Фитоценоз, биоценез, биогеоценоз жєне экосистема туралы т‰сініктер


Аралас орман өсімдіктерінің түрлерінің құрамы



бет35/52
Дата07.01.2022
өлшемі291,55 Kb.
#18518
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   52
Аралас орман өсімдіктерінің түрлерінің құрамы


№ р/б

Тұкымдасы, түрі

Фенологиялық фазасы

Молдығы (обилие)

Табылған жері

Өмір сүру (тіршілік) формасы
























































Қажетті материалдар: Аралас орман өсімдіктерінің кеппешөптері, анықтағыш кітап.

Әдебиеттер тізімі: 6, 44-49 бет

Пысықтау сұрақтары:

1 Аралас орманда кездесетін өсімдіктерді атаңыз?

2 Аралас орманда кездесетін өсімдіктер бірлестігінің флоралық құрамы

3 тақырып Көгалдық-шалғындық өсімдіктер

Мақсаты:


  • көгалдық-шалғындық өсімдіктер

  • мезофиттік өсімдіктерге биоморфологиялық сипаттама беру


Жалпы түсінік

Көгалдық-шалғындық өсімдіктер бірлестігінде вегетаииялық кезеңі (дәуірі) ұзаққа созылатын (жазда үзіліссіз өсіп дамитын), көп жылдық мезофиттік өсімдіктер кездеседі. Шалғындық жердің топырағы және оның ылғалдылығы әр түрлі болады.

Шалғындық жайылым шығу тегі бойынша алгашқы және туынды болып бөлінеді.

Туынды немесе синантроптық жайылымдар адамның іс-әрекетінің нәтижесінде (кесілген, өрттен қалған орман өсімдіктерінің яғни олардың жойылған орнында, батпақтарды құрғатқанда, суармалы жерлерде т.б.) пайда болады: жер бедерінде орналасуы бойынша - құрлықтық (тегіс жерлерде); жайылмалық (өзен аңғарларының бойында, көл табандарында, көлдердің алқаптарында т.б.) және тау шатқалдық (орманның жоғарғы шекарасынан биік орналасқан) болып бөлінеді. Бұлардың ішінде құрлықтық шалғындық жайылымдар ылғалдану сипатына байланысты сай-салалық және ойпаттық болып бөлінеді. Бұлардың өсімдіктер бірлестігінің құрамында аласа бойлы ксерофиттік астық тұқымдастар басым болады, аққылтан (белоус); бетеге (овсяница);қалтырауық (трясунка) т.б.. суккуленттер - боз кілем (очиток), мүктер және қыналарда кездеседі.

Ойпаттық (ылғалды) жайылымдар - тау аралық және төбе аралық жыра-жылғаларға тән. Бұл жайылымдар жиналған қар сумен, жер асты суымен және жауын-шашынмен жеткілікті (тұрақты) түрде ылғалданады. Бұлардың өсімдіктер бірлестігінде: қияқ өлең (осока), ұлпабас (пущица) және қамыстар басым кездеседі; мезофитті астық тұқымдастардан: айрауықтың түрлері (Са1аmаgrоstіs), су бидайық, немесе күреңше, (Весkmаnnіа), миядан - Орал миясы (Сlусуrrhіrа urаlіеnsіs) т.б. кездеседі.

Шалғындық жайылымда баска өсімдіктермен салыстырғанда көп жылдық астык тұқымдастар басым кездеседі.

Астық тұқымдастардың сабағы - сабаны, цилиндр тәрізді немесе сәл ғана қабысыңқы келеді, тығыз қампиып (кетеріңкі болып) біткен буындары және іші қуыс буынаралықтары болады. Жапырақтары, сабақтың буынаралықтарын қаусырып, қорғап тұратын қынаптан және ұзынша, жіңішке ланцет тәрізді, параллель жүйкелі, бүтін жиекті спираль сияқты екі қатар болып орналасқан жапырақ алақандарынан құралады. Астық тұқымдастардың көпшілігінің жапырақ қынаптары жапырақ алақанына қарама-қарсы жаққа ұзына бойынан жарылып бітеді де, бір-біріне жымдасып кіріп тұрған жиектерінің түсі ақшыл болады. Тағы бір ерекше белгісі - қынаптың жапырақ алақанына айналатын жеріндегі тілшесі мен құлақшаларының болуы. Тілше деп жарғақша бүртікті сабақты қаусырап тұратын және жапырақтың қынабына судың өтуін қиындататын мөлдірлеу жұқа қыртысты айтады. Құлақша деп жапырақ алақанынын түбінде өсіп сабақты қаусырып тұратын, ұштанып келген, бүйірлік ақ бүршіктерді айтады, кейбір астық тұқымдастарда бұлар болмайды, олардың орнын түк басып тұрады.

Гүл шоқтарындағы әрбір масақша бір, екі немесе көп гүлдерден құралады; сондықтан масақшалар бір гүлді, екі гүлді және көп гүлді деп аталады. Масақшаның түбінде екі масақ қабыршақтары болады, бұлардың біреуі сыртқы, (төменгі), ал екіншісі ішкі (жоғарғы) қабыршақ деп аталады. Кейде масақ қабыршақтары өсіп жетілмей де қалады. Масақшадағы әрбір кішкене гүлдердін сыртқы (төменгі) және ішкі (жоғарғы) гүл қабыршақтары болады. Ішкі гүл қабыршағынын құрлысы өте нәзік келеді. Гүлдің ішкі бөлігінде, гүл қабыршақтарының арасында екі жарғақша қауыз болады (лодикула), үш аталығы және бір аналық болады; аналықтын жатынының үстінде 2 қысқа

мойынына бекіген ұзын қауырсын тәрізді ауызы болады, кейде, жатынның

мойны болмай, ауызы отырыңқы (қондырмалы) болады. Жатыны жоғарғы,

тұқымы-дән.

Астық тұқымдастар жер бетіндегі мүшелерінің бұтақтануына немесе түптенуіне байланысты үшке бөлінеді: тамыр-сабақты, бос түпті, тығыз түпті. Осылардың ішінде, тамыр сабақтыға: жатаған бидайық (пырей ползучий) -Аgrоруrоn rереns, қылтықсыз арпабас (костер безостый) - Вrоmus inermis жатады, бұлардың жер асты тамыр сабақтары, аналық өсімдікте көлденең (горизонтальды) көлбеп, едәуір қашықтыққа кетіп өседі. Бұл тамыр сабақтан жер бетінде бір-бірінен алшақ орналасқан бірнеше өркендер пайда болады. Міне, осындай тіршілік ету ерекшеліктеріне байланысты бұл астық тұқымдастар шым топырақсыз, жұмсақ, қопсыңқы, ылғалдылығы орташа және құрымында органикалық минералдық заттары жеткілікті топырақта өсіп дамиды.

Бос түпті астық тұқымдастарға: жима таргац (ежа сборная) - Dасіtуlіs glomerata, қарабас шалғын (тимофеевка луговая) - Рhlеum рrаtеnsе, түлкі құйрық (лисохвост луговой) - Аlоресurus рrаtеnsіs, шалгындық бетеге (овсяница пуговая) - Fеstuса рrаtеnsіs т.б., бұлардың түптену буыны топырақ бетіне таяу орналасады және аналық өсімдіктің негізгі осінен тік бұрыш астынан жаңа өркендер кетіп, борпылдақ (бос) бірнеше түптер түзеді. Бұлардың өркендері бір- бірімен таяу орналасады, нәтижесінде тұрақты берік шөпті шым (дернина) түзіледі. Бұл топқа жататын астық тұқымдастардың да топырақтың аэрациясына, құнарлылығына т.б. қоятын талаптары жоғары және олар ылғалдылығы орташа топырақта жақсы өсіп дамиды.

Тығыз түпті, немесе шым түзуші, астық түқымдастарға: селеу (ковыль) -Stiрa, көдо типчак) - Fеstuса ақшұнақ немесе бетеге (белоус) - Nardus т.б. жатады.

Шалғындық жайылымда басқа шөп тектестерден көп жылдық қияқ (Суреrасеае) тұқымдастардың өкілдері — өлең шөптердің әр түрі кездеседі, олар қысқа және ұзын тамыр сабақты болып келеді. Бұлардың астық тұқымдастардан айырмашылығы, сабағы үш қырлы, буындары буылтықтанып көтеріліп шығып тұрмайды, іші толық болады. Жапырақтары сабақтың төменгі жағына үш қатар болып, кезектесіп орналасады. Жапырақтарының пішіні ұзынша, ланцент немесе біз тәрізді болып келеді, бүлардың кынаптары жабық келеді және тілшесі болмайды. Жапырактарының жиектері пышақтың жүзіндей өткір, бұдырмақты болып келеді. Қияқ өлеңнің (Саrех) гулдері дара немесе қос жынысты болады, гүл шоғы масақша. Гүлдері ұсақ, реңсіз, гүл серіктері болмайды, олардың орнында 1-6 қылшық тәрізді қабыршақтар болады, қылтанақтар саны әрбір түрге байланысты, мысалы, олар кейде үш-үштен екі қатар болып орналасады (қамыста); 1-3 елек шөпте (ситник), ал қоғаның (роrоs) гүлінде қылтанақ тәрізді қабыршақтар бірнешеу болып (5-13) және олар түптеніп кеткен, кейін бұлар тұқыммен бірігіп өсіп кетеді де, тұқымнын жел арқылы таралуына ықпалын тигізеді.

Аталықтарының саны үшеу, тозаң қапшықтары ұзын жіпшелеріне қозғалмайтын болып бекиді. Аналығы біреу, онын түп жағы тұтасып біткен жіп тәрізді үш немесе екі аналық ауызы болады. Жемісі жанғақша немесе тұқымша. Қияқ тұқымдасты өсімдіктердің жер беті мүшелерінің каттылығы онда артык кремнеземнің жиналуына байланысты, сол себепті мал азыктық шөп ретінде пайдалануға жарамсыз етеді. Өлеңнің қаттылығы мен қадалғыштығы жануарлардың асқазанының кілегей қабығын жыртып, қабындырып жібереді.

Шалғындық жайылымда басқа өсімдіктерден бұршақ тұқымдастардың (Ғаbасеае) өкілдері кездеседі. Көпшілігі көп жылдықтар, булар дәнді дақылдармен араласып, пішеннің сапасын жақсартады. Оларға: жоңышқа (люцерна), сиыр жоңышқа (горошек), әйнек (чина), пышан (лядвенец), беде (клевер) т.б. жатады.

Бұлардың кіндік тамырлары топырақтың терең қабатына жетеді, ал негізгі тамырдан горизонтальды түрде бірнеше жанама тамырлар кетіп, өсімдіктердің қоректену алаңын кеңітеді. Бұршақ тұқымдастар топырақты азотпен байытады, себебі бұлардың жас жанама тамырларының (екінші, үшінші қабаттардағы) сыртында қабық бөлімнен үлкенді-кішілі көлемі бар түйіртпектенген-түйнекшелер өсіп шығады. Тамыр түйнекшелері тамыр түктері арқылы жанама тамырлардың ішіне сол топырақта болатын арнаулы, азот бактерияларының өнуінен пайда болады. Бұлардың бір қасиеті — топырақтан өсімдіктің тамыр қабығының клетка аралық қуысына енген таза азотты өзіне сіңіріп, оны азот қосындысына айналдырады. Содан кейін тамыр түйнекшелері шытынайды да оның ішіндегі азот қосындысымен бірге бактериялар да сыртқа топыраққа шығып топырақты азот қосындысымен байытады. Бұршақ тұқымдастардың жапырағы күрделі. Гүлдері бұрыс-зигоморфты, гүл шоқтары көбінесе шоқпарбас немесе шашақ болып келеді. Олар тұқымымен және вегетативтік жолмен көбейеді.

Бұршақ тұқымдастылар тамыр жүйесі және вегетативтік жолмен көбеюі бойынша: кіндік тамырлы, атпа тамырлы және тамыр сабақты болып бөлінеді. Кіндік тамырлыға - кызғылт беде (клевер розовый), шабындық беде (клевер луговой), егістік жоңышқа (люцерна посевная), пышан (лядвенец) т.б. жатады, бұлардың негізгі тамырлары жақсы дамыған. көбеюге арналған Олярдың қыстаған бүршіктері тамыр мойнына жақын жатады. Тамыр атпалары арқылы - орақ жоңышка (люцерна серповидная), қызылбас беде (клевер красный) т.б. көбейеді, бұлардың негізгі тамырының мойынынан кеткен тамыр атпаларынан жаңа өркендер пайда болады; ал тамыр сабақтыларда жаңадан пайда болған үсті өркені, тамыр сабақтан дамиды: дат таспасы (гал датский); тышқан сиыр жоңышқасы (горошек), шалғындық әйкен (чина луговая) т.б. Бұршақ тұқымдастардың жер беті мүшелерінде белоктардың көп болуына байланысты, олар өте бағалы азықтық өсімдіктер болып есептеледі.

Шабындық жайылымда жоғарғы аталған өсімдіктерден басқа, әр түрлі

Көпжылдық, екі жылдық шөптектес өсімдіктер кездеседі. Мысалы, екі жылдық зире (тмин), шабындық қойжелкен (козлобородник луговой), ширатылған қоңыраубас (колоколъчик скученный)) т.б.; көп жылдық өсімдіктерден: Мыңжапырақ (тысячелистник), шабындық кекіре (горчак луговой), қазтамақ герань), сарғалдактар (лютик), қандышөп (кровохлебка) т.б. Шабындықта жуашықты өсімдіктерде кездеседі (бәйшешектер (подснежник), жуа (лук) т.б.), бұлардың жуашықтары топырақтың терең қабатында орналасады.

Жұмыс барысы:

1 Көгалдық-шалғындық жерлерде кездесетін мезофиттік өсімдіктермен танысып оларға биоморфологиялық сипаттама беру.

2 Шалғынды жердің гүлді өсімдіктерінің тозаңдану жолдарына, гүлдерінің құрылысына және кейбір басымырақ кездесетін өсімдіктердің шалғындық бірлестіктері әр түрлі түсті аспектісіне (көрінісіне) көңіл аударып, сипаттама жасау.

3 ІІІабындықтан жиналған өсімдіктерді тіршілік ету формуласына қарай жіктеу.

4 Гүлді өсімдіктердің гүлінің формулаларын жазып, құрылысын қарап, морфологиялық сипаттама жасау.

5 Бұршақ тұқымдастардың тамырларындағы түйнек бактерияларын қарап, суретін салу.

6 Бұршақ тұқымдастардың тамыр жүйесіне және вегетативтік жолмен

көбеюіне байланысты сипаттама беру.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   52




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет