Финансовый анализ


Еңбекке ақы төлеудің кесімді-сыйақылық жүйесі



бет24/26
Дата04.11.2023
өлшемі2,63 Mb.
#122082
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26
Байланысты:
ҚР еңбек құқығы

Еңбекке ақы төлеудің кесімді-сыйақылық жүйесі белгіленген еңбек шарасына сəйкес есептелетін негізгі жалақыға қоса қосымша ақы – сыйақыларды енгізуді білдіреді.
Еңбекке ақы төлеудің аккордтық жүйесі кезінде жекелеген операциялар мен жұмыс түрлерін орындаған үшін емес, аккордтық тапсырмаға кіретін белгілі бір жұмыстар кешенін орындаған үшін ақы төленеді.
Қызметкерлер санының нормасы – бұл өздерінің еңбек учаскесінде жұмыс істеуі тиіс, белгілі бір мамандыққа жəне/немесе біліктілікке ие қызметкерлердің саны.
Жұмыс істеу нормалары – бұл қызметкердің белгілі бір уақыт нормасында (сағат, күн, ауысым, апта, ай) орындауы тиіс жұмыс операцияларының немесе өнімнің бірлігінің белгілі бір саны.
Уақыт нормасы – бұл қызметкердің осы кезде белгілі бір жұмыс операцияларын немесе өнім бірлігінің белгілі бір санын жасауы тиіс жұмыс уақытының саны.
Қызмет көрсету нормасы – бұл бір қызметкер жұмыс істейтін немесе қарайтын алаңдардың, станоктардың, құралдардың, механизмдердің саны.
Еңбек нормасы ретінде қызметкер үшін белгіленген жұмыстың уақыт бірлігіндегі (сағат, ауысым, күн, апта, ай) көлемі.
Зиянды өтеу – еңбек шартының бір тарабының екінші тарапқа қатысты туындайтын міндеті.
Еңбек шарты тараптарының материалдық жауапкершілігі бір тараптың екінші тарапқа келтірген материалдық зиянды заңға сəйкес өтеу міндетінен тұрады.
Заңдар материалдық жауапкершіліктің екі түрін көздейді:
1) қызметкердің жұмыс берушінің алдындағы материалдық жауапкершілігі;
2) жұмыс берушінің қызметкердің алдындағы материалдық жауапкершілігі.
Жұмыс берушінің қызметкерге мына жағдайлардың нəтижесінде келтірген зиянды өтеу міндетін білдіреді:
1) заңды негізсіз немесе белгіленген тəртіпті бұза отырып қызметтен босатса;
2) басқа жұмысқа заңсыз ауыстырса;
3) еңбек кітапшасында жұмыстан босатудың дұрыс емес немесе қолданыстағы заңдарға сəйкес емес себебін көрсетсе жəне бұл себеп қызметкердің жаңа жұмысқа тұруына кедергі келтірсе;
4) жұмыстан босату кезінде еңбек кітапшасын беруді кешіктірсе;
5) соттың қызметтен заңсыз босатылған немесе басқа жұмысқа заңсыз ауыстырылған қызметкерді қызметке қайта қабылдау туралы шешімін уақтылы орындамаса;
6) жұмысқа қабылдаудан заңсыз бас тартса немесе еңбек шартын уақтылы жасаспаса;
7) қызметкердің денсаулығына зиян келтірсе.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет