Жан Пиаже (1896 -1980) Женевалық генетикалық психология мектебінің негізін қалаушы. Пиаже психикасының дамуының кезеңдік концепциясын ұсынды. Алғашқы жұмыстарында бала ойлауының сапасын жасады. Клиникалық әңгіме арқылы баланың пікіріне сүйене отырып, оның танымдық іс - әрекетінің ерекше сипаты эгоцентризм екендігін айтты.
Гуманисттік психология өзінің қайратты дамуын 1950 жылдары байқатты, ақыл-ой зерттеуінің позитивисттік және ғылыми әдістемелеріне кертартпа ретінде жалғасты. Ол адам тәжірибесіне қараған феноменологиялық көзқарасты айырықшалап, адам мен оның іс-әрекетін сапалы зерттеу арқылы түсінуді іздейді. Гуманисттік әдістеменің тамырлары экзистенциалісттік және феноменологиялық философияда табылады және де гуманисттік психологтар ғылыми әдістемені мүлдем қабылдамай, адам тәжірибесін өлшемдерге көшіру оны барлық мәні мен маңыздылығынан айырады деп тұжырымдайды.
Кеңес психологиясының қалыптасуы мен даму тенденциясы .
П. П. Блонский, В. Я. Струмлинский, Қ. Н. Корнилов, Б. М. Теплов т. б. айтарлықтай үлес қосты. Психика дамуын әлеуметтік тарихи-мәдени теория тұрғысынан зерттеп, көптеген еңбек жазған Л. С. Выготский (1896— 1934), іс-әрекет психологиясының мәселелерін зерттеген С. Л. Рубинштейн (1887—1960), А. Н. Леонтьев т.б. еңбектері бұл ғылымның методологиясы мен принциптерін жаңа сипатта дамуға бағдарлады. Қоғамның тарихи даму мұқтаждығының, экономика мен идеологияның, мәдениеттің өрістеуіне сәйкес кеңестік дәуірде психологияның түрлі салалары мен тармақтары дамып, жетіліп, жеке-жеке ғылыми пәнге айналды. Соның нәтижесінде тәлім-тәрбие психологиясынық даму қарқыны мен оның қамтыған мәселелері әр алуан және сан қырлы болға-нын ерекше атап көрсеткен жөн.