Финансовый анализ


Еңбек құқығының пəнін құрайтын барлық қатынастарды қарастырып өтелік



бет4/26
Дата04.11.2023
өлшемі2,63 Mb.
#122082
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26
Еңбек құқығының пəнін құрайтын барлық қатынастарды қарастырып өтелік:
1. Негізгі қатынастар – жұмыс берушінің (ұйым, жеке кəсіпкер) қызметкердің еңбекке қабілетін (оның жұмыс күшін, білімін, дағдыларын жəне т.б.) пайдалануымен байланысты еңбек қатынастары шарттық жəне ақылы негізде жүзеге асырылады. Қызметкер өз еңбегі үшін алдын-ала белгіленген нормалар (тарифтер) бойынша жалақы не ұйым табысының бөлігін алады, ал жұмыс беруші өзіне қажетті еңбек өнімін алады. Еңбек қатынастарына қызметкер жəне жұмыс беруші өз еркі бойынша қатысады
Еңбек қатынастары келесі ерекше белгілерімен сипатталады:
а) еңбек үрдісінде туындайды жəне дамиды. Қызметкер өзіне жүктелген белгілі бір еңбек функциясын орындайды. Ал бұл функция тұрақты сипатқа ие жəне соңғы нəтижемен аяқталмайды, яғни, еңбек қатынастары – бұл ұзақ уақытқа созылатын қатынастар.
ə) еңбек қатынастары – бұл нəтижесінде жұмыс беруші еңбек өнімін, ал қызметкер еңбек шартының жағдайларына қарай белгілі бір ақы алатын ақылы қатынастар;
б) еңбек қатынастары ерік білдірудің белгісі болып табылады, яғни, еңбек жəне еңбек қатынастары мəжбүрлі түрде жүзеге асырылмайды, ал қызметкер мен жұмыс беруші өз қалаулары бойынша серіктерді, еңбек жағдайын жəне т.б. таңдай алады.
Еңбек қатынастары келесі ерекше белгілерімен сипатталады:
в) қызметкердің еңбек тəртібіне бағына отырып еңбек ұжымына қосылуын білдіреді. Бұл дегеніміз, еңбек белгілі бір ішкі еңбек тəртібі жағдайында жүргізіледі. Ішкі еңбек тəртібінің ережелерінде еңбек ұжымы мүшелерінің бірлескен қызметінің жағдайлары жəне тəртібі белгіленеді.
ж) қызметкерге оны жұмыстан босату жөнінде бұйрық жарияланған жəне оның қолына еңбек кітапшасы берілген кезде тоқтатылады.
г) еңбек қатынастары ерекше заңды фактпен – еңбек шартымен, келісіммен, лауазымға сайлау туралы актімен байланысты;
д) мамандығына, біліктілігіне, лауазымына қарай жұмысқа тікелей қатысудың қажеттігімен байланысты;
е) жұмысқа іс жүзінде қабылданған кезден басталады. Еңбек құқығы қатынастарында жұмысқа қабылдау бұйрықпен рəсімделеді жəне қызметкерді кəсіпорынның штатына тұрақты, уақытша немесе маусымдық жұмысқа алумен жүзеге асырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет