Әдебиеттер
1 Мұхаммед Хайдар Дулати. Тарих-и Рашиди. – Алматы, 2013. – 345 б.
2 Атыгаев Н. Время образования Казахского ханства: некоторые аспекты
проблемы в историяграфии и источниках // Отан тарихы. – 2006. –№ 1. – С. 25.
3 Әлжан Қ.Ұ. Асан Қайғы мен Қазтуғанның дүниетанымдық бағдарлары:
халық тағдыры туралы толғаныстар // Қазақ даласының ойшылдары (ХІІ– ХV ғ.ғ).
2 – кітап. – Алматы: Философия және саясаттану институтының компьютерлік-
баспа орталығы, 2001. – 55 б.
4 Аяған Б.Ғ., Әбжанов Х.М., Исин А.И. Қазақ хандығы тарихы: құрылуы,
өрлеуі, құлдырауы. – Алматы: «Сөздік-Словарь», 2011. – 158 б.
5 Қасабек А. Қадырғали Жалайыр дүниетанымы. – Алматы, 1999. – 37-38 бб.
6 Жалайыр Қ. Шежірелер жинағы. – Алматы: Қазақстан, 1997. – 125 б.
7 Нысанбаев Ә.Н., Нұрмұратов С.Е. Түркі әлемінің ғұламасы Қадырғали
би Қосымұлы Жалайыр ілімі // Қазақстан Республикасының Білім және ғылым
министрлігі, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым Академиясының Хабарлары.
Қоғамдық ғылымдар сериясы. – 2002. – №5. – 5 б.
8 Кушкумбаев. Военное дело казахов в XVII-XVIII веках. – Алматы: Дайк-
Пресс, 2001. – 90 с.
9 Тайжанұлы А. Мұқтар Әуезов – ойшыл, ғалым, ұстаз. – Алматы, 1998. –
163-169 бб.
Резюме
Конкина Г.С. Особенности духовной жизни казахов в традиционном
обществе
В теоретическом плане значимость научной статьи состоит в актуализации
историко-философского рассмотрения проблемы духовной жизни народа. В
научный контекст были введены ранее не обнародованные идеи и взгляды
казахских мыслителей периода казахского ханства. Это позволяет по-новому и с
Конкина Г. Қазақтың дәстүрлі қоғамдағы рухани өмірінің ерекшеліктері
64 Адам әлемі | 4 (70) 2016
теоретических позиций рассмотреть наиболее злободневные проблемы филосо-
фии истории, среди которых: проблема человека и его свободы в традиционном
этническом мире, статус этнического сознания в традиционном обществе и т.д.
Автор, исследуя проблемы духовно-нравственной преемственности, обращает
особое внимание на особенности философской мысли казахского народа в
контексте исторического процесса.
Ключевые слова: знание, наука, традиция, религия, инновация, ценность,
культура, творчество, история, философия, этика.
Summary
Konkina G.S. Features of Spiritual Life of Kazakh in Traditional Society
The importance of a scientific article is the actualization of historical and
philosophical consideration of the issue of the spiritual life of the people from a theoretical
perspective. The ideas and views of Turkic and Kazakh thinkers brought in scientific
context that has not been previously released. It provides a new and with theoretical
positions to consider the most urgent problems of the history of philosophy including:
the problem of man and his freedom in the traditional ethnic world, ethnic consciousness
status in traditional society, etc. Exploring the issues of spiritual and moral continuity,
author pays special attention to the features of philosophical thought of Kazakh people
in the context of the historical process.
Keywords: Knowledge, Science, Tradition, Religion, Innovation, Value, Culture,
Art, History, Philosophy, Ethics.
Дәстүрлі мәдениет және қоғам
4 (70) 2016 | Адам әлемі 65
МРНТИ 24.00.01
ӘӨЖ 008
Бағдат Бейсенов
1
, Аида Игисенова
2
1
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
2
Алматы Технологиялық университеті
ҰЛЫ ДАЛА ЕЛІНДЕГІ КЕЛІСІМ МӘДЕНИЕТІ
Аннотация. Ұлы Дала өркениетінде дінаралық келісім тұрақтылық пен
қоғам жаңғыруының маңызды элементі болып табылады. Азаматтық қоғамда
конфессияаралық және ұлтаралық келісімнің сақталуы мемлекет пен діни
ұйымдардың бірлескен қарым-қатынастарында ғана құрылуы мүмкін. Зайырлы
қоғамда дінаралық келісім мәдениеті түрлі діни бірлестіктерді ортақ мүдде мен
мақсатқа бағыттауы тиіс.
Қазіргі Қазақстандағы діндердің тең құқылы қатар өмір сүруі және барлық
конфессиялардың заң алдындағы теңдігі еліміздің ортақ арманы баянды болуына
қызмет етуі қажет.Ұлт Жоспары аясында діни бірлестіктердің негізгі ұстанымы
елдік бірлік мұраты мен рухани тұтастық мәдениеті болуы керек.
Түйін сөздер: зайырлылық, әлеуметтік психология, мультимәдениеттілік,
төзімділік, сұхбақтастық, діндарлық, гуманизм.
Зайырлы қазақ қоғамының рухани тұрғыдан жаңаруында дәстүрлі
діндердің өзіндік орны бар. Еліміздегі діни бірлестіктердің жалпы
адамзаттық және гуманистік құндылықтарының ұлтаралық және
конфессияаралық келісім мен татулықты орнықтырудағы атқаратын рөлі
мен қоғамды ұйыстырудағы әлеуеті маңызды. Елімізде діни бірлестіктер
қызметі мен әлеуеті қоғамымызда келісім мен өзара құрмет пен түсіністікті
нығайтуға қызмет етеді.Қазақстан Республикасының Конституциясында
және ар-ождан бостандығы мен діни бостандықтың принциптері, әртүрлі
конфессияларға жататын азаматтардың діни бірлестіктерін құруға тең
құқылығы, мемлекет пен діннің бөлінгендігі туралы принциптер бекітілген.
Қазақстан зайырлы мемлекет. Дін саласындағы мемлекеттік саясат
қоғамдағы келісім мен түсіністікті сақтауға діндарларды жұмылдыруға
бағытталады. Конфессияаралық бейбітшілік пен келісім Қазақстан
үшін басты ізгі құндылық. Астанада әлемдік және дәстүрлі діндердің
басшылары анағұрлым маңызды заманауи дінаралық сұхбаттастық және
кейбір түйткілді мәселелерді шешу үшін жиналады. Елбасы Әлемдік және
дәстүрлері діндердің ІІ съезінде сөйлеген сөзінде: «Қазақстан халқының
басым көпшілігі өздерін мұсылман санайды. Сонымен бірге исламның
Бейсенов Б., Игисенова А. Ұлы дала еліндегі келісім мәдениеті
66 Адам әлемі | 4 (70) 2016
Қазақстанда басымдыққа ие болуы басқа діндерді ұстанушылардың
өздерінің әдет-ғұрыптарын толыққанды атқаруына тіпті де кедергі келтір-
мейтінін қадап айтамын» [1] – деп, Қазақстандағы конфессияаралық
үнқатысу мен ұлтаралық және дінаралық келісімнің үлгісін атап көрсетті.
Әлемдік және дәстүрлі діндердің басшыларының осындай кездесу-
лерінің соңғы бірінде еліміздегі конфессияаралық келісім мен диалогтың
маңыздылығы ерекше аталып өтілді. Әлемдік және дәстүрлі діндердің
басшыларының съездерінде конфессияаралық келісім мен диалогтың
негізгі принциптері айқындалды. Олар: толеранттылық, өзара құрметтеу
мен түсінісу, ұлтаралық келісім мен діни төзімділік. Бұл қағидалар
Қазақстандағы конфессияаралық қатынастардың да негізін құрайды. Діни
фактор қоғам мен мемлекет өмірінде өзіндік қызмет атқарады. Діни сенім
бостандығына мемлекет кепілдік береді және діни қатынастарды реттейді.
Азаматтық қоғам мен мемлекет бұқаралық кеңістікте дінмен өзара қатына-
сын заманауи негізде айқындауы тиіс. Ол үшін діндерден қайшылықтарды
емес, керісінше ортақ белгілер мен принциптерді, ортақ негіздер мен ортақ
құндылықтарды, біріктіруші бастауды іздеуге міндеттіміз.
Әлемдік және дәстүрлі діндер адамның және қоғамның діни және
рухани негіздерін дамытудың күшті факторы болып табылады. Дін мен діни
сананың негізгі мақсаты адамдағы адамгершілік қасиеттерді сақтау және
кемелдендіру, адам мен қоғамның рухани әлемін сақтап қалуына көмектесу
болып табылады. Қазіргі әлемнің, оның ішінде қазіргі Қазақстанның міндеті
жалпы адамзаттық, гуманистік және толеранттылық құндылықтарды,
конфессияаралық келісім, диалогты ғасырлар бойы әлемдік және дәстүрлі
діндердің енгізген принциптері мен қағидаларын қазіргі адамзаттық
өркениеттегі бейбітшілікті сақтап қалу үшін, сан алуан этностар мен
конфессиялардан тұратын көптеген мемлекеттердің бейбіт қатар өмір
сүруі үшін белсенді пайдалануға саяды.Конфессияаралық бейбітшілік
пен келісімнің нығаюы үшін, діннің біріктіруші, рухани тұрғыдан құрушы
фактор есебінде рөлінің күшеюі үшін діни мәдениет пен тұрақты діни
сананы қалыптастыру қажет.
Елбасы «Нұр Отан» партиясының Төрағасы Н. Назарбаев XVI съезінде
сөйлеген сөзінде Мәңгілік Ел үшін қажетті бес реформа туралы «бес
институттық реформалар – ел дәл осындай ізділікпен өтуі тиіс бес қадам.
Тек осындай жағдайда ғана біздің реформаларымыз тиімді болады, ал қоғам
мен мемлекет біртұтас және тұрақты болады. Нақ осындай жолдан барлық
табысты мемлекеттер өткен» [2] деп атап көрсеткен болатын. Мәңгілік Ел
мұратына жетуге апаратын бес қадам елдің тұрақты дамып, сын-қатерлерді
бірлесе енсеруін айқындайды. Бес институттық реформаның мақсаты-
елімізді әлемнің өркендеген 30 мемлекетінің қатарына енгізу. 2016 жылдың
1 қантарынан бастап бес институттық реформаны жүзеге асыру бойынша
Дәстүрлі мәдениет және қоғам
4 (70) 2016 | Адам әлемі 67
100 – нақты қадам Ұлт жоспарын орындаудың практикалық кезеңі бастал-
ды. Ұлт Жоспары – еліміздің саяси, экономикалық және әлеуметтік, рухани
кемелденуінің іргетасы. Бұл еліміздің өркениеттік және жалпы адамзаттық
құндылықтарға құрметпен қарайтындығын дәлелдейді. Саяси мәдениет бұл
қоғамдағы түрлі әлеуметтік, саяси, діни топтардың өзара келісімде және
өзара түсіністікте өмір сүріп бірлесе әрекет етуін білдіреді. Әлемнің кейбір
елдерінде орын алған саяси текетірестер мен дінаралық және ұлтаралық
кикілжіңдер бұл қоғамдағы азаматтық институттардың жетімсіздігінен
туындап отырғаны жасырын емес. Саяси шешімдер алауыздықтың емес
қоғамдық келісім мұратына қызмет етуі тиіс. Әлемнің кейбір елдерінде
орын алған саяси текетірестер мен дінаралық және ұлтаралық кикілжіңдер
бұл қоғамдағы азаматтық институттардың жетімсіздігінен туындап
отырғаны жасырын емес. Елбасының жарлығымен құрылған қоғамдық
кеңестер қоғамның өзін-өзі реттеуі мен жергілікті өзін басқару механизмін
дамыту арқылы адам әлеуетін артырып, азаматтардың саяси мәдениеті
мен шешім қабылдау үдерісіне қатысу мүмкіндігін кеңейтуге жол ашады.
Жаңғыртулар жөніндегі ұлттық комиссия реформалардың шынайы іске
асуының заңнамалық және ұйымдастыру тұрғысынан қамтамасыз етеді.
Мемлекет пен қоғамның гүлденуіне және өркениеттік жолмен дамуына
негіз болатын ел ішіндегі тұрақтылық, дінаралық келісім және ұлтаралық
сыйластық қағидаттары – еліміздің сара саясатының жемісі.
Қазақстан халқы Ассамблеясы қызметі Мәңгілік Елдің этностарын бір
ортақ арманға ұйыстыруда. Ассамблея Ұлт Жоспары аясында этносаралық
қатынас нығаюына негіз болатын барша қазақстандықтарды ортақ азаматтық
бірегейлік рухында біріктіретін тұғыр. Елбасы «мемлекет құрудың жаңа
белесінде ұлт біртектілігі мен біртұтастығын нығайтудағы біздің
стратегиямызда қағидатты маңызды сәт бар. Біртектілік пен біртұтастық
бойынша бүкіл жұмысты біз Қазақстан хал қы Ассамблеясы айналасында
түзетін боламыз. Ол шешуші қағидат» [3] – деп мемлекет үшін тұтастық
пен біртекті азаматтық ұстаным маңызды бұлжымас қағидат екендігін атап
көрсетті.
Мәңгілік Елдің саяси,әлеуметтік,экономикалық жаңғыруы мен рухани
түлеуі инновациялық индустрияландыру, заманауи ғылымды қажет
ететін экономиканы қалыптастыру, мемлекетті кәсібилендіру,құқықтық
санаға негізделген тәртіп пен заңдылық қағидатын орнату, үнемді энергия
көздерін қолдану мен экономиканың өңдеуші секторын ұлғайта отырып,
сыртқы инвестициялардың жаңа көздерін ұтымды тарту және еңбек
қатынастарының жаңа түрін еңгізу арқасында жүзеге аспақ. Қазақстандық
ортақ арманды іске асыру жолында баршамыз азаматтық белсенділігімізді
танытып жұмыла еңбек етуіміз қажет. Бұл реформалар мемлекет пен қоғам
өмірінің барлық салаларын жаңғыртуға бағытталғандықтан еліміздің
Бейсенов Б., Игисенова А. Ұлы дала еліндегі келісім мәдениеті
68 Адам әлемі | 4 (70) 2016
жарқын болашағы жастарды Мәңгілік Ел идеясы құндылықтары негізінде
тәрбиелеу және білім беру қазақстандық арманың іске асуының кілті деп
білеміз .
Қазақстандағы сүнниттік ислам және христиандықтың православие
бағыты Қазақстандықтардың басым көпшілігінің діни бірегейлігінің негізі
болып табылады. Елдегі діни келісім мен ұлтаралық татулық екі діни
бағыттың түсіністігі мен сыйластығы арқылы, тұрмыстық және адамгершілік
негізінде іске асады. Қазіргі аумалы-төкпелі уақытта елімізде дінаралық
татулықты қамтамасыз ету өте маңызды. Дінаралық келісім мәдениетін
дамыту үшін діни төзімділікті қалыптастыру керек. Жастар бойында діни
төзімділік және өзгенің дүниетанымын, мәдениетін түсіністікпен қабылдай
білуді орнықтыру қажет. Төзімділік бұл көнбістік емес, төзімділік өзгені
жатырқамай қабыл алу. Төзімділік дінаралық және ұлтаралық қатынаста
маңызды қағидаттардың бірі. Діни салада өзгенің сенімін құрметтеу
діндердің діни ілімі мен құндылықтарын түсіністікпен қабыл алуды талап
етеді. Өзгенің сенімін құрметтеу діндарлардың арасын жақындататын
қағидат. Соңғы жылдары әлемде дінаралық қақтығыстар орын алып отыр.
Бұл көбіне діни төзімсіздік пен білімнің таяздығынан, яғни, надандықтан
туындауда.Діни төзімсіздік,өзге діни ілімді және оның құндылықтарын
дүниетанымдық тұрғыдан қабыл алмаудан шығады. Кейбір діндарлар мен
діни топтар өздерінің саяси амбициясын діни қағидалармен бүркемелей
отырып, діни сенімді билікке жетудің құралы ретінде пайдаланады.
Әлемнің кейбір елдерінде діннің саясилануы бұл көп жағдайда дінаралық
қақтығыстарға ұрындырып отыр. М.Жолдасбековтің пікірінше: «Бір сәтте
діншіл болып шыға келу көңілге күдік келтіреді. Діннің саясатқа айнала
бастағанының бір мысалы осы. Дінді қолжаулыққа айналдырудың еш жөні
жоқ» [4]. Сондықтан елімізде діннің саяси өмірге араласуына, не ықпал
етуіне жол берілмеу керек. Бұған жол бермеу үшін тең дәрежеде дінтанулық
және діни сауаттылық, діни мәдениет пен зайырлы қоғамға тән діни сананы
қалыптастыру, ішкі мәдениет пен білімділік деңгейін көтеру қажет. Ата
Заңымызда бекітілген зайырлылық принципі елдің өркениетті дамуының
және жаңғырту негізі.
Еліміздің руханият саласындағы басты ұстанымы дінаралық
келісім мен төзімділік, діни қатынастардың өзегіне айналды. Қазақстан
республикасының Ата заңы мен Қазақстан республикасының діни сенім
бостандығы мен діни бірлестіктер туралы заңының қағидаттары 1948
жылы қабылданған адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы
және 1966 жылы қабылданған азаматтық және саяси құқықтар туралы
халықаралық пакт сынды халықаралық құқықтық құжаттар нормаларына
сәйкес жасалған. Бұл еліміздің өркениеттік және жалпы адамзаттық
құндылықтарға құрметпен қарайтындығын дәлелдейді.
Дәстүрлі мәдениет және қоғам
4 (70) 2016 | Адам әлемі 69
Төзімділік діни қатынастардың өзегіне айналды. Конфессияаралық
келісім мәселесінің үнемі қоғамның басты назарында екендігін, бұл бағытта
үнемі жұмыс істеліп жатқанын ерекше атап өту қажет.. Мұның жарқын дәлелі
ретінде екі әлемдік діннің, атап айтсақ, 2006 жылы исламдағы «Құрбан айт»
пен православиядағы «Рождество» діни мейрамдарын демалыс күні деп
жариялау туралы жөніндегі шешімді ерекше атауға болады. Елімізде ислам
мен православиялық бағыт және дәстүрлі діндер қоғамдағы тұрақтылық пен
өзара келісімді, түсіністікті сақтау мен нығайтуда маңызды қызмет атқарады.
Еліміздің дінаралық қатынас мәдениетіне ерекше көңіл аударуы
арқасында ел халқының бірлігі мен ынтымағы, ауызбіршілігі мен тұтастығы
сақталып мемлекетіміз қарқынды даму жолында. Қазақстан көп дінді және
көп ұлтты мемлекет ретінде, өзін мекендеген ұлттар мен ұлыстардың діні
мен мәдениетіне, салт-дәстүрлеріне басты назар аударып, дінаралық қатынас
саласын елдің тұрақты дамуының алғы шартының бірі ретінде қарайды.
Еліміздің жалпы адамзаттық құндылықтарға маңыз беруінің айғағы 2003,
2006, 2009, 2012, 2015 жылдардағы өткізілген Әлемдік және дәстүрлі діндер
съезі екені даусыз. Бұл съездер жүйелі түрде өткізіліп әлемдік деңгейдегі
дінаралық үн қатысуға және түрлі наным-сенімдегі халықтардың өзара
түсіністік мәдениетіне жол ашты. Сондай-ақ осы дүниежүзілік ауқымды
басқосу қазақ елінің халықаралық деңгейде мәртебесі мен беделінің өсуінің
дәлелі бола алады. Қазақ елі әлемдегі өзара түсіністік пен сұхбаттастықты
дамытуға өзінің сүбелі үлесін қосып отыр.
Еліміздің осындай игі бастамалары жер бетіндегі бейбітшіліктің
баянды болу үшін дінаралық сұхбаттастықтың және халықтар арасындағы
достықтың маңызды екендігіне үміт артқызады. Адамзат баласы жаһандану
заманында және мәдени бірегейлену үдерісі кезінде рухани ұстанымдарына
мән бере бастады. Әлем халықтары арасындағы діни, мәдени және ділдік
ұқсастықтар мен ерекшеліктер халықтарды бөлуге емес, бірлікке алып келуі
керек екендігіне назар аударған еуразияның кіндік ортасында орналасқан
еліміздің әлемдік қауымдастықтағы мерейін үстем етті. Халықаралық
деңгейде жүзеге асқан бұл форум еліміздің жаһандық деңгейде дінаралық
және мәдениетаралық үн қатысудың мүмкін екендігіне көрсетті. Қазақ елі
әлемдік қауымдастықта өзара түсіністік пен келісімге алып келетін рухани-
мәдени сұхбаттастыққа жол ашатын ізгі ниеті әлемнің бейбітшілікті аңсаған
халықтарының арман-аңсарын ғаламдық деңгейде түйсініп және көре
білуінде деп түсінеміз.
Дүниежүзі елдері арасындағы діни және мәдени қатынастардың
орнығуына негіз болатын жалпы адамзатқа ортақ рухани құндылықтарды
орнықтыру үшін діндер арасындағы келісім мен түсіністіктің маңызды
әлеуетін біздің еліміз даналықпен елімізде және халықаралық деңгейде
мақсатты түрде ұстанып отыр.
Бейсенов Б., Игисенова А. Ұлы дала еліндегі келісім мәдениеті
70 Адам әлемі | 4 (70) 2016
Еліміздің түрлі наным-сенімді ұстанатын дінбасыларын бір үстелдің
басында отырып түйткілді мәселелерді шешіп, ортақ құндылықтар мен
күллі адамзатқа бірдей мұраттарға адалдық танытуға шақыру мүмкіндігін
тудыруы мемлекетіміздің бейбітшілік сүйгіш ел екендігін айқындайды.
Бұл форумдар әлемдік экономикалық, саяси және әлеуметтік ахуалдың
күрделі жағдайында жүзеге асып, дүниежүзілік қауымдастықта еліміздің
мерейін үстем еткендігі айқын. 1995 жылы негізі қаланған Қазақстан
халқы Ассамблеясының жұмысы елдегі түрлі ұлттардың ортақ мүдде және
мақсатқа жету жолында бірлесе әрекет етуге бағытталған. Елімізде түрлі
этностың ұлттық-мәдени орталықтары жұмыс істейді. Қазақстандағы
этностардың ұлттық мәдениеті мен тілдерін дамытуға барлық жағдайлар
жағдайлар жасалған. Тәуелсіздік жариялаған күннен бастап қазақ елі
толеранттылықтың үлгісі және конфессияаралық, сондай-ақ этнос аралық
қатынастарды нығайту саласында әлемге өнеге көрсетіп келеді.
Дінаралық келісім мен ұлтаралық татулық еліміздің тұрақты және бей-
біт дамуының негізінің бірі. Діндер арасында өзара түсіністік пен сұхбаттас-
тық діни төзімділік мұраттары мен адамзатқа ортақ құндылықтардың,
адамзаттың рухани әлеуеті бір қайнары бұл діни ілім мен діни мәдениет.
Діндердің тәрбиелік-тағылымдық, біріктірушілік-реттеуші қызметін еліміз-
дің рухани тұрғыдан өркендеуі үшін тиімді пайдалану қажет. Дін маман-
дарын тәрбиелеу мен кәсіби дайындау жолында зайырлы ұстаным және
ұлттық мұраттар мен құндылықтарымызды бүгінгі заман талабына сай
білім беру әдістерін енгізе отырып іске асырған жөн. Дінаралық сұхбат пен
діни төзімділік әлемдік және дәстүрлі діни ілімдердің ортақ ұстанымдары
мен біріктіруші қағидаларын үнемі назарда ұстау арқылы жүзеге аспақ.
Сондықтан діни ілімдердің моральдық ұстанымдарын дінаралық және
ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырудағы тиімділігін
ғылыми тұрғыдан кешенді түрде зерттеген жөн. Дін қоғамдық сананың
өміршең формасы ретінде адамзат қоғамының рухани мәдениеті мен
әлеуметтік өмірін қалыптастырушы және реттеуші фактор болғандығы және
болып отырғандығы дау тудырмайды.Діни ілім мен діни мәдениет адамзат
баласының даму тарихының нақты бір сатысынан бастау алатындығы
және әрбір пенденің өмірінің бастауы мен соңы да белгілі бір діни ілім мен
мәдениет аясында өтетіндігі шындық. Әлем халықтарының тарихы, әдет-
ғұрпы, өмір салты, материалдық және рухани мәдениеті нақты бір діни ілім
шеңберінде қалыптасты.
Елімізде дінаралық келісімді сақтау мен қамтамасыз ету үшін әлемдік
және дәстүрлі діндердің біріктірушілік әлеуетін тиімді пайдалану қажет.
Діннің әлеуметтік және дүниетанымдық қызметтері ұлғаюда. Діни сананың
жаңғыруы,ұлттық сана сезімнің өсуі, діни және рухани құндылықтарға
деген сұраныстардың артуы қоғамдық өмірдегі діннің рөлін айқындайтын
Дәстүрлі мәдениет және қоғам
4 (70) 2016 | Адам әлемі 71
факторлар. Діндердің арасындағы дінаралық келісім және ортақ құндылық-
тар азаматтық қоғамдағы мәселелерді оңтайлы шешуге көмектеседі.
Дінаралық сұхбақтастықта – өзара түсіністік, өзара құрмет, келісім,
кешірім, ар-ұят, парыз, сабырлылық өзін бақылау, өзін ұстай білу маңызды
ұстаным болуы шарт.
ХХ ғасырдың екінші жартысында, әсіресе, соңғы ширегінде геосаяси
және геоэкономикалық процестерге діни институттар жүйесінің ықпалы
өсуде. Әлемдегі діни-саяси жағдайда жаһанданумен байланысты өзгерістер
орын алуда. Жаңа әлемдегі діни суреттемені зерттеу бүгінде батыс пен
шығыс өркениеттері дүниесінде болып жатқан оқиғалардың нақты
суреттемесін береді.
Жаһандану заманында әрбір мемлекет өзінің ұлттық қауіпсіздігінің
ажырамас бөлігі, діни қауіпсіздігін қорғауға ерекше назарға ұстау тиіс.
Соңғы жылдары әлемде орын алған лаңкестік оқиғалар мен діни негіздегі
қақтығыстар салдарынан көптеген елдер осы саладағы заңдарын қайта қарап
отыр. Қазіргі таңда жастар арасында діни және дінтанулық сауаттылықты
арттыру мақсатында жастарға дін саласындағы мемлекеттік саясаттың
ұстанымдарын жан-жақты және жүйелі түрде түсіндіру маңызды.
Қазіргі кезде түрлі діни-саяси көзқарастар және ілімдік ұстанымдар
негізінде ерекшеленетін жаңа ағымдар түрлі елдердің жобалық және
мүдделік ұстанымдарын басшылыққа алады. Бұл жаңа ағымдар негізін
салған дін ұстаздары және саяси басшылардың атымен аталады. Елімізде
ислам дінінің тармақтала бастауы ұлттық бірлігімізге қауіпті. Түрлі
жамағаттардың қалыптаса бастауы ұлттық және діни бірегейлікке нұқсан
келтіреді. Сондықтан түрлі діни-саяси ағымдардың идеологиялық ықпа-
лына қарсы тұратын сыни ойлау мәдениеті мен күмәнмен қарау әдісте-
мелік ұстанымының орны ерекше. Алпауыт елдердің геосаяси және
геоэкономикалық, ұлттық және әскери мүдделерінің қақтығысынан туын-
дайтын діни-саяси ілімдердің түпкі мәні мен мақсатын, идеологиялық
ұстанымы мен идеялық-психологиялық алғышарттарын кешенді зерделей
отырып, жастарға байыппен түсіндіру қажет. Қоғамда көрініс берген дәстүр-
ден тыс ілімдер ділімізге, ұлттық құндылықтар мен әдет-ғұрпымызға қайшы
болғандықтан бұл діни ілімдердің негізгі ерекшеліктерін зерттеу керек.
Ислам дінінің қалыптасу мен даму тарихында шыққан түрлі ағымдар діни,
саяси-әлеуметтік мәселелерге қатысты және саяси мүдделер қақтығысынан
және шет елдік арнайы қызметтердің жобаларынан туындап отырды.
Ислам ішінде пайда болған жаңа ағымдардың ілімі мен идеялық
ұстанымдарына дінтанулық талдау жасау өзекті болып отыр. Жастар
арасында дәстүрімізге жат ағымдарды ұстанатындардың қатарының өсуіне
қарсы тұру үшін Матуридилік сенімі мен Ханафи мәзхабы бойынша діни
кітабтарды қазақ тіліне аудару және аталмыш мазхаб негізінде зайырлы
Бейсенов Б., Игисенова А. Ұлы дала еліндегі келісім мәдениеті
72 Адам әлемі | 4 (70) 2016
әдістемедегі дінтанулық оқулықтар мен оқу құралдарын шығару маңызды.
Дәстүрден тыс діндарлықтың жастар арасында таралуының әлеуметтік
психологиялық себептері мен жат діни ілімнің жастар санасына кері
әсерінің салдары кешенді түрде саралануы тиіс. Қазақстандағы дәстүрлі
ислам құндылықтарың, ұлттық дәстүр мен әдет-ғұрып, ұлттық діл,
ұлттық мәдениет пен дүниетаным ерекшеліктерін, Әбу Ханифа Имам
Ағзам мазһабының ұстанымдарын және Әл-Матруди ілімін ғылыми және
теологиялық тұрғыдан зерделеп, талдайтын әдебиеттер,деректі және
көркем фильмдер, сараптамалық ақпараттық материалдарды дайындау
қажет. Шет елдерге діни білім алуға баратын жастарды арнайы іріктеуден
өткізу керек. Алғашқы діни білім елімізде және дәстүрлі құндылықтар
негізінде берілугені жөн. Сондықтан ислам дінінің құндылықтарын және
мәдени ұстанымдарын жастардың дүниетанымына ғылыми тұрғыда сабыр-
лылықпен сіңіру қажет. Зайырлы Мәңгілік Еліміздің тыныштығы мен
ынтымағы, ұлтымыздың бірлігі, діни татулық пен діни төзімділік, ұлтара-
лық татулық басты құндылығымыз. Ұлы Дала елі үшін-біртектілік ата-
бабаларымыз ұстанған ислам діні мен дәстүрлі құндылықтары. Мәңгілік Ел
жаңғыруының түпкі негізі-бірлік пен түсіністік.Қазіргі батыс еуропа елде-
ріндегі миграция мәселесі ксенофобиялық көріністерге түрткі болып отыр.
Батыс Еуропаның ірі қалалары маңындағы мигрант және босқын
жастардың әлеуметтік, саяси, кәсіби интеграциялануының әлсіздігі, соны-
мен қатар, қала және қала маңындағы саяси және әлеуметтік дисбаланс,
жұмыссыздық, кедейшілік, әлеуметтік-экономикалық мәселелердің ушығуы,
кәсіби біліктілік пен білім деңгейінің төмендігі, жұмыстағы кемсітушілік
еуропалық мұсылмандарға қатынасты айқындайтын мәнді сипаттар. Еуропа
елдерінде мұсылмандар, мешіт құрлысы,мешіт минареті, хижаб мәселесі
қызу пікірталастар тудыратын тақырыптар. Батыс өркениетіндегі ислам
мәдениеті мен құндылықтарының орны туралы мәселе де саяси және мәдени
топтарда жиі қозғалатын тақырып. Еуропалық елдердегі мұсылмандардың
батыстық өмір салтқа бейімделмеуі мен батыстық құндылықтарды сіңіре
алмауының дүниетанымдық, аксиологиялық, әлеуметтік психологиялық
себептері бар.
Қазақ қоғамының рухани түрғыдан жаңаруында дәстүрлі діндер
маңызды рөл атқарады. Елімізде діни ұлтаралық және конфессияаралық
келісім мен татулықты орнықтырудағы діни бірлестіктердің атқаратын
рөлін зайырлы қоғам ұстанымына сай тиімді жүргізудің тетіктерін жетілдіру
қажет. Діндердің әлеуетін қоғамдық сана мен психологияға сай біртектілік
пен тұтастықты нығайтуға қызмет етуге бағыттау қажет.
Қазақстандағы дінаралық келісім мен тұрақтылықты сақтау үшін –
Ұлт Жоспары аясында орныққан азаматтық ортақ құндылықтар негізінде
зайырлы ұстанымдағы діни сана қалыптастыру маңызды.
Дәстүрлі мәдениет және қоғам
4 (70) 2016 | Адам әлемі 73
Конфессияаралық бейбітшілік пен келісім мәдениеті көпконфессиялы
Ұлы Дала елі үшін басты ұстаным. Мәңгілік Елдің конфессияаралық
қатынастарының негізін өзарақұрмет және өзарасенім құрайды. Азаматтық
қоғамда ар-ождан бостандығын сақтау және адамның таңдау құқығын
құрметтеу діни қатынас өзегіне айналуы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |