Физика және математика кафедрасы


Аралық бақылау тапсырмалары (1 және 2)



бет16/19
Дата07.09.2023
өлшемі0,63 Mb.
#106552
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
Байланысты:
Математика (1)

7. Аралық бақылау тапсырмалары (1 және 2)
1-ші аралық бақылау сұрақтары:

  1. Оқиғаның түрлерін атаңыз және анықтама беріңіз, мысалдар келтіріңіз;

  2. Үйлесімді, үйлесімсіз, мүмкіндіктері бірдей, толық топ құрайтын оқиғаларға мысалдар келтіріңіз;

  3. Қайталанатын, қайталанбайтын, реттелген, реттелмеген таңдама жиындарға мысаладр келтіріңіз;

  4. Теру, орналастыру, алмастыру және олардың қайталанатын түрлеріне анықтама беріңіз, есептеу формулаларын дәлелдеңіз.

  5. Классикалық анықтаманы тұжырымдаңыз;

  6. Классикалық ықтималдыққа мысал ойлаңыз;

  7. Ақиқат оқиғаның ықтималдығын есептеңіз;

  8. Жалған оқиғаның ықтималдығы неге тең?

  9. Кездейсоқ оқиғаның ықтималдығы қандай аралықта жатады? Дәлелдеңіз.

  10. Оқиғаның жиілігін, салыстырмалы жиілігін анықтаңыз;

  11. Салыстырмалы жиілік туралы не ойлайсыз?

  12. Статистикалық ықтималдық дегеніміз не? Мысал ойлаңыз;

  13. Геометриялық ықтималдықты анықтаңыз;

  14. Классикалық, статистикалық және геометриялық ықтималдықтар туралы не айта аласыз?

  15. Оқиғаларды қосуды әр түрлі анықтаңыз, мысалдармен түсіндіріңіз;

  16. Оқиғалардың айырмасын әр түрлі анықтаңыз, мысалдармен түсіндіріңіз;

  17. Оқиғаларды көбейтуді әр түрлі анықтаңыз, мысалдармен түсіндіріңіз;

  18. Оқиғаның терістемесін әр түрлі анықтаңыз, мысалдармен түсіндіріңіз;

  19. Ықтималдықтың кеңістік деп нені айтады? Мысал ойлаңыз;

  20. Ықтималдық кеңістік арқылы - алгебра анықтаңыз және мысал ойлаңыз.

  21. Тәуелді екі оқиғаны анықтаңыз, мысал ойлаңыз;

  22. Тәуелсіз екі оқиғаны анықтаңыз, мысал ойлаңыз;

  23. Қос-қостан тәуелсіз оқиғаларға анықтама беріңіз, мысалдар ойлаңыз;

  24. Тәуелсіз оқиғалар тобына анықтама беріңіз, мысалдар ойлаңыз;

  25. Тәжрибе нәтижесін анықтауға мысаладр ойлаңыз;

  26. Оқиғаның ықтималдығы теріс болмайтындығы туралы аксиома;

  27. Оқиғаның ықтималдығы 1 болатындығы туралы аксиома;

  28. Кез келген екуі бірге (бір тәжрибеде) көріне алмайтын сан ақырлы немесе ақырсыз оқиғалар тізбегінің қосындысының ықтималдығын есептеу аксиомасы;

  29. Ықтималдықтың аксиоматикалық анықтамасы.




  1. Ықтималдықтарды қосу теоремасы қалай оқылады?

  2. Ықтималдықтарды қосу теоремасын екі үйлесімсіз оқиғалар үшін дәлелдеңіз;

  3. Ықтималдықтарды қосу теоремасын екі үйлесімді оқиғалар үшін дәлелдеңіз;

  4. Ықтималдықтарды қосу теоремасын жалпылаңыз және дәлелдеңіз;

  5. Оқиғаның терістемесінің ықтималдығын есептеңіз




  1. Шартты ықтималдықты есептеу формуласын дәлелдеңіз;

  2. Тәуелді екі оқиғаның көбейтіндісінің ықтималдығын дәлелдеңіз;

  3. Тәуелсіз екі оқиғаның көбейтіндісінің ықтималдығын дәлелдеңіз;

  4. Қос-қостан тәуелсіз оқиғаларға анықтама беріңіз, мысалдар ойлаңыз;

  5. Тәуелсіз оқиғалар тобына анықтама беріңіз, мысалдар ойлаңыз;

  6. Оқиғаларының саны екіден көп, бірақ ақырлы болғанда, олардың көбейтіндісінің ықтималдықтарын қалай есептейді? Алынған нәтижелерді дәлелдеп көрсетіңіз және мысалдармен түсіндіріңіз;

  7. Оқиғаларының саны екіден көп, бірақ ақырлы болғанда, олардың кемінде біреуінің көріну ықтималдығын табыңыз. Мысал ойлаңыз;

  8. Оқиғаларының саны екіден көп, бірақ ақырлы болғанда, олардың тек біреуінің көріну ықтималдығын табыңыз. Мысал ойлаңыз;

  9. Ықтималдықтары белгілі және бірдей болғанда, осы оқиғалар көрінетін тәуелсіз тәжрибелер санын қалай анықтауға болады?




  1. Толық ықтималдықтың формуласын жазып, дәлелдеңіз;

  2. Толық ықтималдықтың формуласына мысал ойлаңыз;

  3. Бейес формуласын дәлелдеңіз, мысал келтіріңіз;

  4. Бернулли формуласының мағнасын айтыңыз, мысал ойлаңыз;

  5. Лапластың локалдық теоремасын қолдануға мысал келтіріңіз;

  6. Лапластың интегралдық теоремасын қолдануға мысал келтіріңіз;

  7. Осы теоремалардың артықшылығы, кемшілігі неде?

  8. Ең ықтимал сан туралы не білесіз? Мысал ойлаңыз.




  1. Кездейсоқ шама туралы ойыңызды айтыңыз. Мысалдар келтіріңіз;

  2. Д.к.ш. анықтағыз, мысал ойлаңыз;

  3. Д.к.ш. үлестірім заңы деп нені айтамыз? Мысалдар келтіріңіз;

  4. Биномдық үлестірім заңын жазыңыз, мысал келтіріңіз;

  5. Геометриялық үлестірім заңын жазыңыз, мысал келтіріңіз;

  6. Гипергеометриялық үлестірім заңын жазыңыз, мысал келтіріңіз;

  7. Пуассондық үестірім заңын жазыңыз, мысал келтіріңіз;

  8. Үлестірім заңдарын салыстыра отырып өз ойыңызды айтыңыз, мысал келтіріңіз;

  9. Математикалық үміт деп нені айтамыз?

  10. Математикалық үміттің практикалық мағнасы не?

  11. Математикалық үміттің қасиеттерін түжырымдап, дәлелдеңіз;

  12. Дисперсия дегеніміз не?

  13. Дисперсияның практикалық маңызын түсіндіріңіз;

  14. Дисперсияның қасиеттерін түжырымдап, дәлелдеңіз;

  15. Орташа квадраттық ауытқуды анықтаңыз,

  16. Орташа квадраттық ауытқудың практикалық қолданысы туралы ойыңызды айтыңыз;

  17. Моменттер ұғымына анықтама беріңіз;

  18. Асимметрия коэффициентін анықтаңыз;

  19. Эксцесс коэффициентін анықтаңыз, мағнасын түсіндіріңіз;

  20. Квантилье дегеніміз не?



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет