Қажетті материалдар: дала өсімдіктерінің кеппешөптері, анықтағыш кітап.
Әдебиеттер тізімі: 6,57-60 бет
Пысықтау сұрақтары:
1 Далада қандай өсімдіктер басым кездеседі?
2 Дала өсімдіктері қандай бейімделушілік белгілерімен сипатталады?
5 тақырып Су жағалауында, ағын су және тоскауыл су қоймаларының өсімдіктері
Мақсаты:
- суда және су жиектерінде кездесетін өсімдіктердің түрлерімен, олардың морфологиялық ерекшеліктерімен танысу
- суда және су жиектерінде кездесетін өсімдіктердің қоректену, таралу жолдарымен танысу
- су өсімдіктерге биморфологиялық сипаттама беру
Жалпы түсінік
Суда өсетін өсімдіктер, немесе гидрофиттер, суға бүкіл денесімен батып тұрады немесе олардың сабағының жарым-жартысы судың үстіндегі және су бетіндегі вегетативтік мүшелерінің пішіні мен құрылысы жағынан бір-бірінен өзгеше морфологиялық айырмашылығы болады (жебе жапырақ, су саргалдағы). Жалпы су өсімдіктері су жиегінде мекендейтін гидрофиттер төрт топқа жіктеледі:
1) еркін жүзетін.
2) суға батып тұратын және бекіген,
3) жапырақтары қалқып жүретін, суға батып тұратын және бекіген,
4) жағалаудағы су өсімдіктері (әрі ауада, әрі құрлықта, әрі суда).
Еркін жүзетін өсімдіктер су қабатында немесе оның бетінде тіршілік етеді. Олардың құрылысының ерекшеліктерімен танысу үшін өзен көлдердің жағасына барып, ағысы баяу түбі құмайт жерлерді іздеп табу керек. Осындай өсу орталарында, жағаға жақын су бетіндегі нәзік өсімдіктер - бақа оты (Hydrocharis morsus гаnае),үш жапырақты балық от (Lemnatrisula), кішкентай балық от (L.minor) кәдігімгі дүңгіршек (Utricularis vulgaris) кездеседі.
Еркін жүзетін өсімдіктерде вегетативтік көбею қабілеті жақсы дамыған. Суға батып тұратын және бекіген өсімдіктердің тамырлары (элодея, шалаңның түрлері, валлиснерия) немесе тамыр сабақтары (егеу шөп - уруть) болады. Шалаңдар майшабақтардың уылдырық шашатын орны болғандықтан, балық шаруашылығында үлкен маңызы бар және құрамында кальцимен азоттың едәуір мөлшерде болуына байланысты, олар тамаша жасыл тыңайтқыш ретінде мпйдаланылады, сондай-ақ малға құнды азық болып табылады.
Суға батқан және су түбінде бекіген бірақ жапырақты сабақтары қалқып жүретін өсімдіктер әдетте су қоймаларының таяз жерлерінде кездеседі. Олардың кейбіреуі су түбіне тамыр сабақтары арқылы бекиді (сары тұңғиық, су лалагүлі) немесе тамырларымен (жүзгіш шалаң).
Құрлықта мекендейтін қос мекенді самалдықтың сабағының биіктігі небәрі 30-40см болады, ондағы буын аралықтардың саны көп болғанымен олар қысқа келеді және сабақтары мен жапырақтарының сыртын түк басқан. Су жағалауында өсетін өсімдіктер вегетативтік жолмен көбеюден басқа, олар тұқымдары арқылы да көбейе алады (жалпақ жапырақты қоға (рогоз широколистный)-ТурҺа latifolia, қамыс құрақ (тростник обыкновенный)- Phrngmites communis). Тұқымдары жел арқылы таралады.
Жұмыс барысы:
1 Суда және су жиектерінде кездесетін өсімдіктердің түрлерімен, олардың морфологиялық ерекшеліктерімен, қоректену (мысалы, насекомдар арқылы қоректенетін — дүңгіршектің) және бұлардың таралу жолдарымен танысып, биоморфологиялық сипаттама беру.
2 Гидрофиттер мен гигрофиттерге биоморфологиялық сипаттама беріп, гүлдерінің құрылысымен танысып, формулаларын жазу.
3 Кеппешөп данасында қаралған өсімдіктердің қайсысының гүлі жай қоршаулы (гүл серігі) және қайсысының гүлінде нектарлық-шырындық бар т.б. зер салып қарау
4 Суда және су жағалауында кездесетін өсімдіктерді (кербез гүлдің, қамыстың, шалаңның, жебе жапырақтың су шыршаның) т.б. жапырақтарының сағағының, сабағының) көлденең кесіндісін микроскоппен қарау және сабақтың ксилема элементтерінің орналасуын, құрлысын, механикалық ұлпалардың ерекшелігін, ауа қуыстарын ұқыпты түрде қарап, суреттерін салу.
5 Жәндіктермен қоректенетін дүңгіршектің гүл шоғырының, гүлінің құрлысымен танысып, формуласын жазу. Оның қармауыш аппаратының ішкі, сыртқы құрлысьн лупамен қарап, суретін салу.
Достарыңызбен бөлісу: |