«Философияның» дүниетаным және оның тарихи түрлеріне сипаттама беру


Аристотельдің Философиясын түсіндіріңіз



бет19/60
Дата19.10.2022
өлшемі227,25 Kb.
#44021
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   60
Аристотельдің Философиясын түсіндіріңіз.

Аристотельдің (б.з.б. 384—322 жылдары) философиясы, бір жағынан, барлық көне грек философиясының қорытындысы іспетті.Ал,екінші жағынан, Аристотель көзқарасы орта ғасыр мен жаңа дәуірдің ғылыми ілімдерінің қайнар бастауы болды. Яғни бұл ұлы ойшыл көне грек данышпандары көтерген мәселелерге жан-жақты талдау жасап, өз заманындағы көкейкесті мәселелерді шешіп беруге ұмтылды. Ол, сондай-ақ, өзінің өмір сүріп отырған заманы әлі күн тәртібіне қоймаған мәселелерді шешемін деп болашаққа ой жүгіртті. Аристотель философиясында алғаш рет өткен дәуір көзқарасына терең талдау жасалды. Ол “Метафизика” деп аталатын кітабында философияның негізгі мәселелерінің бірі — болмысты жан-жақты анықтай отырып,өзіне дейінгі ойшылдарға, әсіресе, Платонның философиясына сын ескертпелер айтты. Бұл жерде біз Аристотель мен Платонның арасындағы сабақтастық байланысқа тоқталып өткеніміз жөн.Ия,Аристотель — Платонның шәкірті.Ұстазының көзі тірісінде шәкірті, оның шығармаларына сын көзбен қарап, пікірлерін ашық айтпағаны рас. Бірақ кейін келе, өзінің философия жүйесін жасау барысында ол Платонның көзқарасына қарама-қарсы шықты. Аристотельге: “Сен неге көзінің тірісінде ұстазыңа қарсы шықпадың?”- деп айып таққанда, ол: “Платон маған дос, бірақ ақиқат одан да гөрі қымбатырақ”,— деп жауап беріпті деген аңыз бар..
Аристотельдің ойынша, Платон сияқты “идеяларды” өз алдына бөлек болмыс деп, оларды сезімдік заттар дүниесіне бөліп алудың таным теориясына ешқандай пайдасы жоқ. Негізінде, сезімдік заттар мен идеялардың болмыс табиғаты бір ғой.
Аристотельдің өзінің ұстазына бағыттаған екінші қарсылығында, “Платон идеялар дүниесін жеке бөліп алып, оның сезімдік заттар дүниесі мен арасындағы байланысты үзіп жіберді” деп көрсетеді. Әрине, Платон олардың арасын қосуға да әрекеттенді. Сондықтан ол сезімдік заттар дүниес і идеяларға біршама “қатысы” бар деп есептейді. Оның бұл түсіндірмесі баяғы замандағы пифагоршылардың әдісін қайталағаны. Олар заттардың сандарға қатысы бар, яғни соларға еліктейді деген болатын. Мұндай ой желісі мәселені толық шешіп бере алмайды, қайта бұл екі дүниенің арасындағы алшақтықты қайшылыққа әкеліп ұрындырды. Аристотель Платонның идеяларын талдай келе , оның логикалық ілімінің қайшылығын да келеді.
Аристотельдің анықтамасындағы “материя” Платонның ұғымындағыдан әлдеқайда өзгеше. “Материя”, Аристотельдің ойынша, “субстрат” (латын тілінде “негіз”, “астар” деген мағына береді). Ол өзінің анықтаушысынан, формасынан айырылған процесс. Сайып келгенде, бұл материя, субстрат тек қана мүмкіндік күйінде қалады. Бірақ ол мүмкіндіктен шындыққа айналуға тиіс
Аристотельдің бұл пікірі бірін-бірі диалектикалық байланыста ұстап отырған “материя” мен “форма”, яғни мүмкіндік пен шындықтың бір-біріне өтуі, оларды ң өзара тығыз байланыстылығы басқа бір процестен келіп шығады ма деген ойға әкеп тірейді.
Дереккөздер
“Философия” Есіркепова Г.К., Шымкент, 2008.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет