Әдебиеттер
1 Назарбаев Ә. Тарих толқынында. – Алматы, 1999. – 172-173 бб.
2 Нысанбаев Ә. Жаһандану және Қазақстанның орнықты дамуы. – Алматы,
2002. – 105 б.
3 Қирабаев С. Қазақтың тұңғыш революцияшыл-демократтары // Мұрагер әл-
манахы. – Алматы, 1992. – 14 б.
4 Дулатұлы М. Оян қазақ!. – Алматы: Алтын орда, 1991. – 15 б.
5 Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. – Алматы: Ана тілі, 1992. – 27 б.
6 Қойгелдиев М. Алаш қозғалысының ұлт тағдырындағы орны жөнінде //
«Алаш қозғалысы идеясының Еуразия кеңістігіндегі ықпалы: тарих және қазіргі
кезең» халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары. – Семей,
2008. – 26 б.
7 Қараш Ғұмар. Замана. – Алматы: Ғылым, 1994. – 240 б.
8 Дулатұлы М. Шығармалары. 2 томдық. ІІ-том. – Алматы: Ғылым, 1997. –
309 б.
9 Аймауытов Ж. Шығармалары. 5 томдық. 5-том. – Алматы: Жазушы. – 216-
217 бб.
10 Әбжанов Х. Алаш қозғалысындағы ұлттық идея эволюциясы // «Алаш
қозғалысы идеясының Еуразия кеңістігіндегі ықпалы: тарих және қазіргі кезең»
халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары. – Семей, 2008. –
9 б.
Дәстүрлі мәдениет және қоғам
4 (70) 2016 | Адам әлемі 55
Резюме
Ошакбаева Ж.Б. Национальная идея в творчестве казахской
интеллигенции
В статье отмечается, что национальная идея призвана стоять на страже
особенностей и самобытности этноса, на ней сфокусированы судьбы народа
и будущее социума. Автор подчеркивает, что журнал «Айкап» и газета «Казах»
внесли неоценимый вклад в разработку и распространение национальной идеи,
а также в создание единого информационного поля. Представители казахской
интеллигенции стремились достичь независимости казахского общества законным,
конституционным путем, посредством политической борьбы, направленной на
пробуждение национального самосознания казахского народа.
Ключевые слова: нация, идея, заинтересованность, государственность,
народ, язык, религия, менталитет.
Summary
Oshakbayeva Zh. B. The National Idea in Creativity of the Kazakh Intellectuals
In article, it is noted that the national idea is designed to defend the features and
identity of ethnos, the fates of the people and the future of society are focused on it.
The author emphasizes that the journal “Aykap” and the newspaper “Kazakh” made
an invaluable contribution to development and distribution of the national idea, and to
creation of a single information field. Representatives of the Kazakh intellectuals aimed
to reach independence of the Kazakh society in the legal, constitutional way, by means
of the political struggle were directed to awakening of national consciousness of the
Kazakh people.
Keywords: Nation, Idea, Interest, State, Nation, Language, Religion, Mentality.
Ошақбаева Ж. Қазақ зиялылары шығармашылығындағы ұлттық идеяның зерделенуі
56 Адам әлемі | 4 (70) 2016
МРНТИ 02.11.21
ӘӨЖ 1 (092)
Гульбаршин Конкина
1
1
Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік
педагогикалық институты
ҚАЗАҚТЫҢ ДӘСТҮРЛІ ҚОҒАМДАҒЫ РУХАНИ ӨМІРІНІҢ
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Аннотация: Ғылыми мақаланың теориялық мағынадағы маңыздылығы
халықтың рухани өмірі мәселесін тарихи-философиялық қарастыру арқылы
өзектендіруде болып отыр. Ғылыми айналымға қазақ хандығы кезеңі қазақ
ойшылдарының бұрын айшықталмаған идеялары мен көзқарастары енгізілді.
Ол өз кезегінде тарих философиясының ең өткір мәселелерін жаңа теориялық
тұрғыдан қарастыруға мүмкіндік береді. Мәселен, дәстүрлі этникалық әлемдегі
адам және оның еркіндігі мәселесі, дәстүрлі қоғамдағы этникалық сананың
мәртебесі және т.б. Автор, рухани-адамгершілік сабақтастық мәселесін зерттей
отырып, тарихи үдеріс аясындағы қазақ халқының философиялық ойының даму
жолдарына ерекше назар аударады.
Түйін сөздер: білім, ғылым, дәстүр, жаңғыру, құндылық, мәдениет,
шығармашылық, тарих, философия, этика.
Қазақ хандығының негізін қалаушылар Керей мен Жәнібек хандар
1465 жылы Шу өзені бойында өзінің отауын тігеді. Ортағасырлық тарихшы
Мұхаммад Хайдар Дулати өзінің «Тарих-и Рашиди» деген тарихи еңбегінде
жоғарыдағы екі сұлтанның Дешті Қыпшақта билеп-төстеген Әбілқайыр
ханнан бөлектеніп өзінше бөлек қауым құруға талпынғаны айтылады.
«Әбілқайыр хан өлгеннен соң Өзбек ұлысында бұлғақ [өзара қырқыс]
басталды. Қауіпсіздік пен береке іздеген әркім, қолынан келсе, Керей мен
Жәнібек ханға кетті. Осыған байланысты олар едеуір күшейді. Олар әуелі
қашып, өздерінің көп халқынан бөлініп, біраз уақыт дәрменсіз, жалқы
тұрғандықтан, оларды «қазақтар» деп атап, бұл атау оларға бекіп кетті» [1].
Сырттай бағалағанда қазақ халқының тарих толқынында пайда болуы
кенеттен, ойда-жоқта жүзеге асқан тарихи оқиға, өзіндік тарихи дерек
іспетті. Бірақ ХV ғасырдың ортасында қалыптасқан осы әлеуметтік-
этникалық құрылымның тарих сахнасында пайда болуы кездейсоқтық
деп айтуға болмайды. Себебі, орасан зор Еуразиялық кеңістікте Орталық
Азиялық толықтай отырықшы мәдениетке баламалы басқа мәдени
үлгінің, бәсекелес өмір сүру салтының тарихтан өзіні орнын алуға тиісті
Дәстүрлі мәдениет және қоғам
4 (70) 2016 | Адам әлемі 57
қажеттілігі пісіп жетілген болатын. Өзінің тілімен де, ділімен де, өмірге
деген рухани қатынасымен де өзгешелеу болған осы үлкен қауымдастық он
шақты жылдың шамасында мықты мемлекетке айналады. Егер саяси одақ
құрған қазақтар қауымдастығы тарих сынағына шыдамайтын қауымдастық
болғанда ол дереу ыдырап кетуге тиіс болатын [2].
Бірақ Қазақ хандығы бірнеше ғасырлар бойы өзінің өміршеңдігін
дәлелдеді. Көптеген хандар ауысып отырды. Кейбіреу басқарғанда хандық
жоғары өрлесе, кейде құлдырау кезеңдері де орын алды. Жалпы Қазақ
хандығы дәуіріндегі рухани өмірді ақын-жыраулардың, би-шешендердің
шығармашылығында айқын көрініс тапты. Ауызша мәдениет басымдық
еткен дәстүрлі қоғам осы тарихи үдерісті айқын паш етті.
Қазақ хандығы ХV-ХVІІ ғасырларда өзінің ішкі саяси-әлеуметтік
құрылымын барынша нығайтуға тырысқанымен, бұл одақтың да біртұтас
мемлекет болып тұруына әртүрлі тарихи процестер, факторлар әр қилы
(көп жағдайда теріс) әсер етумен болды. Қазақтың Тәуке ханының «Жеті
жарғысы» құқықтық нормаларды құқықтық санада ХVІІ ғасырдың ая-
ғында және ХVІІІ ғасырдың басында қазақ этносының мемлекеттілігі үшін
ең жоғарғы құнды дүниеге айналды. Осы кезеңде халықтың құрылымы
үш жүзге бөлінгеніне қарамай оның іштей бірігуге деген талпынысы осы
тарихи құжаттың, тарихи тұлғаның төңірегіне топтасқанын көрсетті.
Өкінішке орай, қазақтың рухани өміріне Тәуке ханнан кейін келген саяси
биліктің иелері ХVІІІ ғасырдың басында қазақтың іштей ыдырауын тоқтата
алмады.
Тарих белестеріндегі Қазақ хандығы тұсындағы халықтың діни
сенімдері мен ұлттық менталитеті арасындағы өзара астарласу мәселесі
өзінің тыңғылықты философиялық зерделеуін алуға тиісті проблемалардың
қатарына жата ды. Қазақтың әлемді рухани қабылдауы, игеруі, пайымдауы
батыстық рационалдік үлгілерден айрықша принцип терге негізделгені
белгілі. Аталған мәселе де өзінше философиялық зерделеуді қажет ететін
дүние. Қазақ руханияты даналықты жоғары қоюшы жүйе десе де болғандай.
Ал қазақ халқының даналық тағылымдары аталған тарихи үлгіні, мәдени
парадиг маны барынша сабақтастықпен жалғастырып келе жатқан бірегей
мәдениет болып табылады.
Қазақ даласында ертеден мұсылмандыққа дейінгі кең тараған наным-
сенімдердің, әсіресе Тәңіршілдік пен аруақты қадірлеу, мұсылмандық
дінмен қатар өмір сүріп келгенін қазақтың белгілі ағартушысы Шоқан
Уәлиханов өзінің «Сахарадағы мұсылмандық туралы», «Қазақтардағы
шамандықтың қалдығы» атты еңбектерінде алғашқы рет ғылыми тұрғыдан
сараптап кетеді. Шамандық, яғни бақсылық дүниетанымның ерекшелігі –
ерекше тылсым күштің құдіретіне сүйене отырып рухани саладағы ерекше
байланысты орнатуға талпыну. Кезінде шаманның ықпалы қазақтың рухани
Конкина Г. Қазақтың дәстүрлі қоғамдағы рухани өмірінің ерекшеліктері
58 Адам әлемі | 4 (70) 2016
өміріне біршама жоғары деңгейде болғанын жасыруға болмайды. Сөйтіп,
бақсылық өмір салтының кейбір көріністері ұзақ жылдар бойы дәстүрлі
мұсылмандық түсініктермен заңды түрде бәсекелестікке түсті.
Әлемдік діндер қатарына жататын мұсылман діні қазақ даласына
негізінен екі жолмен келгені белгілі. Біріншісі, Бұқара, Самарқанд,
Түркістан сияқты ірі қалаларды діни орталыққа арқылы мұсылмандықтың
сопылық түрі кең тараса, екіншісі, татарлардың алып келген ортодокстік
мұсылмандықты мешіттер мен медреселерді салу арқылы таратуы жатады.
Екі түрлі исламның қазақ менталитетіне жақындауы сопылық ислам
болатын. Өйткені, көшпенділердің еркін өмір салтына жақындау болатын.
Бірақ, ХIХ-ХХ ғасырларда татарлардың алып келген мұсылмандық
түсініктері халық арасында белгілі деңгейде басымдық танытады.
Кез келген қоғамдағы әлеуметтік және рухани тепе-теңдіктің қалып-
тасуы көбінесе моральдік қалыптардың, диалогқа дайындықтың жетекші
рөл атқаруымен, тіпті дәлірек айтқанда имандылық, руханилықтың негізгі
күшке айналуымен тікелей байланысты екенін қазақтың билері жете
түсінген. Әсіресе, адамның өзіндегі табиғи пендешілік, өзімшілдіктің
құрсауында болуы жақсылыққа жетелемейтіндігін, адамдарды өзара
сұхбаттан, диалогтан алшақтайтынына мегзеп отырды. Даналыққа толы
қазақтың далалық өркениеттінің негізгі рухани бағдарлары кездейсоқ
қалыптасқан жоқ. Оның тұлғаланған кейіпкерлері болды десе де болады.
Еуразиялық үлкен кеңістікке ерекше дарынымен өз заманында
танымал болған Асан Қайғы «Жер ұйық» идеясын паш етеді. Оның
негізгі құндылығы қазақты біріктіруге көмектескенінде және туған жердің
киелілігі тұжырымына қарай шақырғанында. Сондықтан Қазақ хандығы
тарихындағы көптеген шайқастарда, әсіресе жоңғарлармен соғыста
халықтың рухани әлемінде «Атамекен» деген отансүйгіштік идеясы
орныққанын атап өтуге болады. Демек, елінің қамын ойлаған әрбір ақын
да, жырау да, би мен шешен де осы өзекті де маңызды мәселені, осы рухани
құндылықтарды, тұжырымды айналып өткен жоқ, керісінше, оны барынша
өрбітті, дамытты.
Заманында тарихи тұлға ретінде Асан Қайғы тек қазақ, ноғай
тайпаларының арасында ғана емес, сонымен қатар көршілес жатқан
барлық түркі тілдес (татар, башқұрт, түрікмен, өзбек және басқалары)
этникалық қауымдастықтарға белгілі болған еді. Кейбір жағдайларда ол
ортақ этникалық кейіпкер болғаны белгілі. Әсіресе, оның қырғыз халқы
үшін үлкен беделі бар ірі тұлға болғандығын Ш. Уәлиханов өз еңбектерінде
айтып кеткен. Әрине, тілі ұқсас халықтар бір-біріне мәдениет саласында
өзара ықпалдасқан, өзара қарым-қатынаста болған. Асан қайғы сияқты
зерттеуші тұлғаның Қазақстанның әрбір аймағындағы этнокеңістік және
табиғи ортаны терең тани білу, саралай білу шеберлігіне басқа жұртшылық
Дәстүрлі мәдениет және қоғам
4 (70) 2016 | Адам әлемі 59
та тәнті болған іспетті. Ол көшпенділердің өмір салтына сәйкес келетін
мұқтаждыққа қатысты табиғи ортаның әлеуетін дәл суреттей білген.
«Асан Қайғының негізгі арманы не болды екен?» деген де сауал да
туындауы мүмкін. Ол өзіне ғана тіршілік көзін табу емес, – адамның өмірін
жақсарту, оған қолайлы ортаны табу. «Адам бақытты болса, сонда ғана барша
әлемде үйлесімділік болады» деген ақын ұмтылыстарынан концепцияны
байқаймыз. Өзінен гөрі өзгенің қамын ойлау нағыз руханилықтың белгісі.
Адам ғарыштың бір бөлігі, ол табиғаттың бір мүшесі, әлеуметтік ортаның
түлегі табылады және халықтың өкілі болып сипатталады. Дегенмен, оның
басқа табиғаттағы тіршілік иелерінен сапалы айырмасы неде? Негізінен
– әрбір мәселені пайымдай алатын ақылы мен парасаттылығында, жан
әлемін жарқыратқан руха ни дүниесінде және өмірді сол қасиеттер арқылы
үйлесімді ұйымдастыра білуінде деген ойға мегзегендей әсер қалдырады.
Міне, Асан қайғы өз дүниетанымында қоғамдағы әлеуметтік және
басқа да өзгерістердің нәтижелі болуына көңіл аударады. Жеке адамға да,
этникалық қауымдастыққа да рухани жаңғыру үнемі керек. Ол үшін жанның
үнемі тазарып отыру негізгі шарттардың бірі екені мегзеледі. Сөйтіп, адам-
ның жеке еркіндігі оның табиғат пен қоғам алдындағы жауапкершілігіне
тікелей байланысты деген қорытындыға ақын жақын келгенін байқаймыз.
Асан қайғының пайымдауынша үлкен Ақиқат заңдылығының алдында бар-
ша жұрт бірдей, яғни қара болсын, хан болсын халықтың әдет-ғұрыптарын
білу керек, оларды қадірлеп, қорғап отыру керек. Басқа халықтардың да
мәдениет саласындағы жетістіктерімен танысу қажет екендігіне меңзейді.
Алғашқы хандардың бірі Жәнібектің Асан қайғыны өте құрметтеп, көкке
көтеруі, оны өзінің рухани атасы ретінде санауы кездейсоқ емес. Қадірлейтін
тұлғаны ғана хан қадірлейтіні белгілі.
Рухани өмірдің белді салалары болып табылатын – ғылымның, білімнің,
өнердің, саясаттың, діннің өрбіп отыруы үшін оларды жүзеге асратын тарихи
тұлғаларды қажет етеді. Сондықтан тарихи үдерісте адамдардың арманын
идея, теория түрінде өрнектейтін ойшылдар келеді. Мәселен, «Қайырымды
қала» (Әл-Фараби), «Күн қала» (Кампанелла), «Жер ұйық» (Асан қайғы)
идеялары кездейсоқ дүниелер емес, оларды жасаған ғұламалар он ойланып,
мың толғанып замандастарына болашаққа қарай ұмтылудың өзіндік
стратегиясын ұсынды. Осындай утопиялық болса да конструкциялар жасай
отырып, талай жанды сұхбатқа шақырды, жігерлендірді, болашақ туралы
ойлауға итермеледі.
Асан қайғының өмір бойы іздегені не еді? Ол бір қарағанда адамдардың
қарапайым өміріне ең қолайлы жер сияқты болып көрінеді. Ондай кеңістікте
адамдар тең құқықты ғұмыр кешіп, қауымдастықтың ірбір мүшесі бақытты
болуға тиіс. Демек, Асан қайғы әлеуметтік-утопиялық идеяны көтере
отырып, өзінен кейінгі қазақтың қоғамдық ой-пікірінің жаңа құндылықтық
Конкина Г. Қазақтың дәстүрлі қоғамдағы рухани өмірінің ерекшеліктері
60 Адам әлемі | 4 (70) 2016
бағдарларының қалыптасуына және дамуына үлкен ықпал етті. Сөйтіп,
Асан қайғы іздеген «Жер ұйық» – қазақтың рухани және материалдық
өмірі үшін ең қолайлы, жасампаздықпен өмір сүруге болатын, әрбір адамға
бағытты болуға іргетас болатын нағыз жер жәннаты іспетті.
Көшпенділік өмір салтына бейімделген түркі тайпалары үшін табиғи
орта туған үйіндей болды. Олар үнемі өзін қоршаған табиғи ортаны
қасиеттеді, қадірледі. Мәселен, кез келген қазақ үшін туған жердің топыра-
ғынан қасиетті ешнәрсе жоқ. Осындай қатынасты экологиялық мәдениет-
тің өзіндік көрінісі деуге де болады. Әрине, төрт түлік мал, оның үшінде
жылқы барынша құрметтелді. Асан аралаған Ұлытаудың да, Жетісудың да,
Сарыарқаның да, Сыр бойының да, Атырау алқабы мен Шу өңірінің де,
Ертіс жағалауы мен Алатау бөктерінің өзіндік керемет қасиеттерімен қатар
біршама кемшіліктері де табылып отырған. Сөйтіп, халық Желмаясын
мінген Асанмен бірге армандады, ізденді, кейде аңыздарды толықтырды.
Көшпенділер руханиятының ерекше даналығы бар философы, алғаш-
қы геосаясатшысы, саяхатшысы – Асан қайғының негізгі тұжырымы
төмендегі ойларға саятындай: «Жер ұйық» – халық үшін нағыз бақыт
пен дәулет, тыныштық пен бейбітшіліктің әлемі және оған жету үшін,
оны табу үшін халық сабырлылыққа, шыдамдылыққа үйренуі керек, өзін
іскерлігімен өз қолымен осындай дүниені жасауы керек. Айналасының
барлығы шөл мен ешқандай шөп өспейтін табиғаты бар Израиль мемлекеті
өзін-өзі гүлдендіріп отырғанын білеміз. Ешқандай табиғи қазба байлығы
жоқ Жапония да экономикасы алдыңғы қатарлы ел болып отырғаны белгілі.
Шын мәнінде әлеуметтік тіршілікте адамдардың шығармашылығы мен
еңбекқорлығы көп нәрсені шешетіні айқын.
Қазақ хандығы тұсындағы атақты Асан қайғы мен Қазтуғанның
дүниетанымдық бағдарларына өзіндік философиялық талдаулар жасаған
Қ.Ұ. Әлжан мынандай тұжырымдар жасайды: «Өмір даналығынан
сусындаған бұл ғұламаларды философиялық мәселелерді жүйелей алмады
деуге бола ма екен? Шын тереңдеп түсінген адамға әрбір сөдің астарында
тұнып жатқан ойлар бар, адамды жаңа белестерге жетелейтін логикалық
қисындар жатыр. Әрбір ұғымға логикалық-философиялық анықтамалар
берілмегенімен, оларды көркемдеп, образ түрінде жеткізе білуге, әрбір
құбылыстың мәнін шынайылықпен аша білуге деген талпыныс – далалық
ойлаудың жаңа көкжиегімен таныстырып отырған жоқ па?!» [3].
Қазақ халқының рухани өмірінің алғашқы жазбаша ескерткіштерінің
бірі Қадырғали Қосымұлы Жалайыридің «Жами ат-тауарих» жылнамасы.
Ол өзінің қазақшалағанда «Жылнамалар жинағы» деп аталатын еңбегін
орыс патшасы Борис Годуновқа арнап жазған еді. Ораз-Мұхаммед сияқты
сұлтанның ата-бабасының шежіресі баяндалады. Қадырғали Қосымұлы
Жалайыри ана тілімен қатар араб, парсы тілдерін жете игеріп, Шығыстың
Дәстүрлі мәдениет және қоғам
4 (70) 2016 | Адам әлемі 61
классик әдебиеті мен мәдениетін, ғылымын білгендігі жөнінде тарихшы
мамандардың еңбектерінде көрсетіледі [4].
Ойшылдың дараланған тұлғалық дүниетанымы жайлы қазақстандық
философ А. Қасабек төмендегідей ойын білдіреді: «Адам болмысының
өркениетті аспектілерін айғақтау және оны философия тарихы тұрғысынан
әспеттеу үшін көлеңкеде қалып қойған ойшылдардың еңбектерін зерделеп,
ғылыми өріске жегу міндеті зор. Осы жолда ұлы да мәңгілік дүниетанымдық
идеяларды жан-жақты зерттеу қажет. Ол мына идеялар: ғалам, космос
және адам бірлігі, тұтастығы, жеке адам мен адамзаттың, жеке адам мен
халықтың, халық, ұлт және басқа ұлттар, халықтар бірлігі. Басқа сөзбен
айтқанда, Ақиқат, Әсемдік, Байлық, Жетістік бірлігін философиялық өмірлік
құндылықтар ретіндегі көрінісін ажырата, тоғыстыра және келешегін
айқындай қарастыру методологиялық мәнде үлкен орын алады. Бұл ретте
атап өтетін жағдай, біздің Отанымызда әлемдік өркениеттен бөле жара
қарастырылатын ғылыми бағыттарға үлкен тосқауыл қойылар еді. Негізгі
философиялық идея – бұл өркениет адамының ұлы ойшылдар идеяларының
шеңберіндегі қиын да ұзақ қалыптасуын анықтау, гуманитарлық
құндылықтар аясындағы философиялық ойлау жүйелерінің адами келбетін
ешқашанда естен шығармау керек» [5].
Қадырғали Жалайыр жылнамасының тарихи маңыздылығы жалпы
қазақ халқының рухани өміріндегі шежіре арқылы тарихи ретроспективаның
бойына ендеу дәстүрін қалыптастыруында болып отыр. Әрине, оған дейін де
шежіренің ауызша нұсқалары халық арасында жүргені анық. Енді жазбаша
мәдениетте осындай құбылыстың көрініс беруі ерекше оқиға болатын [6].
Қазақ дүниетанымындағы осындай рухани секірістің, ерекше қатынастың
мағынасы туралы отандық философия тарихын зерттеушілер кезінде тиісті
философиялық қорытындылар жасаған еді [7]
Жалпы кез келген қоғамның рухани өмірінің мәйегін білдіретін тілдің
құдіретін қазақ халқы өзінің көп ғасырлық тарихында терең бағалағанын
байқаймыз. Оның коммуникативтік қызметі ғана емес, сонымен қатар
кқғамды барынша тұтастандыратын, этникалық өмірдің келбетін кіргізетін
рухани күші қастерленіп, әдетте, оған хан да, қара да бас иген еді. Дәстүрлі
қоғам негізгі ақпаратты сөз арқылы алып, оның мағыналық қадірін біліп
отырған, сонымен қатар сөзге нағыз рухани асыл құндылық ретінде қатынас
жасай білген. Осыған орай қазақтың ежелден рухани әлемінде «Сөз қадірі»
деген құбылыс барынша биіктетіледі. Қазақтың рухани өмірінде, яғни
дәстүрлі қоғамда билер мен шешендер, ақындар мен жыраулар тұлғалық
әлеуметтік рейтингте хандардан кем бағаланбай келгені белгілі.
Биліктің қазақ жеріндегі әрбір ұлыстарға, руларға бөлініп кетіп,
кейбір «шашыраңқылығын» танытуы кейде халқымыздың өмір-тіршілігін
біршама қиындатты, үйлесімдікті бұзды. Мәселен, төмендегі тұжырымдар
Конкина Г. Қазақтың дәстүрлі қоғамдағы рухани өмірінің ерекшеліктері
62 Адам әлемі | 4 (70) 2016
соның кепілі болып табылады. «В XVIII в. наблюдается «распыление»
верховной власти по казахским жузам, улусам и родам. Такая политическая
ситуация, естественно, обусловила заметную неустойчивость и
относительную слабость военно-политической структуры казахских ханств
и военной организации в целом. В период грозной военной опасности
(джунгарское нашествие) у казахов не было единой централизованной
военно-политической власти, что явилось причиной жестоких поражений
в целом ряде джунгаро-казахских военных столкновений ХVIII в. Тяжелые
и затяжные войны детерминировали выход на политическую авансцену
правителей родов и улусов – султанов, биев, батыров, которые нередко
диктовали свою политическую волю ханам» [8]
Қазақтың кең даласына көзі түспеген көрші жоқтай көрінеді. Тек ішкі
бірлік пен біртұтастық қана қазақ елін сақтап қалатынын елдің данагөйлері
жақсы түсінді. Сондай ұлы тұлғалардың қатарына атақты билерімізді
жатқызамыз. Солардың ішінде ХVІІІ ғасырда өмір сүрген қазақтың шоқтығы
биік үш биін – Төле би, Қазыбек би, Әйтеке билерін атауға болады. Әрине,
қазақ даласында, оның бірнеше ғасырлық тарихында басқа да көптеген
билер мен шешендер, ақындар мен жыраулар өмір сүргені белгілі. Олардың
өмірі мен шығармашылық қызметі жайлы көптеген зерттеушілер өздерінің
ғылыми еңбектерін арнауда.
Қазақстандық философ А. Тайжанов философия тарихына арнаған
ғылыми зерттеулерінде қазақтың би-шешендерінің дүниетанымында
«болмыс-бірлік табиғат шеңберінде адамиланған өлшемдер арқылы
кескінделетінін» пайымдайды. Кәсіби маманның қорытындыларымен толық
келісуге болады. Жалпы қазақтың рухани әлемінде, яғни философиялық
ойының ауқымында адам мәселесі ең түбегейлі және орталық мәселелердің
қатарына жататыны анық [9]. Адам мәселесін өзінің зерттеу нысанының
орталығына айналдырмаған философиялық ілімдер әлеуметтік ортада
тиімді қолдауларын алмайды.
Дәстүрлі қоғамның айналадағы дүниеге деген философиялық
түсінігінде кеңістік пен уақыт та іс-әрекеттің, қимылдың орын ауыстыру
реттілігімен, ұзақтығымен, әрдайым өзгеру дәйектілігімен, өзіндік
парқымен өлшенеді. Бірлік пен татулық бар жерде адамдарға өмірдің кез-
келген қиын асуын алуға мүмкіндіктер ашылатындығы қазақ менталитеті
үшін ежелден белгілі дүние еді. Бірақ қазақ қоғамында өзара шендесу,
бақталасу, бәсекелесу сипатындағы қарым-қатынастардың кейде көрініс
отырғанын жасырмау керек. Халықтың дүниетанымы өзінің мәдени және
идеялық бастауларын ертеден келе жатқан рухани құндылықтардан алады.
Этникалық мәдениетіміздің інжу-маржандарын қазіргі кезеңнің өзінде
рухани игілігімізге жаратуға құқымыз бар. Қазақтардың тарихи дәстүрлі
дүниетанымының семантикалық діңгегі «құт» ұғымы деуге болады.
Дәстүрлі мәдениет және қоғам
4 (70) 2016 | Адам әлемі 63
«Құт дегеніміз не?» деген – «өмірлік күш», «өркендеу басы», «өмір нәрі»,
рухани байлыққа жақындатып «бақыт», «игілік», «үлес», «тағдыр» деген
отандық мамандар тарапынан көп нұсқалы жауаптар беріледі. Демек, қазақ
халқы кез келген қуанышты жағдайда «құтты болсын!», «құттықтаймын!»
деген тілегін айту арқылы адамның рухани әлеміне тиісті көптеген әмбебап
оңды құбылыстардың тұтастанған, жүйеленген түрін білдіреді. Сондықтан
«Құт» ұғымы арқылы қазақ ділі рухани өмірдің фрагментарлы емес,
тұтастанған дүние екенін бағамдайды. Осындай қадамдар, бағалаулар
әсіресе өзінің терең философиялық сипатымен халықтың рухани өмірін
терең зерделеу үшін құнды.
Достарыңызбен бөлісу: |