Басқа жұмысқа ауыстыруды бірнеше негіздер бойынша түрлерге бөлуге болады: · мерзімі бойынша – тұрақты жəне уақытша;
· ауыстыру орны бойынша: а) бір ұйымның ішінде басқа жұмысқа ауыстыру; ə) басқа ұйымдағы басқа жұмысқа ауыстыру; б) өз ұйымымен қоса басқа жердегі басқа жұмысқа ауыстыру;
· бастама бойынша: а) жұмыс берушінің бастамасы бойынша; ə) қызметкердің бастамасы бойынша басқа жұмысқа ауыстыру.
Еңбек шартын тоқтату– бұл жұмыс берушінің қызметкермен арасындағы еңбек құқығы қатынастарының тоқтатылуы. Бұл еңбек құқығы қатынастарында мейлінше жиі кездесетін түсінік, ол ҚР «ҚР Еңбек құқығы» заңында көзделген барлық негіздерді (соның ішінде, еңбек шартын бұзу жəне жұмыстан босату), тіпті, қызметкер қайтыс болған жағдайды, көздейді. Жеке еңбек шартын тоқтату негіздері ретінде заңды фактілер мен əрекеттер де, оқиғалар да болуы мүмкін.
Жеке еңбек шартын бұзу– бұл еңбек қатынастарын қандай да бір тараптың (жұмыс беруші, басшылық, үшінші тұлғалар жəне т.б.) бастамасымен тоқтату, яғни, жеке еңбек шартын бұзу үшін еңбек құқығы қатынастарының кем дегенде бір тарапының өз еркін білдіруі қажет.
ҚР «ҚР Еңбек құқығы» заңында жеке еңбек шартын бұзудың нақты негіздері көзделген. Ол:
1) жұмыс берушінің бастамасы бойынша;
2) қызметкердің бастамасы бойынша;
3) тараптардың еркінен тыс жағдайлар бойынша жүзеге асырылуы мүмкін.
Кейбір қызметкерлер санатына олардың жасын, жұмысының ауырлығын жəне өзге де бірқатар факторларды ескере отырып, тараптардың өзара келісімі бойынша аптасына 36 сағаттан аспайтын жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығыбелгіленуі мүмкін: · он алтыдан он сегіз жасқа дейін - аптасына 36 сағаттан аспайтын; он төрт жастан он алты жасқа дейінгі қызметкерлер үшін
- аптасына 24 сағаттан;
· ауыр дене жұмыстарында жəне еңбек жағдайлары зиянды жұмыстарда істейтін қызметкерлер үшін - аптасына 36 сағаттан аспайтын болып белгіленеді. Бұл жұмыстар ерекше тізімде көзделген;
· жоғарылатылған эмоционалдық, ақыл-ойлық ізденуді қажет ететін қызметкерлер санаты үшін (мысалы, оқытушылар, дəрігерлер жəне еңбектің ерекше жағдайларында жұмыс істейтін өзге де қызметкерлер).