, себепсіз оқиғалар адамдардың ойлап тапқандары, болып жатқанның шын мәнін түсінбегендіктен туындайды. Болып жатқанның шын мәнін ұғыну, анықтау танымның негізгі мақсаты.
Эпикуршілдік– атақты философ Эпикурдің есімімен аталған философиялық мектеп. Бұл ағым Демокриттің атомдық философиясын ілгері дамыта отырып, эллинизм дәуірінде адам туралы көптеген мәселелерджі көтерді. Эпикуршілдікті жаратылыстану саласын және этика мен эстетика мәселелерін көтерген бағыт деп қарауға болады. Атомдарды қарастыра отырып, солар арқылы адамдардың қоғамдық өміріне талдау жасады. Демокрит атомдар біркелкі және тура қозғалады десе, Эпикур атомдардың қозғалысындағы өзгерісті көрсетті. Сондай-ақ Демокрит атомдар қажеттіліктерге ғана бағынады, ешбір кездейсоқтық болмайды деп тұжырымдаса, Эпикур атомдар өмір сүруі мен қозғалысында кездейсоқтықтардыяң орын алатындығын көрсетті. Осы арқылы қоғам өміріндегі еркіндік пен бостандық мәселесін көтерді. Стой мектебінен қарағанда Эпикуршілдердің этикасы гедоникалық (грек- қанағаттану), этикасы бақытқа жеткізетін әрекет.
Стоицизм (стоя) мектебі – (stoa - афина қаласындағы философтар жиналатын ғимарат) негізін қалаған Китионнан шыққан Зенон. Адамның негізгі мақсаты – құмарлықтан құтылу, еркіндікте болу, самаурқаулық дәрежеге жету (apatia – самарқаулық). Бұны соңғы стоиктер даналық – София деп атаған. Натурфилософиялық көзқарастары Гераклит көзқарастарымен сәйкес келеді. Дүниенің негізі от.
Скептиктер (грек «қарапайым», «күдіктенемін») адамның ішкі дүниесін, рухани өмірін өзгерткен ойларды қамтыды. өкілдері Пиррон, Секст Эмпирик. Адамның ойы арқылы айналадағыларға кеңінен көз салу, оны жақсылап бағдарлау, өткенге қайта қарау, таным жетістігіне сын көзбен шолу болды.
Сонымен, көне грек философиясы адамның мәнін түсінуге үлкен қадам жасады.
Софисттер – б.з.б. V ғ. Көне Грецияда пайда болған ақылы ұстаздар, олар философия, риторика (шешендік өнер), и эристикға (пікір таластыру өнеріне) үйретті.
Софистер бір мектептің өкілдері болған жоқ, керісінше бір-бірімен бақталас болды, оларды тек кәсіптері ғана емес, философиялық тұжырымдамаларының пәні мен әдлдісі біріктірді. Олардың қарастырған негізгі сұрағы: дүние мен білімнің арақатысы мәселесі болды. Софистер оъективті ақиқат жоқ, ол орынға, уақытқа, адамның өзіне байланысты, яғни ақиқат – субъективті. Сонымен қатар әлем танылмайды. Олар алғашқа агностиктер болды. Ақиқаттың салыстырмалығы адамгершілік заңдарының да – салыстырмалы екендігін көрсетеді. Софистерді былай бөледі:
Аға буын софистер – Протагор, Горгий, Продик, Гиппий, Ксениад және кіші буын софистер – Алкидам, Фразимах, Критий және т.б.
2 кезең – классикалық кезең. Ол Сократ, Платон және Аристотель сияқты көрнекті философтардың шығармашылықтарымен сипатталады. Адам мәселесіне, оның мәніне және танымдық мүмкіндіктеріне негізгі көңіл бөлінді.
Милет мектебі – Фалес, Анаксимандр, Анаксимен. Антикалық Грецияның ең алғашқы философиялық мектебі. Бұл мектептерде алғаш рет барлығының бастауы не, дүниенің субъстанциясы мәселесі қарастырылды. Дүниенің негізі ретінде олар белгілі бір материалды принципті алды. Олар интуитивті түрде әлемді материалды деп түсінді. Алғашқы грек мектептері стихиялы материализм бағытын ұсынды. Бұл мектептің негізгі принципиалды ойлары ретінде мыналарды айтуға болады: дүниені түсініп білу үшін табиғаттан тыс күштердің жаратқандығына сенімнен тыс, оны өзінде ұғыну керек, яғни оның негізі материалдық бастамалардан іздеу керек. Милет мектебі өкілдері гилозоистер болды, яғни материаның жанды екендігін айтып, әрбір заттың жаны болғандықтан қорзғалады, бұл олардың қоршаған ортадағылардың барлығы үнемі қозғалыста, өзгерісте болады деген қарапайым диалектикалық ойларынан туындаған.
Пифагор мектебі – негізін қалаған Пифагор ( б.з.,б. 580-500 жж.) антика философиясындағы идеализмге жол ашты, сандарға мистикалық қасиеттерді таңды. Пифагоршылар сан – табиғатты бейнелеуде бірінші принцип, сан – материя және әлемнің формасы. «Барлық заттар саннан пайда болды» Филолай былай деген: «Егер сандар болмаса ешнәрсе пайда болмас еді, санның құдіретін құдайлар мен перілердің әрекеттерінен, адамдардың ойы мен ісінен, қолөнер мен музыкадан байқау қиын емес» пифагоршыларда сан – көзге көріненін тастар немесе нүктелер түрінде болды, олардың сыртқы бейнесі пішін түрінде көрінеді. Тақ және жұп сандардың түрлі сапалары болады: жұп сандар төмен дәрежеде, ал тақ сандао жоғары дәрежедегі қасиетке ие. пифагоршылар әлемнің пайда болу концепциясын былай түсіндірді: барлығының бастамасы – бірлік, бірліктен сан құралады., сандардан нүктелер, нүктелерден сызық, сызықтан жазық дене, садан кейін көлемді денелер пайда болады. содан соң төр түрлі материалды элементтердің бар екендігі тұжырымдалды: жер, от, ауа, су. Пифагор материалды элементтерді түрлі дұрыс көпбұрыштармен байланыстырып түсіндірді: жер – куб формасының бөлшектерімен, от – тетраэдрлер формасының бөлшектерімен, ауа – октаэдрлермен, су икосаэдрлермен.
3 кезең – эллинистік кезең – бұл кезеңде көптеген философиялық бағыттар мен мектептер қалыптасты, олардың көпшілігі Плотон мен Аристотель философияларының ықпалымен пайда болған этикалық мектептер.Стоиктер, скептиктер және эпикуршілдік мектептер басымдылық танытқан кезең.
Антика философиясының дамуының 4 кезеңін атап көрсетуге болады:
Элей мектебінің өкілдері – Ксенофан, Парменид, Зенон. Элей мектебінің өкілдері рационализмнің негізін қалаушылар болды, олар шынайылықтың ұғымдық бейнеленуін қарастырды. Олар ең алғаш таным процесінің сезімдіктен рационалдыққа өту екендігін анықтады, бірақ танымның бұл деңгейлерін бір-бірінен мәнділігіне қарай бөліп, оларды қарама-қарсы қойды. Ақыл бұл – «ақиқатқа бастайтын жол», яғни ол ғана ақиқат білімді береді, ал сезімдік таным «пікірді ғана тудырады». Білімді пікірге қарсы қойылған, яғни күнделікті қарапайым пікірлерге қарсы қойылған.
Элей мектебінің көрнекті өкілдері Парменид пен Зенон болмыс туралы мәселені жан-жақты талдады. Дүниені екіге болді бірі – сезімдік заттар дүниесі, екіншісі – сезімнен тыс дүние. Болмысты ойлау арқылы білуге, түсінуге, сырын ашуға болады. парминид : «болмыс бар, ал болмыс емес жоқ» - деп, «Ойлау мен болмыс бір» деп тұжырымдады. Болмысты өзгермейтін, қозғалмайтын процесс деп қарады.
Зенон болмыстың өзермейтін, қозғалмайтындығын түсіндіру үшін апорийлерін пайдаланды. Ол үшін төрт дәлелге сүйенді. 1-ші – қозғалыс ешбір ақиқатқа ие бола алмайды, өйткені қозғалушы дене өзінің нысанасына жету үшін алдамен жарты жолға жету керек, ал оған жету үшін оың жартысына жектуі керек, сөйтіп қайталана береді. 2-ші – қозғалысты сезімдік арқылы анықтау оңай болғанымен, ой арқылы, кеңістік пен уақыт арақатысында анықтау өте қиын. «Ахиллес пен тасбақа». 3-ші – «ұшып келе жатқан жебе тыныштықта тұр» қозғалыс пен тыныштық диалектикасын анықтау. 4-ші – қозғалыс барлық денеге тән бе? Осы мәселелері арқылы Зенон диалектиканы негіздеген.
4 кезең – антикалық философияның дамуының соңы – бұл кезеңде грек демократиясы құлап, грек полистері Рим империясының қолына өткен кезі еді. Бұл кезде (І-ІІ ғғ.) христиандық философия басталды.
Антика философиясы
Гректердің антика философиясы б.э.б. VII-VI ғғ. пайда болды. Өзінің сипаты және мазмұнының бағыты, философиялық ойлау методтарының өзгешелігіне байланысты шығыс философиясынан өзгеше, тарихта алғаш рет қоршаған ортаны рационалды тануға тырысты.