«Қосу және көбейту теоремалары. Бернулли формуласы. Қосу және көбейту теоремаларына арналған есептер, қарама-қарсы ықтималдық». 1-нұсқа
1. Партияда жарамсыз детальдың пайда болу ықтималдылығы 0,015-ке тең. Жарамды детальдың пайда болу ықтималдылығын тап.
2. Ойын сүйегін бір рет лақтырған кезде 6 ұпайының түспей қалу ықтималдылығын тап.
3. Екі ойын сүйегін лақтырылған.Екеуінен де 6 ұпайының түспей қалу ықтималдылығын тап.
4. Партияда 10% жарамсыз бөлшектер бар.Алынған бір бөлшектің жарамды болу ықтималдығын тап.
5. Көбейту ережесі бойынша екі ойын сүйегін лақтырған кезде екі 6 ұпайдың түсу ықтималдылығын тап.
6.Үш теңгені лақтырған кезде 3 рет «елтаңба» түсу ықтималдығын тап.
7. 1-ші қорапта 5 қара және 3 ақ шар, ал 2-ші қорапта 4 қара және 2 ақ шар бар. Әрбір қораптан бір-бір шардан алғанда, олардың екеуінің де ақ болу ықтималдылығын тап.
8. Бір партияда 10% жарамсыз шам, ал екіншісінде 6% жарамсыз шам бар. Әрбір партиядан бір-бір шамнан алғанда, олардың екеуінің де жарамсыз болу ықтималдығын тап.
9. Жәшікте 3 көк, 5 ақ және 6 қара шар бар. Бір шарды алғанда сол шар не ақ, не қара болып шығу ықтималдығын тап.
10. Бірінші қорапта 5 қара және 15 ақ шар, ал 2-ші қорапта 10 қара және 5 ақ шар. Әрбір қораптан бір-бір шардан алғанда, олардың әртүрлі түсте болу ықтималдылығын тап.
2-нұсқа.
1. Мергеннің оқты нысанаға тигізу ықтималдығы 0,7-ге тең. Оқтьың тимей қалу ықтималдығын тап.
2. Бір лотерея билетінен ұтыс шығу ықтималдығы 0,02 тең. Ұтыссыз билеттің ықтималдығын тап.
3. Екі ойын сүйегі лақтырылады. Оларда ұпай сандарының бірдей болмау ықтималдығын тап.
4. Екі мерген нысанаға оқ атады. Біріншінің тигізу ықтималдылығы 0,8, ал екіншінің тигізу ықтималдылығы 0,9. Бір мезгілде атылған оқтардың
1) біреуі ғана тию, 2) кем дегенде біреуі тию ықтималдығын тап.
5. Көбейту ережесі бойынша 2 ойын сүйегін лақтырылған кезде екеуінде де 3 ұпайдың түсу ықтималдығын тап.
6.Үш теңгені лақтырғанда 3 рет «цифрдың» шығу ықтималдығын тап.
7. Бірінші қорапта 4 қара және 2 ақ шар, ал екіншісінде 5 қара және 5 ақ шар бар. Әртүрлі қораптан бір-бір шар алғанда олардың екеуі де қара болу ықтималдығын тап.
8. Шамдар партиясының біреуінде 5% жарамсыз, ал екіншісінде 8% жарамсыз шамдар бар. Әрбір партиядан бір-бір шамнан алғанда, олардың екеуі де жарамсыз болу ықтималдығын тап.
9. Жәшікте 5 стандартты және 10 стандартты емес бөлшектер бар. Бөлшектің стандартты немесе стандартты емес болу ықтималдығын тап.
10. Екі мерген нысанаға оқ атады. Біріншінің тигізу ықтималдығы 0,8 тең, ал екіншінің оғының тию ықтималдығы - 0,9 тең. Нысанаға бір рет атқан кезде бір ғана мергеннің оғының тию ықтималдығын тап.