Ұңғымаларды салу кезінде бұрғылауды жобалау


Электр жетектеушімен бұрғы қондырғылары. Конструкция мен негізгі элементтері



бет10/28
Дата17.03.2023
өлшемі1,31 Mb.
#75168
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   28
3. Электр жетектеушімен бұрғы қондырғылары. Конструкция мен негізгі элементтері.
Бұл қондырғыларда негізгі және қосалқы механизмдер қозғалысқа дербес электрожетектер әсерінен келтіріледі, мұнда тек БУ-300ДЭ қондырғысы ғана сыртқы электрмен қамтамасыз ету көздерінен қоректенеді. Мұндай бұрғылау қондырғылары негізінен эксплуатациялық бұрғылауда электрмен қамтамасыз етілген, яғни әнергия көзіне бай аудандарда ғана қолданылады.
Электрожетектерге бұрғылау қондырғылары дизельдік жетектерге ие қондырғылармен салыстырғанда келесідей артықшылықтарға ие. Дербес электрожетек кіші салмаққа, кіші беріліс санына, тез тозатын бөлшектерге және анағұрлым жоғары пайдалы әсер коэффициентіне ие. Электрожетектерге ие атқарушы механизмдер іріблокты негіздерде орналастыру үшін қолайлы, яғни қондырғының монтаждалуға қабілетін көтеруге мүмкіндік береді. Электрәнергиясын пайдалану бұрғылау қондырғысын жанар-жағар маймен қамтамасыз ету қажеттігін болдырмайды және өрт көзқарасынан алғанда қауіпсіз болып табылады. Осы қондырғыларды күту қарапайым және қызмет етуші немесе жұмыс істейтін персонал санын азайтуға мүмкіндік береді.
Бірақ бұл қондырғыларды қолдану қашықтықтағы аудандарда электрәнергиясы көзінің жоқ болуына байланысты шектелген.


Уралмаш -125БЭ-70 бұрғылау қондырғысы
Қалақша электрожетегі екі асинхронды қуаты 500 кВт құрайтын, айналымы 740 айн/мин болатын тізбекті редуктормен жұп құрайтын жалпы рамаға орнатылған және электроқозғалтқыштардан тұрады. Қуат электроқозғалтқыштардан муфта 2ШПМ-500 арқылы редукторға беріледі, одан ары эластикалық муфта арқылы беріліс қорапшасына беріледі, ал ол жерден – тізбекті трансмиссиямен қалақшаға беріледі.
Электроқозғалтқыштарды бұрғылаушы пультымен басқарады, ал жылдамдық қол тұтқа көмегімен реттеледі, қол тұтқа беріліс қорапшасының корпусына бекітілген. Апаттық жетек ретінде қашауды беру үшін арналған реттегіш пайдаланылуы мүмкін.
Сораптың электроқозғалтқышы жалпы ортақ рама қондырылған қуаты 630кВт, айналымы 750 айн/мин құрайтын синхронды электроқозғалтқыштан және диаметрі 610мм болатын Д профильдегі белдік үшін арналған сыналы белдікті беріліс шкивінан тұрады. Бұрғылау қондырғысы 8 суретте көрсетілген.

Сурет 8. Уралмаш -125БЭ-70 бұрғылау қондырғысы

Қондырғы іріблокты негізбен комплектіленеді, яғни күштік және сораптық блоктардан тұрады. Негіз жеке бір бірімен қосылған фермалардан тұрады және Уралмаш-125БД қондырғысымен салыстырғанда анағұрлым жоғары қуатты конструкцияға ие, яғни мұнда блоктарда ауыр жүктерді тасымалдауға мүмкіндік бар.


Аспалы қалақшалы негізге аспаны, бұрғылау қалақшасын, роторды, шығарқ тұғырларын, бұрғылау кілтін, көпіршелерде жұмыс істеу үшін арналған бұру кранын, көмекші қалақшаны, пневматикалық қырқышты, белдік бөліктің жылжымайтын тетіктерін бекіту механизмдерін орнатады. Монтаждау кезінде негізді арнайы фермаларға орнатады. Негіздің фермамен бірге алғандағы жалпы биіктігі 3,7м құрайды. Аспа тіректері бұрғылау еденінен төмен орналасады.
Күштік блок негізіне қалақшаның берілісі қорапшасымен бірге электрожетегі, қашаудың берілуін реттеуші, екі компрессорлық станция, электрожабдықтар және қаңқа орнатылады. Монтаждау кезінде негізге металдық тіректер орнатылады.
Сораптық блоктың негізіне электрожетектер және екі сорап, коммуникация бөлімі, электрожабдықтар және қаңқа орнатылады.
Жабдық комплектіне ЦС-125БЭ бұрғылау ерітіндісін тазалау, өңдеу және сақтау үшін ЦС-125БД жүйесіне ұқсас жүйе элементтері қосылады; ол тек жабдықтарды компоновкалаумен ғана ерекшеленеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет