Физика-математика факультеті Информатика кафедрасы «Компьютер архитектурасы»



Pdf көрінісі
бет3/7
Дата31.03.2017
өлшемі1 Mb.
#10857
1   2   3   4   5   6   7

17,18 дәріс 

Сыртқы жады (СЖ) деректерді жғне программаларды ұзақ мерзімді сақтауға 

арналған жғне оның құрамының тұтастығы компьютердің қосылып немесе айырылып 

тұрғанына байланысты емес. Оперативті жадыға қарағанда сыртқы жадының 

процессормен тікелей байланысы жоқ. Ақпарат процессорда СЖ-ға жғне керісінше 

шамамен келесі тізбек бойынша жіреді.  

Компьютердің СЖ-ның құрамына жататындар: 


 

Иілгіш магниттік дискідегі жинақтауыштар 



 

Қатқыл магниттік дискідегі жинақтауыштар 



 

Компакт-дискідегі жинақтауыштар 



 

Магнитті-оптикалық компакт-дискідегі жинақтауыштар 



 

Магниттік таспалардағы жинақтауыштар жғне т.б. 



Иілгіш диск, дискета  (ағ. Floppy disk) – шағын кӛлемді ақпаратты сақтауға арналған 

құрылғы,  қорғаушы  қабықта  орналасқан  иілгіш  пластикалық  диск. 

Бір 

 компьютерден  басқа  компьютерге  деректерді  тасымалдау    жғне  программалардың 



жабдықты тарату ішін қолданылады.  

Дискета дӛңгелек полимер астардан тұрады, екі жағынан да магниттік қышқылмен 

(окислом) жғне пластикалық қорапқа орналастырылған. Оның ішкі бетінде тазартушы 

қабаты  бар.  Қораптың екі  жағынан  ойықтар жасалған,  солар  арқылы  жинақтауыштың 

оқу/жазу бастиегі дискіге қатынас құрады.  

Магниттік  ортада  екілік  ақпартта  жазу  ғдісі  магниттік  кодтау  деп  аталады. 

Магниттік домендар ортада ӛздерінің солтістік жғне оңтістік полюстерімен ұсынылған 

магниттік ӛрістің бағытында жолдар бойымен  қатарласады. Єдетте магниттік домендар 

бағытымен екілік ақпараттың арасында бірмғнді сғйкестік орнатылады.  

Ақпарат  концентрлі  жолдарға  (тректер)  жазылады.  Олар  сектрлерге  бӛллінеді. 

Жолдар мен  сектрлердің саны дискетінің форматына жғне типіне байланысты. Сектор 

дискіге  жазылуы  жғне  оқылуы  мімкін  ақпараттың  минималь  порциясын  сақтайды. 

Сектордың сыйымдылығы тұрақты жғне 512 байт құрайды. Дискетада 360 Кбайт 2,88 

Мбайтқа дейін апарат сақтауға болады.  

Қазіргі  таңда  келесі  қасиеттері  бар  дискеталар  кең  тараған:  диаметрі  3,5дюйм  (89 

мм), сыйымдылығы 1,44Мбайт, жол саны 80, жадыға секторлар саны 18. 

Дискета  иілгіш  магниттік  дискідегі  жинақтауышқа  (ағ.  Floppy  disk    drive) 

орналастырылады, онда автоматты тірде бекітіледі,  содан соң жинақтауыш  механизмі 

360  мин. 

–1

  айналу  жиілігіне  дейін  айналдырылады.  Жинақтауышта  дискетаның  ӛзі 



айналдырылады,  магниттік  бастиектер  қозғалыссыз  қалады.  Дискета  оған  қатынас 

тұрған кезде ғана айналады. 

Жинақтауыш 

процессормен 

иілгіш 

дискілер 



контроллері 

арқылы 


байланыстырылады. 

Оперативтік жады. 

Оперативтік    жады  (ОЕСҚ,  ағыл.  RAM,  RANDOM  ACCESS  Memory-  кездейсоқ 

қатынасты  жады)  -  бұл  орындалатын  программалар  мен  осы  программалар  арқылы 

ӛңделетін  мәліметтерді  жазуға,  оқуға,  сақтауға  арналған,  процессормен  тығыз 

байланысты, тез есте сақтайтын, шағын кӛлемді құрылғы. 

Оперативтік жады программалар мен мәліметтерді уақытша сақтау үшін қолданылады. 

Машина cӛндірілгенде ОЕСҚ-да орналасқанның барлығы жойылып кетеді. Оперативтік 

жады элементтеріне қатынас тура-бұл жадыдағы әр байттың дербес адресі бар дегенді 

білдіреді. 

ОЕСҚ-ның 

кӛлемі 


негізінен 

32-512 


МБайт, 

ал 


қазіргі 

программалық 

жабдықтамалардың  тиімді  жұмыс  жасауына  кӛлемі  256  МБайттан  кем  емес  ОЕСҚ 

қажет.  Негізінде  ОЕСҚ  DRAM  жадысының  (Dynamic  RAM-  динамикалық  ОЕСҚ) 

интегралды  микросхемасынан  орындалады.  DRAM  микросхемасы  басқа  жады 

түрлеріне қарағанда жай жұмыс істейді, бірақ арзан. 

Әрбір  ақпараттың  бит  DRAM-да  жартылай  ӛткізгіш  кристалл  құрылымында 

қалыптасқан,  шағын  конденсатордың  электрлік  заряды  түрінде  сақталады.    Токтың 

шығынынан  мұндай  конденсаторлар  тез  разрядталады  және  оларды  арнайы 

құрылғылар  периодты  түрде  (әр  2  миллисекунт)  зарядтайды.  Бұл  процесті  жадыны 

регенерациялау деп атайды (Refresh Memory). 


Қазіргі  микросхемалар  сиымдылықтары  1-16  МБит  және  одан  үлкен.  Олар  корпусқа 

орнатылады және жады модульдеріне жинақталады.  

Кең тараған модуль типтері DIMM және SIMM. 

SIMM модулінде жады элементтері ұзындығы шамамен 10 см болатын кішкентай баспа 

платасында жинақталады. Мұндай модульдердің сиымдылықтары әр түрлі-256Кбайт, 1, 

2, 4, 8, 16, 32, және 64 Мбайт. Әр түрлі SIMM модульдері бірнеше микросхемалармен-

9, 3 немесе 1 және әр түрлі контакт сандарымен-30 немесе 72 ерекшеленеді. 

Жады модулінің негізгі сипаттамасы- мәліметтерге қатынас құру уақыты, әдетте ол 60-

80 наносекунд құрайды.  

Қазіргі кезде SIMM-дар қолданылмайды. Олардың орнына  DIMM, ал DIMM  орнына 

DDR  мен  RIMM  келді,  бірақ  DIMM  мен  салыстырғанда  олардың  бағалары  едәуір 

қымбат және сәйкесінше алмастыру жылдамдығы жоғары. 



КЭШ- жады. 

Кэш  (ағыл.cache)  немесе  аса  оперативті  жады-  ӛте  тез  кіші  кӛлемдегі  есте  сақтау 

құрылғысы.  Микропроцессор  мен  оперативті  жады  арасында  процессордың 

ақпараттарды  ӛңдеу  жылдамдығындағы  айырмашылықтарды  компенсациялау  үшін 

мәліметтер алмасуда қолданылады. 

Кэш  жадыны  арнайы  құрылғы  -  контроллер  басқарады.  Ол  орындалып  жатқан 

прогрмманы  талдап,  процессорге  жуық  уақытта  қандай  мәліметтер  мен  командалар 

қажет  екенін  саралап,  оларды  кеш  жадыға  кӛшіреді.  Дәл  келген  жағдайда,  яғни  кэш 

жадыға қажетті мәліметтер түссе, оларды жадыдан алу кедергісіз жүреді. Егер қажетті 

ақпарат  кэш  жадыда  жоқ  болса,  онда  процессор  оларды  оперативті  жадыдан  тікелей 

оқиды. Дәл келгендер мен келмегендер санының қатынасы кэш тиімділігін анықтайды.  

Кэш  жады  SRAM  статикалық  жады  микросхемаларында  жүзеге  асырылады.  Олар 

DRAM-ға қарағанда тез әрекетті, қымбат, сиымдылығы аз. 

Қазіргі  микропроцессорлер  ӛлшемі  8-16  КБайт  бірінші  деңгейдегі  кэш  деп  аталатын 

кэш  жадыларынан  тұрады.  Сонымен  қатар,  компьютердің  жүйелік  платасында 

сиымдылықтары  64  КБайттан  256  Кбайтқа  дейінгі  және  одан  да  жоғары  екінші 

деңгейдегі кэш орналасуы мүмкін. 

АРНАЙЫ  ЖАДЫ. 

Арнайы  жады  құрылысына  тұрақты  жады  (ROM),  қайта  программаланатын  тұрақты 

жады  (FLACH  MEMORY),  батарейкамен  қоректендірілетін  CMOS  RAM  жадысы, 

видиожады т.б. жады түрлері жатады. 

Тұрақты  жады  (    ТЕСҚ  ағыл.  ROM,  READ  Only  Memory-тек  оқуға  арналған  жады)  -

энергияға тәуелсіз жады, ешқашан ӛзгертуді қажет етпейтін мәлеметтерді сақтау үшін 

қолданылады. 

Жады мазмұны тұрақты сақтау үшін, оны дайындау кезінде арнайы әдіспен құрылғыда 

«тігіледі». ТЕСҚ-дан тек оқуға болады. 

Қайта  программаланатын  тұрақты  жады  (Flash  Memory)  -  энергияға  тәуелсіз  жады, 

ӛзінің мазмұнын дискеттен бірнеше рет қайта жазуға әкеледі. 

Ең  алдымен  т.ж-ға  процессордың  ӛзінің  жұмысын  басқару  программасы  жазылады. 

ТЕСҚ-да 


дисплейді, 

клавиатураны, 

принтерді, 

сыртқы 


жадыны 

басқару 


программалары,  компьютерді  іске  қосу  және  айыру  программалары,  құрылғыларды 

тестілеу программалары бар. 

Тұрақты немесе Flash жадының басты микросхемасы - BIOS модулі. 

BIOS  (Basic  input/Output  system  енугізу-шығарудың  базалық  жүйесі)-компьютердің 

қоректендіргішін іске қосқаннан кейінгі құрылғыларды автоматты тестілеуге; 

Операциялық жүйені оперативті жадыға жүктеуге арналған программалар жиынтығы.       

BIOS  қызметі  екі  жақты:  бір  жағынан  бұл  аппаратураның  (Hardware)  бӛлінбейтін 

элементі, екінші жағынан кез келген операциялық жүйенің басты модулі (Software). 



ТЕСҚ-ның бір түрі - CMOS RAM. 

CMOS RAM - бұл тез әрекететкіштігі тӛмен және батарейкадан минималды энергияны 

қажет  ететін  жады.  Компьютер  құралдарының  құрамы  мен  конфигурациясы  туралы 

мәліметтерді есте сақтау үшін қолданылады. 

CMOS  мазмұны BIOS-та орналасқан арнайы SETUP прогаммасымен ӛзгертіледі. 

Графикалық мәліметтерді сақтау үшін видеожады қолданылады. 

Видеожады (VRAM) - ОЕСҚ-ның бір түрі, мұнда кодталған кескіндер сақталады.  Бұл 

ЕСҚ  былайша  ұйымдастырылған:  оның  мазмұны  бірден  2  құрылғыға  қатынас  жасай 

алады-процессорге және дисплейге. 

Сондықтан  экрандағы  кескін  жадыдағы  видеомәліметтердің  жаңартылуымен 

бірмезгілде ӛзгереді. 

 

19,20 дәріс Дербес компьютерлердегі дыбыс 

Дыбыстық  тақша  әдетте  пайдаланушының  қате  әрекеттеріне  жауап  беретін 

динамиктің  шиқылына  қарағанда  тым  күрделі 

дыбыстарды  компьютердің  түрлендіруіне  мүмкіндік 

береді. Дыбыстық тақша ұсынатын дыбыспен жұмыс 

істеудің 

кеңейтілген 

мүмкіндігі 

компьютерлік 

ойындарда 

және 


басқа 

қазіргі 


заманғы 

бағдарламаларда талап етіледі. 

Акустикалық  дыбыс  зорайтқыш.  Дыбыстық  ақпараттарды  шығару  құрылғысы.  Кейде 

оның  құлаққа  киетін  түрі  де  кездеседі.  Аудиториялық  дыбыс  зорайтқыш  үлкен 

аудиторияларда  пайдалануға  жақсы,  ал  құлаққа  киетін  дыбыс  шығарғыштар  жеке 

пайдалануға арналған. Оларды дыбыс зорайту сипаттамасына қарап таңдайды. 

 

 

21,22 Бағдарламалық жасақтаманы баптау 



Реестрді тазарту 

 

Әрқашан, қандай да бір бағдарламаны компьютерге орнатқан кезде, жүйелі реестр 



деген  арнайы  қоймаға  ӛзі  туралы  мәлімет  енгізеді.  Операциялық  жүйе  немесе 

қолданбалы  бағдарламаның  қалыпты  жұмыс  жасауы  үшін  инициализация 

параметрлері, драйвер жайында мәлімет, аралық және қорытынды нәтежелері реестрге 

түседі.  

Уақыт  ӛте  келе  маңызды  қойма  ―жұмыс  орнынан‖  жойып  отыруға  ұмытылған, 

кәсіби  емес  бағдарламалармен  ретсіз  толған  ―қоқысқа‖  айналады.    ―Толған‖  реестр 

кесірінен жүйе қарапайым операцияларды дұрыс орындай алмайды. Сол себепті, реестр 

жедел  жадысына  кӛшіріледі  және  ол  мӛлшерлі  болған  сайын,  жүйеге  әрқашан 

жетпейтін  жедел  жадыны  таңдауға  тура  келеді.  Осыдан  реестрді    жиі  тазартып  тұру 

керек деген шешімге келеміз. 

Оны  тазарту  үшін,  кәсіпкерлер  мен  компьютер  әуесқойлары  жазған  кӛптеген 

бағдарламалар  мен  утилиталарды  кездестіреміз.  Бағдарламалардың  кӛбі  реестрды 

тазалаумен  қатар,  басқа  да  қызметті  ұсынуы  мүмкін,  мысалы:      автожүктеу  мәзірін 

ӛңдеу, орнатылған бағдарламаны жою, жүйелік қызметті айыру және т.б. Негізінен бұл 



утилиталар  барлық  қызметін  қолданып,  ұсақ  заттарға  кӛңіл  аудармай,  реестрді 

жылдамырақ  және сапалы тазартады. 

Реестрді  тазартатын  басқа  бағдарламалар:  Advanced  Registry  Doctor  Pro,  Registry 

Defragmentation, Registry Clean Expert  және т.б. болуы мүмкін. Соның бірі TweakNow 

RegCleaner бағдарламасы жиі қолданыста. 

 

 



5.3-cурет. TweakNow RegCleaner бағдарламасы 

 

Бағдарламаның  интерфейсі  қарапайым  және  түсінікті.  Сканерлеуді  бастамас 



бұрын, екі нұсқаның бірін таңдауды - жылдам немесе баптау сканерлеуін сұрайды. Бұл 

жағдайда,  қажет  немесе  жылдам  сканерлеу  тізіміне  түспеген  ―аймақты‖  қамтуға 

мүмкіндік беретін екінші нұсқаны таңдаған жӛн. 

Қай нұсқаны таңдасақта, Clean now батырмасын басу керек. Осы кезде терезе мазмұны 

ӛзгереді,  одан  сканерлеу  нәтижесінің  үш  бағытын  кӛруге  болады:  қателерді  қауіпсіз 

жою,  жоюға толықтай қауіпті емес қателер және белгісіз қателер. 



 

23,24 дәріс Жҥйелік блокты жинау.    

Компьютерді  құрастыру  үшін  алдымен  антистатикалық  қолғап  немесе 

антистатикалық  білезікті  қолға  тағу  керек.  Осы  құралдар  болмаған  жағдайда, 

құрылғыларды ағытпаларына орнатар кезде,  екінші  қолмен жүйелік блоктың қорабын 

ұстап тұру қажет.  

Компьютерді құрастыру мен бӛлшектеу үшін мынадай алгоритм бойынша қызмет 

еткен жӛн:  

1.

 



Алдымен орнататын құрылғылардың  орауларын шешу керек; 

2.

 



1.15-суретте кӛрсетілгендей қажет құрал жабдықтарды жинақтап алыңыз;  

3.

 



Әрбір бӛлшектің аталуын дәл білуге ұмтылыңыз; 

4.

 



Жүйелік  блокқа  орналастырылатын  жүйелік  тақтаның  орны  мен  оны 

бекітуге қажет болатын бұрандалар мен саймандарды дайындаңыз; 

5.

 

Қорапты  ӛз  ыңғайыңызға  қарап,  кӛлденеңінен  оң  жақ  бетін  тӛменге 



қаратып үстелге қойыңыз; 

6.

 

Жүйелік  блогына  жүйелік  тақшамен  келетін  енгізу-шығару  тақтасын 



жүйелік блоктың ішінен орнату керек; 

7.

 



Монтаждық кӛзге жүйелік тақшаның тесікшелері дәл келетіндей етіп жай 

ғана қойыңыз; 

8.

 

Дәлдікке кӛзіңіз жетсе ғана бұрандаларды бекітіңіз. 



9.

 

Процессорды  жүйелік  тақшаның  процессорлық  ұясына  орнату  (кейде 



жүйелік тақшаны жүйелік блогына салмастан бұрын тақшаны тегіс жерге 

қойып процессорды орнатып алады); 

10.

 

Процессордың  үстіне  термосықпаны  жағып,  кулерді  орнату  (термосықпа 



процессор мен  салқындатқыш арасындағы жылу алмасуын жақсартады); 

11.


 

Қоректендіру  блогы  баусымдары  жүйелік  тақшаға  жалғанатындай  етіп, 

қораптың  сыртқы  артқы  тақтасына  коректендіру  блогынан  электр  тогына 

жалғайтын ағытпа қарайтындай етіп оң жақ жоғары жағына орналастырып 

бекітіңіз; 

12.


 

Диск-жетектерді  (FDD,  CD-DVD)  компьютердің  алдыңғы  тақтасына 

орналастырыңыз; 

13.


 

Қатқыл дискіні қораптың ішкі алдыңғы бӛлігіндегі орынға орналастырып, 

бұрандалармен бекітіңіз; 

14.


 

Бейнекартаны,  жедел жадыны жалғаңыз. 

15.

 

Жүйелік блогына желдеткіштерді орнату; 



16.

 

Тағы басқа құрылғылар болса жүйелік блоктың бітеуіштерін ағытып алып 



орнатуға болады; 

17.


 

Құрылғылардың  барлығын  орнатқан  соң  кабельдер  мен  байсымдарын 

ағытпаларына орнату қажет; 

18.


 

Компьютер жұмысқа дайын екеніне кӛз жеткізіңіз. 

19.

 

Осы әрекеттерден соң жүйелік блоктың қорабын жабуға болады. 



 

 

Жүйелік қорабының айырып-қосқыштар мен индикаторлардың  қосу схемасы 



 

 

 

Компьютерді құрастыру кезіндегі кӛрініс 

 

 

 



Жүйелік тақшаны орнату жолы 

 

 



Алдыңғы суретте кӛрсетілген құраушылардан құрастырылған жүйе 

 

25,26 дәріс BIOS қҧралдары 

Bios  (Basic  Input/Output  System  –  енгізу-шығарудың  базалық  жүйесі)  –  компьютердің 

бастапқы  жүктелуіне,  жасақтамаларды  баптауға  және  енгізу-шығару  функцияларын 

қамтамасыз етуге арналған бағдарлама.  

BIOS ҥзілістері. 

 Енгізу-шығару командалары. ЭЕМ-нің барлық құрылғылары ішкі және сыртқы болып 

бӛлінеді. Ішкі құрылғылар - орталық процессор мен оперативті жады, ал қалған барлық 

құрылғылар  сыртқы  құрылғыларға  (сыртқы  жад,  пернетақта,  монитор,  т.б.)  жатады. 

Енгізу-шығару  деп  орталық  процессор  мен  кез  келген  құрылғы  арасында  ақпарат 

алмасуды айтамыз. Сыртқы құрылғыдан орталық процессорға мәлімет беру - енгізу деп 

аталса, орталық процессордан сыртқы құрылғыға мәлімет беру  - шығару деп аталады. 

Дербес компьютерлерде орталық процессор мен сыртқы құрылғылар арасында ақпарат 

алмасу порттар арқылы жүзеге асады. 


 Порт  дегеніміз  -  орталық  процессордан  тыс  орналасатын  байт  немесе  сӛз  ӛлшемді 

қандай  да  бір  регистр.  Оның  AX,  SI,  т.с.с.  регистрлерге  ешбір  қатысы  жоқ.  Негізінен 

барлық порттар байттық болып табылады, бірақ екі кӛршілес порттар сӛз ӛлшемді порт 

ретінде  қарастырылады.    Порттар  0-ден    0FFFFh-қа  дейін  нӛмірленеді.  Осылайша, 

потенциалды  65536  порт  болуы  мүмкін,  бірақ  шынайы  одан  әлдеқайда  аз.    Әрбір 

сыртқы құрылғымен, ӛз портымен немесе бірнеше порттармен байланысады, олардың 

нӛмірлері алдын ала белгілі. Орталық процессор да, сыртқы құрылғы да портқа ақпарат 

жазып,  одан  ақпарат  оқи  алады.  Орталық  процессор  жағынан  бұл  операциялар  келесі 

машиналық командалар кӛмегімен жүзеге асады: 

 Порттан оқу (енгізу): IN AL, n немесе IN AX, n  

 Портқа жазу (шығару): OUT n, AL немесе OUT n, AX  

 IN командасы бойынша AL(AX) регистріне n нӛмірлі порт ішіндегісі  тасымалданады, 

ал    OUT  командасы  кері  әрекетті  жүзеге  асырады:  n  нӛмірлі  портқа  AL(AX) 

регистріндегі  тасымалдайды. Бұл командалардағы порт нӛмірі не 0-ден 255-ке дейінгі 

санмен, не мәні порт нӛмірі ретінде қабылданатын DX регистрімен беріледі.  Мысалы:  

 IN AL,97h ;AL:= порт 97h  

 MOV DX,836  

 OUT DX,AX ;порт 836:=AX  

     Операнданың бірінші нұсқасы порт нӛмірі үлкен емес шама және алдын ала белгілі 

болған  жағдайда  қолданылады,  екінші  нұсқа  порт  нӛмірі  кез  келген  болса  немесе  ол 

бағдарламаны есептеу уақытында ғана белгілі болғанда  қолданылады.  

    Үзілімдер.  Операциялық  жүйенің  негізгі  міндеттерінің  бірі  -  ЭЕМ  құрамына  кіретін 

барлық  құрылғылар  жұмысын  басқару.  Ол  үшін  операциялық  жүйе  құрылғыларда 

болып  жатқан  барлық  оқиғаларды  бақылауға  міндетті.  Мысалы,  орталық  процессор 

қандай  да  бір  бағдарламаны  орындау  барысында  қандай  да  бір  сыртқы  құрылғыда 

оқиға  орындалса  (пернетақтаның  пернесі  басылды  делік),  әрине,  бұл  бағдарлама 

орындалып  біткенге  дейін күтуге  болмайды,  болған  оқиғаға  бірден жауап  беру  керек. 

Оны  қалайша  жүзеге  асыруға  болады?  Бұл  мәселе  үзілімдер  (interrupt)  кӛмегімен 

шешіледі. Процессор операциялық жүйеден арнайы сигнал (үзілім сигналын) алғаннан 

кейін  ағымды  бағдарлама  командаларын  тоқтатып,  басқаруды  операциялық  жүйеге 

береді. Операциялық жүйе қандай оқиға болғандығын анықтайды (мысалы, пернетақта 

не тышқан пернесінің басылуы) және соған сай үзілімді ӛңдеу бағдарламасын шақыра 

отырып,  соған  әсер  етеді.  Келесі  орындалатын  команда  адресі  CS  және  IP 

регистрлерінде  сақталатындығын  еске  салайық.  Үзілім  мезетінде  бұл  регистрлер  егер 

де  үзілім  болмаса  орындалатын  командаға,  яғни  бағдарлама  жұмысын  қай  жерден 

бастап қайта жалғастыру керектігін нұсқайды. 



BIOS-тың атқаратын негізгі қызметі енгізу-шығару құрылғыларына (пернетақта, экран, 

дискілік  жинақтауыштар)  қызмет  ету,  сондықтан  оны  «енгізу-шығарудың  базалық 

жүйесі» деп атаған. Қазіргі компьютерлерде BIOS бірнеше қызмет атқарады: 

           - компьютерді және ӛзін-ӛзі тестілеу процедурасын жүктеу (Power-On Self Test - 

POST).  BIOS  микросызбасында  орналасқан  бағдарлама  компьютер  қосылғаннан  кейін 

ең  бірінші  жүктеледі.  Ол  орнатылған  жасақтаманы  тексеріп,  құрылғыларды  баптап, 

оларды жұмысқа дайындайды. Егер де тестілеу кезнде қандай да бір ақаулар туындап 

жатса,  онда  POST  процедурасы  сәйкесінше  хабар  немесе  дыбыстық  сигнал  беру 

арқылы  тоқтатылады.  Ал  егер  тексеру  сәтті  ӛтсе,  тестілеу  операциялық  жүйені 

жүктеуге арналған ендірілген бағыныңқы бағдарламаны шақырумен аяқталады.  

           -  BIOS  Setup  бағдарламасы  кӛмегімен  жүйе  параметрлерін  баптау.  POST 

процедурасы кезінде жабдық арнайы CMOS жадыда сақталатын BIOS параметрлеріне 

сәйкес  бапталынады.  Қолданушы  осы  параметрлерді  ӛзгерту  арқылы  жеке  құрылғы 

жұмысын  немесе  бүкіл  жүйе  жұмысын  ӛз  қарауына  қарай  баптай  алады.  Олар  BIOS 



Setup  немесе  CMOS  Setup  деп  аталатын  арнайы  баптау  бағдарламасында 

редакцияланады.  

 BIOS-тың  бағдарламалық  үзілімдері  кӛмегімен  енгізу-шығару  функцияларын  қолдау. 

Жүйелік  BIOS  құрамында  пернетақтамен,  бейнеадаптермен,  қатты  дискімен,  енгізу-

шығару  порттарымен,  т.б.  жұмыс  жасауға  арналған  ендірілген  функциялар  бар.  Бұл 

функциялар  MS  DOS  тәрізді  операциялық  жүйелерде  кеңінен  қолданылғанымен, 

Windows-тың соңғы нұсқаларында қолданылмайды деуге де болады. 

Қоректендіру кӛзіне қосылғаннан кейінгі процесстер. Компьютердің қосу батырмасына 

басқаннан  кейінгі  жүктелетін  ең  бірінші  құрылғы  –  қоректендіру  блогы.  Егер 

қоректелінетін  барлық  кернеулер  нормада  болса,  онда  жүйелік  тақтаға  қоректендіру 

блогының  сәтті  тестіленгенін  білдіретін  және  жүйелік  тақта  компонеттерін  жүктеуге 

рұқсат  беретін  Power  Good  арнайы  сигналы  беріледі.    Осында  кейін  чипсет  орталық 

процессор  лақтыру  сигналын  береді,  нәтижесінде  барлық  регистрлер  тазаланып, 

процессор жүктелінеді. Процессор жұмысы тӛмендегіше жүзеге асады: 

 -    жүйелік жадыдан жады ұяшығында бастапқы адрес бойынша жазылған команданы 

оқиды; 


 -    осы команданы орындайды, одан соң басқа команданы оқиды, оны да орындайды 

және т.с.с. 

 Осылайша,  оның  жұмысы  жүйелік  жадыдан  біртіндеп  командаларды  оқу  және 

орындау  болып  табылады.  Процессор  лақтырудан  кейін  BIOS  микросызбаларындағы 

командаларға  қатынайтындай  етіп  құрылған,  ал  BIOS-та  жазылған  бағдарлама 

бойынша компьютер қосыла салысымен тестілеу процедурасы немесе POST жүктеледі.  

 POST процедурасы. Ӛзін-ӛзі тестілеу POST процедурасы бірнеше кезеңдерден тұрады: 

 1.  Негізгі жүйелік компонеттердің бастапқы инициализациялануы. 

 2.    жедел  жадыны  детектілеу,  оперативті  жадыға  BIOS  кодын  кӛшіру  және  BIOS-тың 

бақылау қосындыларын тексеру. 

 3.  Чипсеттің алғашқы бапталуы. 

 4.  Бейнеадаптерді іздеу және инициализациялау. Қазіргі заманғы бейнеадаптерлердің 

ӛз  BIOS-ы  болады,  Бейнеадаптерді  инициализациялау  барысында  экранда  BIOS 

бейнеадаптері кӛмегімен құрылған бірінші кӛрініс пайда болады.  

 5.    CMOS  бақылау  қосындысын  және  батарей  күйлерін  анықтау.  CMOS  бақылау 

қосындысы қате болса, барлық мәндер үнсіздік бойынша жүктеледі. 

 6.  Процессорды  және  жедел  жадыны  тестілеу.  Нәтижелер  әдетте  экранда  пайда 

болады. 


 7. Пернетақтаны қосу, енгізу-шығару және басқа да құрылғыларды тестілеу. 

 8.  Дискеттердің  дискіжетектерін  инициализациялау  және  IDE-құрылғыларды 

детекторлеу. Жинақтауыштар туралы мағлұматтар әдетте экранда пайда болады.  

 9. Құрылғылар арасында ресурстарды үлестіру және табылған құрылғылар мен оларға 

деп тағайындалған ресурстар кестесін шығару 

 10.   Ӛз BIOS-ы бар құрылғыларды іздеу және инициализациялау. 

 11.  Жүктелу  тізімінде  кӛрсетілген  құрылғылардан  жүктелу  секторын  іздейтін 

бағдарламалық үзілім BIOS INT 19h шақыру.  

 BIOS  нұсқасына  байланысты  POST  процедурасының  орындалу  реті  біраз  ӛзгеруі 

мүмкін,  бірақ  жоғарыда  келтірілген  негізгі  кезеңдер  кез  келген  компьютерді  жүктеу 

кезінде орындалады. 

POST  процедурасы  аяқталғаннан  кейін  INT19  BIOS  бағдарламалық  үзілімі 

шақырылады. Қатты диск немесе шешілетін жинақтауышта орналасуы мүмкін жүктеу 

секторын іздеу процедурасы жүктеледі. Құрылғыларды іздеу реті BIOS-тың First Boot 

Device,  Second  Boot  Device    және  Third  Boot  Device  параметрлері  кӛмегімен 

орнатылады. 



 Мысалға, жүйеде жүктелудің келесі реті орнатылған деп алайық: бірінші жүктелінуші 

құрылғы – дискета (Floppy), екінші -  CD-ROM, үшінші - қатты диск (HDD-0). 

           -  BIOS  бағдарламасы  алдыменен  дискіжетекке  қатынайды,  дискетті  тапқаннан 

кейін  оның  бірінші  секторын  оқиды,  егер  онда  операциялық  жүйені  жүктеуші  бар 

болса,  басқаруды  соған  береді.  Егер  дискета  жүйелік  емес  түрінде  форматталса,  онда 

сәйкес хабарлама беру арқылы жүктелу тоқтатылады. Мысалы, Non System disk or disk 

error. Replace and press any key when ready (Для продолжения загрузки нужно извлечь 

дискету из дисковода и нажать любую клавишу). 

           -  Егер  дискіжетекте  дискета  жоқ  болса,  онда  жүйе  CD-ға  арналған  жетекке 

қатынайды.  Жүктелінуші  компакт-дискіні  тапқаннан  кейін,  жүйе  содан  жүктелуді 

бастайды. Әр түрлі CD жүктелу барысында әр түрлі хабарламалар шығарады.  

           -  HDD  –ден  жүктелу  басталады,  егер  дискіжетекте  дискета  және  CD-ROM-да 

компакт-диск  жоқ  болса.  Бұл  жағдайда  BIOS  дискінің  бірінші  физикалық  секторына 

қатынайды.  Осыдан  қатты  дискінің  бӛлімдер  кестесін  және  басты  жүктелінуші  жазба 

кодын (MBR) оқиды. Осыдан кейін BIOS ӛз жұмысын аяқтап, басқаруды MBR кодына 

береді. Қатты диск бір не бірнеше бӛлімдерден тұруы мүмкін, солардың біреуі белсенді 

етіп  белгіленуі  қажет.  MBR-де  орналасқан  бағдарлама  белсенді  бӛлімнің  бірінші 

секторында  орналасатын  операциялық  жүйе  жүктеуішін  оқиды.  Осыдан  кейін  негізгі 

жүйелік файлдар жүктелуді бастайды. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет