2. Кронблоктарың, тәл блоктарын, ілмектерін, ілмекблоктарын және роторларын атқаратын қызметі мен конструктивтік ерекшелері
Кронблоктар Кронблоктарды бұрғылау мұнараларының басында орналастырады. Олар тальдік механизмнің жылжымайтын бөлігі болып табылады. Кронблоктардың құрылымы пайдаланатын мұнараларды түріне байланысты және олардың шкив санына, жүк көтергіштігіне және конструкциялық сұлбасына байланысты айырады.
Кронблок шкивтары жылжымайтын бір өсьті емес орналасқан өстерінде айналады. Бір өсьті емес сұлбада шкив өсі, тальдік арқаннан жүрісті шегінде пайдаланылады, қалған шкивтердің осьтері перпендикуляр орналасады.
Кронблоктардың шкивтері мен подшипниктері біртекті тозбайды. Тәжірибе көрсеткендей жоғары тозуға тальдік канаттың жүрісті иілген шкив ойықшалары мен подшипниктер жатады. Шкивтердің секциялы орналасуы әр секцияның 1800 бұрылуымен немесе қайта орналастыру мен біртекті тозуын қамтамасыз етеді. Осыған байланысты кронблоктың қызмет ету мерзімде көбейеді. Шкив секциялары қаптамамен жабылады.
Сурет 9. Кронблок
Тәлдік блоктар Тәлдік блокта шкив саны, кронблокқа қарағанда біреуі кем. Кронблок пен салыстырғанда тальдік блок канаттың жылжымайтын және жүрісті шектерінің тартылуымен пайда болатын жүктемеге түспейді. Сондықтан оның жүк көтергіштігі кронблокқа қарағанда кемірек. Тальдік блоктың салмағы оның түсуіне қажетті жылдамдықты қамтамасыз ету үшін жеткілікті болуы керек, соған байланысты тальдік блоктың салмағы кронблокқа қарағанда салмақтырақ. Бірақта, кронблоктардың шкив саны мен жүк көтергіштігі жоғарырақ. Тальдік блоктарды бір және екі секциялы етіп дайындайды, екі секциялы тальдік блоктар қажетті жағдайда шамдарды қолмен орнату үшін пайдаланады.
Тәл арқандары Бұрғы қондығылары тәл жүйелерінде алты жұмыр еспелі болат арқандар қолданылады. Еспелер органикалық немесе болат өзекке өріледі. Еспелердегі сым санын 19-дан 37-ге дейін жеткізіп дайындайды. Арқан өзекшесі ретінде кендір немесе пластмасса қолданылады. Арқан дайындау үшін жоғары көміртекті және жоғары марганецті болат сымдар қолданылады. Тәл арқанын тура немесе айқастыра өріп дайындайды. Тәл жүйесінде айқастыра өрілген сым арқандар қолданылады.
Айқастыра өру тәсілінде сымдар еспеде бір бағытта өрілсе, еспелердің өзі арқанда қарама-қарсы бағытта өріледі. Айқастыра өрілген арқандарды бір өзекшеге оң және сол бағытта орап дайындайды. Оң бағытта сағат тілінің айналу бағытымен, ал сол бағытта керісінше өреді. Бұрғы шығырына бекітілген қозғалмалы шетінің орнына және шығыр барабанында оралу бағытына байланысты тәл арқандары оң өрмелі болуы тиіс. Арқанды тез тозудан сақтау үшін еспелердің сыртқы қабаттарындағы сымдардың диаметрі үлкен, ал ішкі қабаттарындағы сымдар диаметрі арқанды иілімді ету үшін кіші етіліп алынады.
Бұрғы ілмегі мен ілмеблок Бұрғы ілмектері жеке дара немесе тәл блотымен бірге (ілмеблок) дайындалады. Олар көтеріп-түсіру процесінде бұрғылау құбырлары мен шегендеу құбырлары тізбегін алқамен бұрғы элеваторы арқылы ілу, бұрғылау кезінде ұршықты бұрғылау тізбегімен ілу және монтаж, демонтаж жұмыстарында жүктерді түсіру, тарту үшін қолданылады.
Конструкциялық дайындалуы бойынша ілмектер бір, екі, үш ашалы болып келеді. Қазіргі кезде негізінен үш ашалы бұрғы ілмектері қолданылады. Оның екі бүйірлік ашаларына сырға ілінеді. Дайындалу тәсілдеріне қарай ілмектер соғылған, құйылған және қатпарлы құрылмалы болып келеді. Мысал ретінде көтеру күші 225 тн, көтеру ілмегінің конструкциясын қарастырамыз (2 сурет).
2 суретте ілме блотының конструкциясы келтірілген. Ол тәл блоты мен бұрғы ілмегінің біріккен түрі.
Сурет 10. Ілмеблок
Роторлар Бұрғылаушы ротор, қысқартылып айтылғанда ротор немесе айналдырушы деп айтады.
Ротор бұрғылау тізбегіне бұрғылау кезінде айналым беру, ал көтеріп-түсіру кезінде оны ұстап тұру үшін қолданылады. Ротор тігінен ілінген бұрғылау құбырлары тізбегіне трансмиссия білігенен айналым беретін редуктор. Ротор станинасы бұрғылау, көтеріп-түсіру жұмыстары барысында барлық салмақты қабылдап, тұғырға береді. Станинаның ішкі қуысы май ваннасы сияқты. Ротор білігінің сыртқы шетінде шынжырлы дөңгелек немесе кардан білігінің жарты муфтасы орналасуы мүмкін.
Мысал ретінде Р-560 роторының конструкциясын қарастырамыз. Ол стаканға оралған ойығы бар және жетек білік пен тіке станина орналастырылған станинадан тұрады. Станина ішінде тісті шар отырғызылған ротор үстелі тірелетін негізгі тіректік шар тәрізді подшипник отырғызылған.
Станина мен ротор үстелінің май ваннасын, жуу сұйығынан қорғайтын шытырман тығыздауыш құрайтын ойығы (А) бар. Ротор үстелі дискасының қапталында тоқтату механизмінің бекіткіші кіретін тіке ойығы (Б) бар. Ротор станинасы ротордың негізгі тірегінің май ваннасын құрушы төлке престелініп отырғызылады. Ротор станинасының астына, ротор үстелін центрлеуші және жоғары бағытталған тіке салмақтарды қабылдаушы қосалқы подшипник орнатылған. Подшипник ротор үстелінің төменгі шетіне болтпен ұстатылған фланецқа тіреледі. Фланец төменгі шар тәрізді тірекке май ваннасын құру үшін тіке цилиндрлі қабырғамен жасалған.
Май ваннасын жуу сұйығынан қорғау үшін оның астына, ротор үстеліне болтпен ұстатылған сақина орнатылған. Фланец пен сақина арасындағы саңылау фланецке жалғанып, ротор үстелімен бірге айналатын шойын қалқанмен жабылады. Бұл саңылауды жуу сұйығының кіруінен қорғайды, ұстіңгі жағында станинаға болттармен ұстатылған ротор қақпағы орналасқан. Жетек білігіне тісті берілістің конусты шестернясы отырғызылған. Білік шестерня жағынан екі конусты подшипникке, қарама-қарсы жағынан стаканға орналастырылған подшипникке тірелді. Стакан шестерня жағынан бұйірлік қақпақпен, ал шарикті подшипник жағынан бұйірлік тығыздауышпен жабылады.
Подшипниктер арасындағы қуыс олардың май ваннасы болып саналады. Ротор үстелі бекіткіш арқылы тоқтатылады. Бекіткіш стакан ішімен қозғалатын төлкеге пісіріліп ұстатылады. Төлкенің үстіне ротор қақпағының ойығына кіріп тұратын пластинкалы тұтқа пісіріліп жалғанады. Пластинкалардың бірінде бекіткіш орнын көрсететін белгі болады. Төлкені жоғары көтеріп, 1800 бұрып, стакан ойығына түсіріп, бекіткіш арқылы ротор үстелін бекітуге немесе ашуға болады. Тоқтатқыш төменгі жағынан, оны қажетті бағытта ұстап тұратын серіппеге жалғанады. Ротор үстелінің сыртқы қапталында пневматикалық сына ұстауышты көтеретін, ротор столына тіке бағанамен орнатылған төлке фланеці кіретін шаршы ойық жасалған.
Шығыр арқылы қозғалтқыштан роторға айналым берген жағдайда, ротордың айналу жиілігін лебедка беріліс механизмдерінің көмегімен немесе шынжыр дөңгелектерді ауыстыру арқылы өзгертеді.
Шығырдың жұмысы мен ротор жұмысын қабаттастырмау үшін роторлық бұрғылау тәсілінде, роторға жеке жетек қолданады.
Ұршықбас Ұршықбас ол ілінген түсірілетін қозғалмалы тәлдік жүйемен айналып тұратын бұрғылау құбырлары және бұрғылау жеңшелерінің арасындағы аралық буын (звено) болып табылады. Ол ұңғымаға түсірілген (ұшықбастың айналмайтын корпусындағы және онымен бұрғылау жеңшелері арқылы және талдық жүйенің қозғалмалы бөлігі арқылы байланысқан), бұрғылау құбырларының еркін айналуын қамтамасыз етуге және оларға шаю ертіндінің 20МПа дейін және одан да жоғары қысымдарда берілуіне арналған. Ұңғымаларды бұрғылау процесінде ұршықбас жетекші құбырмен бірге тік (вертикальді) бағыттарда ауыстырылатын болғандықтан, бұрғылаудың ішінде орнатылған, бағанадан ұршықбас тамақшасына шаю ерітіндінің берілуі негізінен 18м ұзындықтағы иілгішті бұрғылау жңшесі бойынша жүзеге асырылады. Жеңшенің үзілуі кезінде құлауды болдырмау үшін 10-12мм арқанмен бекітіледі.
Кез-келген бұрғылау ұршықбасы (детальдардың) бөлшектердің екі тобынан құралады:
айналмайтын, көтергіштік ілгекпен байланысты;
айналым тұратын, бұрғылау құбырларының бағанамен байланысты.
ШВ-14-160 (”Бакинец”) ұршықбасы. Бұл ұршықбастар 3000-3500м тереңдіктегі ұңғымаларды бұрғылау үшін біршама сенімді болып саналады.
Уралмаш зауыты У6-ШВ-14-160 шифры бойынша ұқсас конструкциядағы ұршықбастарды шығарады, олар 125-130т жүккөтергіштіктегі бұрғылау қондырғыларына арналған. Оларды көп жүккөтергіштіктегі қондырғылар үшін де пайдалануға болады.