«Философияның» дүниетаным және оның тарихи түрлеріне сипаттама беру


Таным құрылымын атау және атқаратын функциясын түсіндіру



бет8/60
Дата19.10.2022
өлшемі227,25 Kb.
#44021
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   60
Таным құрылымын атау және атқаратын функциясын түсіндіру.

Таным деп бiз адамның айнала қоршаған ортаны зерттеудегi ерекше рухани iс-әрекетiн айтамыз. Ол әрқашанда даму үрдісiнде. Дүниетанудағы негiзгi мақсат -зерттелiп жатқан заттар мен құбылыстардың iшкi сырын ашу, яғни оларды бiлу. Бiлiм - әрқашанда шындықтың идеалдық бейнесi, өйткені бiрдеңенi бiлу дегенiмiз - сол жөнінде идеалдық түсiнiктiң болуы. Олай болса, танымды күрделі үрдіс, ал бiлiмдi белгiлi бiр нәтиже ретiнде қарауымыз керек. Таным - өте күрделі үрдіс, оған адамның бүкіл жан дүниесi: түйсiктерi, ақыл-ойы, ырқы сезім тебiренiстерi, iшкi көкей көзi (интуиция) - бәрi де өзара бiр-бiрiмен байланысты түрде қатысады. Танымды жете түсіну үшін бiз теориялық деңгейде оларды бiр-бiрiнен ажыратып қарастыруымызға болады. Сезімдік тәжірибе және рационалдық ойлау, олардың негізгі формалары. Сезім мүшелері арқылы жүзеге асатын сезімдік танымның негізгі формаларына түйсік, қабылдау және елестету процестері жатады.
Таным құрылымы - өте күрделі үрдіс, ол сезімдік және рационалдық болып бөлінеді. Сезімдік танымның негізгі формалары түйсіктер, қабылдау және елестету болады. Айнала қоршаған дүниемен адам өз түйсіктері арқылы байланысты. Адам белгілі бір затты көріп, оның жылы-суықтығын, жұмсақ-қаттылығын, ащы-тәттілігін анықтай алады. Әрине, түйсіктерді толығынан айнала қоршаған ортадағы физикалық құбылыстармен теңеуге, сонымен қатар ажыратуға болмайды. Кең түрде алғанда, түйсіктер бізді дүниемен байланыстыратын, сол жөнінде деректер беретін бейнелеудің ерекше түріне жатады. Олар, қоғамдық-тарихи дамудың нәтижесі, адамзат практикасымен тығыз байланысты. Рационалдық танымның бейнелеу түрлері:
• Ұғым - заттар мен құбылыстардың, немесе олардың топтарының жалпы,
мәндi және қажеттi қасиеттерi мен белгiлерiн бейнелендiретiн ойдың
формасы.
• Пiкiр - ұғымдардың логикалық байланысынаң құрылады. Пiкiр арқылы адам
шындық дүниедегi заттар мен құбылыстардың байланысың анықтайды.
• Абстрактiлi ойдың ең маңызды формаларының бiрi ой қортынды болып
келедi. Ол- белгiлi бiр нәтижеге, жаңа бiлiмге әкелетiн- пiкiр болып
табылады. Ойқортынды- екi немесе одан да көп пiкiрлерден қорытынды
жасап, жаңа пiкiр тұжырымдап шығарудың логикалық тәсiлi болып
табылады
Танымның негiзгi мақсаты — ақиқатқа жету, соның нәтижесiнде ғана оны практикалық өмірде пайдалануға жол ашылады.
Танымның құрылымында эмпирикалық және теориялық деңгейлер бөлінеді. Бұл деңгейлер бір-бірімен бірнеше параметрлер бойынша ерекшеленеді, олардың ішіндегі ең бастысы таным әдістері, сондай-ақ алынған білімнің сипаты болып табылады. Эмпирикалық деңгейдің негізгі әдістеріне бақылау және эксперимент жатады. Теориялық деңгей талдау, синтез, идеализация, дедукция, аналогия және танымның басқа да жалпы әлеуметтік әдістерін қолданумен сипатталады: Талдау-тұтас объектіні құрамдас элементтерге (белгілерге, қасиеттерге, қарым-қатынастарға) ойлы немесе практикалық (материалдық) бөлуден және олардың тұтас элементтерге қатысты зерттеуінен тұратын таным әдісі. Синтез-объектінің бұрын бөлінген элементтерін (белгілерін, қасиеттерін, қатынастарын) біртұтас тұтастыққа зерттеу процесінде алынған білімдерді есепке ала отырып, ойлы немесе практикалық біріктіруден тұратын таным әдісі.
Танымның құрылымына субьект пен обьект кіреді. Таным субъектісі деп белгілі бір мақсатқа бағытталған танымдық қызметті атқарушыны айтамыз. Ол — бірдеңені танып, білуге тырысушы. Ол адам немесе тұтастай қоғам болуы мүмкін.
Таным объектісі деп танымдық қызмет бағытталған нәрсені айтамыз. Демек, ол танылушы, былайша айтқанда, кітап, молекула, атом, адам немесе тұтастай табиғат болуы мүмкін. Таным объектісі материялық, дүние немесе рухани құбылыс, сонымен катар субъектінің өзі де болуы мүмкін. Таным объектісі мен субъектісі бір-бірінің мәнділігін шарттастырады: субъектісіз объект болмайды, объектісіз субъект болмайды. Таным үдерісінде олар бір-біріне маңыз аларлық ықпал етеді.Сонда танымдық қызмет субъекті мен объект қатынасы және олардың өзара әрекеттесуі болып шығады.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет