Әлеуметтік және биологиялық проблеманы қарастыру кезінде үш нәрседен сақ болу керек: Адам әлеуметтік ортаның өнімі ретінде орта басынан аяғына дейін адамның дамуын жазатын «таза тақта» ретінде түсінілген кезде әлеуметтік фактордың абсолютизациясы болып табылады. Осы тұжырымдаманы жақтаушылар адамның барлық дамуын әлеуметтік дамумен байланыстырады. Жан – денесіз идея әлеміне жатады. Адам болса, дербес рухтың сақтаушысы. Аристотель «Адам қоғамдық хайуан, тек ақылы бар»– деп, ал, құлдарды адам деп санаған жоқ, «сөйлей білетін жануар» деп атады. Құл иесі құлға қайырымды бола алмайды. Сол сияқты әкесінің баласына қайырымды болуы міндетті емес, өйткені, ол оның меншігі болып есептелінеді, ал, баланың әкеге қайырымды болуы міндетті, себебі, әкесіз бала дүниеге келмейді.
Хайуан мен періштенің аралығындағы нәрсе. Жан мәңгілік өлмейтін жақсылық сәулесі. Адам денесі – құмарлық пен ынтызарлықтың, жындардың ұясы», – дейді. Орта ғасырдағы шығыс философы әл-Фараби: «бақыт – әр адамның көздейтін мақсаты, үлкен игілік. Адамда сол мақсатқа жетуге мүмкіндік беретін үш түрлі тамаша табиғи қабілет болады, ол: ерекше жасалған дене құрылысы, жан құмарлықтары, ой-парасаты», – деген. Әл-Фараби адамның жан дүниесін жетілдіру мәселесін философиялық тұрғыдан зор білгірлікпен жан-жақты да терең зерттеп, талдау жасайды. Ал, қайта өрлеу (ренессанс) дәуірінде Адам өзін-өзі билеу еркі, мақсаты бар тіршілік иесі ретінде қабылданды. Ол өзінің көптеген эстетикалық қасиеттеріне байланысты сезімтал дене иесі.
Жаңа Заман философиясының өкілдері: Бэкон, Декарт, Гоббсс, Спиноза – адамның өз болашағы өз қолында, Құдайдан да, басқадан да тәуелсіз, ол тапқыр да белсенді жасампаз тағдыр иесі, өз өмірінің саналы субъектісі. Адамның ерекшелігі де, рухани күйі де оның ақыл-ойында, яғни, ойлау қабілетінде деп есептедi. Декарт: ойлауды адамның өмір сүруінің нақты куәсі дейді. «Мен ойлай аламын, олай болса өмір сүремін».
Адам – ақыл-ойы бар тіршілік иесі. Дене мен жанның арасында ортақтық жоқ. Дене белгісіздікте болса, жан ойлайды, жанның айқын маңызы – сана, ақыл-ой». Бірінші рет философияда «антропология» терминін Кант кіргізді.