Бақылау сұрақтары
1. Тәл блоктары не үшін қолданылады?
2. Кронблоктардың атқаратын қызметі?
3. Ротордың конструктивтік ерекшілері?
4. Ілмеблоктардың атқаратын қызметі?
Әдебиеттер
Булатов А.И., Аветисов А.Г. Справочник инженера по бурснию. В 4-х томах -М.: Недра, 1998.
Булатов А.И., Проселков Ю.М., Рябченко В.И. Техиология промывки скважин - М.: Недра, 1981.
Булатов А.И., Пеньков А.И., Проселков Ю.М. Справочник по промывке скважин. - М.: Недра, 1984.
Ивановский В.Н. и др. Оборудование для добычи нефти и гача. - М: РГУ нефти и газа им.И.М.Губкина, 2002.
6 дәріс. Шығарып тастауды болдырмайтын кұрал-жабдық.
1 Шығуға қарсы құрал
Қабат сұйықтары (газ, су, мұнай) өткізгіш қабаттардағы қабат қысымы, ұңғы ішіндегі жуу сұйығы гидростатикалық қысымынан жоғары болған жағдайларда, ұңғы ішіне ағып құйылуы мүмкін. Бұл ғы ішіндегі жуу сұйығының тығыздығьш жете қадағаламау, бұрғылау тізбегін ұңғыдан көтеру кезінде, жуу сұйығьшың ұңғы ішіндегі деңгейінің төмендеуі және жуу сұйығьш жеткіліксіз газсыздандыру салдарынан болады. Қабат сұйықтарының ұңғыға ағып құйылу қарқыны қабат қысымы мен ұңғы ішіндегі қысым айырмасына, ұңғы оқпаны маңьшдағы учаскелердің өткізгіштігіне, қабат сұйықтарының қасиеттеріне байланысты болады.
Қабат сұйықтарының біразы бұрғылау кезінде тау жыныстары бөлшектерімен бірге түседі, оның көлемдік жылдамдығы шамамен механикалық бұрғылау жылдамдығына пропорциональды. Өте жоғары механикалық бұрғылау жылдамдықтарында өстіп қосылатын газ көлемінің қауіптілігі зор. Қабат сұйықтары сонымен қатар капиллярлық және осмотикалық қысым әсерінен болатын диффузия салдарынан, өткізгіш ұңғы қабырғалары арқылы өтіп қосылуы мүмкін. Мұндай жағдайдағы ағып құйылу қарқыны онша емес, жуу сұйықтары толық газсыздандырылған жағдайда айтарлықтай қауіп туғызбайды.
Ұңғыны жуу кезінде және оны тоқтатқаннан кейін де, газды қабаттарға жуу сұйығьшан дисперсиялық орта (су) сүзіліп өтеді. Газ тығыздығы төмен, сондьпсган ұн^ы ішіндегі газды қабаттар табанына жақын аралықтардағы артық қысым, төбесіндегіге қарағанда жоғары болады. Тыныштық күйде, тиксотропиялы жуу сұйығының түсіретін қысымы, қатты фазалардың шөгуі салдарынан азаяды. Егер газды қабаттар төбесіне түсірілетін қысым қабат қысымынан азайса, дисперсиялық ортаның сүзілуі тоқтап, ұңғы ішіне қабаттан газ келіп түсуі мүмкін.
Егер газды қабаттардағы тау жыныстары саңылаулы болып келсе, бұрғылау барысында, жуу сұйығы саңьшауларға өтіп, қабат газдарымен араласады. ұңғы ішіндегі қысым төмендеген сайын, саңьшаулардағы газ аралас сұйық қабаттан ұңғы ішіне қарай ағуы мүмкін.
Жуу сұйығының айналымьш қалпына келтіргеннен кейін, газдалынған сұйық үл^ы сағасына көтерілген сайын, оның құрамындағы газ үлғайьш, газ бен сұйык^ың көлемдік қатынасы өседі. Осының нэтижесінде, газдалынған жуу сұйығының үл^ы қабырғасына түсіретін қысымы азайып, қабат қысымы мен ұңғы ішіндегі қысым айырмасы өсіп, қабаттан газдың ағып қуііылуьша себепші болады. Газ араласқан жуу сұйығы ұңғы сағасына жақындаған сайын газ көпіршіктері қарқынды ұлғайып, жуу сұйығы ішінен шығарылып тасталуы мүмкін. ұңғы қабырғасына түсірілетін қысым азайьш, ұңғы ішіндегі сұйықтың атылуы мүмкін.
Қабат сұйықтарының ұңғы ішіне құйылуы жуу сұйықтарының тығыздығының төмендеуі, қабылдау қалбырларындағы деңгейдің төмендеуі, ұңғыны жууды тоқтатқан кезде ұңғы сағасына тасып шығуы, превентор жабық кезде қысымның өсуі, сұйық ағынындағы газ көпірпгіктері арқылы байқауға болады.
Қабат сұйықтарының ұңғы ішіне ағып құйылуы, бұрғылау процесін бузып қана қоймай, күрделі апаттарға соқтыруы мүмкін. Қабат сұйықтарының ағьш құйылу қарқыны жоғары жағдайларда, ғы сағасы бұзылып, қопарылыс, өрт қауіптері туады.
Қабат сұйықтары ұңғы ішіне құйылып, жуу сұйықтарының кері атқылауын болдырмау және тоқтату үшін, ұңғы сағасын арнайы превенторлармен жабдықтайды. Мұндай ашық атқылаудан сақтандырушы қондырғьшардың толық құрамы екі плашкалы, эмбебап және айналмалы превенторлардан және белгілі қашықтықтан басқарушы аспаптардан, байланыстырушы құбыр жүйесінен тұрады.
Превентор жоғары қысымдық арнайы ысырма. Плашкалы превентор (117-сурет) тұрқыдан (2), екі жылжымалы горизонталь плашкадан (10), екі гидравликалық цилиндрден (1 және 6) тұрады.
р плашка штокпен (11), екі жақты әсер етуші цилиндрлер (1 немесе 6) арқылы қосылады. Цилиндр превентор тұрқысының (2) ішіне шарнир (13) және бұранда (5) арқылы ұстатылған бүйір қақпаққа (12) бекітіледі. Жалғанған жерлердің беріктігі тығыздауыш сақина (4) арқылы іске асырылады. Гидравликалық цилиндрдің жұмысы арнайы басқару пульті арқылы іске асырылады. Цилиндрлерді іске келтіретін сұйық түтік (15) арқылы, первентордан тысқары орналастырылған гидравликалық жетектен келеді. Превентордың гидравликалық басқару жүйесі істен шығып қалған жағдайлар да, бұрғы қондырғысынан тысқары қауіпсіз жерге орналастырылған штурвалды қолмен басқару тетігі арқылы жабуға болады. Ол үшін әр цилиндр штотының ішіне бұрандалы төлке (7) және бұрандалы кішкене білік (8) орналастырылған. Біліктің штурвалға жалғанатын аша шеті (9) сыртқа шығарыла отырғызылған. Қыста превенторларды жылту үшін, оның тұрқына жылу берілетін канал (3) жасалған.
Превентор плашкалары (10) шток (11) және гидравликалық цилиндрлер (1 және 6) көмегімен тұрық (2) ішінде қозғалып, превентор тесігін жауып ашады. Плашкалардың өзара түйісетін, ойықты плашкалардың бұрғылау құбырларымен түйісетін беттерін арнайы р езеңкемен (14) қаптайды. Плашкалары ойықты превенторлар, ұңғы ішінде бұрғылау құбырлары немесе шегендеу тізбегі орналасқан жағдайларда, ұңғы сағасын бекіту, ал саңылаусыз плашкалы превенторлар ұңғы ішінде құбыр тізбектері болмаған кезде қолданылады. Сондықган ұңғы сағасына біреуі ойық, екіншісі саңьшаусыз плашкалы екі превентор қойылуға тиіс.
Сурет 11. Плашкалы превентор
Превенторлардың негізгі параметрлері тесігінің диаметрі мен сағасын бекітудегі жұмыстық қысым болып саналады. Превентор тесігінің диаметрі ұңғыны бұрғылауда қолданылатын қашау диаметрлерінен үлкен болуы тиіс. Ал жұмыстық қысым шегендеу тізбегі сағасында газ, мұнай атқылау кезінде, превенторларды жапқанда байқалатын қысымнан жоғары болуы тиіс. Газ атқылап жуу сұйығы газбен толық ауысқан кезде ұңғы сағасындағы ең жоғары қысым шамасын төмендегі формуламен
Ру = Рқе8, (143)
Тс- жабық ұңғы ішіндегі газдың орташа абсолюттік температурасы,°К.
Әмбебап превентор ұңғы сағасын бұрғылау құбырлары бар және жоқ кезде де жаба алады. ұңғы сағасы плашкалы немесе эмбебап превенторлармен жабулы кезде, бұрғылау тізбегін айналдыруға болмайды. Сондықтан роторлық бұрғылау тәсілінде, ұңғы сағасын бекіту үшін арнайы айналмалы превенторлар қолданылады.
Ұңғы сағасына превенторларды орналастырудың бірнеше схемалары бар. Солардың ішінде сағалық қысым 70 МПа және одан жоғары болатын жағдайларда қолданылып жүрген схема түрі 118-суретте келтірілген.
Шегендеу тізбегінің басына (8) үстіне плашкалы превенторлар (біреуі ойық 5 екіншісі саңылаусыз 6) отырғызылатын екі крестовина (7) орналастырылады. Екінші сағалық крестовинаға (7) тағы бір ойық плашкалы превентор (5) отырғызылып, оның үстіне эмбебап превентор (4) қойылады. Ал роторлық бұрғылау тәсілінде эмбебап превентордан бөлек, айналмалы превентор (3) қолданылады.
Әр крестовинаға (7) апаттық (А) және дроссельдік (Б немесе В) бағыттау бұрма жолдары жалғанады. Дроссельдік бұрма превентор жабық кезде ұңғы ішінен көтерілген жуу сұйығьш тазарту жүйесіне бағыттау үшін, сонымен қатар қабат сұйықтарының ағып құйылуын тоқтату кезінде, цементтеу немесе бұрғы сораптарымен ұңғы ішіне сұйық айдау үшін қолданылады.
Сурет 12. Қабат қысымы аномальды жоғары ұңғьшар сағасын бекіту схемасы
Дроссельдік бұрма тез ауыстырылатын (12), реттелінетін (16) штуцерлар және жайғастыру камерасымен жабдықталған. Апаттық бұрма, ұңғыдан шыққан мұнай мен қабат суларын арнайы қамбаларға, ал газды жағу факельдарына бағыттау үшін қолданылады. Оның ұзындығы 100 м кем болмауға тиіс. Барлық бұрмаларға ұңғы қысымын қадағалау үшін манометрлер (10), дистансионды гидравликалық (13) және қолмен (14) басқарылатын жоғары қысымдық ысырмалар қойылады.
Қабат сұйықтарының атқылауын, ашық фонтандарды тоқтату үшін төмендегідей шаралар қолданылады:
1) ұңғы ағысын превенторлармен бекітіп, олардың дұрыс жұмыс істеуін қадағалау;
2) ұңғы ішінен шығатын жуу сұйығының сапасы мен параметрлерін (тығыздық, газ құрамы) қадағалау;
қабат қысымы аномальды жоғары қабаттарды бұрғылап ашар алдында,жуу сұйығының тығыздығьш қажетті шамаға дейін көтеру;
қабат қысымы жоғары қабаттарды бұрғылауда қолданылатын жуу сұйығының сүзілу көрсеткіші, статикалық, динамикалық ығысу кернеулері төмен, тәуліктік түдба мөлшері нөлге тең болуы қажетті;
ұңғы ішінен көтерілетін жуу сұйығьш газдан мұқият тазарту, газ мөлшері өте көбейіп кеткен жағдайларда, бұрғылауды тоқтатып, ұңғыны жууды жалғастыра отырып, жуу сұйығын тығыздығы жоғары жуу сұйығымен алмастыру қажет;
газ айырғыштан өткен жуу сұйығының толық газсыздануын бақылап, толық газдан айырылмаған жағдайларда, қосымша газ айырғыш қою қажет;
газ қабаттарын бұрғылау кезінде, жуу сұйығы ағынындағы газдың жуу сұйығын ұщъщан лақтырып тастау қауіпі өте зор, сондықтан механикалық бұрғылау жылдамдығын төмендету қажет;
8) қабат қысымы аномальды жоғары қабаттарды ашу үшін, екі, үш ұңғы көлеміндей жуу сұйығының қоры болуы тиіс;
бұрғылау тізбегін көтеру кезінде, жуу сұйығын ұңғыға үстемелеп щшш, ұңғы ішіндегі жуу сұйығының деңгейін ұңғы сағасынан төмендетпей ұстау қажет;
бұрғылау тізбегі құрамына, кері клапан немесе вертлюгтен жоғары қысымдық шар ысырма қою қажет;
ұңғыны жуу процесін тоқтату мерзімін ұзаққа созбау қажет;
12) жуу сұйығы айналымын қалпына келтіруді превенторды
жауып іске асырған жөн.
Қабат сұйықтарын ұңғы ішіне құііылуынан саісгандыру үшін қабат қысымының мәндерін жете білу өте қажетті, сондықтан бұрғылау барысында оны анықтап, геологиялық-техникалық нарядта міндетті түрде көрсету тиіс.
Егер ұңғы ішінде бұрғылау тізбегі бар кезде, қабат сұйықтарының ұңғыға ағып құйылуын тоқтата алмай, жуу сұйығы көтеріле бастаса, превенторды жылдам жауып, ұңғы ішінен шығатын сұйықты реттеуіш штуцермен жабдықталаған бұрма арқылы бағыттап, бұрғылау тізбегі арқылы ұңғыға тығыздығы жоғарылау жуу сұйығын айдау керек.
Жуу сұйығының көтерілуін тоқтата алмай, ашық фонтанға айналған жағдайда, апаттық шиеленіс жұмыстарына арнайы фонтанға қарсы жұмыс жүргізетін мекемелді шақыру қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |