Толық емес жұмыс уақыты – бұл белгіленген жұмыс уақытының қалыпты немесе қысқартылған ұзақтығының бөлігі.
Толық емес жұмыс күні кезінде күнделікті жұмыстың ұзақтығы жұмыс күндерінің саны сақтала отырып азаяды.
Толық емес жұмыс аптасындакүнделікті жұмыс уақытының белгіленген ұзақтығы сақтала отырып жұмыс күндерінің саны азаяды.
Жекелеген жағдайларда қызметкерлердің кейбір санаттары үшін түнгі жұмыстың ұзақтығы күндізгі жұмыс уақытымен теңестіріледі. Бұл мына қызметкерлерге қатысты белгіленеді: 1. олардың ауыр дене жұмысында жəне зиянды еңбек жағдайларындаға жұмыста істеуіне байланысты қысқартылған жұмыс уақыты бұрыннан көзделген қызметкерлер үшін;
2. өндірістің жағдайлары бойынша қажет болған жағдайда, үздіксіз өндірістердің қызметкерлері үшін;
3. алты күндік жұмыс аптасы жəне бір демалыс күні жағдайындағы ауысым жұмыстарының қызметкерлері үшін.
Кейбір қзыметкерлер санаттары үшін (жауапты қызметкерлер, еңбегін есепке алу мүмкін емес немесе жұмыс уақытын өздерінің еңбек функцияларының ерекшеліктерін немесе еңбектің сипатын ескере отырып өз қалауымен пайдаланатын қызметкерлер, мысалы, орманшылар) нормаланбаған жұмыс уақыты (нормаланбаған жұмыс күні) белгіленеді.
Түнгі уақыттағы кезекшіліктер– бұл қызметкердің басшылықтың үкімі бойынша ұйымда жұмыстан тыс уақытта кейінге қалдырылмайтын мəселелерді (мысалы, мереке, демалыс күндері, төтенше жағдайлар кезінде) жедел шешу жəне тəртіп сақтау үшін жауапты болуы.
Жұмыс ауысымы– бұл заңға, жеке еңбек немесе ұжымдық шартқа сəйкес анықталған, қызметкердің тəулік бойына кестеге сəйкес істейтін жұмыс уақытының күнделікті ұзақтығы.
Жұмыс уақытының режиміретінде жұмыс уақытын тəуліктер немесе өзге де күнтізбелік кезең ішінде бөлу тəртібі, күнделікті жұмыстың басталу жəне аяқталу уақыты, күнделікті демалуға жəне тамақтануға арналған үзілістің басталу жəне аяқталуы танылады.
Жұмыс уақытын апталық есепке алу режимібес күндік жұмыс аптасы кезінде қолданылуы мүмкін. Егер ауысымдардың ұзақтығы аптаның əр түрлі күндерінде сағаттардың апталық нормасын сақтай отырып, өзгеше болса да, жұмыс уақытын апталық есепке алу қолданылады.