Жұмыссыз тұлғаның құқықтық мəртебесі немесе құқықтық жағдайы мына элементтерден тұрады: - еңбекке құқықсубъектілік, яғни, жұмыссыздың құқықтар мен міндеттерді иеленуге қатысты заңмен танылған қабілеті, еңбек құқығының қатысушысы (субъектісі) болу мүмкіндігі. Жұмыссыз тұлға халықты жұмыспен қамту жөніндегі уəкілетті органда тіркелген сəтінен бастап еңбекке құқықсубъектілігін иеленеді (ҚР «Халықты жұмыспен қамту» туралы заңының 15-бабы).
- жұмыссыздың негізгі құқықтары мен міндеттері, бұларды жұмыссыздың еңбекке құқықсубъектілігіне ие, яғни, халықты жұмыспен қамту жөніндегі уəкілетті органда жұмыссыз ретінде тіркелген тұлға иеленеді.
Жұмыссыздардың құқықтары: - мақсатты əлеуметтік көмек алу;
- зейнеткерлік жасына жеткенде жəне талап етілетін еңбек стажы болған жағдайда зейнетке мерзімінен бұрын шығу;
- кəсіби дайындықтан, қайта дайындықтан өту. Бұл кезде жұмыссыз тұлға стипендия алады;
- жұмыссыз тұлғаның келісімі бойынша уəкілетті орган оны төленетін қоғамдық жұмыстарға жібере алады. Бұл ретте тұлғаның жұмыссыз мəртебесі сақталады;
- басқа жердегі жұмысқа ауысқан жағдайда өтемақы алуға құқылы.
Жеке еңбек шартында: 1) тараптардың реквизиттері:
2) еңбек міндеті (белгілі бір қызмет, мамандық, кəсіп бойынша жұмыс);
3) жеке еңбек шартының мерзімі;
4) еңбек міндеттерін жүзеге асыру басталатын күн;
5) еңбек жағдайларының сипаттамалары, қызметкерлерге ауыр дене жұмысын немесе зиянды не қауіпті жағдайларда жұмыс істегені үшін берілетін кепілдіктер мен өтемақылар;
6) жұмыс уақыты мен демалыс уақытының режимі;
7) еңбекке ақы төлеу жəне еңбекті қорғау жағдайлары;
8) жұмыс берушінің құқықтары мен міндеттері;
9) қызметкердің құқықтары мен міндеттері;
10) жеке еңбек шартын өзгерту, бұзу жəне ұзарту тəртібі; 11) тараптардың жауапкершілігі көрсетілуге тиіс.
Жеке еңбек шартыдегеніміз бұл қызметкердің ішкі еңбек тəртібіне бағына отырып, белгілі бір еңбек функциясын (белгілі бір мамандық, біліктілік жəне кəсіп бойынша жұмысты) орындау міндетін, ал жұмыс берушінің қызметкерге уақтылы жəне толық көлемде жалақы төлеп отыру жəне қалыпты еңбек жағдайларын қамтамасыз ету міндетін көздейтін қызметкер мен жұмыс берушінің арасындағы жазбаша келісім.