Философиялық ой –тұжырымдарды қалыптастыруға негіз болған әдістерді атаңыз.
Философиялық ой-толғамдар мен тұжырымдар таптық қоғамның орнығуы барысында, яғни ертедегі Қытай, Греция, Үнді елдерінде айқынырақ қалыптасты. Осы кезде экономика мен сауда-саттық, саяси құрылым мен мәдениет ошақтары ірі-ірі қалаларда шоғырланды. Жерге жеке меншік орнады. Өндіріс құралдарының шоғырлануы еңбек бөлінісін тездетті, әрі тереңдетті.
Біреулердің қолында өндіріс байлығы, саяси билік, жерді, сондағы бар мүліктерді иемденуге мүмкіндіктері сақталынды. Басым көпшілік, бұқара қауым мұндай игілік пен праводан мүлде айырылды.
Өндіріс өсті, өндіріспен бірге өндіргіш күш те жетілді. Осыдан адамның табиғи ортадан тәуелсіздігі дербестелінді, керісінше, адамдар арасындағы қарым - қатынаста практикалық саяси тәуелділік тұрақталынды. Қоғамдық қайыршылықта адамның әлеуметтік жағдайы мен жеке билік арасындағы алшақтық күшейе түсті. Жеке билік өзімшілдікті орнықтырды, оған әлеуметтік мән берді. Таптық қайшылық қоғамдық өмірдің күрделі мәселелерін күн тәртібіне қойды. Қайшылық салдарынан таным мен өндіріс қызметі, ой еңбегі мен дене еңбегі бір-бірінен дараланып бөлінді. Білім жеке биліктің есебімен ғана практикалық қолдау тапты. Міне, осы жағдайда дүниеге деген көзқарас қалыптасты. Бір жағынан, өмір мен сұлулық, бақыт пен болашақ жайлы сезімтал көзқарастар дами түсті. Жеке адамның артықшылығын мойындаушылық үдеді. Адамзат күші табиғаттағы ең керемет күш деп ұғынушылық негіз алды. Адам өз тағдыры үшін өзінің де, өзгенің де ой-пікіріне талғаммен қарайтын болды.
Екіншіден, шындық пен білім үшін күрес ымырасыздықпен жүргізіліп, шынайы күшке қуат берді. Ертедегі грек ойшылдары үшін философия дегеніміз - болмыстың алғашқы бастамасы мен себебін іздеу, мән жөніндегі ілім, шындықты пайымдау, болмысты құдірет күш - аллатағаламен теңестірудің баламасын табуға үйрететін қабілеттілік деп түсінді.
Диалектика және метафизика — негізгі философиялық әдістер
Диалектика — заттар мен құбылыстардың ішкі қайшылықтарын, өзгерістерін, дамуын, себеп-салдарын, карама-кайшылықтарының бірлігі мен күресін жіті бақылайтын философиялық зерттеулер әдісі. Диалектикалық әдістің мәнді нышандары мыналар: 1) мәні мәңгілік, өзгермейтін нәрсе болмайды, сондықтан бір-ақ рет берілген және мәңгілік ештеңе жоқ; 2) нәрсе өзінің жалпылама байланыстарында алынып, қарама-қарсылықтарға айналған даму үстінде жан-жақты зерттеледі. Диалектика ойлау амалы мен тану әдісі жөнінен өзіне қарама-қарсы келетін метафизикамен катар пайда болып, дамыды. Оның ерекшелігі — объектінің бөліп алынып қарастырылуында, статистикалық және бір мәнді зерттелуінде (абсолютті ақиқат ізделінеді, қайшылықтарға көңіл бөлінбейді, олардың бірлігі ескерілмейді). Метафизикалық әдіс бойынша нәрселер мен үдерістер бір ұстаныммен қарастырылады. Бар немесе жоқ, ақ не қара, дос не жау, т.б. Қозғалысты қарастырған кезде метафизика оның толып жатқан формаларының біреуіне ғана мойын бұрады. “Метафизика” терминін алғаш қолданған Аристотель. Сөзбе-сөз алғанда ол “физикадан кейін келетін” деген мағына береді. Аристотель оны “алғашқы философия” деп атады; ол барлық ғылымдар үшін міндетті нәрселердің өзгермейтін және сезім мүшелерімен емес, оймен ғана пайымдауға болатын ең жоғарғы бастамаларын зерттейді. Ортағасырлық философияда метафизика теологияның философиялық дәлелдемесі ретінде қызмет етті. Мұсылман әлемінің ойшылдары әл-Кинди, әл-Фараби, ибн Сина, т.б. Метафизика ұғымын Аристотельдің ілімімен байланыстырып дамытты.