Философияда дүние жайында бiрнеше түсiнiктер бар: *монистiк концепция: а) материалистiк (Маркс, Ленин); в) рухани субстанцияны мойындайтын – абсолютты идея (Гегель), билiкке ұмтылған жiгер (Ницше), өмiрге деген құштарлық (Швейцер), субъектiнiң экзистенциясы (Бердяев), Құдай өлшеуіш және өлшейтiн күш ретiнде (Маритен) т.б.
Философия мен ғылымда бұл мәселеге әртүрлi қөзқарастар болды: 1) субстанционалдық тұғырнама – көне грек атомистерiнен басталған (Евклид геометриясы, Демокрит пен Эпикур кеңiстiктi атомдарды орналастыратың бос қуыс деп ұқты) кейiнгi философтар мен ғалымдар идеяларында жалғасын тапты, олар әлем жайында механистiк көзқарысты ұстады – кеңiстiк бұл барлық заттар жойылғаннан кейiн қалатынның бәрi.
2) реляциондық тұғырнама – кеңiстiк пен уақытты өзара әрекетте болатын, бiр-бiрiмен сондай-ақ, табиғатпен немесе қандай да болсын объектiмен байланысты екенiн мойындайды. Бұл концепция өзiнiң дәлелiн Энштейннiң (салыстырмалы теориясы), Лобачевскийдiн, Больяидiң, және Риманның (евклидттi емес геометрияда) алды.
2. Адам, оның ажалдығы және ажалсыздығы Мәселеге терең қарағанда, өмірдің мән-мағынасы болуының өзі оның өліммен бітетінінде болса керек. Расында да, біле-білген адамға өмірдің шектелгені әрбір күн мен жылды, минут пен сағатты бағалауға, тиімді жұмсауға итереді.
Енді, келесі үлкен мәселені – өлместік. Бұл мәселе адам өмірі мән-мағынасымен тығыз байланысты екенін сол сәтте байқауға болады. Егер, бұл дүниеге келген адам өз ізін қалдырмаса, онда ол не үшін келді, оның жаңбыр құртынан айырмашылығы қандай?, – деген сұрақ пайда болады емес пе!
Өлместік мәселесі – кез келген діннің өзегін құрайды. Құдайдың бар, я болмаса, жоқ екенін ешқашанда ешкім дәлелдей алмаса да, миллиардтаған адамдар осы уақытқа дейін Оған сенеді, өйткені, өлместікті аңсайды. Бүгінгі таңдағы иудаизм, христиандық және ислам діндері адам өлгеннен кейінгі оның жан-дүниесінің өлместігін мойындайды.