Физика, математика және ақпараттық технологиялар


Қалыптастырушы бағалау нәтижелерін талдау



бет44/78
Дата15.10.2023
өлшемі247,05 Kb.
#115185
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   78
Қалыптастырушы бағалау нәтижелерін талдау
Қалыптастырушы бағалауды ұйымдастырудағы маңызды кезеңдердің бірі – білім алушылар жұмыстарының нәтижелеріне талдау жасау. Қалыптастырушы бағалау нәтижелеріне талдау жасау білім алушыларда кездесетін қиыншылықтар туралы ақпарат алуға, оның алдын алу шаралары туралы шешім қабылдауға мүмкіндік береді.
Мысалы, тексерілген жұмыстардың нәтижесіне талдау жасау:

    • белгілі бір тапсрмалар қиындық тудыратын балалар тобын;

    • бөлім, тақырыптар бойынша қиындықтар туындайтын жеке білім алушыларды;

    • білім алушылар үшін аса күрделі, қиын сұрақтар, тапсырмалар, тақырыптарды айқындап береді. Нәтижелерге талдау жасау мұғалімдердің тәжірибесіне оң әсер етуі үшін:

    • әрекет ету мен шешімді талап ететін нақты, маңызды, тәжірибелік бағыттағы мәселелерді анықтау;

    • орындалған тапсырмалар мен нақты мақсаттарға жету үшін талдау жүргізу;

    • талдауда дәйектерді, дәлелдерді негізге алу;

    • шешімнің сыни нұсқаларын қарастыру, яғни, мәселені шешудің жоспарлылығын, баламалылығын (альтернативтілігін), жетістігін, кемшілігін, жақсы және нашар жақтарын талдау;

    • мәселені шешу, кемшілікті жою үшін өз тәжірибесін нақты қалай өзгетуге болатыны туралы іс-рекеттің тоық жоспарын құру;

    • талдау нәтижелерін тіркеуде қысқа, түсінікті стильді ұстану (күнделік, портфолио, мақала, таныстырылымдар және т.б);

    • ұжымда өз әрекеті нәтижелерімен бөлісу;

    • ұжымға көмектесі, білім алушылардың қажеттілігіне бағыттай отырып, сабақтастықты сақтай отырып, жүйелі талдау жүргізу ұсынылады.

Мәліметтерді жинау және талдау жасау үшін мұғалімге бақылау парағын, журналды, күнделікті, басқа да қалыптастырушы бағалау нәтижелерін тіркеудің формаларын жүргізу ұсынылады.
Қалыптастырушы бағалау нәтижелерін талдау мұғалімнің өз шешіміне қарай жүзеге асырылатынын және есеп беру құжаттарын қажет етпейтінін атап көрсетуге болады.
Сондықтан қалыптастырушы бағалау үдерісін жүзеге асыру үшін мұғалім:

    • сыныптағы мәдениетті сақтауға және тиімді өзара әрекет ету дағдыларын қалыптастыруға көңіл бөлуі;

    • қалыптастырушы бағалауда қолданылатын әдістердің әр түрлілігін және сапасын арттыру;

    • кері байланыстың формасын қолдануы;

    • қалыптастырушы бағалауды қолдану үдерісін көрсететін сабақ жоспарын құру;

    • рефлексия және тәжірибені жетілдіру үшін сабаққа талдау жасауы (білім алушылар жұмысының сапасы, бағалау құралдарының сапасы, білім алушылардан, әріптестерден, кері байланс, ата-аналармен әңгімесі және т.б.) қажет.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   78




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет