Финансовый анализ


Ежелгі Греция және Рим елдерінде психологиялық білімнің дамуы



бет4/9
Дата27.09.2023
өлшемі344,84 Kb.
#110846
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Сәтбек Қ.Ж. Психология тарихы

Ежелгі Греция және Рим елдерінде психологиялық білімнің дамуы.

  • Ежелгі Грек жұртшылығының ғұламалары Героклит (б.з.д. 6ғ) Демокрит (б.з.д. 5ғ) жан табиғаттың бір бөлігі ол сол табиғат заңына ыңғайланбайды деген пікірді қолдады. Демокрит психиканы яғни жанды оттың атомдарындай қозғалмалы қасиет деп санады. Сонымен жан туралы алғашқы ілім психиканың адам тәнінің қызметі деген бір материалистік түсінікті тудырды.
  • Сол заманның ғұлама ойшылы Платон (б.з.д. 427-347) жан мәңгілік нәрсе ол өлмейді, өшпейді деген қорытынды жасады.
  • Ежелгі дүние тарихында айрықша орын алатын энциклопедист Аристотель (б.з.д. 384-322) психологиялық ой-пікірдің табиғи негізге сүйеп биологиямен медицина саласына бағыттады. Ол психика туралы ілімді одан әрі тереңірек зерттеп “жан туралы “ деген еңбек жазды. Платонның психика жайындағы дуалистік көзқарасы объективтік шындыққа материалистік бағытқа қарай бұрды.
  • Сонымен Героклит пен Демокриттің, Платон мен Аристотельдің жан жайындағы көзқарастары психологиялық ілімнің келешектегі дамуына ғылыми негіз болып қаланды. Грек ойшылы Сократ ( б.з.д. 470-399ж)” өзіңді өзің тани біл “ деген ұлағатты пікірін адамның жан дүниесімен ұштастырды.

Орта ғасыр және қайта өрлеу дәуіріндегі психология мәселелері.
Аристотельдің және басқа да ғалымдардың идеялары, ашқан жаңалықтары, ой-пікірлері жаңа сипат алып, біздің аты әлемге әйгілі ғұлама бабамыз Әбу Насыр әл-Фараби (870—950 жж.), Әбу Али ибн Сина (Авиценна) (980—1037 жж.), Ибн Рошд (Аввероэс) (1126— 1198 жж.) сияқты орта ғасырлық ғұламалардың зерттеулері арқылы адамның жан дүниесі жайындағы ілім өркендеді. Араб ғалымы Ибн әл-Хайсам (Әлгазен) (965-1039 жж.), Иранның медик ғалымы Закария Рази (865— 925 жж.) өз еңбектерінде адам жан жүйесі жайлы сол замандардағы ғылым жетістіктеріне сүйеніп, әр алуан зерттеулер жүргізді.
Орта ғасырлардағы еуропалык ойшылдар жанның мәңгі өлмейтіні, оның денеден бөлек өмір сүретіндігі жайлы психологиялық ой-пікірлер одан әрі қарай өрістеп, идеалистік көзқарастың дами түсуіне жол ашты. Осы бағытта Фома Аквинский (1225—1274 жж.) мен басқа да философтардың схоластикалық жүйедегі көзқарастары үдей түсті. Оның пікірінше жан беру, ол болмыстан тұрады әр тәннен бөлек өмір сүреді.
Жан мен дененің арақатынасын формамен, материямен салыстырады. Алайда, мұндай схоластикалық түсініктердің шындыққа сай еместігіне көз жеткізген ағылшын оқымыстылары Гроссетест (1175—1263 жж.), оның шәкірті Роджер Бэкон (1214—1292 жж.) барлық ғалымдар тәжірибеге және математика ғылымына сүйенуі керек деген тұжырым жасап, жан туралы және оны материямен бірлікте өмір сүреді дейтін аристотельдік қағиданы жаңғыртты. Р. Бекон (1214-1292) жанды материямен бірге өмір сүреді деп тұжырымдайды, сөйтіп Аристотельдің қағидаларын жаңартты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет