Финансовый анализ


Еңбек құқығының пəнін құрайтын барлық қатынастарды қарастырып өтелік



бет5/26
Дата04.11.2023
өлшемі2,63 Mb.
#122082
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26
Байланысты:
ҚР еңбек құқығы

Еңбек құқығының пəнін құрайтын барлық қатынастарды қарастырып өтелік:
2. Еңбек құқығы еңбек қатынастарымен қатар осы қатынастардан туындайтын жəне олармен тығыз байланысты қатынастарды да реттейді.
Олар:
1. еңбек ұжымыныңжұмыс беруші жəне оның басшылығымен арасындағы еңбек-əлеуметтік сауалдар бойыншақатынастары. Олар негізінен өндірісті ұйымдастыру жəне ұжымды басқарумен байланысты, сонымен қатар, нақты ұйымдағы еңбек жағдайына, қызметкерлерге жағдай жасаудың материалдық-тұрмыстық жəне мəдени нысандарын жақсартуға, ұйымның қорын ұтымды пайдалануға, еңбекті нормалауға жəне қызметкерлердің ұжымдық жəне жеке мүдделерін көздейтін өзгеде мəселелерге байланысты болады.
2. кəсіподақ органының қызметкерлердің мүдделерін қорғау, еңбекке ақы төлеу жəне əлеуметтік кепілдіктер мəселелері бойынша жұмыс беруші жəне оның басшылығымен арасындағы қатынастары;
3. азаматтарды жұмысқа орналастыруға жəне жұмыс іздеп жүрген азаматтарды жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге қатысты қатынастар. Бұл қатынастар азаматтардың өздерінің қабілетіне жəне кəсіби дайындығына сай жұмыс табу мақсатында, жеке мүдделері мен қоғамдық қажеттіктерді ескере отырып, мемлекеттік органдарға жүгінуімен қатысты туындайды.
Олар:
4. қадағалау жəне бақылау органдарының жұмыс берушімен еңбек заңдарын жəне еңбекті қорғауды сақтау мəселесіне қатысты қатынастары. Бұл қатынастар құзыретті органдардың ұйымдарда еңбекті қорғау жөніндегі заңшығарушылық жəне өзге де нормативтік актілердің жəне Еңбек құқығы заңдардың, қауіпсіздік техникасының жəне еңбектің өзге де қауіпсіз жағдайларының сақталуына қадағалау жасау қызметі барысында туындайды.
5. өндірісте кадрларды дайындау немесе біліктілікті көтеруге қатысты қатынастар. Бұл қатынастар азаматтардың жеке, бригадалық немесе курстық білім алу кезінде жұмыс мамандықтарын алуымен қатысты туындайды.
6. жеке немесе ұжымдық келіспеушіліктерден туындайтын еңбек дауларын шешуге қатысты қатынастар. Бұлар қызметкерлердің еңбек жағдайларын жəне еңбек заңдарының нормаларын белгілеу мəселелеріне қатысты реттелмеген келіспеушіліктерді еңбек дауларын қарайтын органдардың шешуімен байланысты туындайды.
Еңбек құқығының пəнін қоғамдық қатынастардың екі тобы құрайды:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет