Философияның пәні мен әдісі, негізгі бөлімдері, қызметі және негізгі бағыттары


Адамды қарастырудың философиялық тәсілінің ерекшелігі



бет20/67
Дата05.04.2023
өлшемі166,35 Kb.
#79509
түріЛекция
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   67
Адамды қарастырудың философиялық тәсілінің ерекшелігі

Философиялық антропология – адамның мәні, құрылымының мәні туралы ғылым. Оның қоршаған әлемге, барлық заттың негізіне, болып жатқандардың метафизикалық мәніне және оның әлемдегі физикалық, психологиялық жеке рухтың пайда болуына қатынасы оның биологиялық психикалық, рухани-тарихи және әлеуметтік даму заңдылықтары туралы ғылым. Адам проблемаға айналған кезде адам «адам деген не, ол бұл әлемге неге келді және басқа тірі жандардан немен ерекшеленеді» деген мәселелермен ойланған кезде философиялық антропология іргелі және орталық философиялық ғылымға айналады.


Fылымның қазiргi жетiстiктерi адамды биологиялық факторлармен қатар әлеуметтiк факторлар да маңызды рөл атқаратын эволюциялық даму өнімі деп тұжырымдауға мүмкіндік бередi. Осы орайда, адамның жоғары ұйымдасқан жануарлардан басты айырмашылықтары туралы және осы айырмашылықтарды мүмкін еткен үрдiстердi ғылыми тұрғыда түсiндiру туралы мәселе шешушi мәнге ие болады. Алайда, әлемнiң қазiргi ғылыми картинасында антропогенез үдерiсi көп жағдайда белгiсiз күйiнде қалып отыр.
Адам және адамзат тұлғасы қалыптасуындағы үлкен рөл тілге тиесiлi. Тiл арқасында адамның ойлауы дамиды. Тiл маңызы, ең алдымен, онсыз адамдардың еңбек әpeкeті практикалық тұрғыда мүмкін eмecтiгiмeн сипатталады. Өзара қатынас арқасында адамдар бiр-бiрiмен байланыс орнатты, өзара әрекеттiң әртүрлi мәселелерi бойынша келiстi, тәжiрибе бөлісті және т.б. Тiлдiң көмегімен бiр ұрпақ келесісіне ақпарат, білім, әдет-ғұрып және дәстүрлердi жеткiзiп отырды. Онсыз бiр қоғамда өмip cүpeтiн әртүрлi ұрпақтар арасындағы байланысты көзге елестету қиын. Адамның мәнi мәселесi адам туралы философиялық ілімнің өзегiн құрайды.
Әлеуметтiлiк пен биологиялық мәселелердi қарастырғанда eкi көзқарастан бойды аулақ ұстау керек: әлеуметтiк факторды абсолюттендiру мен биологиялық факторды абсолюттендiру.
Бiрiншiсiнде, адам әлеуметтiк ортаның абсолюттiк нәтижесi болып көрiнедi.
Екiншi концепцияға, әртүрлi биологияландырушы iлiмдер жатады. Оның iшiнде, мысалы, табиғи тұрғыда бiр нәсiлдi екiншiсiнен жоғары қоятын нәсiлшiл теорияларды жатқызуға болады. Нәсiлшiлдiлiктiң баянсыздығын адам генотипi ерекшелiгiнiң нәсiлдiк емес, индивидуалдық деңгейде көрінетiндiгi арқылы дәлелдеуге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет