Физика, математика және ақпараттық технологиялар


–топқа арналған ақпарат: портфолионы қалай бағалау керек?



бет52/78
Дата15.10.2023
өлшемі247,05 Kb.
#115185
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   78
4 –топқа арналған ақпарат: портфолионы қалай бағалау керек?
Қорытынды баға 4 деңгейлік жүйе бойынша іске асады:
А. Ең жоғарғы деңгей. Берілген деңгейге оқу портфолиосы жан-жақты қаралып және бағалау талаптарына сәйкес бағаланады. Портфолионың мазмұны оқушының жұмысқа дайындығын, оның ойлауын, мәселелерді шешу қабілетін, оның өзгелермен қарым-қатынасын, өзін бағалауы мен проблемаларды шешудегі шығармашылық қарым-қатынасының іскерлігі қаралады.
В. Жоғарғы деңгей. Бұл деңгейдің талаптарына: біршама білім мен іскерлік талап етеді. Портфолио материалының маңызды емес элементтері жетіспеуі мүмкін. Портфолионың мазмұнының ерекшелігі, оригиналдығы мен безендірілуі осы деңгейге сай келеді.
С. Орташа деңгей. Бұл деңгейде оқушы оқу портфолиосына сәйкес материалды жалпылай қамтыса болғаны ғана қарастырылады, егер оқушы іскерлігі мен ойлауындағы даму деңгейінің көрсеткіші орташа және ауызша мен жазбаша қабілет талапқа сай келмесе осы деңгеймен бағаланады.
D. Төменгі деңгей. Бұл деңгейдегі оқушының қабілетін деңгейін елестету қиын. Егер оқушы тапсырманы толық орындамаса, тек қысқаша бөліктермен орындалған болса осы деңгейге сай келгені.
Оқу портфолиосының қорытынды бағасын 3 деңгейлі жүйе бойынша:
А. Жоғарғы деңгей. Рефлексивті дамудың қазіргісі және келешегіне сай, оқыту процесіндегі қалыптасқан нақты дағдыларына байланысты құрылған, жинақталған материал сыни тұрғыдан талдануы сәйкес.
В. Орташа деңгей. Оқыту процесіндегі қалыптасқан нақты дағдылануына байланысты материалдың құрылымы жинақталған.
С. Төменгі деңгей. Материал жіктеліп және жинақталған.


Портфолионы бағалаудың өлшемдері (критерийлері):

    • (материалдың берілуі, жинақталуы) ұйымдастырылуы мен құрылымы

    • (материалдың сапалылығы мен диапозоны) мазмұны

    • (өзін-өзі бағалау деңгейі, сыни тұрғыдан талдау қабілеті) өзін-өзі бағалауы



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   78




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет