Кері байланыс беру
Кері байланыс сабақтың әр кезеңінде қолданылады, мұғалімнің білім алушылармен үздіксіз өзара әрекет етуін жүзеге асыруға, нәтижесінде оқу үдерісін түзетіп, сабақты әрі қарай жоспарлауына мүмкіндік береді.
Кері байланыс беру кезінде мұғалімдерге:
білім алушылардың жақсы жақтарын ескеруі;
тапсырманың дұрыс орындалмағанын нақты түсіндірмей тұрып, «олай емес», «дұрыс емес» деген сөздерді қолданбауы;
білім алушылардың жұмысын жетілдіру немесе кемшілдік тұтарын жөндеудің жолдарына ұсыныс беруі;
кері әсер ететін сөздерді, білім алушыларды кекеті, келемеждеуге қатысты, мысалы, «орынсыз жауап», «осыны ойлауға ақылың қалай жетті» деген сияқты сөздерді мүлдем қолданбауы ұсынылады.
Кері байланыс беру кезінде мұғалім де, білім алушы да 4-кестеде ұсынылған сұрақтарды негізге алған дұрыс. Аталған сұрақтарға толық жауап беру керу байланыстың тиімділігін көрсетеді.
4-кесте. Кері байланыстың тиімділігін тексеру сұрақтары
Мұғалім
|
Білім алушы
|
Білім алушы оқудың қай сатысында?
Олар білім алуда неге талпынады?
Бұған жетуге көмектесу үшін не істеу керек
|
Мен оқытудың қай сатысында тұрмын?
Нәтижеге қалай қол жеткіземін?
Кемшіліктерімді жою үшін не істеуім қажет?
|
Қажет болған жағдайда кері байланыс ауызща, жазбаша, графикалық немесе кез келген басқа түде берілуі мүмкін.
Аталған үдеріс құжаттаманы қажет етпейді.
Төменде кері байланыс беру үлгілері ұсынылған (3,4,5-суреттер).
3-сурет. Жазбаша кері байланыс үлгісі
5- сурет. Ауызша кері байланыс үлгісі
Кері байланыс бойынша берілген мысалда мұғалім білім алушының жақсы меңгерген тұсына ақпарат береді және қатені түзету үшін тақырыптарды қайталауды ұсынады.
Достарыңызбен бөлісу: |