«Физика математика және ақпараттық жүйе» бөлімі



бет2/12
Дата20.12.2023
өлшемі88,41 Kb.
#141630
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
«Физика математика және ақпараттық жүйе» бөлімі-emirsaba.org

Зерттеу мақсаты:

  • Оқушылардың ықтималдық-статистикалық ойлауын қалып-тастыру.




Зерттеу жұмысының міндеттері:
  • Оқушыларға «Комбинаторика, ықтималдықтар теориясы және математикалық статистика» курсының негізгі ұғымдарын игеруге көмектесу;


  • Комбинаторикалық талдаудың, ықтималдықтар теориясының негізгі есептерін шығару;


  • Оқушыларға математикалық статистиканың негізін үйрету.




Зерттеу жұмысын оқу нәтижесінде оқушылар:
  • Комбинаторикалық ережелер мен формулаларды қолдана білу;


  • Күрделі емес ықтималдық есептерді шығаруда талдау жүргізе білу;


  • «Бұтақтың» тармақтарын құра білу;


  • Қарапайым жағдайда ықтималдықты есептей білу;


  • Ықтималдық пен жиілілік ұғымдарын ажырата білу;




Зерттеу пәні: ықтималдықтар теориясын беру мүмкіндіктерін есептеу әдісі

Зерттеудің ғылыми болжамы: Егер жалпы білім беретін мектептің оқыту процесінде оқушыға сабақ түсіндіруге ықтималдықтар теориясын беру мүмкіндіктерін есептеуде ітүрлі әдістерін қолданса, онда оқушылардың білім сапасын арттырып, пәнге деген қызығушылығын қалыптастыруға мүмкіндік туғызар едік.

Зерттеу әдістері: Зерттеу тақырыбы бойынша математикалық әдебиеттерге талдау жасау, математикалық басылымдар мен нормативтік құжаттарды, зерделеу, жинақтау, салыстырмалы талдау, тәжірибелік эксперименттік жұмысын жүргізу, сауалнама алу, оның нәтижесін қорытындылау әдістері.


Ықтималдықтар теориясының тарихына шолу
Ықтималдықтар теориясы өз бастауын XVII ғасырдан алады. Алдымен азартты ойындар пайда болды. Араб тілінде «азар» деген сөз «қиын» деген мағына береді. Арабтар «азар» деп лақтырылған ойын сүйегінің екеуінде де 6 ұпайдан түсүін айтады екен. Куб түріндегі ойын құралы ол кезде піл сүйегінен жасалатын болғандықтан «ойын сүйегі» деген атау сол заманнан қалыптасып қалған. Ықтималдықтар теориясы жөніндегі алғашқы жұмыстар XVII ғасырда басталды. Еуропа елдерінде адамды құнықтыратын әр түрлі ойындардың кең таралуына байланысты әр ойыншы өзінің жеңілмеу ықтималдықдығын алдын ала анықтауға тырысты. Сол кездегі математиктер де бұл мәселеге назар аудардып,бірнеше рет қайталанатын кездейсоқ оқиғалар туралы заңдылықтар ашуға талпынды. Бұл мәселеге алғашқы болып еңбектерін ұсынған: француз оқымыстысы Блез Паскаль, Пьер Ферма, голландиялық Христиан Гюйгенс, швецариялық математик Яков Бернулли болды. Француздың атақты математиктері Пьер Ферма мен Блез Паскальдың азартты ойындар жөніндегі зерттеулері ықтималдықтар теориясының негізін қалады. Кейіннен сақтандыру жұмыстарында және демография саласында ықтималдықтар теориясы өз қолданысын тапты. Жаратылыстану ғылымдары мен техниканың дамуы ықтималдықтар теориясына жаңа мәселелер қойды. Ықтималдықтар теориясының дамуын Бернулли, Муавр, ГауссЛаплас, Пуассон еңбектері көп әсер етті. XIX ғасырдың екінші жартысыннан бастап бұл саланың дамуына зор әсер еткен В.Я.Буняковский бастаған математиктер мектебі: П.Л.Чебышев, А.А.Марков, С.Н. Бернштейн, А.Н. Колмогоров секілді орыс ғалымдары үлкен үлес қосты. XVIII ғасыр аяғы мен XIX ғасыр басында ағылшын оқымыстысы А.Муавр, Л.Эйлер, Н.Бернулли, француз П.Лаплас, С.Пуассон, неміс К.Гаусс геодезия мен астраномияның өркендеуіне қатысты өлшеу қателіктерін бағалау,ату теориясындағы снарядтардың жағдайларын анықтау үшін ықтималдықтар теориясының рөлін көрсету мақсатында ғылыми жұмыстар жүргізді.XIX ғасыр ортасында Ф. Гальтон, Л.Больцман, А.Кетле, А.М.Ляпунов, П.Л.Чебышев, А.К.Калмогоров сияқты ғалымдар жиындар теориясы,шақты айнымалылы функциялар теориясы,функционалдық анализ сияқты жоғары математикалық жаңа табыстарына сүйенетін ықтималдықтар теориясының өркендеуіне негіз салды. Ықтималдықтар теориясының дамуына байланысты оның адамзат өмірінде қолдану мүмкіндігі артты.Жалпы алғанда ықтималдықтар теориясының әдісі ғылымның барлық саласына өз үлесін қосады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет