Финансовый анализ



бет3/9
Дата27.09.2023
өлшемі344,84 Kb.
#110846
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Сәтбек Қ.Ж. Психология тарихы

Пәндік емес құзіреті:
- практикада алған білімдеррді дұрыс пайдалана алу;
- оқу-ізденістік іс-әекеттің дағдылары;
- психологиясының әдістерін білімді түрде қолдану.

Психология тарихы пәні, оның міндеттері.


Психологияның көп ғасырлық тарихы бар. Алғашқы ғылыми түсініктері б.з.д. YI ғасырда пайда болды. Психология тарихында екі үлкен кезең ажыратылады. 1. Философия және тағы басқа ғылымдар, әсіресе жаратылыстану ғылымдары құрамындағы психологиялық білімдердің дамуы. 2. Психологияның дербес ғылым саласы ретінде дамуы. Дегенмен, психология тарихын бұдан да кіші кезеңдерге бөлу оны тереңірек зерттеуге мүмкіндік береді.
Міндеттері:
  • Психика туралы білімнің даму заңдылықтарын зерттеу.Ғылыми ойлаудың негізгі формацияларының ауысуында белгілі бір ізділік бар. Әр формация осы кезеңге сәйкес психикалық өмірдің бейнесін анықтайды. Осындай ауысулардың заңдылықтардың, яғни белгілі бір категориялар мен ұғымдардың келесі түрге ауысуын тек психология тарихы зерттейді. Осыдан бірінші міндет – психика туралы білімнің даму заңдылықтарын зерттеу шығады.
  • Психологияның жетістікке жетуіне негіз болған басқа ғылымдармен байланысын зерттеу.
  • Білімнің тууы мен қабылдануының әлеуметтік – мәдени идеолгиялық әсерлерге байланыстылығын анықтау.
  • Жеке адамның ролін ғылымның дамуында, оның дербес жолын зерттеу.

Ежелгі Шығыстағы психологиялық ой-пікірлердің дамуы.

  • Б.з.д. 6 ғасырда Үндістанда адамның жан дүниесі жайындағы діни нанымдарға негізделген Джайнизм және Буддизм бағыттары кеңінен тарады. Бұдан кейінгі кезеңдерде Үндістанда философиялық мектептерде жан туралы түсініктерді метофизиологиялық әдептәк мақсаттарды дәріптеуге пайдаланды. Бұл бағыт келесі дәуірлерде түрлі жолға түсіп, жан дүниесін адамның даралық ерекшеліктерге орай түрліше түсіндірді. Ал иога бағытын ұстанушылар шындықты танып білу үшін адам бойындағы психикалық қасиеттердің жасырын сырын жеңе білуге уағздады. Ертедегі Үндістан ғұламаларының пікірінше адамның өз ішкі дүниесінің сырын меңгеріп оның даралық ерекшелігін әдептік этикалық жағынан іздестіріп білуге ұмтылғаны осыдан айқын байқалады.
  • Ерте дәуірдегі Қытай елінде кеңінен тараған философиялық діни ой-пікірлер әйгілі ғұлама Конфуциидің ( б.з.д. 551-479ж) есімімен байланысты. Оның іргетасын өзі қалаған мектебі конфуцияндық деп аталды. Конфуцидің пікірінше адамның білімі мен психикалық сапалары туа берілетін қасиет.Осындай тарихи жағдайлар адамның жан дүниесіне қатысты мәселелерді өте ерте кезеңде-ақ адамзат мәдениетінің дүниетанымы мен білімінің философиялық жүиесінің табиғат жайындағы орынды мағұлматтары, әр адам психиканың өзіндік сипаттарын білдіретін ізденіс нәтижесі болғандығын көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет