Физика, математика және ақпараттық технологиялар


Портфолионың жалпы анықтамасы –



бет47/78
Дата15.10.2023
өлшемі247,05 Kb.
#115185
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   78
Портфолионың жалпы анықтамасы – бұл бір автордың жалпы тақырыптармен қамтылған жұмыс сериясы. «Оқу портфолиосы» терминін түсіндіретін және нақтылайтын анықтамалардың бірнеше қатары бар:

  • оқушының жұмыс жасау антологиясы, оны таңдауда оның қатысуын, сонымен қатар оларды талдау және өзін бағалау;

  • берілген пән (бірнеше пән) бойынша белгілі бір оқыту мерзіміне (тоқсан, жартыжыл, жыл) оқушының оқу жетістіктерін көрсету;

  • оқушы жұмыстарының коллекциясы, оқу қорытындылары бойынша көрсету ғана емес, сонымен қатар жеткен жетістіктеріне күш жұмсауы және бұрынғы қорытындылармен салыстырғанда білімдегі айқын прогресі;

  • мұғалім және оқушымен білім мониторингін, дағдысының және өзара арақатынасы үшін қолданылатын жүйелі және арнайы ұйымдастырылған дәлелдер тізбегі;

  • оқушының жеке бас жетістіктерінің белгілі бір анық уақыттағы аутентикалық бағаларына, көңіл аудару және жиналу әдісі;

  • оқушының оқу нәтижелерінің жүйелі-үздіксіз бағалары және өзін бағалауға арналған мақсатқа бағытталған формасы;

  • әртүрлі іс-әрекеттер: оқу, шығармашылық, әлеуметтік, коммуникативті түріндегі нәтижелерін есептеу әдісі;

  • алдын-ала жоспарланған және арнайы ұйымдастырылған құжаттар мен материалдарды жеке жинақтау, іріктеу оқушы күшінің әртүрлі саладағы жетістігі мен динамикасын көрсетеді.

3-қадам: ойды, идеяны толықтыру: Жұбыңызбен тізімдерді алмастырыңыздар:

  • дәріс нені қамтыды?

  • нелер қосылды?

4-қадам: «Портфолио ассоциациясы» тыңдаушыларына қосымша.
«Ротация» әдісі
Орындалу, жүзеге асыру қадамдары:
1-қадам: топ 4 топшаға бөлінеді де, әр топ 10 минут ішінде өз түсі бар маркермен өз сұрағына жауап береді (біреуі жеке, кейін топта)

  1. Портфолио кімге және неге керек?

  2. Портфолионың жинау бірліктері мен құрылымы қандай?

  3. Портфолионы жинау механизмі қандай: қосылу, материалдарды жинау, онымен жұмыс, портфолионы сақтау?

  4. Портфолионы қалай бағалау керек?

2-қадам: мұғалімнің белгісінен кейін әр топ сағат тілінің бағыты бойынша өзара сұрақтары бар ватмандармен алмасып,
7 мин ішінде басқа топтың сұрақтарын толықтырады. Сұрақтармен алмасу және оларға жауап беру, әр топқа өз сұрақтары бар ватманы келгенінше созылады.
3- қадам: топтың жұмыс нәтижесін презентациялау.
Топтағы жұмыс.
Мектептегі оқу процесіне «Портфолио» оқу технологиясын енгізу жөніндегі ұсыныстарды талдау:

    • оқытудың құзыреттілік - бағдарлық аймағындағы портфолио жұмысының бағалау (критериінің) өлшемінің жасалуы;

    • белгілі бір (критерийге) өлшемге сәйкес портфолионы иеленушілерді жеке және өзара бағалау.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   78




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет