Физика-математика факультеті Информатика кафедрасы «Компьютер архитектурасы»


,30 –дәріс ДК негізгі сыртқы қҧрылғылары



Pdf көрінісі
бет5/7
Дата31.03.2017
өлшемі1 Mb.
#10857
1   2   3   4   5   6   7

 

29,30 –дәріс ДК негізгі сыртқы қҧрылғылары.  

Клавиатура  компьютерге  ақпаратты  енгізу  және  басқару  сигналдарын  беру  үшін 

қолданылады. Ол алфавитті-цифрлық пернелердің стандартты жиынтығын және кейбір 

қосымша  пернелерді  –  функционалды  және  басқару,  курсорды  басқару  пернелерін, 

сонымен қатар кіші цифрлық клавиатураны қамтиды. 



Курсор  –  клавиатурадан  келесі  енгізілетін  таңба  позициясын  кӛрсететін,  монитор 

экранындағы жарық символ. 

Клавиатурадан  терілетін  барлық  символдар,  курсор  позициясында  монитордан  бірден 

кӛрсетіледі. 

Қазір  кӛбіне  тарағаны  101-пернелік  клавиатура,  пернелік  орналасуы  QWERTY    деп 

аталады. 

Мұндай клавиатура 12 функционалдық пернеден тұрады. Функционалдық пернені басу 

компьютерге бір символды емес, толық символдар жиынтығын береді. 

Функционалдық пернелер қолданушымен программалануы мүмкін. Мысалға, кӛптеген 

программаларда  кӛмек  алу  үшін  F1  пернесі,  ал  программадан  шығуға  F10  пернесі 

жүзеге асырылған. 

Басқару  пернелері келесі қызметтерге ие:  

Enter — енгізу пернесі;  


Esc  (Escape  —  шығу)  қандай  да  бір  іс-әрекеттерді  алып  тастауға,  менюден, 

программадан және соған ұқсас нәрселерден шығуға арналған перне;  

Ctrl және Alt — бұл пернелердің ӛзіндік мағынасы жоқ, бірақ басқа пернелермен қатар 

басқанда олардың іс әрекетін ӛзгертеді;  

Shift  (регистр)  —  пернелердің  регистрін  ӛзгертуді  қамтамасыз  етеді  (жоғарғыны 

тӛменгіге және керісінше);  

Insert (орнату) — орнату және ауыстыру режимін қосады;  

Delete (жою) — курсордың оң жағындағы (соңындағы)  символды жояды;  

Back Space немесе 

— курсордың сол  жағындағы (алдындағы) символды жояды;  

Home  және  End  —  курсордың  сәйкесінше  жолдың  бастапқы  және  соңғы  позициясына 

орын ауыстыруын қамтамасыздандырады;  

Page Up және Page Down — сәйкесінше текст ішінде бір бет жоғары және тӛмен орын 

ауыстыруын қамтамасыздандырады;  

Tab  —  табуляция  пернесі,  курсордың  оңға  қарай  бірден  бірнеше  позицияға  орын 

ауыстыруын қамтамасыздандырады;  

Caps  Lock  –  жоғарғы  регистрді  бекітеді,  кіші  әріптердің  орнына  үлкен  әріптерді 

енгізуді қамтамасыз етеді;  

Print  Screen  —  осы  сәтте  экранда  кӛрініп  тұрған  ақпаратты  алмастыру  буферіне 

кӛшіреді.  

Space – бос орындарды енгізуге арналған. 



және 

пернелері курсорды жоғары, тӛмен, солға және оңға бір позицияға 

немесе жолға орын ауыстыруға қызмет етеді. 

Кіші цифрлік клавиатура екі режимде қолданылады – сандарды енгізу және курсорды 

басқару. бұл режимдерді айырып қосу Num Lock пернелерімен жүзеге асырылады. 

Клавиатураның  енгізілген  микроконтроллері  (жергілікті  басқару  құрылғысы)  бар,  ол 

келесі қызметтерді атқарады:  

-  енгізілген  сингналдыоқып  және  перненің  екілік  скан-кодын  қалыптастыра  отырып, 

тізбектей пернелерді қарастырады

- клавиатураның жарықтық индикаторын басқарады

-  клавиатураның  енгізу-шығару  порты  арқылы  орталық  процессормен  қарым 

қатынасты жүзеге асырады; 

- бұзылыстардың ішкі диагностикасын жүргізеді. 

Клавиатураның  енгізілген  буфері  –  кіші  ӛлшемді  аралық  жадысы  бар,  онда  енгізілген 

символдар  орнатылады.  буфер  толып  кеткен  жағдайда  пернені  басу  дыбыстық 

сигналмен ілеседі – бұл символдың енгізілмегендігін білдіреді. 

Клавиатураның  жұмысын  BIOS-қа  «тігілген»  арнайы  программалар,  сонымен  қатар 



клавиатураның драйвері қамтамасыз етеді, ол орыс әріптерін енгізуге, клавиатураның 

жұмыс жылдамдығын басқаруға мүмкіндік туғызады және т. б. 



Компьютердің видеожҥйесі ҥш компоненттен тҧрады:  

-  монитор (дисплей);  

-  видеоадаптер;  

-  программалық жабдығы (видеожүйенің драйвері).  



Видеоадаптер  кадрлық  және  жолдық  ашудың  синхросигналдарын  және  сәулелердің 

жарығын  басқару  сингналдарын  мониторға  жібереді.  Монитор  бұл  сигналдарды 

кӛрнекі бейнелерге түрлендіреді. Ал программалық жабдықтар видеокӛріністі  ӛңдейді 

–  сигналдарды  кодтауды  және  декодтауды,  координаталық  түрлендіруді,  кескіндерді 

сығуды және т.б. орындайды. 


Кӛптеген  мониторлар  электронды-сәулелік  түтікше  (ЭСТ)  негізінде  құрастырылған 

және  олардың  жұмыс  істеу  принципі  телевизордың  жұмысымен  бірдей.  Мониторлар 

алфавитті-цифрлік және граикалық, монохромды және түрлі түсті кескінді болады. 

Дисплейдің негізгі элементі – электронды-сәулелік түтікше.  

Оның  алдыңғы  бӛлігінің  іші  люминоформен  –  оған  шапшаң  электрондар  тигенде 

жарық шығару мүмкіндігіне ие арнайы затпен сыланған. 

 

Люминофор  қызыл,  жасыл  және  көк  –  үш  негізгі  түстің  нүктелерінің  жиынтығы 



түрінде жағылады. Бұл түстерді негізгі деп аталуының себебі олардың сәйкестенуімен 

(әр түрлі пропорцияда) спектрдің кез келген түсін шығаруға болады. 

Люминофор  нүктелерінің  жиынтығы  ұшбұрыштық  триадалар  бойынша  орналасады. 

Триада  пиксел  –  нүкте  құрады,  олардан  кескін  қалыптасады.  (ағыл.  pixel  —  picture 



element, кескін элементі).  

Пикселдер  орталарының  арасындағы  қашықтық  монитордың  нүктелік  қадамы  деп 

аталады.  Бұл  қашықтық  кескін  сапасына  айтарлықтай  әсер  етеді.  Қадам  аз  болған 

сайын,  сапа  соғұрлым  жоғары.  Әдетте  түрлі  түсті  мониторларда  қадам  0,24  мм 

құрайды.  Мұндай  қадамда  адам  кӛзі  триада  нүктелерін  «күрделі»  түстің  бір  нүктесі 

ретінде қабылдайды. 

Түтікшенің  қарама  қарсы  бетінде  үш  электрондық  пушкалар  (негізгі  түстің  санына 

байланысты)    орналасқан.  Үш  пушканың  барлығы  бір  пикселге  «кӛзделген»,  бірақ 

олардың  әрқайсысы  люминофордағы  «ӛзінің»  нүктесінің  бағытында  электрондар 

шоғын жібереді. 

Электрондар  экранға  кедергісіз  жету  үшін,  түтікшеден  ауа  сорылып  алынады,  ал 

пушкамен экран арасында электрондарды үдететін жоғары электр кернеуі жасалады. 

Экранның алдынғы бӛлігінде электрондар жолында маска – кӛптеген тесіктері бар жұқа 

металл  пластина  қойылады.  Маска  электрондық  сәулелердің  тек  сәйкес  түсті 

люминофор нүктелеріне тиуін қамтамасыздандырады.  

Пушкалардың  электрондық  ағынының  ӛлшемін,  яғни  пикселдердің  жануының 

жарықтығын, видеоадаптерден келетін сигнал басқарады. 

Рис. 6. Электрон шоқтарының экранмен жүруі 

Колбаның  электрондық  пушкалар  орналасқан 

бӛлігіне,  монитордың  ауытқыту  жүйесі 

орнатылады, ол электрон шоқтарын кезегімен 

барлық 


пикселдерін 

жол 


жолымен 

жоғарғысынан  тӛменгісіне  дейін,  сосын 

жоғарғы  жолдың  басына  қайтып  ӛтуін  және 

т.с.с. жүргізеді. 

Секундына  кӛрсетілген  жолдардың  саны 

ашудың жолдық жиелігі деп аталады. Ал кескіннің кадрлары ӛзгеретін жиелік ашудың 

кадрлық  жиелігі  деп  аталады.  Соңғысы  60  Гц  тӛмен  болмау  керек,  әйтпесе  кескін 

жыпылықтайтын болады. 

Дәстүрлі  ЭСТ-мониторлармен  қатар  жазық  сұықкристалды  мониторлар  жие 

қолданылып жүр. 



Сұйық  кристалдар  –  бұл  кейбір  органикалық  заттардың  ерекше  күйі,  онда  олар 

ағымдылық және кеңістіктік құрылымдар құру қасиетіне ие. Сұйық кристалдар электр 

кернеуінің  әсерінен  өз  құрылымын  және  жарық  оптикалық  қасиеттерін  ӛзгерте 

алады.  Электр  ӛрісінің  кӛмегімен  кристалдар  тобының  бағыттылығын  ӛзгертіп  және 

сұйық кристалдық ерітіндіге енгізілген, электр ӛрісінің әсерінен жарық шығара алатын 

заттарды  қолдана  отырып,  15  миллионнан  астам  түсті  рең  беретін  жоғары  сапалы 

кескіндер алуға болады.  

Кӛптеген  сұйық  кристалдық  мониторлар  екі  әйнек  пластиналардың  арасына 

орнатылған  сұйық  кристалдардың  жұқа  қабатын  қолданады.  Зарядтар  пассивті 

матрица деп аталатын – кӛлденең және тік, кӛрінбейтін жіптер торы арқылы беріледі, 

жіптер қиылысқан жерінде кескін нүктесін жасайды. 



Активті  матрицалар  жіптердің  орнына  транзисторлардан  тұратын  мӛлдір  экран 

қолданады  және  бұрмалаусыз,  жарық  кескінді  қамтамасыздандырады.  Бұл  жағдайда 

панель  308160  (642х480)  тәуелсіз  ұяшықтарға  бӛлінген,  олардың  әрқайсысы  тӛрт 

бӛліктен  тұрады  (үш  негізгі  түс  үшін  және  біреуі  қорға).  Осылай  экранның  шамамен 

1,25 млн нүктесі бар, олардың әр қайсысы жеке транзисторымен басқарылады. 

Ықшамдығы  жағынан  мұндай  мониторлардың  теңдесі  жоқ.  Олар  ЭСТ-мониторларға 

қарағанда 2-3 есе электр энергиясын айтарлықтай аз тұтынады және адам ағзасына әсер 

ететін электромагниттік толқындар шығармайды.  

Монитордың  түрі  –  сенсорлық  экран.  Мұнда  компьютермен  қарым  қатынас  құру 

сезімтал  экранның  белгілі  бір  жеріне  саусақты  тигізу  арқылы  жүзеге  асырылады. 

Мұнымен монитор экранында кӛрсетілген менюдің қажетті режимі таңдалады. 

Сенсорлық  экранмен  операторлар  және  диспетчерлердің  жұмыс  орны  жабдықталады, 

оларды ақпараттық-анықтамалық жүйелерде және т.б. қолданады. 

Видеоадаптер  –  бұл  электрондық  плата,  ол  видеодеректерді  (текст  және  графика) 

ӛңдейді,  дисплей  жұмысын  басқарады.  Видеожады,  енгізу  шығару  регистрлерінен, 

BIOS модулінен тұрады. Дисплейге сәуле жарығын басқару сигналдарын және кескінді 

ашу сигналдарын жібереді. 

Қазіргі  күні  ең  кӛп  тараған  видеоадаптер  –  SVGA  (Super  Video  Graphics  Array-

супервидеографикалық  массив)  адаптері,  ол  дисплей  экранында  256  түсте  1280х1024 

пиксел 16-32 миллион түсте 1024х768 пиксел кӛрсете алады. 

Күрделі  графиканы  және  видеоны  қолданатын,  қосымшалардың  саны  кӛбеюімен, 

дәстүрлі видеоадаптерлермен қатар видеосигналдарды компьютерлік ӛңдейтін әр түрлі 

құрылғылар кең қолданылады: 

Графикалық  акселераторлар  (үдеткіштер)  –  видеожүйенің  тиімділігін  арттыратын 

арнайыланған  графикалық  сопроцессорлар.  Оларды  қолдану  орталық  процессорды 

видеодеректермен  болатын  үлкен  кӛлемді  амалдардан  босатады,  себебі  қандай 

пикселдерді  кӛрсету  қажеттігін  және  олардың  түсі  қандай  болу  керектігін 

акселераторлар ӛздігінен есептейді. 

Фрейм-грабберлер, олар лазерлік ойнатқыш, камералардан, видеомагнитофоннан және 

т.с.с видеосигналдарды компьютер экранында кӛрсетуге, қажетті кадрды жадыға ұстап, 

соңыра оны файл түрінде сақтауға мүмкіндік береді. 

TV-тюнерлер (қабылдағыш) – компьютерді телевизорға айналдыратын видеоплата. TV-

тюнер  кез  келген  қажетті  теле  программаны  таңдауға  және  оны  экранда 

масштабталатын  терезеде  кӛрсетуге  мүмкіндік  береді.  Осылай  жұмысты  тоқтатпай, 

хабар барысын бақылауға болады. 

Аудиоадаптер  (Sound  Blaster  немесе  дыбыстық  плата)  бұл  арнайы  электронды  плата, 

ол  микрофонның,  динамиктің,  енгізілген  синтезатордың  және  басқа  құрылғылардың 

кӛмегімен  дыбыс  жазуға,  оны  шығаруға  және  программалық  жабдықтармен  жасауға 

мүмкіндік береді 



Аудиоадаптер құрамына екі ақпаратты түрлендіруші жатады: 

-   аналогтық-цифрлік, ол  үзіліссіз (яғни, аналогтық) дыбыстық  сигналдарды (сӛз, 

музыка, шу) сандық екілік кодқа түрлендіреді және оны магниттік тасымалдаушыларға 

жазады; 


-    цифрлік-аналогтық,  сандық  түрде  сақталған  дыбысты  аналогтық  сигналға  кері 

түрлендіруді  орындайды,  ол  кейіннен  акустикалық  жүйенің,  дыбыс  синтезаторының 

кӛмегімен шығарылады.  

Кәсіби  дыбыс  платалары  дыбысты  күрделі  ӛңдеуді  орындауға  мүмкіндік  береді, 

стеродыбысты  қамтамасыздандырады,  әртүрлі  музыкалық  аспаптардың  дыбысы  бар 

жүздеген тембрлер сақталған жеке ТСҚ бар. 

Дыбыстық файлдардың кӛлемі, әдетте, ӛте үлкен болады. Мысалға, стеродыбысты үш 

минуттық дыбыстық файл шамамен 30 Мбайт жадыны алады. Сондықтан Sound Blaster 

платалары, ӛздерінің негізгі қызметтерінен басқа, файлдарды автоматты түрде сығуды 

қаматамасыздандырады. 

Дыбыстық  платалардың  қолданылу  аймақтар  –  компьютерлік  ойындар,  оқыту 

программалық  жүйелері,  рекламалық  презентациялар,  компьютерлер  арасында 

«дыбыстық  почта»  (voice  mail),  компьютер  құрылғыларында  болып  жатқан  әртүрлі 

процестерді дыбыстандыру және т.с.с. 

Модем  –  телефон  байланыс  сымдарымен  алыс  қашықтыққа  компьютерлік  деректерді 

беруге арналған құрылғы. 

Компьютермен шығарылатын, цифрлік сигналдарды, телефон желісімен тікелей беруге 

болмайды,  себебі  ол  адам  дауысын  –  дыбыс  жиелігінің  үзіліссіз  сигналдарын  беруге 

арналған. 

Модем  компьютердің  цифрлік  сигналдарын  дыбыс  диапазонының  жиелігіндегі 

айнымалы  ағынға  түрлендіруді  қаматамасыздандырады  –  бұл  процесс  модуляция  деп 

аталады, ал кері түрлендіру, ол демодуляция деп аталады. Осыдан құрылғының атауы: 

модем – модулятор/демодулятор. 

 

Рис. 7. Схема реализации модемной связи 



Байланысты  ұйымдастыру  үшін  бір  модем  басқасын  телефон  номері  бойынша 

шақырады, ал ол шақыруға жауап береді. Содан соң модемдер екеуіне де сәйкес келетін 

байланыс  режимін  келісіп,  бір  біріне  сигналдар  жібереді.  Бұдан  кейін  беруші  модем 

модулденген  деректерді  келісілген  жылдамдықпен  (секундына  бит  санымен)  және 

форматпен  жіберуді  бастайды.  Келесі  ұшындағы  модем  алынған  ақпаратты  цифрлік 

түрге түрлендіреді және ӛзінің компьютеріне береді. Байланыс сеансын аяқтап, модем 

желіден айырылады. 

Модемді басқару арнайы коммутациялық программалық жабдықтың кӛмегімен жүзеге 

асырылады. 

Модемдер  сыртқы,  бӛлек  құрылғы  түрінде  берілгген  және  ішкі,  компьютер  ішіне 

орнатылатын,  электрондық  плата  түрінде  болады.  Барлық  дерлік  модемдер  факстар 

қызметін қолдайды. 



Факс  –  бұл  телефон  желісімен  кескінді  факсималды  беретін  құрылғы.  "Факс"  атауы 

латынның  fac  simile-ұқсас  жаса  сӛздерінен  шыққан,  баспа  құралдарымен  графикалық 

түпнұсқаны (қол, құжат, және т.с.с.) дәл шығаруды білдіреді. 

Факс сияқты деректерді бере және ала алатын модем, факс-модем деп аталады. 



Манипуляторлар  (mouse,  джойстик  және  т.б.)  –  бұл  арнайы  құрылғылар,  курсорды 

басқару үшін қолданылады. 

Mouse  алақанға  толық  сиятын,  шағын  жәшік  тәрізді  түрде  берілген.  Mouse 

компьютермен  кабелмен  арнайы  блок  –  адаптер  арқылы  байланысқан  және  оның 

қозғалыстары  курсордың  дисплей  экранымен  сәйкес  орын  ауысуына  түрленеді. 

Құрылғының  үстінгі  бӛлігінде  басқару  батырмалары  орналасқан,  қозғалыстың  басын 

және соңын беруге мүмкіндік береді, менюді таңдауды және т.с.с. жүзеге асырады. 

Джойстик – әдетте бұл тетік-ұстағыш, оны тік жағдайдан ауытқыту курсордың монитор 

экранымен  сәйкес  бағытта  қозғалуына  әкеледі.  Кейбір  моделдерінде  джойстикке  басу 

датчигі  орнатылады.  Бұл  жағдайда  қолданушы  ұстағышқа  қаншалықты  қатты  басса, 

курсор дисплей экранымен соншалықты шапшаң қозғалады.  

Трекбол  –  корпустың  жоғарғы  бӛлігіне  орнатылған,  шаригі  бар  шағын  жәшік. 

Қолданушы  қолымен  шарикті  айналдыру  арқылы  курсордың  орнын  ауыстырады. 

Mouse-пен салыстырғанда трекбол компьютер қасында бос орынды талап етпейді, оны 

машина корпусына орнатуға болады. 

Дигитайзер  –  дайын  кескіндерді  (сызба,  карталар)  цифрлік  формаға  түрлендіруге 

арналған  құрылғы.  Столға  орнатылатын  жазық  тақта  –  планшет  түрінде  берілген, 

арнайы  құралы  –  қаламы  (перо)  бар,  оның  кӛмегімен  планшетте  позиция  кӛрсетіледі. 

Қаламды  планшет  бетімен  қозғалтқанда  жақын  орналасқан  нүтелерде  оның 

координаталары  бекітіледі,  сосын  олар  компьютерде  қажетті  ӛлшем  бірліктеріне 

түрленеді. 

Принтерлер  (басу  құрылғылары)  –  бұл  ЭЕМ-нен  деректерді  шығару  құрылғысы, 

ақпараттық ASCII-кодтарды оларға сәйкес графикалық символдарға (әріптер, цифрлар, 

таңбалар және т.б.) түрлендіреді және бұл символдарды қағазда шығарады.  

Принтерлер ДК сыртқы құрылғыларының ең кӛп дамыған тобы болып табылады, 1000 

жуық  әртүрлі  модификациялары  кездеседі.  Принтерлер  ӛз  ара  әр  түрлі  белгілер 

бойынша ерекшеленеді:  

 

түсіне қарай (ақ-қара және түрлі түсті);  



 

символ қалыптастыру әдісіне (таңбабасу және таңба синтездеуші);  



 

жұмыс принципіне (матрицалық, термо, сия бүркігіш, лазерлік);  



 

басу әдісіне (соққылы, соққысыз) және жол қалыптастыру (тізбектей, параллель);  



 

каретка еніне (енді (375 - 450 мм) және тығыз (250 мм) кареткалы);  



 

басу жолының ұзындығы (80 және 132 - 136 символ);  



 

символ теру (ASCII символдарының толық жиынына дейін);  



 

басу жылдамдығына;  



 

шешуші  мүмкіндігіне,  ең  кӛп  қолданылатын  ӛлшеу  бірлігі  dpi  (dots  per  inch)  – 



дюймдегі нүктелер саны болып табылады.  

Бірқатар  топтардың  ішінде  принтерлердің  бірнеше  түрлері  бйынша  бӛліп  қарауға 

болады;  мысалға,  ДК  кең  қолданылатын  таңба  синтездеуші  матрицалық  принтерлер 

жұмыс  принципі  бойынша  соққылы,  термографикалық,  электрографикалық, 

электростатикалық, магнитографикалық және т.б. болуы мүмкін. 

Соққылы  принтерлердің  ішінде  литерлік,  шартәрізді,    жапырақты  (лепестковые) 

("ромашка" типті), инелі (матрицалық) және т.б. жие қолданылады. 

Принтерлерде басу символдық, жолдық, беттік болу мүмкін. Басу жылдамдығы 10-300 

таңба/с-тан 500-1000 таңба/с дейін (соққылы принтерлерде) және бірнеше ондаған (20 


дейін) бет минутына (соққысыз лазерлік принтерлер); шешуші мүмкіндігі миллиметрге 

– 3-5 нүктеден 30-40 нүктеге дейін (лазерлік принтерлер). 



Матрицалық принтерлер. 

Матрицалық принтерлерде кескін нүктелерден қалыптастырылады. 

Матрицалық принтерлер екі режимде жұмыс жасай алады – текстік және графикалық. 

Текстік  режимде  принтерге  басу  керекті  сиволдар  коды  беріледі,  бұл  жерде 

символдардың контуры принтердің таңба генераторынан таңдалады. 

Графикалық  режимде принтерге  кескін  нүктелерінің  тізбегін  және  орнын  анықтайтын 

кодтар беріледі. 

Инелі (соққылы) матрицалық принтерлерде нүктені басу қағазды бояулы таспа арқылы 

соғатыын  жіңішке  инелердің  кӛмегімен  жүзеге  асырылады.  Әр  ине  жеке 

электромагнитпен басқарылады. Басу түйіні кӛлденең бағытта қозғалады және жолдағы 

таңбалар тізбектей басылады. Кӛптеген принтерлер тіке бағытта және кері бағытта да 

басуды  орындайды.  Басу  бастиегіндегі  инелер  саны  басу  сапасын  анықтайды.  Арзан 

принтерлерде  9  ине  бар.  Мұндай  принтерлерде  символдар  матрицасы  7х9  немесе  9х9 

ӛлшемді болады. Жетілдірілген матрицалық принтерлерде 18 және кейде 24 инелер бар. 

Сонымен  қатар  матрицалық  принтерлердің  басу  сапасы  басу  бастиегінің  бірнеше 

жүрісінде нүктелерді шығарудың жартылай жабу мүмкіндігімен анықталады. 

Текстік  басу  үшін,  ал  жалпы  жағдайда  әр  түрлі  басу  сапасымен  мінезделетін  келесі 

режимдер бар:  

-  шимай режимде басу (Draft);  

-  типографиялыққа жақын, басу режимі (NLQ - Near-Letter-Quality);  

-  типографиялық сапамен басу режимі (LQ - Letter-Quality);  

-  аса сапалы режим (SLQ - Super Letter-Qublity).  

Ескерту.  LQ және SLQ режимдері тек сиябүркігіш жәнелазерлік принтерлер қолдайды. 

Әр түрлі  инелер саны бар принтерлерде бұл режимдер түрліше жүзеге асырылады. 9-

инелі принтерлерде Draft  режимінде басу басу бастиегінің жол бойымен бір жүрісінде 

орындалады.  Бұл  басудың  ең  шапшаң  режимі,  бірақ  ең  тӛмен  сапаға  ие.  NLQ  режимі 

екі жүрісте жүзеге асырылады: бастиектің бірінші жүрісінен кейін кейін, қағаз нүктенің 

жарты  ӛлшеміне  сәйкес  қашықтыққа  тартылады;  содан  соң  нүктелерді  жартылай 

жабумен екінші жүріс атқарылады. Бұл жағдайда басу жылдамдығы екі есе кемиді. 

Матрицалық  принтерлер,  әдетте,  бірнеше  шрифттерді  және  олардың  түрлерін 

қолдайды, олардың ішінде кең таралғандары roman (басу машинасының ұсақ шрифті), 

italic  (курсив),  bold-face  (қалың),  expanded  (созылыңқы),  elite  (жартылай  сығылған), 

condenced (сығылған), pica (тіке шрифт - цицеро), courier (курьер), san serif (шабылған 

шрифт  сенсериф),  serif  (сериф),  prestige  elite  (престиж-элита)  және  пропорционалды 

шрифт (символға бӛлінген ӛріс ені, символ еніне байланысты). 

Матрицалық  принтерлердің  Draft  режимінде  текстті  басу  кезіндегі  шапшаңдығы  100-

300  таңба/с  аралығындабӛледі,  бұл  шамамен  минутына  екі  бетке  сәйкес  келеді  (бетті 

ауыстыруды есептегенде). 



Лазерлік принтерлер. 

Оларда кескінді қалыптастырудың электрографикалық әдісі қолданылады.Лазер алдын 

ала  зарядталғавжарық  сезімталбарабан  бетінде  кӛрінбейтін  нүктелік  электрондық 

кескінніңконтурларын  сызатын  ӛте  жіңішке  жарық  сәулесін  жасау  үшін  қызмет 

атқарады.  Электрондік  кескінді  зарядталмаған  бӛліктеріне  жабысатын  бояғыш 

ұнтақпен (тонер) айқындағаннан кейін басу орындалады  – тонерді барабаннан қағазға 

кӛшіру және тонерді балқуына дейін қыздыру арқылы кескінді қағазда бекіту. 

Лазерлік  принтерлер  сапалы  басуды  50  нүкте/мм  (1200  dpi)  дейін  шешүші 

мүмкіндігімен және басу жылдамдығы 1000 таңба/сдейін қамтамасыз етеді. Түрлі түсті 

лазерлік  принтерлер  кең  қолданыладыМысалға,  Tektronix  (АҚШ)  фирмасының  Phaser 



550 лазерлік принтері кӛлденеңінен де және тігінен де 1200 dpi шешуші мүмкіндігі бар, 

түрлі  түсті  басудың  жылдамдығы  минутына  –  А4  форматтағы  5  бет,  монохромды 

басудың жылдамдығы – 14 бет/мин. 

МП-ге  принтерлер  параллель  және  тізбектей  порт  арқылы  қосыла  алады.  Параллель 

порттар  параллеь  жұмыс  жасайтын  (ақпаратты  бірден  байт  бойынша  қабылдайтын) 

принтерлерді  қосу  үшін  қолданылады.  Мысалға,  Centronics  типті  адаптерлер 

бірмезгілде  үш  принтерге  дейін  қосуға  мүмкіндік  береді.  Тізбектей  порттар  (2  шт.) 

тізбектей  жұмыс  жасайтын  (ақпартты  тізбектей  1  бит  бойынша  қабылдайтын) 

принтерлерді  қосу  үшін  қызмет  етеді,  мысалға,  R3-232C  (стык  С2)  типті  адаптерлер. 

Тізбектей  басу  құрылғысы,  оның  жәй  қызметті  екендігін  білдірмейді.  Кӛптеген 

принтерлер параллель порттарды қолданады. 

Кӛптеген  шапшаң  қызметті  принтерлердің  сыйымдылығы  бірнеше  жүздеген 

килобайттық  жеке  буферлік  жадысы  бар.  Ең  танымал  принтерлерді  жапондық  Seiko 

Epson фирмасы шығарады. Сонымен қатар Star Micronics, Hewlett Packard, Xerox, Man-

nesmann, Citizen, Panasonic және т.б. фирмаларының принтерлері кең қолданылады. 

Сия бүркігіш принтерлер. 

Бұл принтерлердің басу бастиегінде инелердің орнына жіңішке түтікшелер – сопла бар, 

олар  арқылы  қағазға  сұйық  сияның  ұсақ  тамшылары  бүркіледі.  Бұл  соққысыз  басу 

құрылғылары.  Басу  бастиегінің  матрицасы  әдетте  12  ден  64  дейін  сопладан  тұрады. 

Соңғы  кездері  оларды  жетілдіруде  елеулі  жетістіктерге  қол  жетіп  отыр:  жасалған  сия 

бүркігіш  принтерлер,  шешуші  мүмкіндігі  20  нүкте/мм  және  басу  жылдамдығы 

500 таңба/с  дейін,  лазерлік  басу  сапасына  жақындайтын,  ӛте  жақсы  басу  сапасын 

қамтамасыздандырады. 



Термопринтерлер. 

Матрицалық инелі принтерлерден басқа матрицалық термопринтерлер тобы бар, инелі 

басу бастиегінің орнына термоматрицалы бастиекпен жабдықталған және басу кезінде 

арнайы  термоқағазды  немесе  термокопирканы  қолданады  (бұл,  әрине,  олардың 

айтарлықтай кемшілігі болып табылады). 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет