Философияның пәні мен әдісі, негізгі бөлімдері, қызметі және негізгі бағыттары


Адам философиясы немесе антропологиялық философия дегеніміз – адам туралы ілім



бет22/67
Дата05.04.2023
өлшемі166,35 Kb.
#79509
түріЛекция
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   67
Байланысты:
Ôèëîñîôèÿíû? ï?í³ ìåí ?ä³ñ³, íåã³çã³ á?ë³ìäåð³, ?ûçìåò³ æ?íå íåã

Адам философиясы немесе антропологиялық философия дегеніміз – адам туралы ілім. Ол адам мәселесін екіжақты қарады. Біріншіден, ол табиғат әлемi мен табиғи қажеттілікке тәуелді болса, екіншіден, адам еркіндік әлемі ретінде қаралды.
Экзистенциализм – ең алдымен адамның дербес нақты өмір сүруіне мән береді және материализмнің, сциентизмнің үстемдігін жоққа шығарады. Бірінші орынға сезімді, тек жай сезім емес, сезіну, уайымдауды қойды. Қысқаша уақытта сезіну орына ұзаққа созылған сезімдер: қайғыру, жалғыздық, қорқу, т. б. қойылады.
Адамның табиғи (биологиялық) және қоғамдық (әлеуметтік) мәні. Адам «табиғи жаратылыстың дамуы» арқылы осы күнгі дәрежеге жетіп, күрделі феномен ретінде қалыптасты. Саналы адам (Home sapens) 50 мың жыл өмір сүріп келе жатқан болса, адамның жалпы тарихы шамамен 3-3,5 миллион жылдай болады.
Ақылды адамның пайда болу негізі неде? Адамның еңбегі арқылы пайда болған заттар (жасанды табиғаттың) мен тілдің пайда болуында. Еңбек, сана, ойлау және тіл – бір-бірімен тікелей байланысып жатқан процесс. Бұл жерде антропогенез (адамдардың шығу тегін зерттейтін антропологияның бір бөлігі), антропосоциогенез (әлеуметтік себептерді анықтау) деректері көп жәйді анықтайды.
Мәдениет жоқ жерде – жетілген қоғам жоқ, қоғамсыз – жетілген адам жоқ.
Жан-жануардан адамның ерекшелігі неде?
1. Еңбекке икемделген өзгеше денесі мен келбетi бар.
2. Санасы, ойлау мүмкіндігі бар.
3. Өзінің негізгі діні, сенімі бар.
4. Адамдар арасындағы қарым-қатынасты қолдап, дамытады.
5. Өндірістің пайда болуына, өзгеруіне байланысты өзін-өзі қамтып, өзгере білуінде.
Сондықтан, еңбек өндірісі қоғамның, оның дамуының негізі болып есептеледі. Адамның негізгі айырмашылығы – құрал-сайман жасай алатындығы. Артефакт (алғашқы қару) – немесе алғашқы зат. Тастан жасалған садақтың ұшынан бастап, ғарыш корабліне дейін қару мен заттардың бәрі де адам ойы мен еңбегінің нәтижесі.
Адам дамуына кедергі болатын жағдайлар: ауа райы, экология, жердің улануы, көлдердің, жануар, өсімдік түрлерінің жоғалуы, т. б. Алғашқы кезде адамдар хайуандар секілді үңгірде тұрған. Ол кезде жыныстық қатынастар реттелмеген болатын. Оны эндогамия (endog – іштей, games – жыныстық, некелік қатынас) деп атайды. Ол адамзаттың денсаулығына, тұқымның өсіп дамуына зиянын келтірді, түрлі жазылмайтын аурулар адамзаттың келешегіне қатер туғызды. Сондықтан, адамдар жақындар арасындағы некелік қатынасқа ерте бастан тыйым салған. Экзогамия (гр. exo – сырттан) пайда болды. Үйленуге адамды тыс жерден, сырттан, басқа ру ішінен іздеу тәртібі қалыптасты. Бұл адамзаттың қоғамдық дәрежеде дамуының алғашқы қадамы болды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет