Финансовый анализ



бет3/26
Дата04.11.2023
өлшемі2,63 Mb.
#122082
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26
Байланысты:
ҚР еңбек құқығы

Пәндік емес құзіреті:
- өзінің болашақ мамандығының әлеуметтік маңыздылығын түсінеді, кәсіби құқықтық санасының жеткілікті деңгейіне ие;
- кәсіби міндеттерін адал орындайды, Заңгердің этика қағидаларын сақтайды;
- ойлау мәдениетін меңгерген, ақпаратты жинақтау, талдау, қабылдау, мақсат қою және оған қол жеткізу жолдарын таңдауға қабілетті;
- ауызша және жазбаша сөйлеуді қисынды дұрыс, дәлелді және айқын құра алады;
- мінез-құлық мәдениетіне ие, әріптестермен кооперацияға, ұжымда жұмыс істеуге дайын;
- сыбайлас жемқорлық мінез-құлыққа төзбеушілік, құқық пен заңға құрметпен қарайды;
- кәсіби міндеттерді шешуде әлеуметтік, гуманитарлық және экономикалық ғылымның негізгі ережелерін қолданады;
- фактілер мен жағдайларды заңды түрде дұрыс саралауға қабілетті;
- заң құжаттарын дайындау дағдыларын меңгерген;
- жеке тұлғаның ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтейді, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын сақтау және қорғау;
- құжаттардағы кәсіби қызметтің нәтижелерін дұрыс және толық көрсетеді;

Қазақстан Республикасының еңбек құқығы - меншіктің түріне , шаруашылықты жүргізудің ұйымдық-құқықтық пішіміне қарамастан, кәсіпорын (мекеме, ұйым) қызметкерлерінің еңбегін ұйымдастыру саласындағы қарым-қатынастарды реттеп, олардың әлеум. құқыларын қорғайтын нормалар жиынтығы.


ҚР еңбек құқығының пәні болып тек еңбек емес, сонымен қатар еңбек үрдісіндегі еңбек қатынастары жəне олардан туындайтын, еңбекке қатысы бар қатынастар да табылады. Талдаудың негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасындағы азаматтардың еңбек бостандығына қатысты конституциялық құқығын жүзеге асыру барысында туындайтын еңбек қатынастарын реттеу. Функциялары
- Реттеуші жəне қорғаушы функциялар
- Əлеуметтік функция халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз етеді, еңбекке, еңбектің қауіпсіз жағдайларына жəне еңбекті қорғауға қатысты құқыққа кепілдіктерді жүзеге асырады.
- Қорғау функциясы еңбек жағдайының жоғары деңгейін, еңбек заңдарының нормаларын орындауға бақылау жүргізуді қамтамасыз етуге, еңбек заңдарының бұзылған ережелерін қалпына келтіруге, еңбек дауларын шешуге бағытталған.
- Шаруашылық-өндірістік функция өндірістің тиімділігін, еңбектің өнімділігін көтеруді, еңбек ресурстарын ұтымды пайдалануды, еңбек тəртібін нығайтуды қамтамасыз етуге бағытталған.
- Тəрбиелеу функциясы еңбек тəртібін сақтауды талап етуден, материалдық жəне моральдық жауапкершілік мəселелерінен көрініс табады.
Еңбек – бұл еңбек өнімін алу үшін адамның дене, ақыл-ой, рухани қабілеттерін жұмсау арқылы жүзеге асатын мақсатты қызмет. Еңбек дене, ақыл-ой жəне рухани қабілеттіктерден туындайды да, бұлардың нəтижесінде материалдық, рухани жəне санаткерлік құндылықтар жасалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет