«Физика математика және ақпараттық жүйе» бөлімі


Ықтималдықтың классикалық анықтамасы



бет7/16
Дата06.01.2022
өлшемі270,78 Kb.
#13367
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16
Байланысты:
ықтималдық курсовой

Ықтималдықтың классикалық анықтамасы

Мына мысалды қарастырайық. Жәшікте 6 стандартты және 4 стандартты емес зат бар. Жәшіктен бір зат алынған. Стандартты затты алу мүмкіндігі стандартты емес затты алуға қарағанда көп екені айқын. Бұл мүмкіндікті сипаттайтын сан ықтималдық деп аталады.



Анықтама. А оқиғасының ықтималдығы дегеніміз - осы оқиғаға қолайлы жағдайлар санының барлық жағдайлар санына қатынасы.

А оқиғасының ықтималдықтығы былай белгіленеді Р(А). Сонымен,

(8)

Кез – келген А оқиғасының ықтималдығы келесі шарттарға тәуелді:

1.

2. егер А – мүмкін емес оқиға болса

3. егер А – ақиқат оқиға.

Сонымен жоғарыда келтірілген мысалда «бір детальді алу» оқиғасының орындалуының мүмкін саны 10- ға тең, яғни N=10. А –«Стандартты детальды алу» – оқиғасының орындалу саны 6- ға тең, яғни m=6. Онда А – оқиғасының ықтималдығы тең. Дәл сол сияқты В – «стандартты емес детальды алу»- оқиғасының ықтималдығы тең.



1-мысал. Үш теңгені лақтырғанда «елтаңба» шығу ықтималдығын табу керек: а) бір рет; б) екі рет; в) үш рет; г) ешқандай.

Шешуі: Үш теңгені лақтырғандағы барлық мүмкін оқиғалар саны 2×2×2=8. Бұл ЕЕЕ, ЕЕС, ЕСЕ, СЕЕ, ЕСС, СЕС, ССЕ, ССС.

а) А - “Елтаңба бір рет түсу” оқиғасының орындалу саны m=3, сонда .

б) Дәл осылай В – «елтаңба екі рет түсу» оқиғасының орындалу саны m=3, сонда .

в) С - «елтаңба үш рет түсу» оқиғасының орындалу саны m=1, сонда Р(С)=.

г) D – «елтаңбаның кем дегенде бір рет түсу» оқиғасының орындалу саны m=7, сонда Р(D)=. Мұнда ССС шығу оқиғасы қарастырылмайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет