Финансовый анализ


Жаратылыстанымның дамуы және психологияның дербес ғылым болып бөлінуінде жаратылыстық ғылыми алғышарттардың қалыптасуы



бет8/9
Дата27.09.2023
өлшемі344,84 Kb.
#110846
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Сәтбек Қ.Ж. Психология тарихы

Жаратылыстанымның дамуы және психологияның дербес ғылым болып бөлінуінде жаратылыстық ғылыми алғышарттардың қалыптасуы


Психологияның XIX ғасыр ортасында дербес ғылыми пәнге айналуының табиғи-ғылыми негізі рефлекс туралы ілім, сезім мүшелерінің психофизиологиясы мен психофизикалық зерттеулердің нәтижелері болды.
Психологияның дербес ғылым ретінде пайда болуын әзірлеуде физиологиялық зерттеулер психикалық ауруларды емдеу тәжірибесінің үлкен маңызы болды. Қияли ауруларға шалдыққандарға “жын жетегіндегі” немесе, керсінше, “құдай адамы” ретінде қарауды ХVІІІ ғасырдың соңында “психиканың бұзылуы” “ауру” деген түсініктер ығыстырды. Психологияға “психиканың нормасы және патологиясы” “психикалық ауытқулардың себептерін іздестіру қажеттігі” сияқты түсініктер енді. Анотомия мен физиологияның дамуы ХІХ ғасырдың басында сезуші және қозғаушы нервтерді ашуға және анотомиялық – физиологиялық деректер негізінде рефлекторлық доға ретінде ұғымның тууына әкелді. ХVІІІ ғасырдың соңы және ХІХ ғасырдың алғашқы екінші онжылдығында Галль құрған френология - адамның немесе жануардың психологиялық ерекшеліктерінің бас сүйектің сыртқы бітімімен байланыстылығы туралы ілім, яғни бас сүйек туралы ілім кеңінен тарады.

Психологияның дербес пән ретінде бөлінуі.


Неміс психологі, физиологі Вундт эксперименталдық психология лабораториясын ұйымдастырды. Онда түйсік пен қабылдаулар, кейіннен ассоциациялар мен сезімдер зерттеуге алынды. Вундт физиология, психофизика, философия ғылымындағы бағыттарды біріктіре отырып, объектісі адам болып табылатын эксперименттер негізінде психология жеке дербес ғылым ретінде дамитынын көрсетті. Алынған нәтижелер “Физиологиялық психологияның негіздері” деп аталатын еңбектері жарияланды.

Шетел психологиясының негізгі бағыттары.


.
Бихевиоризм – ағылшын сөзінен шыққан “мінез-құлық” дегенді білдіреді. Бұл ағымның пайда болу алғы шарты физиологияда шартты рефлекстер әдісін жасау психологияда эксперименттің табысты дамуы. Зоопсихологияның экспериментік тармағы болып табылады. 1913-жылы американ психологы Д.Уотсонның психологияның мінез-құлық жөніндегі ғылым деп қарастырған кітабы жарық көрді. Зерттеуші интроспекция әдісін субъектівті деп жоққа шығарды.
Гештальтпсихология ағымы немістің “бейне”, “кескін”, “үйлесім” деген сөзінен шыққан. Гештальпсихология Германияда бихевиоризммен қатар пайда болды. Гештальтизім бұл бағыттың негізіне М.Верт, Тейлордың (1880-1949) , В.Келлердің (1887-1967),К.Кофканың (1886-1941) еңбектері алынды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет