Феноменологиялық тәсіл құбылыстың немесе оқиғаның мәнін білдіреді адамнан адамға объектілерді бағалай береді, жеке сезімін қамтиды әлемнің саналы бейнесі, бар екенін мәлімдейді. Үшінші сан – өзін-өзі реттеуді қамтамасыз ететін адамдық семантикалық конструкциялар.
Тағайындалу – бұл адам болу тәсілі, ол оның туылуынан оның мағынасын анықтайды. Адам өз мақсатын айқын көргенде, ол не істеу керектігін біледі, ол өзінің бүкіл денесі мен жанымен толығымен өзін-өзі қамтамасыз етеді. Бұл адам, егер, адам оны орындамаса, өмірдің мағынасын жоғалтады.
Адамшылыққа жету – адам өмірінің мәні деген түсінік қазақ ауыз әдебиетінің көне түрі аңыздың түрлерінің барлығына дерлік тән екені оларды философиялық сараптау арқылы айқындалды.
Адам өмірінің мәні – елін жаудан қорғау, ел намысын ту етіп көтеріп, бірлік пен ынтымаққа қол жеткізуде, бірақ, батырдың адамшылығы оның өмірмәндік тұлғалық келбетін айқындаушы басты қасиеті деген ой батырлар жырының негізгі идеясы.
Руханилық пен адамгершіліктің өлшемі – кісілікке жету, адамшылық, қасиеттерге кір шалдырмай, мәнді өмір кешу – қазақ ақындары мен жыраулары шығармашылығының басты тақырыбы ретінде айқындалды.
Адамның өмірмәндік мәселені шешу деңгейі, өмірінің мәнді-мәнсіздігі, оның тұлға ретіндегі сипаты осы жерде анықталады. Ясперстің терминін қолдансақ, «өлім адам өмірінің мәнін ашып көрсететін шекаралық жағдай». Өлім – өмірдің шегі, адамның жарық дүниеге келуі секілді табиғи қажеттілік. Өмірдің осы шектеулігі оның құндылығын өзінен-өзі дәлелдеп, адамды өмірді, жарық дүниені бағалауға, оның әр сәтін табиғат сыйлаған зор бақыт ретінде түсініп, мейлінше мәнді сүру қажеттігі туралы ойды оның санасына жеткізеді.
17-ші лекция: Этика. Құндылықтар философиясы
Жоспар:
1. Аксиология және адамгершілік. Құндылықтар теориясының негіздері.
2. Адамгершілік ережелері және құқық ережелері. Негізгі этикалық категориялар (парыз, игілік, мән және қажеттілік, ар-ұят, еркіндік).
3. Адамгершіліктің алтын қағидасы (Конфуций) және бұлжымас императиві (И.Кант).
18-ші лекция: Философиядағы құндылықтар мәселесі
Жоспар:
1. Құндылық ұғымы. Құндылықтардың классификациясы.
2. Құндылықтардың түрлері: материалдық және рухани құндылықтар.
Достарыңызбен бөлісу: |