жеке тұлғалар коммерциялық ұйымдар коммерциялық емес ұйымдар мемлекеттік кəсіпорындар Коммерциялық ұйымдар мемлекеттік кəсіпорын, шаруашылық серіктестік, акционерлік қоғам, өндірістік кооперативтер нысанында құрылуы мүмкін. Коммерциялық ұйымдар қызметінің негізгі мақсаты болып пайда табу табылады.
Коммерциялық емес ұйымдармекеме, қоғамдық бірлестік, акционерлік қоғам, тұтынушылар кооперативі, қоғамдық қор, діни бірлестік жəне заңда көзделген өзге де нысандарда құрылуы мүмкін. Бұл ұйымдарды меншік иесі қаржыландырады жəне олардың қызметі пайда табуды көздемейді. Коммерциялық емес ұйымдар кəсіпкерлік қызметті өздерінің мақсатына жету шегінде ғана жүзеге асырады.
Ұжымның белгілері болып келесі айрықша сипаттар табылады: 1. адамдардың бұл тобын белгілі бір ұйым шегіндегі ақылы сипаттағы бірлескен қызмет біріктіреді;
2. адамдардың бұл тобының еңбекке қатысты ортақ мақсаттары мен мүдделері бар;
3. адамдардың бұл тобы жеке еңбек шарттарының негізінде бір жұмыс берушімен құрылған, салыстырмалы түрде тұрақты құрамға, басқару органдарына ие, тəртіпке бағынады;
4. адамдардың бұл тобы экономикалық тұрғыда дербес;
5. олар бағыңыстылар жəне басшы болып бөлінеді жəне еңбек құқық бұзушылықтары үшін өзара міндеттемелерді орындайды.
Еңбек ұжымыретінде жеке еңбек шарттарының негізінде белгілі бір ұйымның шегінде бірлескен еңбек қызметін жүзеге асыру барысындағы адамдардың бір жұмыс берушімен ерікті түрде бірігуін атауға болады.
Еңбек ұжымына құрамдас элементтер ретінде мыналар кіреді:
1. осы өндірістің барлық қызметкерлері; 2. басшылық (басшыны қоса алғанда); 3. еңбек ұжымының органдары; 4. осы ұжымның қоғамдық ұйымдары жəне олардың органдары (кəсіптік одақ, əйелдер, жастар одақтары жəне т.б.) Еңбекті қолдану саласы бойынша еңбек ұжымдары келесі түрлерге бөлінеді: 1.өндірістік (кəсіпорындардағы, құрылыстардағы жəне т.б.) еңбек ұжымдары;
2.халыққа қызмет көрсетуші (сауда, көлік, байланыс жəне т.б. салалар) еңбек ұжымдары;
3.ағарту, денсаулық қорғау салаларындағы еңбек ұжымдары;
4.жобалау, жобалау-құрастыру, ғылыми-зерттеу салаларындағы еңбек ұжымдары:
5.басқару саласындағы еңбек ұжымдары;
6.қоғамдық ұйымдардың (партиялардың, əр түрлі қорлардың жəне т.б.) аппараттары.