Бақылау сұрақтары 1. Бұрғы қондырғылардың атқаратын қызметі?
2. Бұрғы қондырғыларын топтастыру?
3. Дизельді жетектеушімен бұрғы қондырғылардың түрлері?
4. Электр жетектеушімен бұрғы қондырғылардың түрлері?
Әдебиеттер Едигаров С.Г., Бобровский С.А. Проектирование и эксплуатация нефтебаз и газохранилищ. М.: Недра, 1973 – 180 с.
Коршунов Е.С., Едигаров С.Г. Потери нефти, нефтепродуктов и газов и меры их сокращения. М.: Недра, 1968 – 117с.
Лессиг Е.Н., Лилеев А.Ф., Соколов А.Г. Листовые металлические конструкции. М.: Стройиздат, 1970 –488 с.
Черникикн В.Н. Сооружение и эксплуатация нефтебаз. М.: Гостоптехиздат, 1955 – 317 с.
5 дәріс. Айналмалы бұрғылау мен түсіріп-көтеру операцияларына арналган кұрал-жабдықтар.Бұрғылау қондырғысы циркуяциялық кешенінің құрал-жабдық.
1. Тәл жүйесінің механизмі Тальдік механизм немесе тальдік жүйе бұрғылау қондырғысының жүк тасымалдаушы бөлігі – болатты канатпен иілген крон блокпен тальдік блоктан тұратын полиспаст болып табылады. Бұрғылау бағанасын және иілмелі құбырларды ілу үшін тальдік блок қармақпен немесе автоматты элеватормен жабдықталған. Ілінген жүктің жүктемесі жұмысшы канат тармақтары арасында таралады, ал олардың саны тальдік блокпен крон блоктың шкив санынан анықталады. Тальдік жүйе канат жүктелуін көтерілетін жүк салмағымен сақтандырады. Осының есебінен канат ұзындығы өседі.
Тальдік канаттың жұмысшы шектері тальдік блок пен кронблок шкивкалы арасында орналасып, жүрісті және қозғалмайтын түріне қарағанда өзінің ұзындығын ілмекті түсіру, көтеру кезінде өзгертеді.
Тальдік механизмдер бұрғылау қондырғыларының мұнарасына бекітіліп, келесі ерекшеліктерге ие:
тәл жүйесі ілмекпен бірге ұңғыма сағасында орналасып, бос күйінде вертикаль бағытта қозғалады;
ілмекті көтеру биіктігі мұнараның биіктігімен және көтеру-түсіру операциясының қәуіпсіздігімен байланысты;
шкив диаметрімен басқа жүк тасымалдаушы жүйелердің өлшемдері бұрғылау мұнарасының көлденең өлшемдерін ескере отырып таңдайды;
жүктемелер мен түсіру–көтеру операцияларының жылдамдығы үлкен диапозонда ұңғыма тереңдігі және құбырлар бағананың ұзындығына байланысты өзгереді.