Дəріс №5-6
Ақпараттану жүйесінің түсінігі.
Ақпарат жүйесін қашанда дамып отырған жүйе болғандықтан оған сəйкес
ақпарат жүйесі де дамып, жетілдіріп отыруы тиіс.
Жүйенің даму барысы зерттеу, талдау, жобалау, қолдануға ендіру жəне қолдау
сатыларынан тұады. Бұл сатылар кейде, яғни прототипті əдіс қолданылғанда, бір
уақытта қатар жүргізілуі де мүмкін.
Бұл сатылардың əрқайсысы өңделу нəтижесінде мақсатты өнімді қалаптастырады.
Жүйелік зерттеулер сатысында (1 саты) жүйенің жүзеге асырылу мүмкіндігі
туралы қорытынды тұжырымдалып, келесі сұрақтар қарастырылады:
Мəселе шынымен де қажет пе, немесе оны басқа жолдармен шешуге
болама?
Жаңа ақпараттық жүйе тұрғызылғаны қолайлы ма?
Оны шынымен де жүзеге асыру мүмкін бе?
Жүйелік зерттеулер стратегиялық барлау қызметін атқарып, бұл сатыда өзекті
болып отырған мəселе бар ма, оны болашақ жүйе шеше алама жəне ол қандай болуы
қажет деген сұрақтарға да жауап беріледі. Ол үшін зерттеушілер жүйені
жоспарлаудың стратегиясын таңдап, орындау мүмкіндігін меңгереді, əрі орындалу
мүмкіндігі туралы есеп береді.
Ұйымның мүддесін қолдайтын жүйені жоспарлаудың стратегиясын таңдау
барысында ұйымның ерекшелігімен танысу жəне қарастырылатын мəселеге ұқсас
немесе оған дайын жобалардың сипаттамасымен танысу жүргізіледі.
Жүйенің орындалу мүмкіндігін меңгеру кезінде оны тұрғызуға кететін үлкен
шығындар мен ұзақ уақыт мерзімі ақталатындай болуы тиіс, яғни келесі жұмыстар
жүргізіледі:
• Қолданушының ақпараттық тұтынушылығын алдын ала анықтау;
• Жаңа өңдеуді жасаудың мүмкіндігін анықтау немесе қолданылып жүрген
ақпараттық жүйені жетілдіру мүмкіндігін анықтау;
• Өңдеу жоспарын тұрғызу.
Жүйенің орындалу мүмкіндігі туралы есеп беруде зерттеу нəтижелерін
құжаттандыру жəне алдын ала зерттеу нəтижелерін қолданушылар мен жетекшілер
назарына ұсыну шаралары жүргізіледі.
Ондағы есеп беру құжаттарында:
• Ұйымдастырушылық, яғни ұсынылатын ақпараттық жүйенң мүмкіндіктері
мекеменің стратегиялық жоспарымен сəйкес болуы;
• Экономикалық, яғни мүмкін болатын шығындарды, инвестицияны зайтып,
кірісті көбейту;
• Техникалық, яғни техникалық құралдар мен бағдарламалардың сенімді,
келешекке арналған, қорғалған, керек мезетінде қолданылуы секілді мүмкіндіктердің
болуы;
• Амал жасау немесе қолданушыға өз мəселелерін шешуде нəтиделі қызмет етуі
баяндалады.
Жүйелік талдау сатысында (2-саты) жаңа ақпараттық жүйенің жобалау негізінде
қолданушының ақпараттық тұтынушылығы тереңірек қамтылады. Сатының
қорытынды өніміне – жаңа ақпараттың жүйе қойылатын жүйелік талаптардың
құжаттандырылуы жатады.
Жүйелік талдауда келесі адымдар қарастырылады:
- ұйымдастырушылық ауқымды таңдау адымы. Бұл адымда жүйені тұрғызушылар
тобы ұйымның қызметін, ерекшеліктерін, басқару құрылымы мен əдістерін, ішкі
бөлімдердің байланысын, қызмет барысындағы ақпараттың алмасу қозғалысын жəне
т.б жақсы меңгерулері қажеттігі ескеріледі;
- қолданылып жүрген ақпараттық жүйелерді талдау адымының қажеттілігі,
бұрыннан қолданылатын жүйелердегі барлық жабдықтаушы бөлімдердің (ақпараттық,
бағдарламалық,
математикалық,
тнхникалық)
ерекшеліктері
меңгеріліп,
метаақпаратты жинау, ұйымдастыру, сипаттау жəне мағынасына зер салу
жұмыстарының атқарылуы мен сипатталады;
- жүйе талаптарын талдау сатысында зерттеуші басқару есептерін шешетін негізгі
типтік əдістерді білуі тиіс. Жүйе талдаушы маман өзі тұрғызғалы отырған жүйенің
атқарымдық ерекшеліктерін де жетік меңгеруі керек;
- жаңа ақпараттық жүйеде не қамтылуы тиіс екендігін қарастыратын жүйелік
талап адымында бұрыннан қолданылып жүрген жүйелер мен жаңа жүйені талдауда
шатаспайтын сақтық қажет;
- келесі, жаңа жүйеге қойылатын талаптарды құжаттандыру адымы. Ол
аналитикалық материалдарды қорытындылап, жаңа ақпараттық жүйеге қойылатын
атқарымдық талаптарды құжаттарда сипаттайды. «Жүйеге қойылатын талаптар»
немесе «Атқарымдық талаптар» құжаттары ақпараттық бөлім мамандары жұмысының
негізі болып есептеледі. Сонымен бұл адамда жаңа жүйеге қор (ЭЕМ, құралдар мен
байланыс жабдықтары, бағдарламалар, мəліметтер қоймасы, мамандар жəне т.б.),
енулер (ақпараттық қайнар көздер, мəліметтерді жинау əдістері, ену əдістері,
мəліметтер көлемі жəне т.б.), өңдеу, шығу, сақтау жəне мəліметтерді басқару
тараптарымен қисынды байланысқан жəне құжаттандырылған талаптар қойылады.
Жүйелік жобалау сатысы (3-саты) – мағынасы мен өңдеушілерге қойылатын
талаптары бойынша күрделі саты.Бұл сатының мақсаты – жүйелік ерекшеліктерді
өңдеу.
«Жүйеге қойылатын талаптар» немесе «Ақпараттық талаптар» құжаттарды
мəліметтерді өңдеушілер үшін жобалаудың бастамасы болып, жүйелік ерекшеліктерді
өңдеу – жүйелік жобалау сатысының мақсаты болып келеді. Ал жүйелік ерекшеліктер
– оның өнімі болып, келесі төртінші саты – жаңа жүйені ендіру сатысы үшін негізгі
құжат ретінде қарастырылады. Мұндағы ерекшеліктерге:
- қолданушылар интерфейсінің ерекшеліктері;
- мəліметтер қоймасының ерекшеліктері;
- бағдарламалық жабдық ерекшеліктері;
- компьютерлік жабдықтар мен қызмет көрсету жабдықтарының ерекшеліктері;
- мамандар ерешеліліктері;
- жүйелік ерекшеліктері жатады.
Осы ерекшеліктер мазмұнына жекелеп тоқталайық.Қолданушылар интерфейсі
ерекшеліктерінің мазмұнына қолданушыларға бағытталған ақпараттық объектілер:
дидар (экран) форматы, интерактивті пікір алысу форматы мен адымдарды, ену-шығу
құжаттарының барлық түрі жатады.
Мəліметтер қоймасының ерекшеліктеріне – концептуальді жəне сыртқы
нобайлар, құрылымы мен құрамы, сөздік пен сəйкестік кестесі, енулерді басқару əдісін
сипатталу саналады.
Бағдарламалық жабдық ерекшеліктері – сатып алынуғы тиісті бағдарламалар
пакетін,
ақпараттық
өнімді
қалыптастыру
үшін
өңделген
қолданбалы
бағдарламаларды, үрдестерді басқарушы жəне бақылаушы программаларды қамтиды.
Компьютерлік жабдықтар мен қызмет көрсету жабдықтарының ерекшеліктері –
компьютерлік жабдықтар, байланыс жабдықтары, көмекші материалдар мен
жабдықтар бойынша сипатталады.
Жүйелік құжаттар ерекшеліктерінің мазмұны жобалаудағы барлық тараулар
бойынша жүйелік құжаттар тізбегімен, ақпараттың жүйені қолданушылар мен
техникалық мамандарға арналған барлық технологиялық нұсқауларды қамтиды.
Жүйелік жобалау сатысы ақпараттық жүйені жұмысшы жобасын қалыптастыру
мен аяқталып, ол жоба ерекшеліктерді жəне қолданушыға арналған нұсқауларды
сипаттайды. Жобалау барысында логикалық жəне физикалық жобалаулар мен жүйелік
ерекшеліктер адымдары болады.
Логикалық жəне физикалық жобалаулар мəліметтер қоймасын жобалауға тығыз
қатысты. Мəліметтер қоймасы қолданбалы ақпарат жүйесін жобалау барысында ұдайы
назарда болып, бұл жерде ақпараттық объектілерді, олардың құрылымын жəне ондағы
элементтердің өзара байланысын сипаттауды тауып, əрі қалыптастыру басты жағдайға
саналады.
Қолданбалы ақпарат жүйесін іс жүзінде жобалау, төмендегі элементтерді өңдеу
түрінде жүргізілуі мүмкін, яғни олар:
- ақпарат пен жабдықтау;
- қолданушылар интерфейсі;
- бағдарламалық жабдықтау.
Ақпарат пен жабдықтауды өңдеуді қарастырсақ, пікір алысу мен қолданбалы
программаларды өңдегенге дейін мəліметтер қоймасының логикалық құрылымдары,
əрі оның сөздігі мен басқа файлдардың логикалық құрылымдары да анықталынып,
ерекшеленіп жəне құжаттану тиіс.Себебі пікір алмасуда жəне бағдарламаларда МҚБЖ
арқылы тұрғызылмайтын мəліметтер қоймасы мен қосымша файл элементтері
қолданылады.
Дəріс № 7-8
Ақпарат теориясы - ақпараттану жүйелерін сипаттайтын сапалық жəне
сандық əдістерінің негізі.
Кез келген нақты процесті зерттегенде оның, яғни процестің «қолдану-
тұтыну» мақсатына байланысты, арнаулы теориялық ізденістер жəне, соған
негізделген:
сынақтар,
сұрақнамалар
(анкетирование),
тестілеулер,
лабораториялық зерттеулер, техникалық эксперименттер, əртүрлі тəжірибелер
жүргізіледі.
Осындай зерттеулер нəтижесінде процестің ішкі факторларын сипаттайтын
сапалық жəне сандық мəліметтер жинақталады. Сапалық сипаттамалары бойынша
сандық мəліметтер сұрыпталып, олар алдын ала дайындалған арнаулы кестелерге
енгізіліп, сақталады. Информатикалық математика семантикасында олар мəліметтер
қоры - деп аталады.
Процестің сандық мəліметтері - процесті сипаттайтын есептерді шығарып,
оның əртүрлі шешімдерін зерттеу нəтижесінде жинақталуы мүмкін. Бірақ кез келген
математикалық есептердің шешімдерін анықтаудың əмбебап əдістері жоқ екені
белгілі. Сондықтан, ондай есептердің теориялық мазмұнына үңіліп, оларды жуықтап
шешу алгоритмдерін зерттейтін, жəне соған байланысты, ЭЕМ-ді қолданудағы
есептеу программаларын ұсынатын, оны оқып үйрететін ғылыми мағлұмат бар. Ол
мағлұмат «САНДЫҚ ƏДІСТЕР» - деп аталады.
Қоршаған ортаның барлық объектілері өз қасиеттерімен сипатталады. Қасиет –
бұл объектінің (құбылыстың, процестің) бір жағы, ол оның айырмашылығын немесе
басқа объектілермен ортақтығын анықтайды жəне оның оларға деген қатынастарында
байқалады. Әр түрлі қасиеттерді сандық анықтау үшін «шама» ұғымы енгізіледі.
Шама – бұл бірдеңенің қасиеті, ол басқа қасиеттердің арасынан сол немесе өзге
тəсілмен ерекшеленуі, соның ішінде сандық бағалануы да мүмкін. Талдау шамаларды
2 түрге бөлуге мүмкіндік береді: нақты жəне идеал. Идеал шамалар математикаға
жатады, нақты ұғымдардың жалпыламасы болып табылады, сол немесе өзге тəсілмен
есептеледі. нақты шамалар физикалық жəне физикалық емес болып бөлінеді.
Физикалық шама – бұл жаратылыстану жəне техникалық ғылымдарда зерделенетін,
материалдық объектілерге тəн шама. Физикалық емес шамаларға қоғамдық
ғылымдарда: философияда, əлеуметтануда, экономикада жəне т.б. зерделенетін
шамалар жатады.
Физикалық шама – бұл физикалық объект қасиеттерінің бірі екендігін МЕСТ
16263-70 анықтайды, сапалық қатынаста – көптеген физикалық шамаларға ортақ,
сандық қатынаста олардың əрқайсысы үшін жеке. Сөйтіп, физикалық шама – бұл
олардың көмегімен зерделенуі мүмкін, физикалық объектілердің немесе процестердің
өлшенген қасиеттері.
Физикалық шамалар өлшенетін жəне бағаланатын болып бөлінеді. Өлшенетін
шамалар белгіленген өлшем бірліктерінің белгілі саны түрінде сандық өрнектелуі
мүмкін. Физикалық – бұл олар үшін өлшем бірліктері енгізіле алмайтын шамалар,
олар тек бағалануы. Бағалау – бұл белгілі ережелер бойынша жүргізілетін, берілген
шамаға белгілі санды тіркеп жазу операциясы. Бағалау шкалалардың көмегімен
жүргізіледі. Шкала – бұл дəл өлшеулер нəтижелерінің негізінде қабылданған,
физикалық шама мəндерінің реттелген тізбектілігі. Бұдан, физикалық емес шамалар
тек бағалануы ғана мүмкін.
Физикалық шамаларды келесі түрде жіктеуге болады:
Құбылыстар түрлері бойынша олар топтарға бөлінеді:
- заттық, олар заттардың, материалдардың жəне олардан жасалған бұйымдардың
физикалық, физика-химиялық қасиеттерін (масса, тығыздық, сыйымдылық жəне т.б.)
сипаттайды;
- энергетикалық, олар энергияны (қуатты, кернеуді) түрлендіру, тарату жəне
пайдалану процестерінің энергетикалық сипаттамаларын сипаттайды;
- процестердің уақытта өтуін сипаттайтындар. Оларға əр түрлі спектрлік
сипаттамалар, корреляциялық функциялар жəне т.б. жатады
Физикалық процестердің əр түрлі топтарына тиесілігі бойынша шамалар
механикалық, жылулық, акустикалық, электрлік жəне магниттік, жарықтық, кеңістікті-
уақыттық, иондаушы сəуле шығару, атомдық жəне ядролық физика, физика-химиялық
болып бөлінеді.
Берілген топтың басқа шамаларына шартты тəуелсіздігі дəрежесі бойынша
физикалық шамалар негізгі, туынды, қосымша деп бөлінеді.
Өлшемділігінің бар болуы бойынша физикалық шамалар өлшемді жəне
өлшемсіз болып бөлінеді.
Физикалық объектілер шексіз алуан түрлілікпен айқындалатын қасиет-тердің
көпшілігін иеленеді, олардың кейбіреулерін оларды өлшеу кезіндегі сандардың
жиынтығымен анықтау қиын. Қасиеттердің барлық айқындалулары-ның арасында,
эквиваленттік қатынастарында, аддитивтік тəртібінде айқында-латын, ортақ қасиеттер
бар. Бұл қатынастар математикалық логика постулат-тарымен сипатталады.
Эквиваленттік қатынасы – бұл онда берілген X қасиеті əр түрлі А, В
объектілерінде бірдей немесе бірдей емес болатын қатынас. Эквиваленттік
қатынасының постулаттары:
a) дихотомия (ұқсастық немесе айырмашылық): не Х(А)=Х(В), не Х(А)≠Х(В);
б) эквиваленттік қатынасының симметриялылығы: егер Х(А)=Х(В), онда
Х(В)=Х(В);
в) сапа бойынша транзитивтік (эквиваленттік қатынасын өту): егер Х(А)=Х(В)
жəне Х(В)=Х(С), онда Х(А)=Х(С).
Тəртіп қатынасы – бұл онда берілген Х қасиеті əр түрлі объектілерде артық
немесе кем болатын қатынас. Тəртіп қатынасының постулаттары:
а) антисимметриялық: егер Х(А)>Х(В), онда Х(В)<Х(А);
б) қасиеттің қарқындылығы бойынша транзитивтік (тəртіп қатынасын өту): егер
Х(А)>Х(В) жəне Х(В)>Х(С), онда Х(А)>Х(С).
Аддитивтік қатынасы – бұл əр түрлі объектілердің біртекті қасиеттері
қосындылана алатын қатынас. Аддитивтік қатынас постулаттары:
а) бір сарындылық (бір бағыттылық, аддитивтік): егер Х(А)=Х(С) жəне Х(В)>0,
онда Х(А)+Х(В)>Х(С);
б) коммутативтік (қосылғыштардың орын ауыстырғыштығы): егер Х(А)+Х(В) =
Х(В)+Х(А);
в) дистрибутивтік (үлестірімділік): Х(А)+Х(В)=Х(А+В);
г) ассоциативтік (терімділік): [Х(А)+Х(В)]+Х(С)=Х(А)+[Х(В)+Х(С)].
Осыдан, эквиваленттік, тəртіп жəне аддитивтіктің аса ортақ қатынастары-ның
айқындалуына байланысты, қасиеттер мен шамалардың үш түрін ажырату керек: -
Хэкв – бұл қасиет өзін эквиваленттік қатынасында ғана айқындайды; - Хинт – бұл
өздерін эквиваленттік пен тəртіп қатынасында айқындайтын, қарқынды шамалар; -
Хэкст – бұл өздерін эквиваленттік, тəртіп жəне аддитивтік қатынасында айқындайтын,
экстенсивті шамалар.
Дəріс № 9-10
Ақпараттың құрылымдық, статситикалық жəне семантикалық өлшемдері.
Реляциялық ДҚБЖ жəне олардың қолдану өзi əртүрлi қосымшаларында кең
тарату мəлiметтердiң реляциялық үлгiсi пəндiк облыстардың пiшiндеуi үшiн жеткiлiктi
көрсетедi. Нормалаудың қатынастарына сəйкестiктiң жоспарындағы реляциялық
деректер қорының жобалауы дегенмен процесстiң жобалаушысы үшiн өте күрделi жиi
болады. Бұл мəлiметтердiң реляциялық үлгiсiнiң кейбiр өресiздiгiмен шартталған.
Бұл шектеулердi жеңулер жəне деректер қорының жобалаудың пəндiк облыстың
өте ыңғайлы жəне қуатты үлгiлеу құралдарындағы деректер қорының
жобалаушылардың қажеттiктiң қамтамасыз етуi үшiн емес əдетте орындалады,
реляциялық үлгi термин емес, қолданумен пəндiк облыстың концептуалды үлгiлерi.
Екi түрлердiң концептуалды үлгiлерi танып бiледi: 1) объективтi-хабар үлгiлердегi
нақты дүниенiң мəндерi объекттердiң түрлерiнде көрiнедi, жазулар емес реляциялық
кестелер. 2) семантикалық үлгiлер нақты мəндер жəне қатынастардың мəндерiн
қамтып көрсетедi.
Семантикалық үлгiлердiң негiзiнде деректер қоры концептуалды пiшiндеу барлық
белгiлi CASE сүйейдi - (сондай, ERWin жəне Power Designer мысалы) құралдар. Түсiну
үшiн семантикалық үлгiлер оңай, əсiресе кiшiгiрiм деректер қорларының
жобалауында.
Семантикалық пiшiндеу мақсаты - сол сақталуға есептейдi деректер қор құрылған
мəлiметтiң жиын жəне ұсыныс əдiстерiнiң адамы үшiн қамтамасыз ету табиғи.
Мəлiметтердiң семантикалық үлгiсi сондықтан табиғи тiлi бар ұқсастық бойынша
салуға тырысады. Семантикалық үлгiлердiң негiзгi құрастырымдық элементтерiмен
олардың арасындағы мəн, байланыстар болып табылады жəне олардың (атрибуттар)
қасиетi.
CASE - технология талдау əдістемесі, жобалау, өңдеу жəне күрделi жүйелердiң
бақылап отыруы, өзара байланысты автоматтандыру құралдарының кешенiмен
сүйейдi.
Осы технология (жобалық спецификацияларда түсiнудi күрделiлiк, қолданудың
қиындық жəне биiк құны, өзгерiстердiң енгiзуiн қолайсыздық тағы басқалар)
құрылымдық талдауды тəн методологий шектеулердi алуды мақсатпен дамиды.
Қазiргi CASE - құралдар ақпараттық жүйелердiң жобалауының түрлi технологияларын
қолдайды: программалық қамтамасыз етудi барлық тiршiлiк циклін қамтитын толық
масштабты автоматтандыру құралдарына дейiн талдаудың құралдарының бос
тұрулары жəне құжаттаулары.
Ақпараттық жүйенiң өңдеулерi өте сыйымды кезеңдермен талдау жəне CASE
процесс жобалаудың кезеңдерi құрал қолданылған техникалық шешiмдердiң сапасы
жəне жоба құжаттамасының əзiрлеулерiн қамтамасыз етедi болып табылады. Маңызды
рөл сонымен бiрге мəлiметтiң көз мөлшерiмен ұсынысының əдiстерi.
Бұл құрылымдық жəне басқа диаграммалардың құрастыруы нақты масштабта
уақыт ойлайды, қолдану алуан түрлi түс палитрасы, синтаксистiк ережелерін
тексереді. Көрнекi түрiнде өңдеушiлерiне пəндiк облысының график түрiнде үлгiлеу
құралдары қазiргi ақпараттық жүйелер үйренiп қойылған мақсаттар жəне бар
шектеулермен сəйкес оларды қайта құруға мүмкiндiк бередi.
CASE тiліне тəн ерекшелiктерi - құралдар: бiртұтас график түрiнде; жобаның
бiртұтас деректер қоры; құралдардың кiрiгуi; ұжымдық өңдеу жəне жобаларды
басқаруды қолдау; макеттеу; құжаттаманың генерациясы; жобаның верификациясы;
программалық кодтың автоматты генерациясы; бақылап отыру жəне реинжиниринг.
Әдетте барлық CASE емес - құралдар көрcетiлген мүмкiндiктердi қолдайды. CASE
сондықтан - құралдарға программалық қамтамасыз етудi негiзгi тəн ерекшелiк ие
болатын тiршiлiк циклданың процесстерiнiң жиынтығы не бiр автоматтайтын кез
келген программалық өнiмдерде əкетедi:
- сипаттамалар жəне өңдеушiсi бар ыңғайлы интерфейс оның творчестволық
қабiлеттiлiк дамытатын қамтамасыз ететiн ақпараттық жүйелердiң құжаттауының
график түрiнде құралдарының бар болуымен;
- CASE жеке компоненттерiнiң кiрiгуiмен - құралдар, ақпараттық жүйенiң өңдеуiн
процесстiң қамтамасыз ететiн басқарылуы;
- (репозитария) жобалық метамəлiметтердiң ұйымдастырылған қоймасының арнайы
түрiнiң қолдануы.
Дəріс № 11-12
Кодтау теориясының жалпы түсінігі. Шеннонның түпкі негіздік
теоремалары.
Қандайда бір алфавитті пайдаланып ақпарат жазуды кодтау (таңбалау) деп атайды.
Бір ғана ақпаратты əртүрлі жолда жазуға болады. Бір белгі тобынан екінші белгі
тобына көшіру жолын код деп атайды. Мысалы, мектепте оқитын оқушылар саны -
тоғыз жүз aлпыс жеті дегенді əр түрлі жүйеде кодтап, былай жазуға болады: 96710,
1707,, ЗС76, 11110001112. Бұл жазу түрінде оқушылар саны жөніндегі ақпарат
өзгермейді, бірақ оның жазылу түрі өзгереді.
Ақпараттардың сақталу, қабылдану, берілу жəне өңделу жолдары ақпараттардың
жазылу (кодталу) түріне көп тəуелді болады.
Ақпараттардың кодталуы (кейде оны шифрлау деп те атайды) оның кері
кодталуына (декодталуына - декодирование) қолайлы болатындай етіліп жасалуы
қажет.
Кодталғанда қанша аз алфавит пайдаланылса, кері кодтау сонша жеңіл болады.
Практика жүзінде Ақпараттарды кодтау үшін Морзе алфавиті немесе екілік алфавит
пайдаланылады.
Екілік алфавитте 0 жəне 1 белгілері пайдаланылған, оларды ондық алфавиттен
ажырату үшін екілік код деп атаймыз. Ағылшын тілінде екілік белгі, Binary digit
сөзінен қысқартылып, бит деп аталған. Бұдан кейін ол екілік белгінің бірін (0 немесе
1-ді) бит деп атайтын боламыз.
Ақпараттарды бұлайша екі белгімен белгілеу оларды сақтауға, беруге, өңдеуге
арналған кұрылғылардың конструкциясын жеңілдетеді. Екілік сандар алфавитінің
карапайымдылығы оның есептеу техникасында кең таралуына себеп болды. 0 жəне 1
мəндері ЭЕМ-дерде "магниттелген-1, магниттелмеген-0", "заряды бар-1, заряды жоқ-
0", "iскe косылған-1, өшірілген-0" сияқты жəне басқа да физикалық күйлермен
көрсетіледі. Екілік алфавит тек физикалық құрылғыны қарапайым етіп қоймай,
орнықтылық жəне тиімділік қасиетке де ие.
Екілік алфавит көмегімен кез-келген алфавиттің символдары кодтар түрінде
таңбаланады, яғни бұл кез-келген тілде жазылған мəлімет екілік кодтар түрінде
бейнеленеді. Кез-келген мəтіндік ақпараттарды кодтау үшін жоқ дегенде 200-ден
астам таңба қажет. Сондықтан таңбаларды кодтау үшін 8 биттің комбинацияларын
қолдану (нөл мен бірлерден тұратын 8 белгі) қабылданған. 8 биттен тұратын кодты
байт деп атайды.
Нөл мен бірлерден тұратын 8 бит, яғни 1 байт арқылы 256 символды кодтауға
болады: 00000000, 00000001, 00000010, ..., 11111111.
Енді бұл арқылы орыс əріптерін ғана кодтап қоймай, латын, қазақ əріптерін де,
цифрларды да, тіпті арнайы белгілерді де (графиктік, псевдографиктік) кодтауға
болады. Кодталатын символдардың тобын кодтау кестесі деп атайды.
Ақпараттық процестің əр түрлі сатыларында ақпараттар бірнеше рет қайта
кодталады , яғни ол өзінің жазылу түрін өзгертеді.
Достарыңызбен бөлісу: |