Финансовый анализ


Психиканың көрсеткіші ретінде сананы бөліп қарау



бет5/9
Дата27.09.2023
өлшемі344,84 Kb.
#110846
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Сәтбек Қ.Ж. Психология тарихы

Психиканың көрсеткіші ретінде сананы бөліп қарау. Декарт “адам санаға ие және ойлау процесі кезінде өзіндік ішкі өмірі бар екеніне көзі жетеді”- деп есептеді. Сана оймен тығыз байланысты. Декарт сыртқы дүниенің білімнің пайда болуына тигізетін әсерін жоққа шығармайды, бірақ оның пайымдауынша жалпы идеялар туа біткен қасиет болып табылады. Бұл теріс қағиданы тіпті оның өз замандастары сынаған болатын. Алайда, ол күні бүгінге дейін идеалистік ілімдерде өмір сүріп келеді. “Рефлекс” және “сана” ұғымдарының мазмұнын белгілеп алып, Декарт оларды бір-бірінен бөліп тастады.


Сана
Рефлекс
Рефлексті психикалық әрекеттерге жанастырмай жануарлардың мінез-құлқын детерминистік зерттеу мүмкіндігімен байланыстырады.
Сананы өзімен-өзі тұйықталған және тек интроспекцияның, яғни өзін-өзі бақылаудың ғана қолы жетер құбылысы деп қарады. Сана құбылысының сыртқы дүниеге тәуелсіздігі және олардың өзін-өзі бақылау арқылы ғана зерттеу мүмкіндігі күні бүгінге дейін көптеген идеалистік психологтар үшін сананы ұғынудың негізі болып қалып отыр.

Сананың эмпирикалық психологиясы мен ассоциация психологиясының қалыптасуы.

Әйгілі ағылшын ғалымы Ф.Бекон (1561-1626) ғылымды тәжірибелік зерттеулерге негіздеу және оның нәтижелерін адамның құралына айналдыру қажет деп санады. Оның пікірінше, адамның ақыл-ойын жетілдіру үшін оның табиғат жайындағы білімін өсіріп, күш қуатын арттыру керек. Бұл орайда дүниенің сырын тәжірибелік зерттеу арқылы ашқан тиімді деп тапты. XVII ғасырда психологиялық ой-пікірді дамытуда:

  • Жанды дене, соның ішінде адамның да жан дүниесін зерттеп, олардың құпия сырларын ашуға,
  • Әрбір индивидке, жеке адамдарға тән сананы, оның ішкі дүниесін бақылау арқылы өзіндік психикалық жай-күйін зерттеуге,
  • Адамның құмарлығы мен аффектілік күйлерін, оның өз мінез-құлқын меңгеруін, жақсы-жаман іске бой ұруын анықтауға,
  • Денесінің әл-қуатын, жүйке жүйесі қызметі мен психикалық жағдайы ара қатынасының қандай күйде екенін анықтауға ерекше мән берді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет