Финансовый анализ


Жеке еңбек шартының белгілері



бет18/26
Дата04.11.2023
өлшемі2,63 Mb.
#122082
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   26
Байланысты:
ҚР еңбек құқығы

Жеке еңбек шартының белгілері:
Кəсіп – бұл белгілі бір қызметтің сипаты жəне мақсатымен анықталатын еңбек қызметінің бір түрі. Мысалы, дəрігер, оқытушы, заңгер, құрылысшы....
Мамандық – бұл қызметкердің мейлінше тиімді еңбек етуіне мүмкіндік беретін терең жəне жан-жақты білімдері мен дағдылары көрініс тапқан белгілі бір кəсіптің бағыты, нақты бір түрі.
Біліктілік – бұл нақты бір мамандықты игергендіктің дəрежесі, арнайы дайындық пен тəжірибенің деңгейі.
Жеке еңбек шартының басқа маңызды белгісі болып өндірістік қызметке қызметкердің өзіндік қатысуы табылады. Бұл қызметкердің кəсіпорын немесе ұйымның штатына енуін жəне осы кəсіпорынның немесе мекеменің өндірістік қызметіне тартылуын білдіреді.
Жеке еңбек шарты белгілерінің бірі болып шарт пəнінің өзгешелігі табылады. Жеке еңбек шартына сəйкес, қызметкер белгілі бір қызмет түріне жататын жұмысты, яғни белгілі бір мерзім көлемінде орындайтын мамандықты, кəсіпті, біліктілікті, лауазымды орындауға міндеттенеді.
Қызметкердің ішкі еңбек тəртібіне бағынуы жеке еңбек шартының келесі белгісі болып табылады. Кез келген мекеме, кəсіпорын белгілі бір еңбек тəртібінің негізінде жұмыс істейді, бұл, өз кезегінде, ұжымның нақты жəне үйлескен жұмысын қамтамасыз етеді.
Жалақының келесідей ерекшеліктері болады:
· еңбекті бағалаудың бірыңғай талаптарына негізделе отырып, еңбектің сапасына жəне санына қарай төленеді;
· жалақы төлеу алдын-ала белгіленген нормаларға сəйкес жүргізіледі;
· төлемдердің негізгі бөлігі (тарифтік ставкалар жəне лауазымдық жалақылар) кəсіпорынның тапқан табысына тəуелді емес, ал қосымша бөлігі (сыйақылар жəне өзге де төлемдер) кəсіпорынның табысына белгілі бір дəрежеде тəуелді болады (бұл ерекшелік бюджеттік ұйымдарға қатысты орын алады);
· ақшалай нысанда жүргізіледі;
· заңдарда белгіленген ең төменгі мөлшерден кем болмауы тиіс; · белгілі бір мөлшермен шектелмейді.
Жекелеген жағдайларда он бес жасқа толған жасөспірім жұмысқа қабылдануы мүмкін.
1) жасөспірім орта білім алған не жалпы білім беретін оқу орнын тастап кеткендей жағдай;
2) жасөспірімнің ата-анасының, қорғаншысының немесе қамқоршысының жеке еңбек шартын жасасуға келісімі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет