Финансовый анализ


XVIII ғасырдағы француз психологиясында эмпирикалық бағыттың қалыптасуы



бет6/9
Дата27.09.2023
өлшемі344,84 Kb.
#110846
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Сәтбек Қ.Ж. Психология тарихы

XVIII ғасырдағы француз психологиясында эмпирикалық бағыттың қалыптасуы.

  • К.А.Гельвеций (1715-1771) философ әрі материалист жас кезінде Локктың “Опыты о человеческом разуме” деген еңбегімен таныс болды. XVIII ғасырдың 50 жылдарында оның “Ақыл туралы”, 1773 жылы “Адам туралы” және “Ақыл-ой” деген кітаптары жарық көрді. Гельвецийдің зерттеу объектісі ақыл мәселесі болды. Мәселен: Ақылдың теңсіздігі қайдан шығады? Ақыл табиғатқа немесе тәрбиеге байланысты ма? Осыларға байланысты Гельвеций келесі идеяларды дамытты. Адам сезуі және сезімді сақтауы, яғни есте сақтау қабілетінен туады. Э.Кондильякқа сүйеніп, онымен бірге Локк тәжірибесін кері шығарып, Гельвеций сезімнен интеллектуалды қабілет түзілетінін көрсетеді. Гельвеций “барлық адамдар табиғаттарында өте нәзік сезімге ие” дейді. Сондықтан ол жаңалық ашуда математикадан, физикадан, химиядан, саясаттан мүмкіндігі бар. Осыған орай, жоғарыға ұмтылу жағымды ақылдың сезімі. Үлкен жаңалықтар ашуға әкелетін жағдайларды оқу, түсіну, ұғынудың мәнін асыра айтқанмен творчестволық процестің шынайы ерекшелігі осы кезеңдегі психологтарды қызықтырады. Гельвеций “қызығу” ұғымын биологиялық ұғым деп түсіндіреді.
  • Жан-Жак Руссо (1712-1778). Оның дүние құбылыстарын қабылдау туралы ұғымы сенсуалистік бағытта, түйсіктің құдіретіне бас ұру бағытында болды. Демек, біздің санамызда сезім мүшелері арқылы қабылданатын түйсіктен басқа ешнәрсе жоқ деп түсіндірді. Ол баланың адамгершілік тәрбиесін үш бағытта жүргізуді көздеді, яғни ізгі сезім, ізгі ой жүгірту және ерік бағыты.
  • Сонымен француз материалистері “адам туғаннан тең болып туады, талант іштен туа пайда болмайды, ол тәрбие үстінде жетіледі” деген қорытынды жасады. Ал, Гельвеций және Дидро тәрбиеге шешуші роль бермейді. Тәрбие тек дені сау, табиғи қабілеті бар адамды дамытады.
  • XVIII ғасырда Францияда эмпирикалық процесс қалыптасты. Бұл процесс Локк теориясы, сонымен қатар басқа да рационалистер әсерінен туындады. Француз эмпирикалық психологиясының ағылшын психологиясынан ерекше айырмашылығы адамдар көзқарасының негізгі белсенді проблемаларға көңіл бөлуі, әрі олардың қоғамдық шарттарға негізделуі.
  • Э.Кондильяк (1715-1780). Ол тәрбиелік даму іс-әрекетінің туындауын бақылады. Ол сезімнің әлеуметтік негізделуін қарастырды. Ой процесстерін талдауда ол басқа да философ, материалистер сияқты сезімді ойлаудан айырмай, материалистік позицияны ұстанды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет