Ұжымдық еңбек даулары туралы заң ұжымдық еңбек дауының түсінігін, ұжымдық келіспеушіліктерді шешу мерзімін жəне тəртібін бекітті. Заңда ереуілге шығудың анықтамасы, ереуілді қашан жəне қандай тəртіппен жариялап, ұйымдастыруға болатыны, кімдердің ереуілге қатыса алмайтыны көрсетіліп, ереуілге қатысушылардың кепілдіктері мен заңсыз ереуілге шыққаны үшін жауапкершілік көзделген.
Мемлекеттік қызмет туралы заң– мемлекеттік қызметшілердің арнайы еңбегін реттеуге бағытталған алғашқы заң. Заңда мемлекеттік қызметшілердің түсінігі берілген, оларды қызметке алу жəне босату тəртібі, олардың құқықтары мен міндеттері анықталған.
1) еңбек заңнамасы актілерін қабылдауға осы сала субъектілерінің өздері қатысады (қызметкерлер өз еңбек ұжымдары, кəсіптік одақтар жəне өзге де өкілдік органдар арқылы; жұмыс берушілер локальдық нормаларды шығару кезінде жəне өз өкілдері арқылы);
1) еңбек заңнамасы актілерін қабылдауға осы сала субъектілерінің өздері қатысады (қызметкерлер өз еңбек ұжымдары, кəсіптік одақтар жəне өзге де өкілдік органдар арқылы; жұмыс берушілер локальдық нормаларды шығару кезінде жəне өз өкілдері арқылы);
2) қайнар көздер жүйесіне еңбек құқығының біртұтастығын жəне əр түрлілігін көрсететін жалпы (барлық қызметкерлер үшін) жəне арнайы (қызметкерлердің кейбір санаттары үшін) еңбек заңнамасы енеді;
3) еңбек құқығы қайнар көздерінің барлығы заңдарға жəне заңға сəйкес актілерге бөлінеді. Заңдар, өз кезегінде, негізгі (Конституция), өзге де конституциялық (Адам құқықтарының жалпы декларациясы) жəне ағымдағы (мысалы, «ҚР мереке күндері туралы» заң) деп бөлінеді. Қазақстан Республикасының Конституциясы мен ҚР «Еңбек құқығы» заңы Қазақстан Республикасының аумағында жоғарғы күшке ие.
4) бұл жүйеде мамандандырылған органдардың (мысалы, ҚР Еңбек жəне халықты əлеуметтік қорғау министрлігі) актілері мен еңбекті қорғауға, еңбек заңнамасына бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын мамандандырылған мемлекеттік инспекциялардың нормативтік бұйрықтары, ережелері, нұсқаулықтары бар;
5) ҚР еңбек құқығы қайнар көздерінің жүйесіне, сонымен қатар, Қазақстан Республикасы таныған еңбек мəселелері жөніндегі халықаралық-
құқықтық актілер жəне Қазақстан Республикасының өзге мемлекеттермен əлеуметтік-еңбек қатынастары бойынша бекіткен халықаралық шарттары жатады. ҚР Конституциясында осы халықаралық нормалардың ұлттық заңнамадан үстемдігі атап көрсетілген.