Философияның пәні мен әдісі, негізгі бөлімдері, қызметі және негізгі бағыттары



бет19/67
Дата05.04.2023
өлшемі166,35 Kb.
#79509
түріЛекция
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   67
Қазiргi ғылым және этика. Қазіргі әлеуметтік ғылымдарда тарихтың авторы да, негізгі кейіпкері де, орындаушысы да өзі болып табылатын субъект, тұлғаны зерттеуге көңіл бөлінеді. Олардың назарында тұлғаның күрделі және парадоксалды ішкі жан дүниесі және оның интенциялар мен мотивациялар әлемі.
Адамның іс-әрекеті әруақытта белгілі бір мақсатқа бағытталған. Тікелей түрткі ретінде осы мақсат әрекеттерді бағыттайды және реттейді. Әрекеттердің мақсатқа бағытталуы адам санасының белсенділігін көрсетеді және ол қоршаған орта мен субъектің өзінің нақты мүмкіндіктерімен салыстырмалы байланысты болады. Түпкі, жалпы, жеке, жақын және алыс мақсаттар болуы мүмкін.
Құндылық – адам мен социум үшін шындықтың нақты объектілерінің шынайы бағасын анықтайтын термин. Шын мәнінде бізді қоршаған әлемдегі барлық заттар мен құбылыстар құндылық қатынастардың объектісі болады, яғни олардың бәрі жақсылық пен зұлымдық, ақиқат пен адасу, әдемілік пен ұсқынсыздық, жарасымды мен жарасымдылық тұрғысынан бағаланады. Қазіргі әлеуметтік білімде маңызды орын алатын құндылықтар теориясы – аксиология қалыптасты. Адамның іс-әрекетінің құрылымында құндылықтық қатынастар танымдық және ерік-жігерлік қатынастармен тығыз байланысты.

13-ші лекция: Адам (Ежелгі дәуірден Жаңа заманға дейінгі философияда қарастырылуы)


Жоспар:
1. Адамды қарастырудың философиялық тәсілінің ерекшелігі. Ежелгі Үнді діни-философиялық ілімдердегі адам мәселесі.
2. Конфуцийшілдік және даосизм жүйесіндегі адам мәселесі: ер және әйел бастамалары (Инь/Ян).
3. Антикалық философия тарихындағы адам бейнелері (Пифагор, Платон, Эмпедокл, Протагор, Сократ, Аристотель).

14-ші лекция: Адам (ХІХ-ХХ ғасырлардағы философияда қарастырылуы)


Жоспар:
1. Л.Фейербахтың антропологизмі. Адам мәнінің марксистік түсінігі.
2. Ф.Ницше философиясындағы «Аса күшті адам». Адам және оның әлемдегі болмысы: экзистенциализм. Іскер адам: прагматизм.
3. Э.Кассирер: адам символдық жануар ретінде.
4. Й.Хейзинга: «ойнаушы адам».
5. Г.Маркузе: «бір өлшемді адам».




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет