Философский и общественно гуманитарный журнал


Әдебиеттер 1 Қасабек А. Алтай Ж. Қазақ философиясы. – Алматы: Эверо, 2015. – 212 б.     Резюме



Pdf көрінісі
бет4/15
Дата21.01.2017
өлшемі1,7 Mb.
#2395
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

Әдебиеттер
Қасабек А. Алтай Ж. Қазақ философиясы. – Алматы: Эверо, 2015. – 212 б. 
  
Резюме
Қасабек А. Историко-методологический характер казахской философии 
В  статье  анализируется  ключевая  характеристика  истории  казахской  фило-
софии, которая является основой методологии национальной истории. В научном 
познании  раскрытие  содержательно-семиотических  особенностей  идей,  богатой 
духовности и особенностей национального самосознания дает возможность глуб-
же понять основную характеристику данного феномена. Именно казахская фило-
софия представляет нам возможность лучше осмыслить история казахского наро-
да, так как она является методологическим средством при раскрытии связи фило-
софии с другими формами общественного сознания. 
Ключевые слова: истина, мудрость, духовное богатство, исторические усло-
вия, свободомыслие, идеи независимости. 
Summary 
Qasabek A. Historical and methodological nature of the Kazakh philosophy 
The article analyzes the key characteristic of the history of Kazakh philosophy, 
which is the basis of the methodology of the national history. In the scientific cognition 
the disclosure the meaningful-semiotic features of ideas, rich spirituality and features 
of national identity makes it possible to better understand the main characteristics of 
this phenomenon.  Kazakh philosophy gives us an opportunity to better understand the 
history of the Kazakh people, as it is a methodological tool for disclosure the connection 
of philosophy to other forms of social consciousness.
Keywords: Truth, Wisdom, Spiritual Wealth, Historical Conditions, Freedom of 
Thought, the Ideas of Independence.
Қазіргі заманның философиялық мәселелері

4 (70) 2016 | Адам әлемі     47
МРНТИ 06.58.30
ӘӨЖ 323.13: 398
Жазира Ошақбаева
1
1
 ҚР БҒМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институты
ҚАЗАҚ ЗИЯЛЫЛАРЫ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ 
ИДЕЯНЫҢ ЗЕРДЕЛЕНУІ
Аннотация. Ұлттық мемлекетті қалыптастыру идеясы ұлттық қажеттіліктер-
дің  негізінде  туындайды,  ал  ұлттық  идеяның  білімін  қалыптастыратын  нағыз 
зиялылар.  Қазақ  зиялылары  осы  ұлттық  идеяның  құбылысы  мен  қалыптасу 
заңдылықтарын тереңдете түседі. 
Қазақ зиялыларының ұлттық идеясы әлеуметтік мәселелерге бағытталуында 
ғана емес, адамның, халықтың қажеттіктері тұрғысында көтерілген мәселелерге 
парасат бигінен қарап, әрбір құбылыстың мәнін зерделеп, оның тағдырын терең 
пайымдап, адамзатқа игілік әкелетін нәрселерді көрсетіп беруінде. 
Түйін сөздер: ұлт, идея, мүдде, мемлекеттілік, халық, тіл, дін, діл.
Қазақстандағы ұлттық идея қазақтармен бiрге дүниеге келдi, әрi тарих 
сахнасына да қазақтармен қол ұстаса көтерiлдi. Ұлтқа деген құрмет ұлттық 
сана-сезімнің қалыптасу деңгейіне байланысты. Жалпы ұлттық сана төмен 
болса халық халықтық қасиетінен айрылады. Мұндай кезде ұлттық мүдде 
жеке  бастың  құрбаны  болады.  Ұлттық  мемлекетті  қалыптастыру  идеясы 
ұлттық қажеттіліктердің негізінде туындайтын білім болса, ұлттық идеяның 
білімін қалыптастыратын нағыз зиялылар.
Қазақ халқының тарихында әр ғасырдың басы аласапыран оқиғаларға 
толы  болды.  Бұл  өз  кезегінде  тарих  сахнасына  ірі-ірі  тұлғалар  мен 
қайраткерлерді  шығарып,  түбірлі  өзгерістерге  алып  келіп  отырды. 
Әсіресе ХХ ғасырдың басы айрықша күрделілігімен, сансыз оқиғалардың 
сапырылысымен, ұлттық сананың оянуымен ерекшеленеді. Осы тұста қазақ 
даласында да Алаш ұранын көтеріп, қазақ баласын азаттыққа бастаған бір 
шоғыр  қазақ  қайраткерлерінің  ой-пікірі  мен  іс-әрекеті  жарқырап  көрінді. 
Бұл  кез  Алаш  ардагерлерінің  айтуынша,  «қазақтың  бар  болу  немесе  жоқ 
болу» мәселесі таразыға тартылған кез еді. Олай болатыны, бұл шақта қазақ 
халқы  толықтай  патшалық  Ресейдің  басыбайлы  боданына  айналған  еді. 
Қазақ  даласындағы  хандық  билік  ыдыраған,  билер  институтының  қадірі 
кетіп, орыс сотына қараған, дәстүрлі тіршілік қалпы мен өмір салты елеулі 
өзгеріске ұшыраған, ұлттық рух бәсеңдеген шақ еді.
ХХ ғасыр қазақ халқы үшін ұлттық түсініктің, ұлттық өзіндік сананың 
оянуымен  сипатталады.  Ұлттық  сана  ұлт  тірлігінің  тұрмыстық  көрінісі, 
Д
әстүрлі
 
мәДениет
 
және
 
Қоғам
 ● т
раДиционная
 
культура
 
и
 
общество

48     Адам әлемі | 4 (70) 2016
Дәстүрлі мәдениет және қоғам
яғни  сол  ұлтты  құрайтын  халықтың  әдет-ғұрпының,  салт-дәстүрінің, 
әдебиеті  мен  мәдениетінің,  өнерінің,  тұрмыс-тіршілігінің  тарихын  білу, 
халықтың  өзін  өзі  жете  танып,  түсінуі.  Осы  кезеңде  қазақ  халқының 
басына  киілген  бодандық  ноқтасы  тым  тарылып  бара  жатты.  Қазақ  елін 
отаршылдық пен ұлттық езгі екі жақты қыспаққа алып, елдің болашағына 
қауіп  төнді.  Ғасырлар  бойы  қалыптасып  келе  жатқан,  ұлттық  болмысқа 
негізделген халықтық руханияттың құрдымға кетіп бара жатқанын сезген 
қазақ  зиялылары  күн  тәртібіне  ұлттық  сананың  оянып,  кемелденуіне 
әсер  ететін  партия  құру  мәселесін  қойды.  Сөйтіп,  өмірге  қоғамдық, 
тарихи  қажеттіліктің  негізінде  алаш  қозғалысы,  алаш  партиясы  келді. 
Алашордалықтар  өз  алдына  экономикалық,  саяси,  рухани  тұрғыда  басқа 
елдермен  дипломатиялық  қарым-қатынас  жасай  алатын  қазақ  мемлекетін 
құрудың  кезі  келді  деп  есептеді.  Қазақтың  басын  қосып,  жеке  мемлекет 
құрамыз  деген  алашор-далықтарды  жігерлендірген  ұлттық  болмыс,  бай 
тарих, асқақ рух еді. Олар өз халқының ұлттық сипатын, қоғамдағы орнын, 
ешкімге  ұқсамас  асылдарын  Уақыт  пен  Кеңістік  ұғымдарының  аясында 
зердеден өткізді. 
Ұрпақ ұлттық рухпен неғұрлым жақын тәрбиеленген сайын ол өзінің 
адамдық бейнесін ішкі рухпен қаруландырмақ. Ұлттың негізгі құндылығы 
ұрпақ  болғандықтан  ұлттық  идея  ұрпақ  рухына  қызмет  етуден  алшақ 
кетпейді. ХХ ғасырдың басында қазақтың ұлттық идеясы заман талабына 
сай сапалық тұрғыдан жетілді. Әрі уақыт ағымына орай, саяси тұрғыдан 
ширығып, Алаш идеясы дүниеге келді. Оны жетілдіруші әрі қозғаушысы 
Алаш  партиясын  шынайы  қажеттіліктен  құрған  алаш  қайраткерлері 
тарихи  мүмкіндікті  мүлт  жіберіп  алмау  жолында  жан  аянбай  еңбек  етті. 
Бұл  ел  тарихындағы  елеулі  кезең  турасында  Президент  Н.Ә.Назарбаев: 
«ХХ  ғасырдың  алғашқы  ширегіндегі  Қазақстанның  қоғамдық  саяси 
өміріндегі Алаш партиясының алатын орны мен қызметін зерттеу Отандық 
тарихымыздың  ең  өзекті  мәселелерінің  бірі.  Өйткені  кезінде  «Алаш» 
партиясының  жетекшілері  ұсынған  қағидалары  күні  бүгінге  дейін  өз 
маңызын сақтап отыр» – деп, әділ бағасын берді [1]. 
Ұлттық сана-сезімдері оянып, туған халқының қамын ойлай бастаған 
қазақтың зиялы азаматтары бұл қапастан құтылудың ең бірінші қадамы – 
надандықтан арылу, ілгері елдердің қатарына қосылу, өнер-білімге ұмтылу 
деп білді, олар осы бағытта насихат жұмысын өрістетіп, әлеуметтік мәні бар 
істерге араласа бастады. Осындай топқа үн қосқан А.Байтұрсынов, Ә.Бөкей-
ханов, М.Дулатов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, М.Шоқай, М.Сералин сияқ-
ты ғалымдар, саяси қайраткерлер, ұлт мәдениетінің көшбасшылары еді. 
Ұлттық идеяны насихаттаудың басты жолы газет ұйымдастыру болды. 
«Қазақ»  газеті  халықтың  ұлттық  сана-сезімін  оятып  қана  қоймай,  сол 
кездегі халықаралық жағдай, экономика, мәдениет, тарих, дін мәселелерін 

4 (70) 2016 | Адам әлемі     49
Ошақбаева Ж. Қазақ зиялылары шығармашылығындағы ұлттық идеяның зерделенуі
де қамтиды. Қазақ» газетінің мақсаты қазақ қоғамын оятып, ұлттық езгіге 
қарсы  күрес  жолына  алып  шығу  еді.  Олар  қоғамға  білім  тарату  арқылы 
қоғамдық өзгерістер жүзеге асатынын, дүниежүзілік өркениетке тек ғылым 
мен  ағартушылық  жұмыстары  арқылы  жететінін  түсінді.  «Қазақ»  газеті 
ұлт-азаттық  қозғалысының  еркіндік,  тәуелсіздік  үшін  күрес  идеясына 
ұласуына  зор  әсер  етті.  Алашорда  құрылған  тұста  тәуелсіз  мемлекеттің 
идеологиясына  негіз  болған  осы  идеялар  болатын.  Ахмет  пен  Міржақып 
идеясы елді оятты. Алдымен ойы бар, ақылы бар жас таланттар оянды. Олар 
ұстаздарының  ісін  жалғастырып  алып  кетті.  С.Торайғыров,  М.Жұмабаев, 
Ж.Аймауытов,  С.Дөнентаев,  С.Көбеев,  М.Сералин,  С.Сейфуллин, 
Б.Майлин,  М.Әуезов  сияқты  жастар  бірін-бірі  толықтыра  түсті.  Сол  бір 
аласапыран тұста олар қазақ халқының тағдырына қатысты оқиғаларға өз 
көзқарастарын ашық білдіріп отырды. Қазақ қоғамының дамуында ұлттық 
демократиялық бағыт ұстанды. Патша саясатының қатаң сыншысы болды, 
бірақ  орыс  халқына  теріс  көзқараста  болған  жоқ.  Ұлтаралық  сөзге,  іске 
бармады.  Алаш  партиясы  мен  Алашорда  үкіметінің  мақсат-міндеттері 
жайлы ой-пікірлерінде олардың қайраткерлік тұлғасы танылады. Олардың 
сын мақалаларында, зерттеулерін-де, өлеңдерінде қазақ халқының ұлттық 
мүддесін қорғау идеясы жатыр. 
Қазақ  тарихындағы  ең  алғашқы  ірі  саяси-қоғамдық  ұйым:  ұлттық-
демократиялық «Алаш» партиясының ұйымдасуына ұйытқы болған да осы 
газет. Заман аударылып-төңкеріле бастаған тұста Қазақ елін аласапыраннан 
аман-есен  алып  шығып,  өз  алдына  дербес  автономиялық  мемлекет 
мәртебесіне  жеткізуді  мұрат  тұтқан  Алашорда  үкіметінің  үні  болған  да 
осы  газет.  Амал  не,  сөз  жүзінде  езілген  ұлттар  құқығын  мойындауды 
жария  еткенімен,  іс  жүзінде  мүлде  басқа  принципті  басшылыққа  алған 
Кеңес  өкіметінің  қаһарына  қарсы  тұру  мүмкін  болмай  қалды,  –  деп 
жазады  академик  Әбдімәлік  Нысанбаев  [2].  «Қазақ»  газетінің  мақсаты 
қазақ қоғамын оятып, ұлттық езгіге қарсы күрес жолына алып шығу еді. 
Олар қоғамға білім тарату арқылы қоғамдық өзгерістер жүзеге асатынын, 
дүниежүзілік өркениетке тек ғылым мен ағартушылық жұмыстары арқылы 
жететінін түсінді. «Бұл – қоғам дамуы тудырған өмірдің жаңа талабы, тарих 
сұранысы  еді.  Мұндай  сұранысқа  жауап  беретін  ел  басшысын  да  тарих 
дайындауға тиіс болды. Бұрынғы хандар мен билердің, батырлардың заманы 
өткен. Енді ел бастаушы ақылмен, біліммен қаруланған, ел санасына қозғау 
салатын  ойлы  тілі  бар,  алдағыны  болжай  алатын  саяси-әлеуметтік  сезімі 
бар адам болуы қажетті» [3]. 
  «Қазақ»  газетінің  алғашқы  санында  Ахмет  Байтұрсынов  патша 
өкіметінің  отарлық  саясатын  көрсете  отырып,  «Біздің  болашақ 
тағдырымыз  не  болмақшы?  ...біздің  алдымызда  ең  алдымен  қазақ 
халқының тәуелсіз өмір сүру-сүрмеуі, болу-болмауы басты мәселе болып 

50     Адам әлемі | 4 (70) 2016
тұр. Өзіміздің дербестігімізді сақтап қалу үшін біз барлық күш-жігеріміз 
бен қуат-құралымызды оқу-ағарту мен жалпы мәдениетке ұмтылуымызға 
жұмсауымыз, ең алдымен, ана тілінде әдебиетті дамытуға күш салуымыз 
қажет. Мынаны естен ешқашан шығаруға болмас: тәуелсіз, дербес өмірге 
өзінің ана тілінде сөйлейтін және төл әдебиеті бар халық қана таласа алады» 
[3, 4-5 бб.] – дей келіп, орыс және татар тілдерінде оқыған қазақтар қазақ 
тілін менсінбейтін болды, бүйте берсе қазақ тілімен қоштасып, қазақтың ұлт 
ретінде жойылып кету қаупі бар, сол үшін қазақ тілін өркендетуіміз керек деп 
ашық айтады. «Қазақ өкпесі» деген мақаласында қазақ хандығы неліктен 
құлады, өз алдына дербес мемлекет болып тұра алмаудың себебі, Ресейге 
қосылудың  негізгі  жағдайлары  деген  мәселелелрге  тоқталады.  «Олжалы 
жерде  үлестен  қағылғанымыз,  ордалы  жерде  орыннан  қағылғанымыз, 
жоралы  жерде  жолдан  қағылғанымыз  –  бәрі  надандық  кесапаты»,  деп  ел 
мен елді, ұлт пен ұлтты байланыстыратын ғылым, өнер екенін айтып, оқуға, 
ағартушылыққа ден қояды. Ахмет қазақша әліппе жасап, қазақ тіл білімінің 
негізгі  терминдеріне  анықтама  берген,  дыбыс  жүйесін  қалыптастырған, 
қазақ  мектептерінің  іргесін  қалаған  алғашқы  адам.  Білімді  дамыту  –  ұлт 
қамы екендігін ол ерекше ескертеді. Әрбір адам өзінің жеке басының емес, 
басқалардың қамын ойлағанда ғана ұлт пен ел көгерер, ұлтына жақсылық 
жасаған адамның аты ұрпақтан ұрпаққа жалғасар дейді. 
Ұлт  зиялыларының  ақындық  сөздері  қалың  қазаққа  арналды, 
халқын ұйқыдан оянуға, елдің қазіргі күйіне көз салып, ілгері ұмтылуға, 
азаттық,  бостандық  жолына  үндеді.  Осындай  мазмұнда  жазылған  Ахмет 
Байтұрсыновтың  «Масасы»  мен  Міржақып  Дулатовтың  «Оян,  қазақ» 
кітаптары қазақ қоғамындағы ең алғаш айтылған өткір сөздердің бірі болды. 
Міржақып Дулатов: 
Көзіңді аш, оян қазақ, көтер басты
Өткізбей қараңғыда бекер жасты!
Жер кетті, дін нашарлап, Хал һарам боп,
Қазағым, енді жату жарамасты! – десе, [4]
Ахмет Байтұрсынов: 
Мысалы, қазақ малшы ұйықтап жатқан, 
Жыланды бәле дедік аңдып баққан.
Бәленің түрін көрген мен сары маса
Қазақты оянсын деп сөзбен шаққан, – дейді. [5]
 Қазақтың алғашқы оқығандары қазақтың жеке өз алдына ел болып, 
дамыған  елдермен  терезе  теңестіре  алатындай  жағдайға  қол  жеткізуін 
көкседі.  Ең  алдымен  қазақ  баласының  бір-бірімен  пікір  алмасуын 
қамтамасыз  ету  үшін  мерзімді  баспасөз  құралдарын  шығарды.  Қазақтың 
Дәстүрлі мәдениет және қоғам

4 (70) 2016 | Адам әлемі     51
тұңғыш  журналы  «Айқап»  пен  «Қазақ»  газеті  «ұлттың  көзі,  құлағы  һәм 
үніне»  айналды.  Бұлардың  ұлттық  сананы  оятудағы  маңызы  орасан  зор 
болды.  Кішкентай  жылғадан  басталған  бұл  әрекет  ұлғайып,  арналанып 
зор  халықтық  қозғалысқа  ұласты.  Алаш  қайраткерлері  қазақ  халқын  азат 
ел  ету  бағытындағы  мақсатты  ойларын  бес  тұғырға  негіздеді.  Солардың 
ішіндегі ең бір маңызды тұғырының бірі – қазақ тілінің мәселесі болатын. 
Бұлай  болатыны,  А.Байтұрсынұлының  сөзімен  айтқанда  «тілі  жоғалған 
жұрттың өзі де жоғалады». Ұлттың ұлы ұстазы Ахаң бұл бағытта бос үгіт 
насихатқа  салынбай  нақты  іске  кірісіп,  қазақ  жоғының  орнын  толтыруға 
білек сыбанып кірісті.
Қазақты біртұтас ел деп танысақ, Алаш идеясын біртұтас қазақ идеясы 
деп мойындауымыз қажет. Алаш идеясына деген адалдық пен сенім – бізден 
соны талап етеді. Ал қазақ үшін Алаш идеясынан, оның бес ұлы идеясынан 
артық мүдде болуы тиіс емес. Ол идея бүгін де өзінің мүдделі мақсатын 
жойған жоқ. Ең бірінші, жер мәселесі. Жерсіз Отан жоқ, Жер – Отан, яғни 
жерді сату  деген  Отанды  сатумен тең.  Әлихан  Бөкейхановтың  ұйғарымы 
бойынша: «Қазақтың байырғы жерін қашан қазақтар өз бетінше ғылым мен 
техникаға сүйеніп толық игермейінше, жер жеке меншікке де, қоныстану-
шыларға да берілмейді». 
Екінші: жердің астындағы, үстіндегі, аспанындағы барлық игілік қазақ 
мемлекетіне қызмет етуі керек. Ә.Бөкейхановтың айтуынша: «Оның әрбір 
түйір тасы қазақтың өңіріне түйме болып қадалу керек» болатын. 
Үшінші:  Ә.Бөкейхановтың  жобасы  бойынша,  «Қазақтың  жерінде 
өндірілген  «бір  уыс  жүн  сол  мемлекеттің  азаматтарының  үстіне  тоқыма 
болып  киілуі»  керек,  яғни  толықтай  экономикалық  тәуелсіздікке  қол 
жеткізуге ұмтылуы тиіс еді. 
Төртінші:  қазақ  мемлекетінде  мемлекет  құрушы  ұлттың  тіл,  дін,  діл 
үстемдігі болуы керек. 
Бесінші, түпкі мақсат: ғылымға, ұлттық салт-дәстүрге негізделген заңға 
сүйене отырып, ұлттық-демократиялық мемлекет құру еді. 
 Жер үшін, жер мен аспан байлығы үшін, тәуелсіз экономика үшін, тіл 
мен діл үшін, дін үшін, қазақ ұлтының көзқарасы мен ар-ожданын қорғайтын, 
ұлтты сыйлауға мойынсындыратын тәуелсіз заң мен тәуелсіз ойлау жүйесін 
қалыптастыратын тәуелсіз ғылым үшін күрес жолы енді басталды. Демек, 
Алаш  идеясы  бүгін  де,  ертең  де  өзінің  жалғасын  табады.  Жаһандастыру 
дәуіріндегі рухани тәуелділіктен қорғайтын бірден-бір ұлттық бағдарлама 
осы болып табылады. 
Мәмбет  Қойгелдиев  алаш  идеясының  түпкі  маңызын  былай  ашып 
көрсетеді: «Алаш тәжірибесі нені көрсетті? Біріншіден, Алаш идеясы бұл 
белгілі бір топтың еркімен өмірге келген жасанды, сондықтан да өткінші 
құбылыс  емес.  Ол  ұлтпен  бірге  өмір  сүретін,  ұлт  өмірінен  тамыр  алған 
Ошақбаева Ж. Қазақ зиялылары шығармашылығындағы ұлттық идеяның зерделенуі

52     Адам әлемі | 4 (70) 2016
құндылықтар жиынтығы, ұлттың өмір сүру концепциясы. Алаш идеясын 
өмірден біржола ығыстыруға көп күш жұмсаған большевиктер құрған билік 
өмірден кете салысымен Алаш идеясының қайта жаңғыруы, қайта күш алуы 
оның  өміршеңдік  сипатын  айғақтайды.  Алаш  идеясының  өзегі  –  ұлттық 
мемлекеттік. Құрметті Әлекең, Әлихан Бөкейханов айтқандай, мемлекеттігі 
жоқ  халық  –  жетім  халық.  Кез-келген  болашағынан  үміті  бар  ұлт  үшін 
мемлекеттік  негізгі  құндылық.  Міне  осы  тұрғыдан  алғанда  Қазақстан 
Республикасы – Алаш идеясының өмірлік шындыққа айналуының көрінісі 
ретінде  бағалануы  әбден  орынды.  Ал  оның  ішкі  әлеуметтік  мазмұны, 
демократиялық  принциптерге  сүйенген  қоғамды  халықтың  мәдени 
деңгейіне  және  саяси  белсенділігіне  тәуелді  екендігін  ұмытпағанымыз 
жөн» [6]. 
Алаш туының асқақ, елдік қасиеттердің баянды болуы үшін әр азамат 
халқына еңбек етуде имандылық пен құрандай киелі ұғымдарды санасында 
тоқуы  шарт.  Бұл  Ғұмар  Қараштың  ұлтжанды  тұлғасының,  ақындық 
қуатының қашан да ұлт мұратымен сабақтасып отырғанын, өмірлік мақсаты 
болғанын дәлелдей түседі. «Көреміз бе?» өлеңі жалпы Алаш партиясының, 
Алаш автономиясының нысаналы өмірлік мұрат-мақсатын анық танытатын 
және  де  осы  жолдағы  ерен  істерді  Ғұмардың  әрдайым  қолдаушы  тұлға, 
қозғаушы  ақын  болғанын  ұғындырады.  Ұлттық  бірлік,  мемлекеттігімізді 
нығайту  өткір  қойылып  отырған  қазіргі  тұста  аталған  өлеңде  көтерілген 
саяси-идеологиялық мәселелер қашанда санаға тоқылар ұлағат деп білеміз.
Тәуелсіздіктің  басты  сипаты  –  мемлекеттік  істердің  ұлттық  мүдде 
тұрғысынан шешілуі, өз жерінің қазба байлығын халық игілігіне жаратуы 
десек, осынау кемелділікке жетудің жолдарына қатысты ғасыр басында-ақ 
Ғұмар келелі ойлар түйеді.
Өз жерінен шыққан кенді өзі алғанын,
Әдемілеп айқұш – ұйқұш жол салғанын,
Еуропаның өнерінен үлгі алғанын,
Тірілікте көзімізбен көреміз бе? 
«Алаш» атты орда құрып шалқығанын,
Бақ дәулеті туып өсіп балқығанын,
Әрбір істе қазақ исі аңқығанын,
Тірілікте көзімізбен көреміз бе?! [7]
Ұлттық идеяға әлемдік ақыл-ой мен оны қажет еткен ұлттың даналығы, 
бүгінгі есті ұлдарының көрегендігі мен біліктілігі, мемлекеттің саяси қуаты 
керек. Біздің алдымызда мемлекеттік тілді ұлттық идея дәрежесіне көтеру 
міндеті тұр. Өйткені мемлекеттік тіл – ұлттың ұйытқысы. Бүкіл Қазақстан 
азаматы  осы  мемлекеттік  тілдің  төңірегіне  топтаса  алады.  Қазақстандық 
Дәстүрлі мәдениет және қоғам

4 (70) 2016 | Адам әлемі     53
патриотизмнің негізін қалаушы да – мемлекеттік тіл. Өз еліңнің патриотизмін 
көрші елдің мемлекеттік тілімен жасау мүмкін емес.
Міржақып  Дулатов  қазіргі  кезде  маңызды  орын  алып  отырған  тіл 
мәселесіне де көп тоқталған. Тіл өткен дәуір мен қазіргі заманды, болашақты 
байланыстырып отыратын кілт екенін көрсете білген. «Қазақ тілінің мұңын 
шығармасында өзі тіл орнында тұрып сөйлейді: «Мен заманымда қандай 
едім?  Мен  ақын,  шешен,  тілмар  бабаларыңның  бұлбұлдай  сайраған  тілі 
едім. Мөлдір судай таза едім. Жарға соққан толқындай екпінді едім. Мен 
наркескендей  өткір  едім.  Енді  қандаймын?  Кірленіп  барамын,  былғанып 
барамын. Жасыдым, мұқалдым. Мен не көрмедім?» [8] – дей келе, қазақ 
тілінің шұбарланып, орысшадан қалай болса солай аударылып жатқанын, 
мектептегі  оқулықтардың  қате-қате  аударылуы  туралы  мәселелерді  сөз 
етеді.  «Қазақ  тілін  жүргізетін  комиссияның  құлағына  алтын  сырға” 
деген  шығармасында  осы  комиссияның  шығарған  жарлығының  өзі  адам 
түсінбестей екендігін айта келіп, «қазақша» мынау болса, орыс болып-ақ 
кетелік  деушілер  табылмай  ма?  Сонда  не  бетімізді  айтамыз?»  дейді.  Тіл 
тек халықпен бірге өмір сүреді, тіл арқылы халықтың табиғатын, қоғамды 
танып  білуге  болады.  «Өнер  алды  –  қызыл  тіл»  деп  қазақ  тілді  жоғары 
бағалаған. 
Ж.Аймауытовтың  да  мақалаларының  бірі  «Тіл  туралы»  деп  аталады. 
Онда  тіл  мәселесін  сөз  ете  отырып,  кей  халықтардың  бір-біріне  әсер-
ықпалын дәлелді көрсетеді. Жетісу мен Сырдарияда өзбектердің әсері бар, 
Қостанайда орыс, ноғайдың әсері мол дейді. Араб-парсы тілдерінен енген 
сөздердің  тұрмыста  сіңіп  кеткенін,  тіпті  мақал-мәтелге  айналып,  кеңінен 
қолданылатынын  тілге  тиек  етеді.  «Газет  тілі  қалай  түзеледі?»  деген 
мақаласында  орысшадан  аударылған  сөздердің  түсініксіз,  жаман  ауда-
рылғанын, оқыған адам түк түсінбейтінін ренішпен айтады. «…орысшадан 
аударылған, орысшаға жанасқан сөздерге қарасаң томармен жүрген қазақ 
арбадай  миыңды,  жүйкеңді  түйгіштеп,  зырқылдата  жөнеледі.  Қай  жерде 
мүдіріп, қай жерде сүрініп қалам деп, қып-қып еткендей боласың» [9].
Ханкелді Әбжанов былайша ой түйіндейді. «Осылайша, ұлттық идеяны 
кемеңгерлікпен түзу Алаш қозғалысын аспандатты, дұрыс ұлттық идеяға 
табан  тіреген  Алаш  қозғалысы  қазақ  қоғамы  тарихының  жаңа  белесін 
ашты. Ұлттық мақсат-мұратқа, яғни, ұлттық идеяға адалдық, жанкештілік, 
интеллектуалдық  биік  өремен  ағымдағы,  кезек  күттірмейтін  қазіргі  және 
болашақтағы міндеттерді айқындай білу – бүгінге жеткен Алаш аманатының 
ең құндылары» [10].
Ұлттық  идеяны  көтерген  қазақ  зиялылары  Қазақстандағы  жердің 
де, мемлекеттің де иесі – қазақ халқы, ал қалғандары диаспоралар екенін 
айтумен  болды.  Қазiргі  кезде  тарихи  отанында  жүрген  қазақтар  мен 
диаспора  санатында  шетте  жүрген  қазақтардың  ұлттық  мұраты  бiрдей 
Ошақбаева Ж. Қазақ зиялылары шығармашылығындағы ұлттық идеяның зерделенуі

54     Адам әлемі | 4 (70) 2016
емес.  Отанында  жүрген  қазақтар  үшiн  Қазақстанның  бүгiнi  мен  ертеңi 
басты  мәселе,  ал  шетте  жүрген  қазақтар  жүрген  ортасында  қазақ  болып 
қалу  қамын  көбiрек  жейдi.  Уақыт  өткен  сайын  ұлт  мұратындағы  осынау 
айырмашылық ұлғаймаса, қабыспайтыны ақиқат. Қытайдағы қазақтардың 
кейiнгi  толқыны  қытайланып,  Түркиядағылар  түрiктенiп  бара  жатқаны 
белгiлi. Еуропа қазақтары арасында қазақ тілінің жағдайының жыл өткен 
сайын  нашарлап  бара  жатқанын,  әсіресе  жас  буынның  ана  тілін  мүлдем 
білмей  ұмыта  бастағанын  мойындауға  мәжбүрміз.  Сондықтан  мың  өлiп, 
мың  тiрiлумен  азаттыққа  жеткен  қазақтың  тағдырын  анықтағыш  ұлттық 
идеясы Қазақстанда ғана өз жемiсiн бере алады. 
Ұлтты сақтайтын – ұлттық идея болуы керек. Ол ұлттың өмір сүруі, 
тiлегi, ниетi, ойы дегенге саяды. Сондықтан да ұлттық идеяны ұлт мұраты 
деп  қабылдағанымыз  дұрыс.  Жаһандану  үрдісінде  қазақ  тек  өз  рухын 
жаңғырту, асқақтату арқылы ғана ұлттық болмысын, атадан балаға мирас 
болып  келе  жатқан  ұлан-ғайыр  жерін,  тәуелсіздігін  сақтай  алады.  Олай 
болса, бүгінгі қазақты зұлымдыққа емес, адамгершілікке бейімдеу ұлттық, 
мемлекеттік деңгейдегі мәселе болуы тиіс. Қазақ рухын жаңғырту, бүгінгі 
мемлекеттен өзінің ішкі және сыртқы саясатын ұлттық сипатта жүргізуді, 
яғни, ұлттық мүдделер негізінде жүргізуді талап етеді. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет