Философияның пәні мен әдісі, негізгі бөлімдері, қызметі және негізгі бағыттары


Таным мүмкіндіктері мен шекаралары



бет16/67
Дата05.04.2023
өлшемі166,35 Kb.
#79509
түріЛекция
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   67
Байланысты:
Ôèëîñîôèÿíû? ï?í³ ìåí ?ä³ñ³, íåã³çã³ á?ë³ìäåð³, ?ûçìåò³ æ?íå íåã

3. Таным мүмкіндіктері мен шекаралары


Гносеология немесе таным теориясыфилософия ғылымының саласы, танымның мәнін, ерекшелігін, әдіс кұрылымын, деңгейін, басқа таным формалармен байланысын зерттейтін ғылыми таным теориясы. Басқаша айтқанда, адамның тану қабілеті, танымның бастауы, формалары, әдістері туралы, ақиқат және оған жетудің жолдары туралы ілім.
Таным теориясы немесе эпистемология – бұл философия ғылымының бір бөлігі. Онда таным табиғаты мен оның мүмкіндіктері, шегі туралы мәселе қойылып зерттеледі. Эпистемология философиямен катар пайда болып, өмір сүріп келе жатыр.
Таным – бұл адамның бейнелеу әрекетінің ерекше түрі. Философия тарихында таным деп адамның дәлелденген білім алу үшін әлемді және ондағы өзін мақсатты түрде бейнелеу аталған. Таным дегеніміз – білім алу үшін шығармашылық ізденіс.
«Таным деген не?», «Білімді қалай алуға болады?» деген мәселелер төңірегінде ойлана отырып, адам сонау ежелгі заманда-ақ, өзін табиғаттың бір бөлшегі ретінде сезінген. Уақыт өте келе бұл мәселені саналы қойылуы және оны шешуге тырысуы салыстырмалы тәртіпті пішін алып, сол кезде білім туралы ілім қалыптасты. Философтар таным теориясының мәселелері төңірегінде ой қозғай бастады.
Гносеология – айналадағы әлемді тану туралы философиялық ғылым. Таным теориясы немесе гносеология (грекше gnosis – білім, таным) – философиямен бірге, оның іргелі бөлімдерінің бірі ретінде пайда болды және қалыптасты. Ол адам танымының сипатын, білімінің формаларын, оның жадағай түрінен тереңіне бойлау әдістерін зерттейді.
Гносеологиядағы орталық ұғымдарға «таным субъектісі» мен «таным объектісі», «білім», «таным» жатады. Таным субъектісі деп белгілі бір мақсатқа бағытталған танымдық қызметті атқарушыны айтамыз. Ол – бірдеңені танып, білуге тырысушы.
Білім – адамның санасында берілген, өзінің қызметінде шынайы дүниенің заңды байланыстарын идеалды бейнелейтін объективті шындық. Материалды дүниені бейнелеудің нәтижесі, түйсіктің, білімнің, зауықтың, қобалжудың бірлігі болып табылатын және материямен ұштасатын санадан өзгешелігі – таным білім алу үдерісі болып табылады және ол тәжірибемен жанасады.
Таным – адамның санасындағы ақиқаттылық және нағыздықтың оны одан өрі өзгерту мүмкіндігін мақсат ететін, мақсатты бағытталған белсенді бейнелену үдерісі. Таным барысында болмыстың түрлі қырлары ашылады, қоршаған дүниедегі заттардың, құбылыстардың сыртқы жақтары мен мәні ашылады, сонымен қоса таным қызметінің субъектісі – адам адамды, демек, өзін-өзі зерттейді. Таным – адам қызметінің қоршаған дүниені және ондағы өзін тануға бағытталған арнайы түрі.

11-ші лекция: Білім, ғылым, техника және технологиялар


Жоспар:
1. Ғылым құндылықтары. Ғылыми-техникалық прогресс мәселелері және қазіргі ғылымның даму перспективалары. Сциентизм және антисциентизм.
2. Ғылымдағы әдіс мәселесі. Ғылым және техника. Қазақстанның үшінші жаңғыруындағы цифрлық технология.
3. Ғылыми танымның ерекшелігі. Танымның эмпирикалық және теориялық деңгейлері. Қазіргі ғылым және этика. Ғылым білім, қызмет және әлеуметтік институт ретінде «Жаңа гуманитарлық білім» жобасы.

12-ші лекция: Қазіргі заманғы ғаламдық мәселелер және философиядағы табиғат мәселесі


Жоспар:
1. Ғаламдық мәселелердің пайда болуы мен сипаты. Экологиялық мәселелер және оларды шешу жолдары. Рим клубы және оның қызметі, халықаралық саяси қатынастардың ушығуы және әлемдегі соғыс қаупінің артуы.
2. Табиғат ұғымы. Тірі және өлі табиғат, олардың өзара байланысы және географиялық орта. Қазіргі заманғы дүниедегі геосаясаттың алатын орны мен маңызы




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет